КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі. 5 страница
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 1. Төтенше жағдай дегеніміз не? 2. Төтенше жағдайлардың жіктелінілуін атаңыз? 3. Табиғи төтенше жағдайлар дегеніміз не? 4. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай. 5. Жанжалды төтенше жағдайларды атап көрсетіңіз? 6.Ядролық қару дегеніміз не? 7.Ядролық қаруға әсер етуші қандай факторлар қолданылады? 8.Химиялық қару дегеніміз не? 9.Уландырушы заттарға қандай заттар жатады? 10.Биологиялық қарулар дегеніміз не? Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 13(97-101б),14(18-22б), 15 (216-245б) Қосымша әдебиеттер: 4(№9),10(18-81б),16(391-425б) Тақырып-4 Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері. Дәрістің мақсаты: Табиғи техногенді және антропогенді текті қауіптіліктер көздерін ескерту мен тұрғындарды қорғау. Кілт сөзі: эвакуация, қорғау, медициналық көмек,зақымдану. Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Жағымсыз факторлардың жіктелуі. 2. Атмосфераның,гидросфераның және топырақтың ластануы. 3.Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері, көздері мен масштабтары. 4. Қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуі. Зілзала және оның салдарымен күрес Зілзала – соның салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындайтын апат. Зілзаланың қысқаша сипаттамасы Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетін, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім-жетімге ұшырататын табиғи құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамасын білу дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, балқаш өзеннің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи спаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1286; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |