КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Андроцей
Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцилейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде ауытқып отырады- бірден бірнеше жүзге дейін. Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді (108-сурет). Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қалғандары біріккен болса – екі ағайынды, ал егерде аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса – көп ағайынды аталықтар деп аталады (108,Б-сурет). Ал аталықтардың биіктіктері бірдей болуыда немесе әртүрлі болуыда мүмкін. Биіктіктері әр түрлі болып келетін аталықтарды мынандай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш
\
жақсы жетілген аталығы болатын және т.б екі жақсы жетілген аталығы болатын жағдайда, аталықтың екеуі басқаларынан биік болады, ал үш жақсы жетілген аталығы болғанда, аталықтың үшеуі басқаларынан биік болады және т.б. (108-сурет). Аталық. Қалыпты жағдайда аталаық екі бөліктен тұрады – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан (тозаңдықтан). Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйрек өскіншілер жетіледі немесе бұтақтанады (109-сурет). Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оын отырмалы аталық деп атайды. Тозаңқап әдетте «текалар» деп аталынатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқалы біріккен. Кейде дәнекерді аталықтың жеке бөлігі ретінде қарастырады, бірақта микроскоппен қарағанда оның ұлпасының тозаңның ұлпасынан айырмашылығы болмайды. Әрбір тека екі ұядан немесе тозаңқаптан тұрады (110-сурет). Тозаңқаптың сыртқы қабатын эпидермис қапатп тұрады. Бұл микроспорофильдің 24 қалдығы болып табылады. Тозаңқаптың тереңдеу орналасқан ұлпалары микроспорангияға жатады. Эпидермистің астында жатқан қабатты (субэпидермальный слой) эндотеций деп аталады. Эндотрецийдің клеткалары, клетка ішілік тірі заттарын ерте жоғалтады, олардың қабырғаларынан тозаңқаптың жарылуына мүмкіндік жасайтын фиброзды белдікшелер бөлінеді. Эндотецийдің астындағы, жас тозаңқапта, ортаңғы қабат және төсеніш қабат (тапетум) орналасады. Төсеніш қабаттың клеткалары ірі, цитоплазмасы қою және бірнеше ядросы болады. Әрбір ұяның ортасында спора түзетін ұлпа болады, оның клеткаларынан алдымен микроспоралар, содан соң тозаң түзіледі. Тозаңқап піскен кезде төсеніш қабат пен ортаңғы қабаттың клеткалары жойылады, өйткені олардың клетка ішілік заттарының барлығы өсіп келе жатқан микроспоралар мен тозаңдардың түзілуіне жұмсалады. Тозаңдардың құрылысы бірдей, бірақ оның жабынының (споралермасының) морфологиясы алуан түрлі болып келеді. Өсімдіктердің кейбір түрлерінің аталықтарының бір бөлігінің, тозаңдығы болмайды және олар жіпшелер түрінде ғана беріледі. Мұндай стерилді аталықтары стаминодий -
--------------- 24 Жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилдер түзіледі.
лер деп атайды (зығырда), олар көп жағдайда шірнеліктерге (нектарники) айналып кетеді. Кейде стаминодийлер ашық түске боялып, күлте жапырақшаларға ұқсас, жалпақ тақталардың формасына келеді (каннада).
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1657; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |