КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сыныбы: 8 сынып 3 страница
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі және сұрақтар қойылады. 1-нұсқа. 5-49,5-50,5-52,5-53а, 2-нұсқа. 5-55,5-51,5-54,5-53ә, 1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады? 2. Атом ядросының заряды немен анықталады? 3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 5. Элемент атомының массасы немен анықталады? 6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай? 7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба білуі қажет. Үйге тапсырма: §53,(1-4), §54,(1-4), §55оқу. Жұмыс дәптері. күні айы жылы №5-6-ыншы сабақтар тақырыбы: Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергиялық деңгейлер. Оқыту мақсаты: Атом қабаттарына электрондарды толтыру заңдылығы, электрондық деңгейлер,олардың периодқа байланысты екенін түсіндіру. Электрон қабаттарының өзгеруіне байланысты элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты және секірмелі түрде өзгеретінін түсіндіру.Зат құрылысының және элементтің химиялық қасиетінің табиғи заңдылығын нақтылай отырып,оның себебін түсіндіру. Материя құрамындағы ортақ заңдылықтар туралы мағлұматтар беру. Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі,екінші период элементтерінің атом құрылысы туралы кесте. Тірек білім мен біліктер: Атом,атом ядросы,электрон,реттік нөмірдің физикалық мәні туралы білім. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылармен мына сұрақтар талданады: 1. Атомдар қандай бөлшектерден тұрады? 2. Изотоп деген не? 3. Реттік нөмірдің физикалық мәні неде? 4. Элемент және оның қосылыстарының химиялық қасиет,і элементтердің оксидтеріндегі валенттілігі, бейметалдардың сутегімен қосылыстарындағы валентігі қалай өзгереді? Екінші период элементтерінің құрамы тақтаға,оқушылар дәптеріне жазады?
Оқушылар атом ядросының заряды элементтің реттік нөмірі қанша өскен сайын электрон қабатындағы электрон саны да,сонша өсетіндігі туралы білімдерін бекітеді. Жаңа сабақ. Бұдан соң атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып,электрон қабаттарын түзетіндігі жайлы айтып өткен жөн.Электрон қабаттары энергиялық деңгейлер деп те аталады. Оларды ядродан бастап 1,2,3,4,5,6,7,деп нөмірлейді,немесе K,Z,M,N,O,P,Q әріптерімен белгілейді. Атомдағы электрондарда түрлі энергия қоры болады,оны электрондар квант деп аталатын кесінді үлеспен сіңіреді немесе бөліп шығарады. Деңгейдің нөмірін көрсететін бүтін п саны негізгі кванттық сан деп аталады. Ол берілген энергиялық деңгейдегі электронның энергиясын көрсетеді. Ядроға ең жақын бірінші энергиялық деңгейдегі электрон энергиясы ең аз мөлшерде болады. Бірінші энергиялық деңгейдегі электронмен салыстырғанда қалған деңгейдегі электрондардың энергия қоры көп болады.Осыған орай сыртқы қабаттағы электрондардың ядромен байланысы әлсіз. Атомдағы энергиялық деңгейдің саны,осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді: 1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей, 2-периодта – екі, 3-периодта – үш т.с.с. Энергиялық деңгейдегі болатын электрондардың ең жоғары саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2. N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны. Осы формулаға сәйкес бірінші энергиялық деңгей де п=1; 2∙12=2 электрон, п=2; 2∙22=8 электрон, п=3; 2∙32=18 электрон, п=4; 2∙42=32 электрон. Осыдан кейін оқушыларға оқулықтағы кестені пайдаланып, алғашқы 20 элементтің электрондық қабаттарының құрылысы түсіндіріледі.(Оқушылар дәптерлеріне жазып отырғаны жөн). Бірінші энергиялық деңгейге екі электроннан артық сыймайтындығына назар аударамыз (Мысалы, Н атомында 1-электрон, Не атомында 2-электрон бар). Сондықтан 1-ші периодта екі элемент бар.Осы формулаға сүйене отырып, 2-ші периодта – 8, 3-ші периодта – 18 элемент болатынын оқушылар есептеп табады да, Li-ден, Ne-ға дейінгі элементтердің энергиялық қабаттарында электрондардың орналасуын жазады. Үшінші энергиялық деңгейді электрондар- мен толтыру алғашқы қабаттарға қарағанда өзгеше болатынына көңіл аударылады. Алғашқыда оған 8 электрон орналасады: натрийден (бір электрон) аргонға дейін (8 электрон), мұнан соң үшінші қабатты электронмен толтыру уақытша тоқталады. Калийдегі 19-шы, кальцийдегі 20-шы электрондар төртінші деңгейде болады. Бұл элементтердің атом құрылысының сызбанұсқасы: +19К 2е,8е,8е,1е; +20Са 2е, 8е, 8е, 2е; Скандий элементінен бастап (№21), мырыш элементіне (№30) дейін электрондар қайтадан үшінші энергиялық деңгейге орналасады, ал төртіншіде екі электрон сақталады, сызбанұсқасы: +21Sc 2e,8e,9e,2e; +30Zn 2е,8е,18е,2е; Галий элементінен бастап(№31) электрондар төртінші энергиялық қабатқа орналаса бастайды. Ол 4-ші периодтың соңғы элементі криптонға дейін сақталады. Сабақ соңында мынадай қорытынды жасаған жөн: элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың сыртқы электрондық қабаттарындағы электрон сандарының қайталануымен түсіндіріледі, бір периодта әрбір жаңа электрондардың қосылуынан қасиеттердің күрт өзгерісі байқалмайды,ал жаңа электрон қабатында келесі электронның пайда болуы элементтер қасиетінің секірмелі өзгеруіне әкеледі (күрт өзгертеді). Диалектиканың санның сапаға көшу заңдылығының дәлелі. Электрон қабаттарының құрылысы жайлы оқушылар білімін және құрылыс сызбанұсқасын жазу білігін бекіту үшін жаттығу жұмыстары орындалады. 1-нұсқа. 5-56 а,б, 5-78, 5-61; 2-нұсқа. 5-56 ә,в, 5-79, 5-62; 97-99беттер. Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы алғашқы 1-3 период элемент атомдар арасындағы электрон қабатын толтыру заңдылығын түсіндіре білу,элементтің реттік саны өсуіндегі қасиеттерінің біртіндеп және секірмелі түрде өзгеру себептерін айтып беруі қажет. Сөйтіп оқушылар зат құрылысының табиғи заңдылығын түсіне бастайды. Химиялық қасиеттері энергиялық деңгейлерде электронның орналасуына тәуелді екенін түсінулері қажет. Үйге тапсырма: §56,(1-8) Жұмыс дәптері. Есептер мен жаттығулар жинағы. 5-69,5-70,5-71,5-73, 98-99 беттер.
күні айы жылы №8-інші сабақтар тақырыбы: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы. Оқыту мақсаты: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру. Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі. Тірек білім мен біліктер: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді. 1. Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет. 2. Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді? 3. Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді? 4. Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді? 5. Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру. Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.
Жаңа тақырыпты оқыту. Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз. Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді. Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн. Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.
Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз: 1. Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер. 2. Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер. Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн: 1. Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру; 2. Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.); 3. Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау; 4. Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру; 5. Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу; 6. Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау; Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз: 1. Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай? 2. Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод. 3. Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 4. Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 5. ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент? 6. Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша? 7. Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады? 8. Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады? 9. Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады? 10. Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді? 11. Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай? 12. Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің электрон санына тәуелді өзгеруін периодтық заң негізінде түсіндіру. 2-3-інші период элементтерін мысалға алып дәлелдеу. Негізгі топшадағы элемент қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру. Үйге тапсырма: §58 (1-8). Жұмыс дәптері. күні айы жылы №9-ші сабақ тақырыбы: Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы. Оқыту мақсаты: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету. Құрал – жабдықтар: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Тірек білім мен біліктер: Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері. Сабақ барысы: Ұйымдастыру: Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады: 1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан? 2. Периодтық жүйе қалай құрылған? 3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар. 5. Периодтық жүйеде неше топ бар? 6. Топтар қалай бөлінеді? 7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар? Жаңа тақырып бойынша түсіндіру: Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз: 1. Элементтің периодты жүйедегі орны. а) реттік нөмірі; ә) периоды, қатары; б) тобы, топшасы; в) атомдық массасы; 2. Элементтің атомдық құрылысы. а) атом ядросының заряды; ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары); б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е); в) электрондық формуласы(1s2,2s….); г) кванттық ұяшықтар; д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл; 3. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы. а) оксидтері; ә) гидроксидтері; б) ұшқыш сутекті қосылыстары; 4. Химиялық қасиеті. а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық); ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл); 5. Элементті көрші элементпен салыстыру. а) период бойынша; ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды). Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз. Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы
Үйге тапсырма: §59.(1-7). Жұмыс дәптері.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3434; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |