Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ксантосифондылар класы (ксатосифоновые) - xanthosiphonophyceae




Бұл класқа сифанды құрылысы, басқаша айтқанда талломы клеткаланбаған сары-жасыл балдырлар жатады. Кластың негізгі туысының бірі - вошерия (Vaucheria) (135-сурет). Вошерия туысын соңғы уақыттарға дейін жасыл балдырлар бөліміне жатқызып керген. Алайда пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының қнеімдеріне қарай систематиктер бұл туысы сара- жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларынң жағалауларында қара - көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы, диск тәрізді көптеген ұсақ хроматофорлары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген, екеу-екеуден жұптасқан, талшықтары бар бәр ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогомиялы. Антередиийі мен оогонийі бір клеткалы болады. Біразтыныштық кезеңінен соң, зигота редукциялық жолмен бөлңгедң де, өсіп жығы особьқа айналады.

 

ДИАТОМДЫ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (ДИАТОМОВЫЕ ВОДОРОСЛИ) -DIATOMOPHYTA

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бәр клеткалы, кейде колония түзетін оргнизмдер (136-сурет). Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі.

136 - сурет. Диатомды балдырлар: А - плеуросигма; Б - цимбелла; В- навикула; Г -синедра; Д- табелляция; Е - меридион; Ж- циклотелла; З- диатома: 1- тігіс; 2- түйін.

 

Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабақшасына, сырт жағынан кремнезем () сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан жіне астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайрылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді (137- сурет). Эпиканың белдеуі гипотиканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері-поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы аоуан түрлі болып келеді жәнк оныұ систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор.

Клетканың ішінде проторлстпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен- каратиноидтармен және диатомдармен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.

Вегетативтік көбеюі протопластың митодикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протоплст жаңа гтпотеканы өздері түзеді. Бұл жаңдайда аналық клеткадан қалған гтпотека жас клетканың эпикасына айналады (137, д-сурет). осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады.

Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынңы мқлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуантүрлі ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап. шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клеткасының әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтидесінде олардан төрт гаплоидты клетка-тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір-бірімен қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зигота "өсу спорасы" (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жаңдайдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың шіріген қалықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары- диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірңсңнде- динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағанда. металлардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материалдар ретінде пайдаланады.

Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы(Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 катар, ал екінші класқа 5 қатар жатады.

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia) (137-сурет). Ол пиннаттылап класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтидесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртынлдағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.

 

ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (БУРЫЕ ВОДОРОСЛИ) - PHAEOPHTA

Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып таылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара- қаңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің(қоңыр түсті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады.

Олардан эволюцияның жамыун микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен (гигантский), кейде тіптен 60-100м жететіндеріне дейін (Macrocystis) кездестіруге болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалаодың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді жіне көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация таллмның әртүрлі қызмет атөаратын участоктерге - ризоидтарға, өстік бөлікке ("сабаққа") және филлоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты болса керек (138- сурет).

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп дағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахароспитр) және шыны май тамшылары түрігде жиналады. Пектинді - целлюлохды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристамасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.

 

Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді - Fucales қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралар бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады (диктиоталарда - Dictiotales қатары).

Жыныстық процесі изогамиялы, геиерогамиялы және оогамиялы болып келеді. Изо - және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері - бір клеткалы. Қоңыр балдырдың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспорангияларда жүреді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (n) бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне кқшпей-ақ спорофитке (2n) айналады. Әртүрлі түрлеріне ұрпақ алмасуы әртүрлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады (эктокарпус - Ectocarpus туысы, диктиота - Dictiota туысы), ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен және көпжылдық болып келеді (ламинария - Laminaria туысы, макроцистис - Macrocystis туысы).

Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100м дейін барады (макроцистик туысы). Сондықтан оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тастайды, үлкен параходтардың (судно) жүрісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды.

Классификациясы. қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар класы (Isogeneratae), гетерогенераттылар класы (Heterogeneratae) және цикласпораларкласы (Cyclosporeae). Алайда біздер тек гетерогенераттылар класының кейбір кең таралған өкілдеріне тоқталумен шектелуді жөн көрдік.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3460; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.