КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Репродуктивтік органдар 2 страница
Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астында орналасқан арқаулық (механикалық) ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы, оның клеткаларының көпдеген бөлігін хлорипластар алып жатады; эндодерма – алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дәндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал кынабы деп те атайды. Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перецикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар – камбий және феллоген пайда болады. Кейде перициклде паренхималармен бірге склеренхимада болады (перициклдық талшық). Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында қабықшалары жұқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады. Сабақтың алғашқы құрылысындағы байқалатын айырмашылықар, прокамбийдің түзілу жолдарына байланысты. Жаланаш тұқымдыларда және қосжарнақты жабық тұқымдыларда прокамбий екі түрлі жолмен қалыптасады (74-сурет). Бірінші жағдайда прокамбийдің жекелеген бөліктері (сілемдері-тяжи) тікелей шеңбердің бойымен орналасады. Яғни өткізгіш ұлпалары сабақтың алғашқы құрылысында шеңбердің бойымен жекелеген шоқ түрінде орналасады және алғашқы өзектік сәулелерді түзетін паренхиманың учаскілерімен бөлініп тұрады. Екінші жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен орналасады. Бұл жағдайда сабақтың алғашқы құрылысында өткізгіш ұлпалары цилиндрдің бойымен орналасады. Дара жарнақтыларда прокамбийдің участкелері (сілемдері-тяжи), сонымен бірге одан дифференциацияланатын сосуд талшық шоқтары орталық цилиндрдің барлық жерлерінде, тіптен өзегінде де біршама еркін және шашыраңқы орналасады (80,81-суреттерді қараңыз). 72-сурет. Сабақтың алғашқы және соңғы құрылысының дифференциациялануы (бөлінуі) (сызба-нұсқасы): 1-төбелік меристема; 2-жапырақ бастамасы (листовой примордий); 3-меристемалық цилиндр; 4-өзек; 5-прокамбий; 6-алғашқы қабық; 7-алғашқы флоэма; 8-алғашқы ксилема; 9-камбий; 10-эпидерма; 11-перицикл; 12-эндодерма; 13соңғы флоэма;- 14-соңғы ксилема; 15-алғашқы қабықтың паренхимасы; 16-колленхима.
73-сурет. Супияздың (пролесканың) сабағы (көлденең кесіндісі): 1-эпидерма; 2-колленхима; 3-қабықтық паренхима; 4-эндодерма; 5-перицикл; 6-флоэма; 7-прокамбий; 8-ксилема; 9-өзектік поренхима; 10-алғашқы қабық; 11-орталық цилиндр.
74-сурет. Прокамбийдің түзілуі (сызба-нұсқасы); А-цилиндр түрінде, Б-жекелеген сілемдер (тяж) түрінде. Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдай да өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасы мен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальды болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады: тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.
Соңғы құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меритеманың – камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтанда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұымдыларға тән. Қарағайдың сабағының ортасында аздаған қабықшалары жұқа клеткалардың участогі – өзек орналасады (75- сурет). Өзектен шетке қарай сабақтың көп бөлігін сүрек қабаты (ксилема) алып жатады. Ол трахеидтерден тұратын шеңберлі қабаттар – жылдық сақиналар түзеді. Жылдық сақинаның түзілуін камбийдің жылдың маусымына қарай белгілі бір ырғақпен (ритммен) жұмыс жасауына байланысты болады. Камбийдің ең белсенділік көрсететін уақыты көктем. Осы кезде камбийден қабықшалары жұқа, қуысы кең өткізгіштік қызмет атқаратын түтіктер түзіледі. Қыста салқынға байланысты өсімдіктердің вегатативтік кезеңі үзіледі. Соған байланысты камбийдің жұмысы тоқтайды. Сондықтанда жазғы сүректен көктемге өту күрт болғандықтан жылдық сақиналар жақсы байқалады. 75-сурет. Қарағайдың сабағы (көлденең кесіндісі): 1-тоз; 2-алғашқы қабықтың паренхимасы; 3-флоэма; 4-камбий; 5-ксилема; 6-көктемгі трахеидтер; 7-күздік трахеидтер; 8-смола жлдары; 9-өзек; 10-өзектік сәулелер; 11-тін талшығы; 12-електі түтік; 13-кристалдары бар клетка. Сүректің барлық жерінде, әсіресе жылдық сақиналардың күздік участкесінде смола жолдары орналасады. Трахейдтердің сілемін (массив) радиус бойынша бірқатар паренхималық клеткалардан тұратын өзектік сәулелер қиып өтеді. Олар арқылы горизонталь бағытта әртүрлі заттардың жылжып ағуы жүзеге асады. Сонымен қарағайдың сүрегінің құрылысы басқа қылқанжапырақтылардағы секілді біртектес және соған байланысты қарапайым болып келеді: бұларда түтекдерде, сүректік талшықтарда жоқ, ал сүректік паренхимасы тек өзектік сәулелердің клеткларынан және смола жолдарының эпителиалдық клеткаларынан тұрады. Сүрекпен соңғы қабық қабатының ортасында камбий орналасқан. Соңғы қабық алғашқы және соңғы флоэмадан және прициклдық зонадан тұрады. Електік түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Олардың арасында біршама үлкен, дөңгелек болып келген тін паренхимасының клеткалары орналасады. Өзектік сәлелері флоэмада да бірқатар клеткалардан тұрады, бірақта олар ксилемадағыларға қарағанда біршама үлкендеу болады. Флоэмада сыртқа қарай алғашқы қабықтың үлкен паренхималық клеткалары орналасады, олардың ішінде үлкен смола жолдары байқалады. Тозды бір-бірімен алмасып келіп отыратын, қабырғалары қалың болып сүректенген (ағаштанған) клеткалардың қабаттары түзеді. Сонымен қылқанжапырақтылардың қабық қабатында екі структуралық ерекшелікті: електі түтіктерінде серіктік клеткалардың болмауын және алғашқы қабағында да, сүргінде де смола жолдарының болуын атап өтуге болады. Жөкенің сабағының құрылысы қосжарнақты ағаштарға тән болып келеді (76-сурет). Сабақтың ортасында қабықшалары жұқа болып келетін клеткалардан тұратын өзектің аздаған участоктеріне ораласады. Өзекті қалың болып келген сүрек қабаты қоршап жатады. Сүрек қабатының өзекпен шектескен жерінде кішілеу төмпешіктер түзіледі. Бұлар негізінен сақиналы және спиральді сосудтардан тұратын алғашқы сүректің участкелері. Соңғы сүректің қарағайдағы секілді жылдық сақиналары болады, олардың көктемгі учаскелері диаметрі үлкен түтүктерден, ал жазғы және күзгі учаскелері трахеидтері басым болып келетін, диаметрі кіші түтіктерден және сүректік талшықтардан тұрады. 76-сурет. Жөкенің сабағы (әр түрлі деңгейдегі көлденен кесінділері): А-прокамбийдің тұзілу деңгейі; Б-камбийдің түзілу деңгейі; В-структурасы толық қалыптасқан деңгей: 1-прокамбий; 2-эпидерманың қалдықтары; 3-тоз; 4-колленхима; 5-қабықтың паренхимасы; 6-эндодерма; (4-6 -алғашқы қабық); 7-перециклдік зона; 8-алғашқы флоэма; 9-тін талшығы; 10-електі түтіктер; 11-өзектік сәуле; (7-11-соңғы қабық); 12-камбий; 13-күздік сүрек; 14-көктемгі сүрек; (13-14-сүректің жылдық сақинасы); 15-соңғы сүрек; 16-алғашқы сүрек; (15-16-сүрек); 17-перимедулярлық аймақ; 18-негізгі паренхима; (17-18-өзек, 7-18-орталық цилиндр). Сүректің айналысын камбий қоршап жатады, оның сыртында трапеция типтес болып флоэманың участкелері орналасады. Бұл участкелер серіктік клеткалары бар, електі түтіктердің қабаттарынан және тін талшықтарының қабаттарымен кезектесіп келіп отыратын тәндәк паренхималардан тұрады. Флоэманың учаскелерінің арасында жалпақ өзектік сәулелер орналасады, олар сүрек қабатында бір қатар клетқаға дейін жіңішкереді. Флоэма мен өзектік сәулелерден кейін, шеңбердің бойымен кезектесіп келіп отыратын тін талшықтарының тобынан (флоэманың учаскелерінің қарсысында) және паринхималық клеткалардан (өзектік сәлелердің қарсысында) тұратын перециклдік зона орналасады. Флоэманың участкелері, өзектік сәулелердің паренхимасы және перециклдік зона бірігіп соңғы қабық қабатын түзеді. Соңғы қабықтан сыртқа қарай алғашқы қабық орналасады. Перециклдік зонаға эндодерма жанасып жатады. Ол ағаштарда нашар жетілген және өзінен кейін орналасқан, ішінде көп жағдайда қымыздық (шавель) қышөылы кальцийдін кристалдары (друздар) кезжесетін үлкен паренхималық клеткалардан айырмашылығы жоқтың қасында болып келеді. Осы паренхималардың сыртында табақшалы колленхима мен перидерма орналасады. Кейбір өсімдіктердің (емен, тисс және басқалар) жасы ұлғайған сайын, олардың сүрегінің ескі бөлігінде метоболизмнің өнімдері жиналады-иләк заттар, смолалар, камедилер, тұздар соған байланысты оның түсі қараяды. Бұл ядролық сүрек деп аталады. Сүректің қабыққа жақын жатқан ақшыл қабатын шел қабық деп (заболонь) атайды. Зығырдың сабағының үстінде, сырты кутикуламен жабылған эпидермистің үлкен клеткалары орналасады (77-сурет). Эпидерманың астында ішінде хлорофилл дәндері бар қабықтың паренхималық клеткаларының аздаған қабаты жатады. Алғашқы қабық біршама үлкендеу клеткалардан тұратын эндодерманың толқынды қабатымен аяқталады. Эндодермадан өзекке қарай дөңгелек немесе көп бұрышты қабықшасы қалың болып келген үлкен клеткалардың тығыз тобы жатады. Бұл перециклден пайда болған тіл талшықтары. Зығырды негізінен сонысы үшін егеді. Тін талшығынан өзекке қарай флоэманың жұқа қабаты, ал одан әрі камбий орналасады. Соңғы ксилема үлкен поралары бар түтіктерден, трахеидтерден және сүректен талшықтардан тұрады. Өзекпен шектескен жерде алғашқы ксилеманың ұсақ сақиналы және спиральды түтіктері орналасады. Ксилеманы қабықшалары сүректенген, тірі паренхималық клеткалардан тұратын, өзектік сәулелер кесіп өтеді. Өзек үлкен клеткалы паренхималардан тұрады, оның ортанғы бөлігі бұзылып, қуыс түзеді. 77-сурет. Зығырдың сабағы: А-көлденең кесіндісі; Б-В-тін талшығы (Б-көлденең кесіндісі, В-тікесінен жасалған кесінді); 1-эпидерма; 2-алғашқы; 3-эндодерма; 4-тін талшығы; 5-флоэма; 6-камбий; 7-соңғы ксилема; 8-алғашқы ксилема; 9-өзектік сәуле; 10-өзектік паренхима; 11-қуыс; 12-клетка қабықшасы; 13-клетка қуысы; 14-клеткалардың үшкірленген ұштары; 15-перимедулярлық аймақ (зона); 16-негізгі паренхима. Сабақтың өтпелі (ауыспалы) құрылысында прокамбий жекеленген (бөлектенген) сілемдер түрінде қалыптасады. Мұндай сабақтың алғашқы құрылысы шоқты болып келеді. Камбий прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхималарынан пайда болады. Шоқтық камбий соңғы флоэмамен соңғы ксилеманың элементтерін береді. Шоқ аралық камбийде, шоқтық камбий секілді флоэма мен ксилеманың элементтерін береді және бұрынғы шоқтардың арасында жаңа шоқ түзеді. Біртіндеп олардың екеуі де ұлғайып өсіп бірігіп кетуі мүмкін. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесінде, сабақтың ескі бөлігінде, сүрекпен тіннің тұтас қабаты пайда болады. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы осындай болады (күнбағыс, топинамбур, сарқалуен және басқалар). 78-сурет. Күнбағыстың сабағы (әр түрлі деңгейдегі көлденең кесіндісі): А-прокамбий түзілген кездегі кесіндісі; Б-камбий түзілген кездегі кесіндісі; В-шоқсыз құрылысқа көше бастаған кездегі кесіндісі; Г-структурасы толық қалыптасқан кездегі кесіндісі: 1-прокамбий; 2-эпидерма; 3-колленхима; 4-қабықтық поренхима; 5-смола жолдары; 6-эндодерма; (3-6-алғашқы қабық); 7-склеренхима; 8-алғашқы флоэма; 9-соңғы флоэма; 10-шоқтық комбий; 11-соңғы ксилема; 12-алғашқы ксилема; 13-шоқаралық камбий;14-шоқаралық камбийден пайда болған шақ; 15-өзектік паренхима (7-15-орталық цилиндр). Күнбағыстың (78-сурет) сабағының сыртын, үлкен көп клеткалы түктері бар (трихомалары) эпидермис жауып тұрады, оның астында арқаулық ұлпа-колленхима орналасады. Колленхимианың атында алғашқы қабықтың паренхимиясының аздаған қабаты жатады, ол эндодерманың иректелген қабатымен аяқталады. Паренхимада схизогенді смола жолдары болады. Сонымен, алғашқы қабық колленхимадан, негізгі паренхимадан, эндодермадан тұрады. Алғашқы қабықтан өзекке қарай, орталық цилиндр орналасады. Ол шеңбердің бойымен қабықшасы жұқа паренхималық клеткаларымен алмасып келіп отыратын, склеренхиманың учаскелеріне тұратын, перициклдік зонадан басталады. Склеренхиманың сілемдері (тяжи), қалай болса солай емес, коллатеральды сосуд-талшық шоқтарымен комплексте болады және олар шоқтың флоэмалық бөлігіне жанасып жатады. 79-сурет. Кирказонның сабағы (әр түрлі деңгейдегі көлденең кесіндісі): А-прокамбий түзілген кездегі кесіндісі; Б-камбий түзілген кездегі кесіндісі; В-структурасы толық қалыптасқан кездегі кесіндісі; 1-прокамбий; 2-эпидерма; 3-колленхима; 4-қабықтық паренхима; 5-эндодерма; (3-5-алғашқы қабық); 6-перициклдің склеренхимасы; 7-флоэма; 8-ксилема; 9-шоқтық камбий; (7-9 ашық каллатеральды шоқ); 10-шоқ аралық камбий; 11-өзектік сәуле; 12-өзектік паренхима (6-12 орталық целиндр). Шоқтары ашық, олар сабақтың айналасында бірқалыпты орналасады. Шоқтық камбийдің бірнеше иілген зонасы, шоқтың деңгейінен асып, шоқаралық камбийдің иілген доғасын түзеді. Камбийдің жалпақ зонасы оның белсенділігінің дәлелі. Шындығында, екі айдың ішінде күнбағыстың сабағы 8-10 есе жуандайды. Шоқаралық камбий прокамбийден өткізгіш шоқтары түзілгеннен кейін, негізгі парехимадан пайда болады. Осыдан кейін барып шоқтық камбийдің жұмысы басталады. Шоқаралық камбий жаңа өткізгіш шоғының элементтерін: сабақтың өзегіне қарай ксилеманы және шетіне қарай флоэманы береді. Біртіндеп ескі және жаңа шоқтар ұлғайып қосылады. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесінде шығыңқы өсінділері бар, өзекке және флоэманың тұтас қабатына өтіп жататын, камбийдің біртұтас қабаты пайда болады. Өзектің үлкен клеткалардан тұратын паренхимасы, сабақтың негізгі бөлігін түзеді. Құрылысы шоқтық болып келген, сабақтың алғашқы құрылысы, осыған дейінгі жағдайдағы секілді шоқтық болып келеді. Айырмашылығыкамбийдің белсенділігіне байланысты.
ланысты болады. Шоқтық камбий соңғы флоэманың және соңғы ксилеманың элементтеріне, ал шоқаралық камбий тек өзектік сәулелерді түзететін паренхимаға айналады. Сонымен сабақтың соңғы құрылысында, өткізгіш ұлпалардың шоқ түзіп орналасуы сақталып отырады. Сабақтың мұндай құрылысын бірқатар, шөптесін өсімдіктерден кездестіруге болады (кирказон, асқабақ, сүйелшөп-чистотел және басқалар). Кирказонның сабағының (79-сурет) эпидермисі, кутикуламен жабылған болып келеді. Оның астында көбіне табақшалы, сиректеу бұрыштық колленхима орналасады. Паренхимасы қабықшасы жұқа ірі клеткалардан тұрады. Олардың кейбіреулеріде друз түрінде қымыздық (щавель) қышқылы кальцийдің кристалдары болады. Алғашқы қабық қабаты эндодермамен аяқталады. Орталық цилиндрдің сыртқы қабатының клеткалары склеренхималық перициклдан пайда болған. Сабақтың көлденнең кесіндісінде склеренхималар көпбұрышты, бір біріне тығыз жанасып жататын, қабықшалары қалың, қарапайым поралары бар клеткалардан тұрады. Склеренхималық щеңбердің ішкі шекарасы толқынды болып келеді. Шоқтың үстінде ол әдетте көтеріңкі, ал шоқтардың арасында ойыстау болып тұрады. Коллатеральды өткізгіш шоктары, шеңбердің бойымен, бір қатарға орналасады. Флоэмасы өзін қоршаған паренхимадан, біршама ұсақ клеткаларымен ажыратылады. Ол електі түтіктерден, серіктік клеткалардан және қабықшалары жұқа тін паренхималарынан тұрады. Шоқтың сыртында орналасқан алғашқы флоэманың түрі өзгеріске ұшырайды. Камбийден пайда болған соңғы ксилема, диаметрі үлкен түтіктерден (торлы түтіктерден), сүректік талшықтардан және сүректік паренхималардан тұрады. Алғашқы ксилема өзекпен шекеарада орналасады. Ол диаметрі кішкентай, аздаған сақиналы, спиральды түтіктерден және трахеидтерден тұрады. Ксилема мен флоэманың арасында камбий зонасы жатады. Камбийдің шоқтары, алғашқы өзектік сәулелерімен бөлініп тұрады. Дамудың соңғы фазаларында, өзектік сәулелердіңпаренхимасынан камбий түзіледі. Шоқаралық камбийдің участкелері шоқтық камбиймен жалғасып, тұтас камбийлі шеңбер түзеді. Шоқаралық камбийдің тек өзектік сәулелердің паренхимасын береді. Өзек сирек орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Олардың да кейбіреулерінде друздар болады. Қорыта келе атап өткен жөн, қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы, ағаштармен бұталарға қарағанда алуан түрлі болып келеді. Оның өзі шөптесін өсімдіктердің жоғарғы деңгейде маманданғандығының белгісі болып есептелінеді. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысының ағаштардан айырмышылығын көрсететін ерекшеліктеріне: феллогеннің болмауын немесе оның нашар жетілуін, паренхималық клеткаларының көп басым болуын, камбийдің қызметінің нашарлауын, механикалық ұлпалардың және кейбір өткізгіш ұлпалардың редукцияға ұшырауын жатқызуға болады.
Дара жарнақты жабық тұқымдылардың сабағының құрылысы. Тамырлары секілді сабақтарының да құрылысы тек алғашқы болып келеді. Құрылысының типі шоқты. Сосудталшық шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар, негізгі паренхиманың барлық жерінде ретсіз шашылып жатады. Алғашқы қабық қабатымен орталық цилиндрдің арасында көп жағдайда айқын байқалатын шекара жоқ. Сабақтардың механикалық мықтылығын қамтамасыз ету үшін, склеренхималық шоқтармен бірге, эпидерма мен паренхималық қалыңдаған және сүректенген қабықшаларының да қатысы болады. Дара жарнақтыларда камбий түзілмегенімен,олардың кейбіреулерінде (негізінен ағашты далагүлділерде) перициклден меристемалардың пайда болуына байланысты, екінші реттік жуандау байқалады. Қарабидайдың сабағының эпидермисінің астында, механикалық ұлпаның қабаты орналасады,оны хлорофилл түзетін паренхиманың участкелері бөліп тұрады (80-сурет).Оның үстінен,эпидермисте устьица аппаратарын көруге болады.Сабақтың алғашқы пайда болған (ескі)участкелерінде,хлорофилл түзетін паренхиманың клеткаларының қабықшалары секілді сүректенеді.Механикалық ұлпаларда,негізгі паренхималардың шекарасына жақын жерде,кішілеу өткізгіш шоқтары орналасады.Негізгі паренхималарда,біршама үлкен,жабық коллацеральд өткізгіш шоқтары, шахмат тектес екі,сиректеу үш қатар түзіп орналасады.Алғашқы қабық байқалмайды.Сабақтың ортасында өзек сақталмайды.Сабақтың жуандауының,клеткалардың өсуінің нәтижесінде өзек жыртылады да,оның орнына астық тұқымдастарының көпшілігіне тән қуыс пайда болады. Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Жүгерінің сабағының қуысы болмайды (81 –сурет).Ол түгелімен негізгі паренхимамен жабылады және оның барлық жерінде өткізгіш шоқтары орналасады.Эпидермистің астында механикалық ұлпаның жұқа қабаты орналасады.Қара бидайдікі секілді алғашқы қабығы болмайды.Өткізгіш шоқтары жабық коллатеральды. Флоэмасында тіндік паренхимасы болмайды. Електік түтіктері және серіктік клеткалары көлденең кесіндісінен тор тәрізді болып көрінеді. Ксилемасы 3-5 түтіктен тұрады, оның екеуі үлкен болып келеді. Түтіктердің астында қуысы болады. Ксилемасы флоэманы жартылай қоршап тұрады. Шоқ склеренхиманың қабатымен қоршаған болады.
Жапырақ. Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы миристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталар да ол уақытша орган. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтик көбею қызметінде атқарады. Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы,сабақтың өмірінің ұзақтығымен бірдей,ал көпжылдық өсімдіктерде ол көп қысқа.Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-11\2 жыл, кейбір жағдайда одан да аз өмір сүреді.Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін,ал кейбіреулерінде -10-15 жыл өмір сүреді (шырша,араукария).Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана,өсімдіктің тұрақты органы болып келеді және ол 90-100 жыл өмір сүреді.
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 5234; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |