Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі. 4 страница




 

АҚ және ТЖ көлік қызметі.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар көлік қызметі Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын көлік жағынан қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес Азаматтық қорғаныс іс-шараларын көліктік қамтамасыз етуін есептеу;

Темір жол, теңіз, өзен, әуе және автомобиль көліктері органдарымен бірлесе отырып зардап шеккен халықты, әскери бөлімдерді және құрылымдарды әрекеттеріне қарай, құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстардың орындарына тасымалдауды жүзеге асыру;

Түсіру және қону пунктерін анықтау, оларды қажетті жабдықтармен, техникамен жабдықтау;

Жұмыс нысандарына жұмыс ауысымдарын тасымалдау (әкелу, әкету);

Алғашқы реттік тәртіппен Азаматтық қорғаныс және апаттық-құтқару қызметтерінің жеке құрамын жеткізуді қамтамасыз ету;

Төтенше жағдайлардың салдарын жою оны алдын-алу үшін қажетті арнайы жүкті, зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

Қызметтің құрылуына көліктің пайдалануға дайындығын, олардың жеке құраммен жарақталуын, техника мен жабдықтармен жабдықталуын қамтамасыз ету;

Қосалқы бөлшектер қорын, жанар-жағар май материалдар қорын құру

Қызметтің құрылуына кірген көлік құралдарының жөнделуі мен техникалық қызмет көрсетілуін, құтқару жұмыстары барысындағы қозғалыс бағыттарын ұйымдастыру;

Көлік құралдарын қорғаныс ғимараттарымен қамтамасыз ету, оларды үнемі дұрыс жағдайда ұстау, үнемі дайындықта, көлік құралдарын қазіргі заманға сай жаңарту, эвакуаторлық көліктерді қажетті жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастыру.

 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. АҚ құрамаларына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілер даярлау қандай көлемде жүргізіледі?

2. Өндіріс пен қызмет саласына тартылмаған халықты даярлау қалай жүргізіледі?

3. Ұйымдардағы Ақ мен ТЖ жөніндегі оқу –жаттығу түрлерін қалай даярлайды?

4. ТЖ және АҚ ҚР Агенттігі,оның құрылымы,мақсаты,құрамы және құрылымдық аумақтық органдары?

5. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 12(120-126б),14(13-18б),17(12-18б)

Қосымша әдебиеттер: 1(ст 20-263),3(СД диск), 4(№9)

Тақырып-3. Төтенше жағдайлар

Дәрістің мақсаты: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды анықтау.

Кілт сөзі: дүлей зілзала, жер сілкінісі,сел,опырылмалар, авария,дауыл, апаттар,қорқыныш, әлсіреу, қар басу, өндірістік авария, өрт,сел, өмірге құштарлық.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

ТЖ және потенциалды қауіптілік бойынша экономика объектілерін жіктеу.

Техногенді сипатты ТЖ көздерінің зақымдайтын факторлары.

Табиғи сипатты ТЖ зақымдайтын факторларының сипаттамасы.

Стихиялық апаттарды жіктеу..

Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторалр. Жапай зақымда қаруларының түрлері. Олардың ерекшелікитері мен қолданылу салдары. ТЖ психологиялық аспектілері.

ҚР –ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы Қазақстан республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын‑ алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді; мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салдарының бірі болып табылады. Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін -өзі басқару мемлкететік органдардың өкілеттіктерін ерекше көрсетілеген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде анықтамлар қамтылған.

Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршілктерінің тұтқиыл ұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шарушылығы малдарының шетінуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққын зілзала. Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, күртік, орман және дала өрттері. Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. Дүлей зілзалалар бірінен –бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.

Авария- технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің жбдықтар және ғимараттардың зақымдануы. Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олардың ерекшелігіне байланысты авриялардың әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.

Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтардың қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіненен пайда болады.

Апат- бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:

Көлеміне бойынша: кіші,орташа, үлкен болады.

Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткен алынады. Зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.

Түрі бойынша: табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала)

Жасанды (антропогендік,атап айтқанда адам факторы әсерінен болады)

Табиғи:

1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегіден тыс аптап, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер)

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт,жер сілкінісі)

3. Топологиялық(сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу,)

4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы,олармен соқстығыс)

Жасанды:

1. Көліктік(космостық, авациялық, автомобильдік,теңіз,өзен, темір жол)

2. Өндірістік(радиациялық, механикалық, химиялық,термиялық)

3. Спецификалық(бактериологиялық, эпидемиялық)

4. Әлеуметтік(соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, терроризм, маскүнемдік нашақорлық, токсикомания)

Әрбір апат ошақ құруға алып келеді. Бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ бұл- төтенше жағдай.

Төтенше жағдай –адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуіші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіру мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілк жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады., бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айырықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді.

1. Пайда болу саласы бойынша;

2. Ведомсвалық қатыстылығы бойынша;

3. Аймақтық таралуы бойынша;

Пайда болу саласы бойынша ТЖ

· табиғи;

· техногенді;

· жанжалды болып бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайларға:

- геофизикалық қөауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);

- геологиялық қауіпті құбылыстар(көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы)

- метеоролгиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл,құйын, құрғақшылық, аяз, және т.б)

- теңіздегі гирологиялық қауіпті құбылыстар(теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б)

- гидрологиялық қауіпті құбылыстар(су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);

- табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік)

- адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы (эпизоотиялар);

- ауылшарушалық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитоотиялар) жатады;

 

Төтенше сипатты төтенше жағдайларға:

- Транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар);

- Өрттер(жарылыс);

- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- СҚЗ тасталымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- Ғимараттардың кенеттен құлауы;

- Электр- энергетикалық жүйелердегі авариялар

- Коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілеріндегі авариялар;

- Тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

- Гидродинамикалық авариялар (плотиналардың бөгеттердің бұзылуы) жатады.

Жанжалды сипатты төтенше жағдайларға:

- қарулы шабуыл;

- кейбір аймақтардағы толқулар;

- соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Ведомствалы қатыстылығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

- құрылыста;

- өндірісте;

- халыққа үй- жайлылық және коммуналды - тұрмыстық қызмет көрсету саласында;

көлікте;

ауылшаруашылықта;

орман шаруашылғында

көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер).

Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

- Объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі.

- Жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, обыста, шектеледі);

- Аймақтық(таралуы бірнеше обыстарда шектеледі);

- Кең ауқымды(зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).

Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамидан, тайфуннан және табиғи шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.

Табиғаттағы тосын жағдай

Табиғаттағы тосын жағдай – бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай. Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану,табиғи ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененің суынуы,улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы,жұқпалы аурулары. Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар (суық, аптап, аштық,шөлдеу, шаршау, экоулану,тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді. Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта фактолары: температура және ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы, жауын шашын, атмосфераның барометлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна,жер магнит өрісінің ауытқуы жатады. Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялық жабдық,дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар. Материалдық жағдайға (жабдықтау,авариялық құралдардың болуы) және климаттық-географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін.Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманда жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді. Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез -келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту-еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу- тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефонның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс әуесқойларын жатқызуға болады Белсенді демалыстың альпинизм,суға шомылу, тауға шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды. Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілін етеді.Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табуға және адамдарға оралу керектігін ұғынуға тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.

Адамның табиғаттағы өзін -өзі ұстауының кейбір тәртіптері.

Күн шығыстан шығып, батысқа батады. Егер таңертең күнге қарап тұрсаңыз солтүстік сол жағыңызда,ал оңтүстік оң қолыңыз жағында болады. Көптеген өсімдіктер нағыз компас болып табылады. Бақшадағы күнбағар,ормандағы кейбір гүлдер, тіпті бұлтты күннің өзінде бастарын күнге қаратады. Итқонақ пен қына және тебірткелер көлеңкені жақсы көреді. Со.ндықтан олар негізінен ағаш бұталарының, тастар мен ағаш түбірінің солтүстік жақтан қаралау және дөрекілеу. Бұл әсіресе қарағайда, қайыңда, теректе анық байқалады. Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстік жақтан көбірек бөлінеді. Құмысқалар өздерінің тұрағын ағаштардың, томарлардың, бұталардың оңтүстік жағынан салады, құмырсқа илеуінің оңтүстік жағы солтүстік жағына қарағанда жайпақтау болады. Қайтатын құстар көктемде міндетті түрде солтүстікке, күзде оңтүстікке ұшады. Халықты осы бір қарапайым жоалғасын біле отыра сіз орманда болғанда бағдар жасауға жеңіл болады. Орманға жалғыз баруға, адасып кетуіңіз мүмкін. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Орманда бірге болу қажет. Бір-біріңізден ажыраған бойда жолдасыңызды табу үшін айғайлай бастаңыз. Көрінген жаққа жүгіруге болмайды. Адасқан жаағдайда ешбір үрейленуге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсіңіз және белгілі бір дыбыстың төңіректен шығуын есту үшін мұқият құлақ түріңіз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, итттің үруі, үй жануарлары мен құстардың шуы, адамдардың жақындығын білдіретін басқа дыбыстар. Дыбысты естіген бойда оны естіген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүріңіз. Егер дыбыс жақындаса, онда сіздің дұрыс келе жатқандығыңыз. Егер сіз адассаңыз, ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүріңіз. Бұл жол, әдеттегідей үйге алып келеді. Бағдар жасау үшін биік ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады. Найзағай жарқылдаған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Ең жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн. Найзағай көбінесе еменге, терекке, талшынға, шегіршінге түседі (сирегірек шыршаға,қарағайға шамшатқа түседі) өтсирек ақ қайынға, үйеңкіге түседі. Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергілікті тұрғындардан «жылан ордалары» туралы сұраңыз. Орманға саңырауқұлақ пен жидек жинау үшін барғанда міндетті түрде етік киіңіз. Жыланды көргенде оған тиіспей, айналып өтіңіз.Егер улы жылан басын көтеріп, ысылдасса, бұл оның шабуылға әзірленгендігін білдіреді. Тек өздеріңіз таныс саңырауқұлақ пен жидекті жинаңыз. Табиғат аясында жүргенде адамдар ұқыпсыздықтан өрт шығаруы мүмкін. Ормандағы өртке лақтырылған сіріңке, темекі немесе сөндірілмеген от себеп болуы мүмкін. Ең жақсысы отты ескі алау орындарында жаққан жөн. Отты құрғақ шөпті және құрғақ ағашпен қатар жағуға болмайды. Кетер кезде оттың сөндірілігіне көз жеткізу керек. Отта сөнбеген шоқтарды қалдыруға болмайды, өйткені соққан жел оның жалынын үдете түсіруі мүмкін. Жалынды сынған бұтақпен, кішкентай ағашпен немесе күртешемен әлсіретуге болады. Жанған шөпті аяқпен таптауға немесе топырақ шашу арқылы өшіруге болады. Ормандағы өрт кезінде желег қарсы жүру керек. Елді мекендерден тыс жерлерде сиырға немесе бқаға жақындамау керек. Жолда табын кездессе оны айналып өтіңіз. Бұзаулардан сақ болыңыз. Өйткені оныың мүйізі шығар кезде басы қышиды, сондықтан жарақаттануы мүмкін.

Тәуекелдік факторлары - бұл авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар. Оған ауру, зілзала, аштық, ыстық және шөл,суық, қорқаныш, әлсіреу,жалғыздық, авария орны жатады. Аштық- бұл азық- түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайды организмнің күйігі. Жағдайға байланысты аштық:

- мүлде аштыққа су жоқ кезде;

- толық аштыққа- азық –түлік қоры, бірақ сумен қамтамасыз етілуі шектелмеген жағдайда;

- ішінара аштыққа- азық- түлік қоры жектілікті болған жағдайда адам тағаммен бір немесе бірнеше витаминдер, белоктар, углеводтар және т.б.

Ыстық.Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты «ыстық» түсінігі бірнеше ахуалдың жиынтығы қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесінің жиілігі, топырақ бетінің температурасы, ауа ылғалдылығы,. Желдің болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердің климаттық жағдайлары.

Суық. Статистикалық мәліметтерге сәкес адамдардың 10-15% туристік маршруттарда суыну құрбандықтары болады. Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақыттта қауіпті.

Қорқыныш. Қорқыныш өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез –келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы. Қорқыныш сезімнің күшеюіне кез –келген кездейсоқ оқиғи- ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айырлу және т.б. қызмет етуі. Жарылыс, жер сілкінісі, көлік құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауіптерде қорқыныш сезімі болады. Әр адам қорқынышты өзінше қабылдайды және түрлі жағдайларда ол әртүрлі болуы мүмкін. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшін өзін -өзі ұстаудың бірнеше түрлері тән:

- жүнжіп қалу – адам қауіппен кездескен сәтте бірден абдырап қалады.

- белсенді-жедел іс -әрекеттен сипатталады (бей- берекет қимыл)

- қисынды- адам төтенше жағдайжағы іс -әркеттерге кәсіби және психологиялық тұрғыдан дайындалған (өрт сөндірушілер, теңізшілер)

Әлсіреу. Әлсіреу- авариялық жағдайлардың тұрақты серігі, үнемі ой шырмауында және тұрмыс істеудің салдары болып табылады. Бірден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзімде әлсіреу мүмкін. Ақыл ой мен жүйкелік (жан дүниелік) әлсіреудің ерекшеліктері. Белгілі бір нерв жүйесі қалаптасқан адамдарға үздіксіз ақыл-ой еңбегі ашушаңдыққа келуі мүмкін. Ол күндіз –түні ойлау, жауапкершілікті қатты сезіну, іштей сары уайымға салынудан пайда болады. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, тамақтардың бір сарындылығы, шектен тыс ойнау балаларды жылдам шаршатады.

Жалғыздық. Апатпен бетпе –бет келген адамның алдында физикалық, сондай-ақ моральдық тұрғыдан мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жерді жабдықтау, күртік қарда жол салу,азық түлік табу қиын, арнайы құралдарсыз белгісіз жерлерден өту кезінде сенімді сақтық пен көптеген басқа тірліктерді ұйымдастыру қиын.

Тірі қалу факторлары- бұл төтенше жағдайдағы іс -әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық ұйымдастыру.

Өмірге құштарлық. Аврия жағдайында ерте ме кеш пе күш азайып, жүйке әлсіреп, бұдан әрі тырбану қисынсыз болып көрінсе, адамның жігері жасиды. Адамды бойкүйездік, немқұрайдылық биледі.Ол құтқарылатындығына сенбейді және күш жігерді аяғына дейін жұмсамай, азық-түлік қорын пайдаланбай қаза болады. Статистика кеме күйрегеннен кейін құтқару құралдарына жеткен адамдардың 90% нің үш тәулік бойынша моральдық факторлардан өлетіндігін дәлелдейді. Тірі қалуға «менің өлгім келмейді» дейтін жалаң тілек емес, «Мен өмір сүруге тиіспін!» деп қойылған мақсат көмектеседі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1828; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.126 сек.