КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
F,o,n,ci,br,s,c,se,i,p,as,h,b,si,sb
Солдан оңға қарай электртерістілік кемиді. → Металдар үшін электртерістіктің мәні екіден кем, ал бейметалдар үшін екіден жоғары. Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі топшада төменнен жоғары қарай артады. Осыған орай периодтық жүйеден кез келген екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады. ә) Элементтердің металға немесе бейметалға жататынын олардың атомдарының элек трондарды беру не қосып алу қабілеттеріне байланысты анықталады; б) атомдары электрондарын оңай беретін элементтер күшті бейметалдық қасиет көр сетеді. в) негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай, яғни салыстырмалы атомдар массаларының өсуіне байланысты энергетикалық деңгейлер саны артады және ядродан валенттік электрондары атомнан оңай бөлініп шығады. Электртерістілік түсінігін пайдалана отырып атомдар арасындағы химиялық әрекеттердің үш түрлі жағдайын түсіндіру: 1. Химиялық реакция – электртерістілік мәні өте алшақ элементтердің арасында жүреді, яғни сілтілік металдар мен галоген атомдарының арасында. 2. Химиялық реакция – электртерістілік мәні бірдей элемент атомдары арасында жүреді. Бұндай әрекеттесу бірдей атомдардан тұратын газ молекулалары арасында болады. Мысалы: H2, CI2 3. Химиялық реакция – электртерістілік мәні шамалас болатын элементтер атомы арасында жүреді. Мысалы: H2S, HCI Оқушылардың білімін бекіту үшін тапсырмалар жұмыс дәптерінен беріледі. Үйге тапсырма беру: §61 1-2 жаттығуларды орындау.
№2 сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар. Сабақтың мақсаты: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру. Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта. «Химиялық байланыстардың түрлері», «Химиялық байланыстың түзілуі кестесі атом құрылысының үлгілері». Оқушылардың білімі мен білігін тексеру. Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).
Жаңа материалды оқыту. Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз. Химиялық байланыстың түзілуі.
Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады. Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі. Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру. · Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу. · Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу. · Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу. · Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау. · Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу. Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы нүктелермен көрсетілген элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру. Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады: Электрондық формула: Құрылымдық формула: Н:Н:СІ:СІ::О:О::N:N: Н:СІ: Н-Н, СІ-СІ, О=О, N-N, Н-СІ Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады. Мысалы: Н+→СІ- Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі: 1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? 2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз. 3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан. Үйге тапсырма. §62 Жұмыс дәптерінен жаттығулар орындау. №3 с а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы: Иондық байланыс. С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы: Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету. Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р: «Химиялық байланыстар», «Ионды байланыс» интерактивті тақтадан көрсетілетін көрнекілік. Ж а ң а м а т е р и а л д ы б а я н д а у. Бұл сабақ өткен сабақтың жалғасына жатады деуге болады. Оқушылардан ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың қалай түзілетіні элементтердің терісэлектрлік ұғымы туралы сұралып, ионды байланысты қарастыруға кірісеміз. Ол үшін мына жағдайды сипаттаймыз: 1. Ионды байланыс – терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз: +11Na0 2e-, 8e-, 1e- + F 2e-, 7e- → Na+F- e Na0 + F → Na+F- Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2. Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады: Na+, Cl-, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+. Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет: 1. Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3. 2. Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер. 3. Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер. 4. Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле: а) Li + O2 → б) Cs + S → ә) Ca + F2 → в) Na + F2 → 5. Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр: Na+ және Na0 Mg2+ және Mg0 N3- және N0 S2- және S0 S2- және S0 Ү й г е т а п с ы р м а б е р у: §61 3-4 жаттығуларды орындау
№4сабақтың тақырыбы: Кристалл торлары. Сабақтың мақсаты. Оқушыларға молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы түсінік беру, заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіру. Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р: Натрий хлоридінің, графиттің, алмаздың кристалл торларының үлгілері. «Кристалл торларының түрлері»т.б.таблицалар.Интерактивті тақта Сабақ барысы: Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталады: 1. Мына косылыстардағы байланыстардың түрін анықта: MgCI2,Br2, HCI, CCI4, NaCI, SO2. 2. Мына қосылыстардың қайсысында иондық байланыс бар: калий хлориді, фосфор (V) оксиді, күкіртсутегі, натрий фториді. Жаңа сабақты түсіндіру. Қатты заттарды кұрайтын бөлшектердің қатаң заңдылықпен орнала- сатынын рентген сәулесінің жәрдемімен зерттеп, дәлелденгендігін айту. Ион, атом немесе молекула күйіндегі бөлшектер кеңістікте белгілі бір қашықтықта, түйіндерде орналаса отырып, кристалл торларды құрайды. Осындай зандылықпен белгілі бір қашықтықта орналасқан кристал дардың бөлшектері кезектескен кәдімгі. торлардың құрылысын еске түсіреді. Осыдан барып «кристалл торлары» деген ат қалыптасады. Осы кристалл тордың түйінінде қандай бөлшектердің орналасуына байланысты, иондық, атомдық және Молекулалық кристалл торлар деп бөлінеді. Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торларына сипаттама беріледі. Көрсетілген байланыстың түрлеріне мысал келтіру және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріледі. Оқушылардың берген жауабын жүйеге келтіріп, төмендегі кестені толтыру.
Төмендегі кестенің көмегімен оқушыларға заттардың физикалық қасиеті кристалл торларының түріне тәуелді екенін түсіндіру.
Молекулалық кристалл торлы заттар қаттылығының төмендігімен, ұшқыштығымен, қайнау ж/е балқу температураларының төмендігімен ерекшеленеді. Оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру үшін мынадай сұрақтар қоямыз: 1. Иондық молекулалық және атомдық кристал торлардың бір-бірінен айырмашылығы неде? 2. Иондық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? 3. Атомдық,молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? 4.Кристалл торларының әр түріне екіден мысал келтір. Үйге тапсырма беру: §63. 1-3 жаттығулары. Жұмыс дәптерінен тапсырма. №5-6 сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Сабақтың мақсаты: Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру. Сабақтың барысы: Зат құрылысы жайлы сұрақтар қойылады. 1. Кристалдық торлар түрін атап беріңдер. 2. Қандай кристалдық торлар ең мықты? Неге? 3. Тор түйіндері деген не? Иондық кристалл торлы заттардың қасиеті қандай болады? Жаңа сабақ: Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7. Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады: 1. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? 2. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар. 3. Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2 ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады S0 + 2е = S-2 тотықсызданады Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6 Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді: Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:
Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. 1. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру: AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 = 2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O; Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау. №7 сабақтың тақырыбы: Заттардың құрылысы, химиялық байланыстар, тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакциясы тақырыбына бақылау жұмысы. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырыптар бойынша білім, білік және дағдыларын тексеру үшін бақылау жүргізу. Бақылау жұмысы: 1 – нұсқа. 1- есеп. Берілгені: CI2, NaCI, C, H2O, CO2, SiC, CaCI2 а) осылардан атомдық, иондық молекулалық кристалдық торға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар. ә) осылардан иондық,ковалентті полюсті,ковалентті полюссіз байланыстарға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар. б) осы қосылыстардың тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2-есеп. Төмендегі реакция теңдеуін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. K + CI2 = KCI Fe + CI2 = FeCI2 Mg + O2 = MgO 2 – нұсқа. 1.Мына заттардың: хлор, бромсутек, натрий хлориді, калий сульфиді, күкіртсутек, формуласын жазыңдар және иондық байланыстағы қосылысты бір сызықпен, ковалентті полюссіз байланыстағын екі сызықпен,ал ковалентті полюсті байланыстағын ирек сызықпен сызыңдар. 2. Хлор және су молекуласының түзілу сызбанұсқасын бейнелеңдер. Ондағы байланыс түрлері қандай? 3.Мына элементтер: AI0, AI3+, CI0, CI - атомдардан иондарға айналады, олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады? 4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. СІ2 + КІ = KCI + I2 Na + H2O = NaOH + H2 3 – нұсқа. 1.Егер: а) элемент атомында 3 электрондық қабат болып, ең сыртында электрон саны бес болса; ә) элемент атомында 13 протон болса қай элементтер жайында сөз болғаны? Бұлар өзара әрекеттесе ме? Өзара қандай химиялық байланыс түзетінін тауып, оны сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер. 2. Мына қосылыстардағы: SO2, CaCI2, AI2O3, CuCI, FeS, Br2 элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықта, атомдар арасындағы байланыс түрлері қандай? 3. Мына элементтер:Br0,Br -,N0,N3+атомдардан иондарға айналады,олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады? 4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар. AI + O2 = AI2O3 H2 + FeO = Fe + H2O Үйге тапсырма беру: Қайталау. 8-сынып Бақылау жұмысы 1-нұсқа: 2. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар: NH3, P2O5, CrO3, H2S,,SO3; 2. Мына фосфор қышқылының (H3PO4) құрамындағы әр химиялық элементтің массалық үлесін есептеп шығар. 3. Төмендегі берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар: а) Mg + O2 — MgO ә) Ag2O — Ag + O2 б) KCIO3 — KCI + O2 в) AI + S — AI2S3 г) CuO + AI — AI2O3 + Cu д) Na + H2O — NaOH + H2 ж) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O 4. Массасы 6 грамм магний жанғанда түзілген магний оксидінің (MgO) массасын және зат мөлшерін есептеп шығар. 5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз: а) Hg2O =? +? ә) HgCI2 + Cu =? +? б) MgO + HCI =? +? 2-нұсқа: 1. Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кальций мен хлор(І); ә) азот (V) пен,оттек; б) алюминий мен,оттек;, в) натрий мен,күкірт (ІІ). 2. Мына әктастың (CaCO3) құрамындағы әр химиялық элементтің,массалық үлесін есептеп шығар. 3. Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар: а) Fe + O2 — Fe2O3 ә) P + O2 —P2O5 б) KCIO3 — KCI + O2 в) ZnO — Zn + O2 г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe д) Na + H2O — NaOH + H2 в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O 4. Массасы 6,2 грамм фосфор жанғанда түзілген фосфор (V) оксидінің (P2O5) массасын және зат мөлшерін есептеп шығар. 5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз: a) CuO =? +? ә) FeS + HCI =? +? б) CuO + H2 =? +? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 8-сынып Бақылау жұмысы 1-нұсқа: 3. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар: NH3, P2O5, CrO3, H2S,,SO3; 2. Мына фосфор қышқылының (H3PO4) құрамындағы әр химиялық элементтің массалық үлесін есептеп шығар. 3. Төмендегі берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар: а) Mg + O2 — MgO ә) Ag2O — Ag + O2 б) KCIO3 — KCI + O2 в) AI + S — AI2S3 г) CuO + AI — AI2O3 + Cu д) Na + H2O — NaOH + H2 ж) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O 4. Массасы 6 грамм магний жанғанда түзілген магний оксидінің (MgO) массасын және зат мөлшерін есептеп шығар. 5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз: а) Hg2O =? +? ә) HgCI2 + Cu =? +? б) MgO + HCI =? +? 2-нұсқа: 1. Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кальций мен хлор(І); ә) азот (V) пен,оттек; б) алюминий мен,оттек;, в) натрий мен,күкірт (ІІ). 2. Мына әктастың (CaCO3) құрамындағы әр химиялық элементтің,массалық үлесін есептеп шығар. 3. Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар: а) Fe + O2 — Fe2O3 ә) P + O2 —P2O5 б) KCIO3 — KCI + O2 в) ZnO — Zn + O2 г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe д) Na + H2O — NaOH + H2 в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O 4. Массасы 6,2 грамм фосфор жанғанда түзілген фосфор (V) оксидінің (P2O5) массасын және зат мөлшерін есептеп шығар. 5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз: a) CuO =? +? ә) FeS + HCI =? +? б) CuO + H2 =? +? Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары» тақырыбын қорытындылау сабағы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға галогендер және олардың қосылыстары тақырыбын жете меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың галогендер топшасы және олардың қосылыстары туралы білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшелігін ажырата алуға тәрбиелеу. Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру. 2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары. 3. Ойын барысы. 4. Бекіту. 6. Бағалау. 5. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:
Сабақтың барысы: I. Кезең Өткен тақырыпқа қайталау сұрақтары қойылғаннан кейін, сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әрбір топқа жетекші сайланады, жетекшілер тақтаға шығып, жасырын тұрған топ аттарын таңдайды, соған сәйкес әрбір топ өздерінің атаулары бойынша түсініктеме беріп, таныстыруы тиіс (ашылуы, қолданылуы, маңызды қосылыстары). Мысалы: Йод. Мені 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағына береді. Минералдарым лаутарит (СаІО3) және дицеит 7Са(ІО3)2·8СаСrO4, тұздарым иодидтер аз мөлшерде гидросферада- теңіз суында, скважиналанған мұнай суларында кездесемін. Теңіз орман- жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %-мын. Организмдеріңізге йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар, сондықтан құрамында йоды бар асты пайдаланыңыздар. Менен медицинада дәрілер даярлайды, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданыламын.
Фтор. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор мына тұрған галогендер: бром мен йод та жанады, ал су айырылады. Мені органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданылады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарамын. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады. Мен адамзатқа қажетті элементпін.
Бром. Мені 1826жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан менен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін. Судағы ерітіндім бром суы деп аталады. Менің қосылыстарым өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, авиация) бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданыламын.
II. Кезең Үш топқа «Ойлан,тап» атты 3 сұрақ беріледі: 1. Жеңіл 1 ұпайлық (); 2. Орташа 2 ұпайлық(); 3. Қиынырақ 3 ұпайлық ().
III. Кезең Әрбір топқа галогендер тақырыбы бойынша сөзжұмбақтар беріледі. Тез шешкен топқа жоғары ұпай берілсе, ал кейін шешкен топтарға тиісті ұпай сандары беріледі.
Сөзжұмбақ «Химиктер»
1. Заттар және олардың бір – біріне айналуы туралы ғылым. 2. Орыс химиясының атасы. 3. Тізбекті реакцияны шығарған химик. 4. Әрі, композитор, әрі химик – ғалым. 5. Тұзды көлдердің тұзын өнеркәсіп мүдделеріне пайдалану мүмкіндіктерін зеттеген ғалым. 6. Гипстен күкірт өндірген химик. 7. Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан ғалым. 8. Химияның құрылыс теориясын ашқан органик – химик.
Шешуі:
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3149; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |