Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Микроскоп




Биологиялық микроскоп дегеніміз оптикалық прибор, оның көмегімен қарастырылып отырған обьектіні бірнеше есе үлкейтіп және оның құрылысының аса ұсақ құрамдарын көруге қол жеткізуге болады. Оқу процесіне байланысты лабороторияларда, сонымен бірге биологиялық және медициналық лаботорияларда жұмыс істеу үшін биологиялық микроскоп МБР-1 (46-сурет) пайдаланылады.Ол обьектіні 56 дан 130 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді.

Құрылысы. Микроскоппен танысқанда, оның барлық төмендегі келтірілген бөліктерін тауып, олардың атын, не үшін қажетті екендігін және құрылысын еске сақтау керек.

Микроскопты оптикалық және механикалық деп екі системаға бөледі. Оптикалық системаға обьективтер, окулярлар және жарық беретін аспаптар (аппараттар) жатады.

Обьектив микроскоптың ең маңызды бөлігі. Ол ішіне линзалар салынған металдан жасалған цилиндр. Препаратқа қарай бағытталған линзаны, фронтальды деп атайды (қарама-қарсы орналасқан деген ұғым береді).

Обьектив қарайтын обьектінің үлкейтілген кері көрнісін береді және оның құрылысының аса ұсақ құрылымдарын көрсетеді, сонымен бірге ол объектінің пайдалы ұлғайтылуын21 да айқындайды. Объективтің объектіні қаншалықты ұлғайта алатындығы, онда цифрлармен көрсетілген: 8х, 40х, 90х. Барлық уақытта объективтерге ұқыпты қарауды естен шығармау керек. Әсіресе үлкен үлкейткішті объективтер көп ұқыптылықты қажет етеді, өйткені олардың жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ара қашықтығы, басқаша айтқанда фронтальды линзадан жабын айнасының ара қашықтығы да (максимальное рабочее состояние) және көзаясыда аса үлкен болады.

Окуляр металдан жасалған цилиндрге бекітілген 2-3 линзадан тұрады. Лупа секілді ол қарайтын обьектінің обьектив түзген, тікелей немесе жалған көрінісін үлкейтілген формада береді. Окуляр көретін обьектінің құрылысының жаңа бөліктерін анықтамайды, бұл тұрғыдан қарағанда оны қажетсіз үлкейту деп түсінген жөн. Окулярдың үлкейткіші, оларда цифрлармен белгіленген: 7х, 10х, 15х.

Микроскоптың жалпы үлкейту мүмкіндігін анықтау үшін, обьективтің үлкендігін окулярдың үлкендігіне көбейту керек.

Жарық беретін аппараттың құрылысы айнадан және иристің диафрагмасы бар конденмсодан және зат столшасының астында орнатылған күңгңрт айнаның шеңберінен немесе жарық өткізетін фильтрден тұрады.

Айна жарықты конденсор арқылы өткізу үшін және зат столшасының тесігін обьективке бағыттау үшін қажет. Ол екі бір-біріне перпендикуляр жазықтықта айнала алатындай болып, штативке бекітілген. Конденсор арнаулы винттің көмегімен көтерілгенде немесе төмен түскенде өз кезегінде айнадан объектіге берілетін жарықты жинайды немесе шашыратады. Айна мен конденсатордың арасында орналасқан иристі диафрагма объективтің фронтальды линзасының диаметіріне сәйкес жарықтың ағынының диаметрін өзгертіп отыру үшін қажет. Күңгірт айна, немесе жарықты өткізетін фильтр обьектке жарықтың түсін азайтады.

Микроскоптың механикалық системасы табанынан (подставка) микрометрлік қораптан (коробка) және микрометрлік винттен тубус ұстағыштан, дөрекі туралы келтіруге арналған винттен, конденсатордың кранштейнінен конденсорды жылжытатын винттен, револьверден, зат айнасынан тұрады.

_______________

 

 

Микрометрлік механизмді қорап микроскоптың табанына қозғалмайтындай етіп бекітілген.

Микрометрлік винт тубус ұстағышты аздап жылжытуға қажет, олай болса ол объективтіде микрометрмен өлшенетіндей қашықтыққа жылжыта алады. Микрометрлік виттің толық айналымы тубус ұстағышты 100 мкм. Жерге жылжыта алады, ал оны бір ғана бөлікке (деление) бұрау тубус ұстағышты 2 мкм-ге не көтереді, не төмен түсіреді. Микрометрлік механизмді бұзып алмау мақсатында, микрометрлік винтті бір жағына қарай жарты айналымнан артық бұрауға рұқсат етілмейді. Тубус ұстағышқа тубус пен револьвер бекітілген. Револьвер өзінің ұясына бұралып бекітілген объективтерді тез өзгертіп отыруға арналған.Тубус ұстағышты, сонымен бірге объективті де, объектінң де микроскоптың кіші үлкетішімен фокусировка жасау мақсатында жылжытып отыру үшін, дөрекі туралауға арналған винтті пайдаланады. Зат столшасының ортасында дөңгелек тесігі болады. Столшаға жылжымалы диск орнатылған, оны өстің бойымен айналдыруға да және столшаның екі жағындағы, екі винттің көмегімен, бір-біріне перпендикуляр екі бағытта жылжытуға да болады. Бұл жылулар объектіні қажетті орынға қоюға мүмкіндік береді. Ол әсіресе үлкен үлкейткішті объективпен жұмыс істегенде қажет. Столикшаның үстінде препаратты ұстап түратын екі серпінді клемалары болады.

Жұмыс істеудің тәртібі. Микроскоппен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті және операция жүйелілігін сақтап отыру керек.

1.Микроскопты столдың шетіне қойғанда, окуляр сол көздің қарсысында тұратындай болуы керек және жұмысты толық біткенге дейін оны қозғамайды. Дәптер және басқа да жұмысқа қажет заттар, микроскоптың оң жағында орналысуға тиісті. Микроскоппен барлық уақытта отырып жұмыс істейді. Орындықтың биіктігі окулярға отырып тіке қарай алатындай болу керек.

2.Диафрагманы барынша ашып, конденсаторды жоғары деңгейге дейін көтереді. Егер столша орталыққа келтірілмеген болса (не центрирован), оны винтиктердің көмегімен жылжытқанда, конденсордың линзасы столлшаның тесігінің ортасына дәл келетіндей етеді.

3.8х нөмерлі объективті жұмыс жағдайына келтіреді, яғни оны зат столшасының 1 см-дей қашықтыққа қояды. Микроскоппен жұмыс істеуді барлық уақытта кіші үлкейткішпен бастайды.

4.Сол көзбен окулярға қарап және ойыс айнаны пайдалана отырып жарықты терезеден (тікелей күннің сәулесін емес) немесе электр ламапсынан(егер лампа күңгірт болмаса, онда конденсордың астындағы сақинаға күңгірт қояды), объективке бағыттайды және көру аймағына жарық береді. Оң көз ашық қалып отыру керек, өйткені оң көз жабық болған жағдайда, барлық күш сол кезге түседі, ал ол көздің еттерінің талып шаршауына әкеліп соғады.

5.Препарат зат столшасының үстіне қойылады (қарастырылатын объект объективтің астында тұруға тиісті) және жанына қарап объективті үлкен винттердің көмегімен обективтің фронтальды линзасымен препараттың арасындағы қашықтық 4-5мм болатындай етіп төмен түсіріледі.

6.Окулярға сол көзімен қарай отырып және үлкен винтті өзіне бұрай отырып, объективті жайлап объектінің құрылысы жақсы көрінгеге дейін көтереді. Егер препараттың құрылысы көрінбесе онда 5-ші және 6-ші путктердің барлық операциясын басынан бастап қайталау керек. Дөрекілеу келтіретін винтті өзіңнен кері айналдыра отырып, окулярға қарауға және объективті төмен түсіруге болмайды. Өйткені бұл жағдайда фронтальды линза жабын айнасын сындыруы мүмкін және өзінің беті де тырналады. Құрылысы көрінгеннен кейін, препаратты қолмен жылыжытып объектінің қажетті жерін табады, содан соң оны көру аясының ортасына орналастырады және препаратты клемамен қысып бекітеді.

7.Препараттың құрылысының таза көрнуіне қол жеткізе отырып, объективтің фронтальды линзасы қажетті жағдайға келтіреді. Жарық шамадан тыс көп болған жағдайда, көріну контрасты конденсорды төмен түсірген сайын жақсара түседі.

8.Обектінің қандайда бір бөлігін микроскоптың үлкен үлкейткшімен зерттеу үшін, сол бөлікті препаратты қолмен жылжыта отырып көру аясының ортасына қояды. Содан соң револьверді айналдырып 40х нөмерлі объективті жұмыс істеу жағдайына келтіреді (объективті көтермеу керек). Осыдан кейін микрометрлік винтті пайдалана отырып объекттің көрінісінің тазалығына кол жеткізеді.

40х номерді обьектив үшін иристі диафрагманың оптимальды диаметрін келтіреді.

9.Үлкен үлкейткішті объективті пайдалану кезінде препаратты тек столшаны қозғалтуға арналған тетіктің көмегімен ғана жылжытуға болады.

10.Үлкен үлкейткішпен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін,револьверді бұрай отырып,микроскопты кіші үлкейткішке келтіреді, тек осыдан кейін барып препаратты алады. Препаратты 40х номерлі объективтің астынан суырып алуға болмайды, өйткені оның жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ара қашықтағы 0,6 мм. тең. Бұл өте жақын арақашықтық сондықтанда байқамаса фронтальды линзаны бүлдіріп алуға болады.

Микроскопты күтіп ұстау. Тек күтіп ұстаған жағдайда ғана микроскоп көп жылдар бойы жақсы жұмыс істейтін болады. Әсіресе оның оптикалық бөлігінің тазалығына көп көңіл аудару керек: объективтерге, окулярға, конденсорға, айнаға. Олардың шаңын микроскоптың өзімен бірге келген, арнайы кисточкаларымен ғана қағу керек, содан кейін барып жабық жерде сақталған мақтамен, немесе мақтадан тоқылған таза шүберекпен сүртеді. Азап ластанған болса, сүртудің алдында линзаны үрлеу керек. Егер кір қалып қойса, онда шүберекті сулау керек. Егер бұл жағдайдың өзінде де линзада дақ қалып қойса, онда шүберекті таза бензинге немесе спиртпен эфир қосылған ертіндіге салады. Линзаны саусақпен, кез келген қағазбен, немесе шүберекпен сүртуге болмайды.

Жұмыс кезінде линзаның механикалық жолмен зақымдануына,сұйық заттарға,әсіресе қышқыл дарға,реактивтерге және кесінділерге қолдануға дайындалған ерітінділерге тигізуге жол бермеу керек.

Микроскоптың механикалық бөлігімен жұмыс істеген кезде қиындықтар туса,оған күш қолданбау керек. Бұл жағдайда кемшіліктердің себептерін анықтап содан соң барып оларды жояды.

Жұмыс толық аяқталған соң, микроскоптың барлық бөліктерін сүртіп, оны полиэтиленді қапшықпен жауып, шкафқа салып қояды. Микроскопты бір жерден екінші жерге екі қолмен апарады: қолдың біреуімен тубус ұстағышты, ал екіншісімен штативтің табанын ұстайды.

Ұсақ объектілерді зерттеуге және олардан препараттар жасауғка, өтпелі немесе шағылысқан сәулелері объектінің тікелей және үлкен көрінісн беретін стереоскопиялық микроскоптарды (МБС – 1, МБ – 52-1) пайдаланады.

Уақытша препараттар

Уақытша препараттар жасағанда қарастырылатын объектіні,зат айнасының үстіне тамызған судың, глицериннің, реактивтің немесе бояғыш заттың ерітіндісінің үстіне салады да, бетіне жабын айнасымен жабады. Мұндай препаратты бір айдан артық сақтауға болмайды. Ұзақ уақыттар бойы сақталатын препараттарды тұрақты препараттар деп атайды.

Кесіндіні ұстарамен жасайды. Ұстараның өткірлігі, онымен шаш алатындай болуы керек. Егер ұстара онша өткір болмаса, оны алдымен жұмсақ қайрақпен, содан соң қайыс белдікпен қайрау керек. Егер ұстараның жүзінде іркіс-тіркіс тістер болмаса, онда оны ұсақ дән тәрізді қайрақпен, содан соң барып жұмсақ қайрақпен қайрайды. Қайрақтың бетін керосинмен, глицеринмен немесе сумен сулап отырады. Қайрақтың ені 5 см. – ден аспау керек, қайраған кезде ұстараның жүзін тасқа жалпағынан жатқызады. Қайрақты сол қолдың саусақтарымен қысып, ұстараны шамалы қисықтау ұстап, оның жүзі түгелімен тасқа тиетіндей етіп алға қарай жылжытады. Жылжудың соңғы пунктіне жеткенде ұстараны, қайрақтың бетінен алмастан кері бұрады (31, А-сурет). Осылайша бірнеше рет қайталағаннан кейін, ұстараның жүзін белдікке, немесе арнайы қайысқа жанып, жүзін тегістейді.

 

Ұстараның жүзін белдікпен тегістеу басқаша жүреді. Ұстараны белдікке көлдеңінен ұстап, оның жүзі жағымен емес, керісінше, тұйық жағымен алға қарай жылжытады, ол қайыстың шетіне жеткен кезде, қайтадан бұрып, тағы да тұйық жағымен алға қарай жылжытады (31, Б-сурет).

Қайрап және тегістеп болған соң, ұстараның өтімділігін шашқа салу арқылы анықтайды.

Кесінділер дайындау үшін ұсақ объектілерді бузинаның өзегінің жарықшағына, тығынға, картоптың түйнегінің немесе сәбіздің түбірінің жарықшағына қыстырады (32, А-сурет). Цилиндр тәрізді органдарын (сабақ, тамыр) ұш бағытта кесуге болады: көлденеңінен, ұзынша радиалды, ұзынша тангентальды (32, Б-сурет).

Объектіні сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарының арасына қысады да (үлкен саусақ кесіндінің деңгейінен төмен тұруға тиісті), скальпельмен оның үстін тегістейді, содан соң ұстарамен өзіне қарай жұқалап, үлкен жылдамдықпен қиғаш кесінділер жасайды (егеп кесуге болмайды). Бұл жағдайда объектіні мүмкіндігінше тік, ал ұстараны горизонталь бағытта ұстау керек (33, А-сурет). Қолдың екеуіде барынша бос болу керек, олармен столға сүйенуге, немесе кеудеге қойып қысуға болмайды. Бірден бірнеше кесінді жасау керек. Ұстараны және объекті үнемі сулап отыру керек. Кесіндіні ұстарадан суға салынған жүмсақ кисточкамен алады да, оны кеуіп кетпес үшін суға салады (33, А-сурет).

Ұстарамен жұмыс істеген кезде мынадай ережелерді сақтау керек.

1. Ұстараны тек кесінді жасау үшін ғана пайдаланады.

2. Ұстараны уақытылы қайрап және түзетіп отырады.

3. Столдың үстіне ұстараны ашық қалдырмайды.

4. Ұстарадағы кесіндіні алғанда, оған қатты нәрсемен тиіп кетпеу керек.

5. Жұмыс аяқталған соң ұстараны жақсылап сүртіп қояды.

Уақытша препараттар жасағанда, жұмыстың (операцияның) мынадай жүйелілігін сақтау керек.

1. Зат айнасы мен жабын айнасын тазалап жуып, сүрту керек.

2. Зат айнасының бетіне сүйық нәрсе тамызады (суды, глицеринді, реактивтің немесе бояғыштың қоспасын).

3. Зерттейтін органның кесіндісін ұстарамен жасайды.

4. Ең жұқа кесіндіні таңдап алып, оны зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне салады.

5. Кесіндіні жабын айнасымен жапқанда, оның астында ауа қалып қоймайтындай етеді. Ол үшін жабын айнасын қырынан екі саусақпен алады, астыңғы қырын сұйық тамшының шетіне тақап әкеледі де, біртіндеп түсіреді.

6. Егер сұйық көп болса, ол жабын айнасының астынан ағып шығады, мұндай артық сұйықты арнайы кесіп дайындаған сорғыш қағазбен сорғызып алады. Егер жабын айнасының астында ауамен толтырылған қуыс қалса, онда жабын айнасының шетіне сұйықты тамызып, қалған ауаны осы сұйықпен ығыстырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.