Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Балдырлар (водоросли) – algae 2 страница




Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ, отырмалы болып келеді.

Сырға гүл. Негізгі өсі жұмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұндай гүлшоғы әдетте түсіп қалып отырады.

Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық.

 

Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары

 

Бұларға жататындар (128-сурет).

Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағақтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз).

Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.

Себет гүл. Негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстінгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астыңғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре – василек, ромашка, күнбағыс).

 

Лабораториялық жұмыстар

33-тақырып. Гүлдің құрылысы

 

Материал. Әр түрлі өсімдіктердің жаңа жиналған немесе фиксаторға салынған гүлдері; тозаңдықтың және гүлтүйінінің көлденең кесінділерінен жасалған тұрақты микропрепараттар.

 

Үлгі ретінде капустаның гүлін қарастырамыз (231, Г, Е-сурет). Гүл арқылы екі немесе одан да көп көлденең симметрия жүргізуге болады, яғни бұл актиноморфты гүл (*). Гүлді лупамен қарап зерттеп, гүлсерігінің екі шеңберден тұратындығын, сыртқы шеңберді түзетін жапырақшалардың түстерінің жасыл болып келетіндігін және олардың ішкі шеңбердің жапырақшаларынан айқын айырмасының болатындығын дәлелдеп көрсету. Бұл гүлсерігі қосарланған, басқаша айтқанда төрт мүшелі күлте жапырақшалардан және төрт мүшелі тостағанша жапырақшалардан тұратын гүл деген сөз. Алдымен тостағанша жапырақшаларды, содан соң күлте жапырақшаларды бірінен соң бірін тартып, олардың жеке-жеке үзілетіндігіне, яғни тостағанша және күлте жапырақшалардың бос орналасатындығына көз жеткізу қажет.

(Са4 Со4). Күлте жапырақшаның төменгі айқын жіңішкерген бөлігі (ногатогі) және жоғарғы кеңейген бөлігі (отчибі) болады. Андроцейі алты аталықтан тұрады. Олар бос орналасқан және екі шеңбер түзеді. Сыртқы шеңберді тұзетін екі аталық, ішкі шеңберді түзетін төрт аталықтан қысқа болады. Яғни андроцейі бос орналасқан төрт жақсы жетілген және екі нашарлау жетілген аталықтан тұрады екен (А2+4). Қысқа аталықтарының түп жағында шірнеліктері орналасады.

Гинецейі бір аналықтан тұрады. Гүл тұғыры (табаны) жалпаймаған, аналығы оған өзінің түп жағымен бекиді. Гүлсерігінің жапырақшаларымен аталықтары гүлтабанына, аналықтың гүл түйінінен төмен орналасады. Яғни бұл гүл түйіні жоғарғы гүл. Одан әрі препаральды иненің көмегімен гүлден аналықты бөліп алып, стерескопиялық микроскоппен қарайды. Ол гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан тұрады. Егер гүлде бір ғана аналық болса, ол бір жеміс жапырақшадан (бірмүшелі гинецей) немесе бірнеше біріккен жеміс – жапырақшадан (ценокарпты гинецей) тұрады ма, соны айқындау қажет. Зерттеп отырған гүл-түйінінен екі тігісті табады. Содан соң оны скальпелмен көлденеңінен бөледі. Көлденең кесіндіден екі ұя жақсы көрінеді, яғни бұл екі жеміс жапырақшадан тұратын ценокарпты гинецей (G2). Гүлдің бөліктерін суретке салып алады: тостаған жапырақшаларды, күлте жапырақшаларды, аталықтарды, андроцейді, аналықты. Формуласын жазады: * Ca4Co4A2+4G(2).

Тозаңдықтың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препараттан, оның микроскопиялық құрылысымен танысады (110-сурет). Микроскоптың кіші үлкейткішімен дәнекермен жалғасқан тозаңқаптың екі жартысын (теки) және олардағы төрт ұяны табады. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен ұялардың біреуінің құрылысын қарастырып, эндодермасын, эндотецийін, ортаңғы қабаттың қалдығын, тозаңды табады. Содан соң тозаңдықтың контурын, төрт ұясымен суретке салып, схемасын талдап, детальдарын белгілейді.

Гүл түйінінің көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препараты микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап зерттеп, гүл түйінінің қабықшасын, ұясын, тұқым бүршігін, жатынын табады. Содан соң гүл түйінін суретке салып, детальдарын белгілейді. Препараттан тұқым бүршігінің ортасы арқылы жасалған кесіндісін таңдап тауып, оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарап зерттейді. Одан тұқым тірсегін (фуникулусты), интегіментті, микрпилені, халазаны, нуцеллусты, ұрық қалтасын табады. Тұқымбүршігін суретке салады да, оның жекелеген бөліктерін белгілейді.

Осы схема бойынша басқа өсімдіктердің де гүлдерін зерттейді.

 

34-тақырып. Тұқымның құрылысы

 

Материал. Фасольдың, асбұршағының алдын ала суға салып жібіткен тұқымдары; арпа мен бидайдың дәнінің көлденең кесіндісінен жасалған микропреператтар.

 

Эндоспермді тұқым

 

Сұлының дәнінің көлденең кесіндісін дайын препараттан микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, одан жемісқаппен, ұрықпен және эндосперммен бірігіп кеткен тұқым қауызын (спермдермасын)табады (119-суретті қараңыз).

Микроскоптың үлкен үлкейткішімен дәннің ұрықтық тамыршадан, сабақшадан, бүршікшеден, тұқымжарнағынан (қалқаншадан-щиток), эпибластан, колеоптильден тұратындығын көруге болады. Дәннің көлденең кесіндісін суретке салып алады да, оның жекелеген бөліктерімен ұрықты белгілейді.

Ұрығында артық қор заттары жиналатын тұқымдар

Фасольдың тұқымын жан-жақты зерттеп, одан тұқым бедерін (рубчикті), микропилені және тұқым тігісін табады (120-суретті қараңыз). Дәнді бүйір жағынан және тұқым бедері жағынан суретке салып алады да, детальдарын белгілейді.

Тұқымнан жайлап отырып оның қауызын (спермадермасын) сыдырып алады да, сабақшадан, тамыршадан, бүршікшелерден және тұқымжарнақтарынан тұратын ұрықты зерттейді. Содан соң оны суретке салып алып, жекелеген бөліктерін белгілейді.

Содан соң оны суретке салып алып, жекелеген бөліктерін белгілейді.

 

35-тақырып. Жемістердің құрылысы

 

Материал. Әр түрлі өсімдіктердің жаңа жұлынған немесе консервіленген (кептірілген, фиксаторға салынаған) жемістері.

 

Әр түрлі өсімдіктердің түрлерінің жемістерін зерттеп, олардың қандай типке жатататындығын және аттарын айқындайды. Жемістің қандай типке жататындығын анықтау үшін, алдымен ол жай жеміс пе, немесе күрделі жеміс пе, жеміс қабы (еті) шырынды ма, немесе құрғақ па (соңғы жағдайда ол қақырайтын жеміс пе, немесе қақырамайтын жеміс пе), дәндерінің және ұяларының сандарының нешеуден екендігін анықтау қажет.

Мысал ретінде сокиркидің жемісін зерттейік (111-суретті қараңыз).

Сокиркидің жемісін зерттей отырып, оның жай жеміс екендігіне көз жеткізу қиынға түспейді. Өйткені ол жеміс қабы құрғақ, бір ғана аналықтан пайда болады. Формасы жағынан жеміс өздерінің шеттерімен біріккен жапыраққа ұқсас болып келеді. Егер жеміс піскен болса, онда жеміс жапырақшаларының шеттерінің қақырап ашылғандығы көрініп тұрады, ал одан көптеген жемістері сыртқа шашылады. Жемісті скальпелмен түгелдей ашады. Бұдан оның ішінде көлденең перденің жоқтығын көруге болады. Жемісті суретке салып, оған қысқаша морфологиялық сипаттама береді: жай, көп дәнді, жеміс қабы құрғақ, бір ұялы, бір тігісі арқылы қақырап ашылатын жеміс. Осы сипаттамадан сокиркидің жемісінің қорапша тәрізді жемістердің тобына жататтындығын және оның таптама екендігін оңай анықтауға болады.

 

Пысықтау сұрақтары

 

1. Гүлдің атқаратын қызметі не? Гүлдің қандай бөліктері сабақтан, қандай бөліктері жапырақтан пайда болады?

2. Циклдық, ациклдық және гемициклдық гүлдердің принциптік айырмашылықтары неде?

3. Жыныс мүшелеріне қарай қандай гүлдер болады? Қандай өсімдіктерді бір үйлік, ал қандай өсімдіктерді екі үйлікке жатқызады?

4. Қосарланған гүлсерігімен қарапайым гүлсерігінің қандай типтері болады?

5. Қандай күлте жапырақшаларды актиноморфты, қандай күлте жапырақшаларды зигоморфты, ал күлте жапырақшаларды асцимметриялы деп атайды? Біріккен актиноморфты және зигоморфты күлте жапырақшалардың қандай негізгі типтері бар?

6. Андроцейлердің қандай типтері бар?

7. Аталықтардың құрылысы қандай? Стаминодий дегеніміз не?

8. Гинецейлердің қандай типтері бар?

9. Жоғарғы, төменгі және жартылай төменгі гүлтүйіндерінің айырмашылықтары неде?

10. Тұқымбүршігінің құрылысы қандай?

11. Гүлдің құрылысының қандай элементтерін формула, ал қандай элементтерін диаграмма сипаттайды?

12. Микроспорогенез қайда және қалай жүреді?

13. Тозаң мен микроспораның қандай принциптік айырмасы болады?

14. Мегаспорогенез қайда және қалай жүреді?

15. Ұрық қалтасы дегеніміз не? Оның құрылысы қандай?

16. Тозаңданудың қандай жолдары прогрессивтік болып саналады?

17. Қосарланып ұрықтану қалай жүреді? Қосарланып ұрықтанудың негізінде тұқым бүршігінде қандай өзгерістер жүреді?

18. Ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуының қандай жолдары бар? Тұқымның көп ұрықтылығы (полиэмброния) қандай процестің нәтижесінде түзіледі?

19. Тұқымның құрылысы қандай және ол не үшін қажет?

20. Тұқымды классификацияланғанда қандай белгілер негізге алынады?

21. Перисперм неден түзіледі, оның эндоспермнен принциптік айырмашылығы неде?

22. Фасоль мен сұлының ұрықтарының қандай белгілерінде айырмашылықтар бар?

23. Жай жемістер мен жиынтық жемістердің айырмашылықтары неде?

24. Жемістің шығу тегі мен құрылысы қандай және ол не үшін керек?

25. Жемістерді классификациялағанда қандай белгілерді негізге алады?

26. Жай гүлшоғының күрделі моноподиальды гүлшоғынан принциптік айырмашылығы неде?

 

4-тарау

ӨСІМДІКТЕРДІҢ КӨБЕЮІ

Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі, ол артына ұрпақ қалдыру,басқаша айтқанда бір особьтың өзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттігі.

Көбеюдің бір – бірінен принциптік айырмашылығы бар екі түрі белгілі: жыныстық және жыныссыз.

ЖЫНЫССЫЗ КӨБЕЮІ

Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: вегетативтік және нағыз жыныссыз. Кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің осы екі түрінің арасында айқын шекара болмайды.

ВЕГЕТАТИВТІК КӨБЕЮІ

Вегетативтік көбеюі, талломның27, тамырдың, сабақтың бөліктері арқылы жүзеге асырылады. Ол өсімдіктердің регенерацияға қабілеттілігіне, яғни өсімдіктің бір бөлігінен тұтас организмнің пайда болуына негізделген.

Бір клеткалы өсімдіктерде (балдырларда, бактерияларда) вегетативтік көбею клетканың тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал коллониялы және көпклеткалы өсіміктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырауқұлақтарда маманданған бір клеткалы құрылым арқылы жүзеге асырылады (оидилер, хламидоспоралар және басқалар арқылы).

Жабық тұқымды өсімдіктерде вегетативтік көбею тамырдың, сабақтың, жапырақтың бөліктерімен және бүршіктері арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге өсімдіктер тамырсабақтары, түйнектері, баданалары секілді сабақтардың өзгерген түрлері арқылы да вегетативтік жолмен көбейе алады. Ауыл шаруашылығы практикасында көкөкніс, жеміс – жидек және сәндік ретінде өсірілетін өсімдіктерді қолдан көбейтудің әр түрлі тәсілдері жетілдірілген. Ол үшін көп жағдайда өсімдіктердің мынадай бөліктерін пайдаланады: түйнектерін (картоп, батат, георгиндер); тамырсабақтарын (құртқашаш – ирис, флокс); мұртшаларын (бүлдірген – земляника); баданаларын (пияз, қызғалдақ – тюльпан); тамырдың атпасын (таңқурай – малина, шие – вишня). Көптеген мәдени жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелерімен, сұлатпа (иілген) бұтақтарымен, сонымен бірге телу арқылы да көбейеді.

27 Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі

Қалемшелері арқылы көбею. Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қалемшелері арқылы көбейгенде полярлық заңдылықты естен шығармау керек.

Сабақтан кесілген қалемше қыстық немесе жаздық болуы мүмкін. Қыстық қалемше жапырақсыз (бірақ бүршіктері бар), 1-3 жылда ұзындығы 20 – 30 см болатын кесінді. Жаздық қалемше жапырағы бар ұзындығы 3-4см болатын, осы жылғы сабақтан дайындалған кесінді.

Жапырақтан дайындалған қалемше жапырақ тақтасынан және сағақтан тұрады. Қосалқы тамырлары (придаточные корни) көп жағдайда жапырақтың төменгі бетінен, оның үлкен жүйкелерінен тарамдалған жерінен, ал бүршіктері мен сабақтары оның үстіңгі бетінен кетеді. Жапрықтан дайындалған қалемше арқылы өсімдіктің аздаған түрлерін ғана (лалагүл – лилия, бегония, алоэ және т.б.) көбейтуге болады.

Тамырдан дайындалған қалемшелер мен қосалқы бүршіктері (придаточные почки) оңай пайда болатын өсіміктерді көбейтуге болады (таңқурай – малина, шие – вишня, қараөрік – слива, финик пальмасы, раушангүл – роза, флокс және т.б.).

Телу арқылы көбею. Телу дегеніміз бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің (көзшенің) немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші бір өсімдіктің сабағымен (тамыры жақсы жетілген) жымдасып бірігіп кетуін айтады. Бұл жағдайда көбейту үшін теліген (отырғызған) өсімдікті үстінгі (привой), ал қалемшені отырғызған тамыры бар өсімдікті астынға (подвой) деп атайды.

Телудің 100-ге жуық әр түрлі жолдары бар (129-сурет). Дегенмен оларды үш типке бөлуге болады: 1) екі өсімдіктің бұтақтарын жақындастырып байлап біріктіру арқылы (аблактировка) телу, бұл жағдайда үстінгі өсімдік (привой) астынғы өсімдікпен(подвой) толық бірігіп кеткенге дейін оның сабақтарын аналық өсімдіктен ажыратпайды; 2) қалемшелер арқылы телу (немесе капилировка). Бұл жағдайда 2-3 бүршігі бар үстінгі (привой) өсімдіктің сабағынан қиғаш кесінділер жасау арқылы қалемшелер дайындалады. Содан соң астыңғы өсімдіктің (подвой) сабағын сына тәрізді жарып, оған алдын ала дайындалған қалемшелерді отырғызады (телиді). Бұл жағдайда привой ен подвойдың сабақтарының жуандығы шамаммен бірдей болуы шарт, өйткені олардың камбий қабаттары бір – біріне дәл келуі тиіс. Егер привой мен подвойдың диаметрлері сәйкес келмесе, онда привойды подвойға қабықтың астын жарып отырғызады (телиді). 3) көзшелері арқылы телу, немесе окулировка, - бұл жағдайда привой ретінде сабақтың ортаңғы бөлігінде тыныштық қалыпта тұрған немесе өсіп келе жақан бүршіктер алынады. Оларды подвойдың қабығының астын жарып қондырады. Егер привой мен подвой бір түрге жататын өсімдіктер, немесе бір туыстың жақын түрлері болса, онда олар оңай бірігеді, ал әр түрлі туыстық өкілдері болса бірігіп кетуі қиынға түседі.

Вегетативтік жолмен көбеюдің ең жаңа түрі, ол өсімдіктердің ұлпаларын немесе жекелеген клеткаларын тазартылған (стреильный) камерада өсіру арқылы жеміс беретін өсімдіктер алу. Бұл жағдайда арнайы қоректік ортада өсірілген ұлпаның клеткалары алдымен іріктеледі (дифференцируется), содан соң барып бөліне бастайды. Осындай өсірілген ұлпадан жекелеген клеткаларды бөліп алып, келешегінде олардан тұтас өсімдіктер өсіруге болады.

Гамета дегеніміз ядросында хромосомдар саны гаплоидты болатын жыныстық клетка. Өзара қосылатын гаметалардың бір – бірінен құрылысы жағынан (формасы, мөлшері, қозғалғыштығы), міндетті түрде физиологиясы жағынан, яғни жыныстық және тұқым қуалаушылық қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Гаметалардың қосылуының нәтижесінде пайда болған организмде аналық пен аталықтың тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігеді. Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері және қозғалғыштығы жағынан бірдей болса онда, оларды изогаметалар, ал жыныстық процесті – изогамиялық деп атайды. Егер гаметалардың формасы бірдей болса, бірақ аналық гаметаның мөлшері аталыққа қарағанда біршама үлкендеу және баяу қозғалатын болса, онда гаметаларды гетерогаметалар, ал жыныстық процесті гетерогамиялық деп атайды. Жыныстық процесті оогамиялық деп атайды, егер аналық гамета үлкен шар тәрізді, қозғалмайтын (жұмыртқа клеткасы), ал аталық өте ұсақ және қозғалғыш (сперматозоид) болса (130-сурет). Гаметалардың маманданған болуы эволюциялық деңгейдің бірден – бір көрсеткіші. Изогамиялық жолмен көбею жыныстық процестің ең қарапайым формасы болып табылады.

Гаметалар гематангамиялар деп аталынатын органдарда жетіледі. Аталық гаметаларды антеридилерде аналық гаметалар төменгі сатыдағы өсімдіктерде оогонилерде, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде археогонилерде жетіледі (135,6-7;173,12 – суреттер). Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангиларымен спорангилары бір клеткалы болады, ал жоғарғы сатыдағы өсімдікте олар көп клеткалы.

Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбір топтарында тұрақты түрде жыныс процестері болғанымен жыныс органдары болмайды. Олардың зиготасы маманданбаған клеткалардың немесе олардың бір мүшелерінің қосылуы арқылы пайда болады. Жыныстық процестің мұндай түрін зигогамиялық немесе тіркесу арқылы (коньюгациялық) көбею деп атайды (154,4-5; 145,2-4-суреттер). Егер гамета түзбейтін екі бір клеткалы особьтар қосылатын болса, онда мұндай жыныстық процесті хлогамия деп атайды.

 

 

ӨМІРЛІК ЦИКЛІНДЕ ЯДРОЛЫҚ ФАЗАЛАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ

Өсімдіктердің өмірлік циклінде, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбеюінің кезектесіп келіп отыратын, белгілі бір қалыптасқан жүйесі және өзара байланысы болады. Олар өсімдіктердің әр түрлі табиғи топтарында әртүрлі өтеді.

Көбею кезінде ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізінде мынадай жағдай дәлелденді. Спорофит (спорофаза) дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін (2п) клеткалардан тұратын жыныстық спораларды және олар түзілетін спорангиларды беретін особьты айтады. Жыныстық көбеюге арналған спораларды гометофиттер (гаметофаза) жетіледі, ал оларда жыныстық клеткаларды бертеін, яғни гометаларды беретін көбею органдары пайда болады. Гаметофиттің барлық клеткалары, оның ішінде гаметаларыда гаплоидты (п) болады. Жыныстық процестің нәтижесінде (гаметалар қосылғанда) зигота түзіледі (2п) (131-сурет). Бұл жерде жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығына тән, ал көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктерде бірқатар ауытқуларға ұшырайтын жалпыға бірдей типтік схема беріліп отыр.

Пысықтау сұрақтары

1. Жыныстық көбею мен жыныссыз көбеюдің басты айырмашылығы неде?

2. Вегетативтік көбеюдің қандай жасанды жолдары бар?

3. Жыныстық споралар мен жыныссыз споралардың принциптік айырмасы неде?

4. Жыныстық көбеюдің мәнісі неде?

5. Жыныстық процесстердің қандай типтері болады? Олардың қайсысы қарапайым және қайсысы қазіргі уақытқа сай келеді?

6. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклында жыныссыз және жыныстық көбеюлердің алмасып келіп отыруында қандай заңдылық бар?

 

 

ЕКІНШІ БӨЛІМ.СИСТЕМАТИКА

Систематика деген ғылым біздің планетамызда кездесетін өсімдіктердің түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады.

Систематиктердің жұмысының қиындығы табиғаттағы түрлердің санының ересен көптігімен және олардың таусылмас алуан түрлілігімен есептелінеді. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500-мыңға жетеді.

Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау), жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3362; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.069 сек.