Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі. 2 страница




Негізгі қамтамасыз етуші құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жәй күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы ҚР-ның Заңына сәйкес жауапгершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғаныстың бастығы болып табылады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдрі барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселісі бойынша

Объектідегі бүкіл рпактикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ- штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылдаы. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізінде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ- штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідені АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Шаруашылы объектілерінде АҚ және ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік. Медициналық, өрттен өоғау, қоғамдық тәртіп саөтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауылшаруашылығындағы өндіріі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметкерлердің мақсаты – құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен ұүралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.

АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жагдай кезіндегі авариялық – кұтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін кұрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық - өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктік нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттегідей олардың пайдаланылады. Жергілікті аткарушы органдарының шешімі бойынша объектілік құрамалар тиістң аумақтық мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды және құраммен жасақтау және материалдық оларды жеке құраммен жасактау және материалдық техникалық мүлікпен жабдыктану (табелдеу) Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындығы тқтенше жағдайда халықты, аумак пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық – кұтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталды.

Жер сілкінісіне ушыраган ҚР аймактары үшін АҚ құрамалары кемінде он адамға бір құтқарушыны, ал су таскынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған онеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны, есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарықпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізгі түрлері:

- құтқару құрамалары - барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан (командасынан), құтқару командысынан (тобынан) немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан (звенодан) тұрады.

- инженерлік құрамалар- инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жол көпір командысынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

АҚ және ТЖ қызметкерінің құрамалары – халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, ұүтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлінеді.

Республикалық жедел – құтқару отряды баруы қиын аудандарда өте күрделі объектілеоінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғар,ы құрама болвп таблады және ҚР Үкіметінің шешімімен құралады.

Облыстық және қалалық жедел-құтқару отряды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін құралады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері халықты бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың салдарынан Азаматтық қорғау арнайы іс-шараларын орындауға, қазіргі заманғы қаруларды қолдануға арналған.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде, сонымен бірге ұйымдарда да құрыла алады.

Республикалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің тізімі, оларды құру базалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен анықталады.

Облыс, аудан, қалалардың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің тізімі және олардың құрылу базасын жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен (қаулыларымен), ұйымдардың ұйым бойынша бұйрықтарымен оларды құру мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне негізделе отырып анықталады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру базалары ведомоствалар мен ұйымдардың сәйкесінше бағдары мен тағайындалуы болып табылады.

Облыстарда, аудандарда, қалаларда және ұйымдарда Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері негізінен республикалық қызметтер тізіміне сәйкес құрылады, бірақ жергілікті жағдайлар мен сәйкесінше базаның бар болуына негізделе отырып құрылып, басқа да қызметтер құрыла алады: баспана мен паналау қызметі, сумен қамтамасыздандыру қызметі, коммуналды-техникалық қызмет, адамдар мен киімдерді зарарсыздандыруды санитарлық өңдеу қызметі, адамдарды жерлеу қызметі, жоғалғандарды іздестіру қызметі және т.б.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары болып табылатындар:

республикалық қызметтері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметтер базасы құрылатын министрліктердің, ведомостволардың бірінші басшылары; облыстық, аудандық, қалалық қызметтері – заңды күші бар басқару құрылымына негізделе отырып жергілікті атқарушы органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар;

ұйымдардың қызметтері – ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын бас мамандар немесе бірінші басшылардың орынбасарлары;

Осы қызметтер база негізінде құрылатын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары қызметтің әрекеттері мен оның ұйымдасуына, қажетті күш саны мен қарулардың дайындалуына, олардың жеке құраммен, техникамен және мүлікпен жабдықталуына дербес жауапты.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері тікелей сәйкесінше Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.

Республикалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жалпы міндеттері, оларды құру тәртібі мен қызметтерін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқару органы бекіткен «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар республикалық қызметтері туралы ережемен» анықталады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің міндеттері, ұйымдасуы мен қызмет әрекеттері қызмет туралы ережелермен анықталады, ол Азаматтық қорғаныстың сәйкесінше бастығымен келісіледі. Республикалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары Қызметтер туралы ережені әзірлеп, бекітеді, қызметтің ведомоствосы орындау үшін міндетті нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар туралы ережелер бекітіледі:

республикалық қызмет – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органы;

облыстық, аудандық, қалалық қызметтер – Азаматтық қорғаныстың сәйкес бастықтары немесе олардың орынбасарлары (төтенше жағдайлар жөніндегі территориалды басқару органдарының жетекшілері);

ұйымдардың қызметтері – төтенше жағдайлар жөніндегі территориалды басқару органдарының басшылары);

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің құрылымын олардың басшылары анықтайды.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің бастықтары болғанда бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұратын қызмет штабтары құрылады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің құрамына Азаматтық қорғаныстың территориалды және объективті қалыптасуы, апатты-құтқару қызметтерінің арнайы штаттық қалыптасуы, сонымен бірге басқа арнайы қалыптасулар кіруі мүмкін.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері өздерінің жұмыс барысында сәйкес деңгейдегі Азаматтық қорғаныс жоспарларын, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мәселелер бойынша басқа да нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері болып табылатындар:

халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларының кешенін жоспарлау мен жүзеге асыру және төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту, қазіргі заманғы жеңу құралдарын пайдалану;

құтқару және дереу жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

тағайындалуы бойынша жұмыстарды өткізуге олардың дайындығын қолдау, арнайыландырылған қалыптастыруды құру мен дайындау;

бағыныңқы органдардың басқаруын ұйымдастыру мен қажетті материалды-техникалық құралдармен оларды қамтамасыз ету;

басқарушы құрамды дайындау, төтенше жағдайларда халықты қорғау тәсілдері мен әрекеттеріне оқыту, қазіргі талқандау құралдарын қолдану;

жоғары дайындық деңгейінде Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік басқару жүйесін құру мен қолдауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың туындауы мен туындау қаупі туралы халықты хабардар ету, қазіргі заманғы құралдарды қолдану;

радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаушыларды (ластаушы) үнемі қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;

сәйкес басқару органдары мен әскери командалық күштерге, ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру мен қолдау;

бағыныңқы ұйымдардың эвакуациясы мен анықтап алу жұмыстарын басқару, олардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, қауіпсіз аймақтарға аудандарды орналастыруды дайындау бойынша іс-шараларды қабылдау;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарларын әзірлеу, бағыныңқы ведмостволық буындарда жоспарлауды басқару;

Құтқару жұмыстарын өткізуге шешім қабылдау үшін Азаматтық қорғаныс бастықтарының сәйкесінше ұсыныстарын дайындау;

сәйкес Азаматтық қорғаныс бастығы қойған міндеттерді орындауда қызметтердің құралдары мен бағыныңұы күштерін басқару;

төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту жөніндегі, салалар мен ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды басшылыққа алу;

қызметтер белігенген тәртіпте өткізетін Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қаржыландыру мен материалды-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету, олардың резервтерін құру, төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі іс-шараларды қабылдау, құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды қамтамасыз ету, зардап шеккендерге көмек көрсету;

қызметтердің құзыреттіліктері негізінде Азаматтық іс-шаралар кешенінің тікелей басшылық етуін жүзеге асыру.

 

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар негізгі қызметтері мен олардың міндеттері.

 

АҚ және ТШ инженерлік қызметі.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар инженерлік қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын инженерлік қамтамасыз етілуі мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шараларды инженерлік қамтамасыз ету жұмыстарын дайындау және өткізу, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану;

инженерлік қалыптасуларды құру мен ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және қарумен жабдықтау;

қорғаныс құрылыстарының қорын жинауды ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру;

әскери уақытта қорғаныс құрылыстарын қорының жеткіліксіз қорын жеделдетіп салу жоспарларын әзірлеу;

нысандарда құтқару және басқа төтенше жағдайларды жүргізуде, зақымдану ошақтарына жақындағанда бастапқы аудандарда Азаматтық қорғаныс күштерінің әрекетін қамтамасыз ету;

Құрылыс нормалары мен ережелерін, жаңа қабылданатын жобаларды келістіру;

сейсмикаға берік ғимараттардың, құрылыстардың, тұрғын үйдердің құрылысы мен пайдаланылуын бақылау;

республиканың сейсмикалық қауіпті аудандарында гидротехникалық және басқа ғимараттардың, үймереттердің сейсмикалық жағынан күшейтуды өткізуді бақылау, геологиялық құрылымдарға оның ықпалы мен пайдалы кен қазбаларын барлау перспективасын есепке ала отырып;

ұйымдардың құрылысы, кеңейтілуі, қайта салынуы мен техникалық қайта салыну жобаларында, өнеркәсіп аймақтарында, елді мекендерде, территорияларын салу мен аудандық жоспарлау сұлбаларын құрғанда Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын іске асыруды бақылау.

 

АҚ және ТЖ медициналық қызметі.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі (Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын медициналық қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

төтенше жағдайлардың медициналық-салдарының деңгейін азайтуды қамтамасыз ететін республикадағы бірыңғай саясатты негіздеу мен өткізу;

Азаматтық қорғаныстың медициналық іс-шараларын жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;

төтенше жағдайлардың медика-санитарлық, эпиедмиологиялық және гигиеналық салдарын болжау, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, ықтимал шығындарды азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

медициналық қалыптасуларды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және құралдармен жабдықтау;

зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге үнемі дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдау ошақтарында медициналық қызмет күштері мен құралдарын алғашқы қатарға қоюды қамтамасыз ету;

медициналық қызметті уақытында көрсету, зақымданғандарды эвакуациялау мен емдеу, зардап шеккендердің денсаулығын еңбекке қайта баулу арқылы жылдам қайтару, төтенше жағдайлар мен зақымдану аймақтарындағы қайтарымсыз шығындардың ең көп мөлшерде азаюы, сонымен бірге медициналық эвакуация сатысы мен жолдарында мүгедектер көрсеткіштерін азайту;

төтенше жағдайлардың психоневрологиялық және эмоционалды әсерін азайтуға бағытталған емдеу-алдын-алу іс-шараларын өткізу, халыққа зарарсыздандыру құралдарын қолдану және оларды жылдам зарарсыздандыру;

халықтың санитарлық ыңғайлылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде елді мекен аймақтары мен зақымдалған жақын территорияларда жаппай жұқпалы аурулардың туындайы мен таратылуын алдын алу;

құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу кезіәнде жеке құрамның денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық қызмет көрсету;

қаза болғандарға сот-медициналық сараптамасы мен еңбекке жарамсыздығын жоғалту бағасына болжау, жарақат ауырлығының дәрежесін анықтау үшін зақымдалушыларға сот-медициналық куәландыру;

халықты өзіндік және өзара көмек көрсетуге оқыту;

медициналық мекемелерде медициналық препараттардың қорын жасау.

 

АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметі Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы іс-шараларын қамтамасыз ету, қоршаған орта мен мүлікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Төтенше жағдайлар аймақтарында өрттің алдын алу мен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметтерінің жоспарын әзірлеу мен уақытында жоспарға түзету енгізу;

қалалардың, аудандардың, елді мекендер мен ұйымдардың ірі өрттерге қарсы беріктігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың уақытында орындалуын (техникалық, ұйымдастырушылық және өрт-сақтандыру және т.б.) жүзеге асыру, сонымен бірге құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды өртке қарсы қамтамасыз етуге, оларды сөндіруге қажетті шараларды құруды қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар аймақтарында өртке қарсы қызметтің үнемі дайын болуын құру, дайындау және қолдау;

өртке қарсы қызмет жүйелері мен байланыс, ақпарат тарату құралдарын, басқару пунктерінің дайындықта болуын құру және қолдау;

өртті сөндіру мен ескерту бөлімінде қазіргі заманғы құралдарды қолдануда, төтенше жағдайларда халықтың әрекетін дайындау мен оқытуға қатысу;

төтенше жағдайларды ескерту мен шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, халықты олардың салдарынан қорғауды жүзеге асыру;

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесін нығайту мен қарулық қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде жеке құрамды өртке қарсы жабындар мен жер төлелермен, қорғану құрылыстарын өрт техникасымен қамтамасыз ету, жарықпен бөлу іс-шараларын өткізу;

Өрт техникасын, өрт-техникалық жабдықтарды және өрт сөндіруші құралдардың қорын үнемі дайындықта ұстау;

елді мекендер мен ұйымдардың бөлімшелерінің ведомостволық меншіктілігі мен жеке меншік түріне қарамастан өртке қарсы дайындылығын қамтамасыз ету, және де өртті сөндіруде олардың әрекеттерін басқару;

өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының есебін жүргізу.

 

АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметі.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жанар-жағар май материалдарының қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда халыққа жанар-жағар май материалдарымен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құру, Азаматтық қорғаныс күштерін қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін бейбіт және соғыс уақытына жанар-жағар май материалдарының қорын жоспарлау мен құру;

төтенше жағдайлар аймақтарында Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету;

тұрақты және стационарлы құю станцияларының жұмысын есепке алу мен бақылау, жанар-жағар май материалдарына арналған сыйымдылықтың болуы, сонымен бірге Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етуге арналған республиканың құю станцияларының мүмкіндіктерін бақылау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 917; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.