КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі. 3 страница
құтқару және шұғыл жұмыстардың орнын, эвакуацияланатын халыққа жанар-жағар май материалдарын жеткізу.
АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жолдар мен көпірлер қызметі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізгенде жолдар мен көпірлерді жөндеу мен қалпына келтіру, жол-көпір қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруға арналған. Қызметтің міндеттері: Азаматтық қорғаныстың жол және арнайы іс-шараларын бейбіт және соғыс уақытында ұйымдастыру мен орындау; тағайындалуына қарай қызметтердің әрекеттерге дайындығын құру мен қолдау; төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізгенде апатты-құтқару қызметінің қалыптасуы мен Азаматтық қорғаныс күштердің әрекеттерін қамтамасыз ету; республиканың автожол желісін, ондағы ең маңызды нысандарды техникалық жабу; автомобиль жолдарының жағдайын барлауды ұйымдастыру мен жүргізу; төтенше жағдайлар туындағанда көлік коммуникацияларының зақымдалуын жою, қазіргі заманғы құралдарды қолдану; күштер мен қаруларды құтқару және шұғыл жету орындарына жеткізу үшін өту құрылғылары мен бағанды жол жабдықтары, зардап шеккендерді және материалдық құралдарды эвакуациялау.
АҚ және ТЖ жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мақсатымен, ауыл шаруашылық өнімдерін және мал шаруашылығы өнімдерін, су көздерін қорау мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды, мал шаруашылығы мен өсімдіктер өнімдерін, су көздері мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданулардан қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау; зақымданған жануарларды ветеринарлық және фитопатологиялық саралау, өңдеу, емдеуді ұйымдастыру; зақымданған жануарларды еріксіз қорғауды және оларды көмуді ұйымдастыру; жануарлар мен өсімдіктердің жайылым жерлерін, егінді жерлерін және өнімдерін зарарсыздандыру; ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығындағы малды қауіпсіз аймаққа көшіру (апару) жұмыстарын ұйымдастыру; қажетті жем мен қажетті заттар қорын құру; қызметті құру жөніндегі әрекеттерге дайындықты құру мен қолдау, оларды жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету; зарарсыздандырушы заттармен, медициналық заттар қорымен қорларды құру және уақытында жаңартып отыру; төтенше жағдайлардағы әрекеттерге елді мекеннің халқын оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
АҚ және ТЖ ақпараттық қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар ақпараттық қызметі Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау негізінде халыққа уақытында және дұрыс ақпарат беру мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: Халықты төтенше жағдай қаупі туралы хабардар ету жөніндегі ақпаратпен теле, радио құрылым мекемелермен меншік түріне байланыссыз Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын әзірлеу мен орындау; Төтенше жағдайлар жағдайларындағы әрекет пен қазіргі зақымдау құралдарын халықтың қолдануын оқыту, территориялар мен халықты қорғау мәселелерін жаппай жариялау құралдары арқылы ұйымдастыру; Республика территориясында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ресми ақпаратты отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен жинауды, жалпылау мен ұсынуды және оны халыққа жеткізуді ұйымдастыру; Төтенше жағдайлар туындағанда шұғыл жағдайды жарықтандыру мәселесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет координациясы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану; Төтенше жағдайларда адамдардың жүріс-тұрыстары ережелері бойынша ескертулер, плакаттар, буклеттер, кішкене кітапшалар мен басқа да әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығаруға қатысу; Азаматтық қорғаныс күштерінің оқу және дайындық орындарынан, апаттық-құтқару қызметтерінің қалыптасуынан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы органдарының мәжілістерінен, конференцияларынан, симпозиум мен халықты, территорияны, ұйымдарды қорғау мәселелері жөніндегі басқа да іс-шаралардан репортеждерді ұйымдастыру; Төтенше жағдайлар мен Азматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі оқу кинофильмдерін көрсетуді ұйымдастыруда мәдениет мекемелеріне көмек көрсетіп, бақылау; Жоғалған адамдар, жоғалған мүлік, құтқару-апаттық жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпараттық материалдар мен тізімдердің жариялануына азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына көмек көрсету; Жақын және шетел мемлекеттерінен келген бұқаралық ақпарат көздерінің өкілдеріне құзырлы органдармен бірге ұйымдастыру, мүмкін техникалық көмек көрсету, ақпараттармен және шұғыл пресс-релизбен қамтамасыз ету; пресс-конференцияларды, брифингтер мен кеңес берулерді қызметтің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша шетелдік және отандық журналистер үшін ұйымдастыру.
АҚ және ТЖ байланыс және хабардар ету қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар байланыс және хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты және басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету; Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт және әскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету; Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт және соғыс уақытында хабардар ету; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны және ұйымдарды қорғау, құтқару және шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру; Байланыс және хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету; Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету; Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару; Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу; Байланыс және хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету; Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық-құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт және соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық(қалааралық) сөйлесулерді, телеграф және почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сәйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану-техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу; Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды әзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша және тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру; Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету. АҚ және ТЖ қоғамдық тәртіп күзеті қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қоғамдық тәртіп күзеті қызметі төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында барлық меншік түрлерін, қоғамдық тәртіп күзеті қызметін, материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Қызмет міндеттері: Төтенше жағдайлар қаупі мен туындауында халықты, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс басқару органдарын, басқарушы құрамды хабардар етуге қатысу, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану; Төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдану ошақтарында, қалалар мен елді мекендерде жол қозғалысын, қоғамдық тәртіпті, көлік магистральдары мен адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қолдау; Меншікті, аса маңызды нысандар мен азаматтардың жеке мүлкін күзету; Төтенше жағдайлар аудандарын, зақымдану ошақтарын жабу; Қылмыспен күрес; Халықтың жоғалуын есепке алуды жүргізу; Эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету; Қарудың, әскери қарудың, күші қатты улы заттардың рұқсат етілген жүйе нысандарында сақталуын қамтамасыз ету; Азаматтарды уақытша орналастыру пунктерін, жылыту, тамақтану және заттай қажеттілік пунктерін күзету; Коменданттық қызметті ұйымдастыруға қатысу; Халық арасында даурығуды болдырмау үшін түсіндірме жұмыстарын өткізу.
АҚ және ТЖ радиациялық қорғаныс қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар радиациялық қорғаныс қызметі радиациялық зақымданудан нысандар мен территорияны, халықты тиімді қорғау, дезактивті жұмыстарды өткізу, радиактивті зақымдану ошақтарын жою мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: Радиациялық барлауды өткізу; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың байланыс және хабардар ету қызметімен бірге радиактивті зақымдану туралы халықты хабардар ету мен басқару органдарының қызметімен бірге ұйымдастыру; Төтенше жағдайларда, қазіргі заманғы зарарсызданду құралдарын қолданғанда радиактивті сәулеленуді ең жоғары дәрежеде әлсірету мақсатымен ұйымдастыру және іс-шараларды жоспарлау; Бақылау және зертханалық бақылап-қадағалау мекемелерінен елді мекеннің, азық-түліктің, судың, ғимараттар мен құрылыстардың радиоактивті зақымдануы туралы ақпараттарды алу мен хабардар ету; Төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарында радиоактивті зақымданудағы әрекеттер мен ережелер туралы халықтың ортасында түсіндіру жұмыстарын өткізу; Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізу барысында қозғалыс бағыттарында, төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарында дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру; Азаматтық қорғаныс күштері мен халықты зақымдаушы (улы және нейтронды қару) қазіргі құралдардың факторларынан қорғау; Радиоактивті зақымдау ошақтарындағы әрекеттерде құрылымның жеке құрамын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Радиоактивті заттарды тасымалдағанда ядролық нысандардағы апаттардың салдарын жоюды ұйымдастыру; Радиоактивті зақымдану аймақтарында дезактивті жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; Радиоактивті заттарды тасымалдау мен радиациялық-қауіпті нысандарда сақтандыру жұмыстарын өткізу; Радиоактивті заттарды өндірісінде қолданатын кәсіпорындар мен ұйымдарды есепке алу мен бақылау; Радиоактивті қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға қатысу; Радиоактивті заттармен жұмыс істеу нормалары мен ережелерін бақылауды ұйымдастыру; Салынатын нысандардың жобасын сараптау, оларды Радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес анықтау.
11. АҚ және ТЖ химиялық қорғаныс қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар химиялық қорғаныс қызметі күші қатты улы заттармен зақымдану ошақтарын жою, жұмыстарды өткізу, химиялық зақымданудан территорияны, ұйымдарды, халықты тиімді қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: химиялық барлау жүргізу; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда химиялық зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету мен байланыс қызметімен бірге ұйымдастыру; СДЯВ өндіретін, сақтайтын немесе қайта өңдейтін нысандардағы апаттарда күші қатты улы заттардың әсерінен, сонымен бірге оларды соғыс және бейбіт уақытта тасымалдауда болатын шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен орындауды қамтамасыз ету; Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында болатын мүмкін химиялық зақымдану жағдайын болжау мен жағдайға баға беру; Республикалық қадағалау желісі мен зертханалық бақылау мекемелерімен күші қатты улы заттардың зимиялық зақымдауы туралы ақпаратты алу және хабардар ету; Химиялық зақымдану жағдайларында, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды өткізуге қатысатын құрылымның жеке құрамы мен халықты қорғау режимдерін әзірлеу; Химиялық зақымдануда ережелер мен әрекеттер туралы халықтың ортасында түсіндіру жұмыстарын өткізу; Химиялық зақымдану аймақтарында құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізгенде құрылымдардың жеке құрамын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қорғаныс ғимараттарында ауаны сүзгілеу мен регенерациясының техникалық құралдарының жағдайын бақылау; Демалу органдары және теріні қорғаушы дербес құралдар қорын, химиялық барлау приборларын, тағайындалуына қарай оларды арнайы өңдеу мен дұрыс ұстау қорларын құру; Химиялық зақымданумен байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жоюды ұйымдастыру, соның ішінде күші қатты улы заттарды тасымалдау салдарын жоюды ұйымдастыру; Химиялық зақымдану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етуге қажетті материалдық құралдардың қорын жинау; Қауіпті өндірістер мен халық арасында сақтандыру жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру; Химиялық қауіпті нысандар мен күші қатты улы заттардың бар екендігін есепке алу.
АҚ және ТЖ сауда және тамақтану қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар сауда және тамақтану қызметі зардап шеккен халықты қамтамасыз ету, Азаматтық қ орғаныс күштерінің жеке құрамын қамтамасыз ету және апаттық-құтқару жұмыстары қызмектін тамақпен, сумен, арнайы киіммен олардың өміріне қажетті бірінші кезектегі заттармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Қызметтің міндеттері: Бейбіт және соғыс уақыты кезінде азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлар қорымен қамтамасыз ету мен резервтерді құру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; Төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен халықты тамақпен, киіммен, төсек жабдықтарымен қамтамасыз етуді жоспарлау; Төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарында құрылымдардың жеке құрамын, бас құтқарушы және шұғыл жұмыстардың жеке құрамын тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз ету, киіммен, төсек жабдықтарымен жеке құрамды арнайы аяқ киіммен, алғашқы дәрігерлік көмекпен, күзет бекіттерін және қозғалысты реттеушілерді қамтамасыз ету.
АҚ және ТЖ энергетика қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар энергетика қызметі халықтың өмірге қажеттілігін қамтамасыз ету, ерекше маңызды нысандардың жұмыс тұрақтылығын, Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын энергетикалық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Қызметтің міндеттері: - энергетикалық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, желілік кәсіпорындар мен тұтынушыларды, ұйымдарды және бейбіт, соғыс уақытында республика халқын энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі энергетикалық нысандардың жұмысын арттыруға бағытталған іс-шараларды уақытында өткізу; Электрмен қамтамасыз ету және жылумен қамтамасыз ету, релелік қорғаныс, желілік және өртке қарсы автоматика жүйелерінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету; Энергия жүйесінің шеңберлі жүйесін қамтамасыз ету мақсатымен энергия таратушы жаңа желілердің құрылысы; Энергия жүйесінің жұмыс істеп тұрған бөлігі мен оларды орталықтан басқаруына қарамастан сұлбаны бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; Тұтынушылар мен электр таратушы желілердің, жеке энергетикалық нысандардың қатардан шығуын есепке ала отырып, электр станциялары мен электр жүйелерін дайындау; Қосымша тұтынушыларды шұғыл сөндіруге дайындық жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйеге кіретін жауапты тұтынушылар мен ерекше маңызды нысандарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Энергия қамтамасыз етуші автономды көздердің резервін құру мен оларды жанар-жағар май материалдарының қорымен қамтамасыз ету; Газбен қамтамасыз ету, мұнай және мұнай өнімдері желісінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру; Ерекше жұмыс режиміне энергетика нысандары мен энергетикалық жүйелерді ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды басқару; Энергетикалық нысандар мен желілерде апатты-техникалық жұмыстарды орындау үшін арнайы құрылымдарды пайдалану туралы ұсыныстарды дайындау; Электр энергиясының автономды көздерін пайдалануды есепке ала отырып төтенше жағдайлар аймағындағы және зақымдану ошақтарындағы энергетикалық желілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Энергетикалық құрылыстар мен желілердегі апатты жағдайларды жою мен апатты жұмыстарды жүргізу; Эвакуацияланатын және белгіленген халықты, зардап шеккен аудандарды көшіру, құтқару және де басқа шұғыл жұмыстарды өткізуде энергетикалық орындарды (учаскелерді) қамтамасыз ету; Ұйымдарды, қалалар мен басқа елді мекендерді түске бөлу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; Жылжымалы және дербес электр станцияларын ведомствалық және меншік түріне қарамастан ұстау, жағдайларын бақылауды, оларды пайдалану жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру; Қызметті құру, ұстау, және дайындықта ұстау іс-шараларын жүзеге асыру.
АҚ және ТЖ техникалық қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар техникалық қызметі Азаматты қорғанысты жөндеу материалдарымен және көліктік, инженерлік және басқа техникалармен қамтамасыз ету мақсатымен және оны уақытында жөндеу мақсатында құрылады. Қызметтің міндеттері: Азаматтық қорғаныс қажеттіліктеріне тартылатын техниканы, жабдықтарды, агрегаттарды, айлабұйымдар мен механизмдерді дұрыс жағдайда және үнемі дайын күйінде ұстау; Төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстары мен шұғыл басқа да жұмыстарды орындау барысында істен шыққан техниканы жөндеуді ұйымдастыру; Зақымдалған және істен шыққан техникаларды маршруттар мен жұмыс учаскелерінен алып, зақымдалған машиналар мен жөндеу кәсіпорындарға эвакуациялау; Жөндеу кәсіпорындарын орталықтан жабдықтауды ұйымдастыру және есеп жүргізу, қызметтер мен құрылымдарды қосалқы бөлшектермен және жөндеу материалдарымен базасы, қоймалары, тұрақты және жылжымалы жөндеу құрылымдары бар республиканың кәсіпорындарын тарта отырып жабдықтау және ұйымдастыру.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 890; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |