Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Репродуктивтік органдар 1 страница




Ркен

Тамыр.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршектенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді).

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады, кейбір органикалық заттарды синтездейді, өсімдіқтің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді, артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Морфологиялық құрылысы.

Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндық, қосалқы, және жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді. Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.

Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәрізді, репа тәрізді, және басқаша болып келеді.

Субстратқа қарай тамырларды топырақтағы, судағы, аудағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.

Жоғарыда келтірілген класификация тамырдың түрлерінің барлығын бірдей қамтымайды. Мысалы, қысқарып отыратын тамырлар (контрактильные корни) болады. Олар өсімдіктің сабағының түп жағын, бүршіктермен қоса топыраққа тартып ендірді. Сонымен бірге шашақ тамырларды бөлуге болады. Олар қысқа уақыт өмір сүретін жіңішке жіп тәрізді тамырлар. Әдетте мұндай тамырлар жердің бетіне жақын жерде маусымға байланысты немесе суғаруға байланысты ылғалдың артуынан пайда болады.

Тамыр системасы. Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр ситемасы деп атайды. Тамыр системасының негізгі үш түрі бар: кіндік тамыр ситемасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады дәне кіндік тамырдан (өстің алғашқы қатары), сонымен бірге одан кететін жанаматамрлардың әртүрлі қатарларынан тұрады. Қосалқы тамырлардың системасы, ол сабақ пен жапырақтың кез келген бөлігінен пайда болады; аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары (60-сурет).

 

 

60-сурет. Тамыр жүйесінің типтері: А-кіндіктамыр жүйесі; Б-қосалқы тамырлар жүйесі; В-аралас тамырлар жүйесі: 1-гипокотиль.

Тамырдың мөлшері өсімдіктің өмірлік формасына (ағаш, бұта, шөптесін өсімдік) және сыртқы ортаға (экологияға) байланысты болады. Суда және батпақта өсетін өсімдіктердің тамыры системасы үлкен болмайды. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің тамыр системасы үлкен болмайды. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің (мысалы шөлейттің немесе шөлдің) тамыр ситемас аса жақсы жетілген болады. Мысалы богарада (суғарылмайтын жерде) егілген бидайдың жерасты бөлігінің салмағы (массасы) жер бетінің салмағынан 140 есе артық болады. Формасы жағынан тамыр системасы кіңдік тамырлы болады, бұл жағдайда кіңдік тамырдың өсі басқалардан мөлшері жағынан айқын болып келеді (бұршақ тұқымдастарда); шашақ тамырлар системасы, бұл көптеген мөлшері жағынан бірдей тамырлардан тұрады (астыө тұқымдастардың тамырлары). Бұтақталған тамырлар системасы, бұл жағдайда қосалқы тамырлармен жанама тамырдың бірінші қатары, жуандығы және ұзындығы жағынан кіндік тамырдан көп кіші бола бермейді (ағаштарда).

Анатомиялық құрылысы.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.

Тамырдың зоналары. Тамырдың ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады. Клетканың бөліну зонасы, созылу зонасы, сору зонасы (тамыр түктерінің зонасы), өткізу (бұтақтану) зонасы (61-сурет).

Клетканың бөліну және созылу зонасы тамырдың ең ұшында орналасады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу аймақ. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын женілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау клетканың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде клеткалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Кейді бұл екі зонасы біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдын үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқы клетканың ұзын (0,15-1 мм) өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлулозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады (62-сурет).

61-сурет. Тамырдың аймақтары (сызба-нұсқасы): А-бөліну аймағы; Б-созылу аймағы; В-сору аймағы; Г-өткізу аймағы;

1-тамыр аймақшасы; 2-тамыр түгі; 3-флоэма; 4-ксилема.

62-сурет. Тамыр түгінің түзілуі: А-алғашқы фазасы; Б-қалыптасуының толық аяқталған кезі.

Тамыр түктерін топырақтан минералды заттарадың ертіндісін бойына сіңіреді. Олар 10-20 күн ғана өмір сүреді. Зонанаың жоғарғы жағында тамыр түктері үнемі өліп отырса, төменгі жағынан қайтадан түзіліп отырады. Сондықтанда сору зонасы сору зонасы барлық уақытта төмен қарай жылжып, ауысып отырады және үнемі тамырдың ұшына жақын жатады. Оның ұзындығы бірнеше миллиметр болады. Тамыр түктерімен пайда болуымен бірге, осы зонаның ішкі ұлпалары да дифференциацияланады.

Одан әрі өткізгіш зонасы орналасады. Ол тамырдың мойнына дейін созылады және тамырдың көп бөлігін түзеді. Бұл жерде тамырдың түктері болмайды, сыртын жабын ұлпасы жауып тұрады. Тамырдың осы участогінде бұтақтану жүреді.

Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференцияланады. Шығу тегі жағынан бұл алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы меристемасынан пайда болады. Сондықтан сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады. Осы кезенде тамыр орталық цилиндрге және алғышқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар – эпиблема жауып тұрады (63-сурет).

63-сурет. Құртқашаштың (ирис) тамырының алғашқы құрылысы:

1-эпиблеманың қалдығы; 2-экзодерма; 3-негізгі паренхима; 4-эндодерма; 5-эндодерманың өткізгіш клеткасы; 6-перицикл; 7-ксилеманың сәулесі (луч ксилемы); 8-флоэманың участкесі (2-5-алғашқы қабық; 6-8 орталық цилиндр).

Алғашқы қабықтың сырты – экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады, олардың қабықшалары келешегінде тозға (пробка) айналып қорғаныш қызметін атқарады. Экзодерманың астында негізгі паренхима орналасады, ол алғашқы қабықтың негізгі бөлігін түзеді. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты – эндодерма бір қатар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың радиальды және ішкі қабықшалары қалың болып келеді. Эндодерманың клеткаларының қабықшалары азды көпті пробкаға (тозға) айналады, ал кейбір өсімдіктер олар тіпті сүріктенеді (ағаштанады). Осындай қабықшалары қалың клеткалардың арасында қабықшалары жұқа болып келетін тірі клеткалар деп атайды, өйткені су орталық цилиндрге солар арқылы өтеді.

Өткізгіш клеткалары ксилеманың ұсақ түтіктерінің қарама-қарсысында орналасады. Сонымен эндодерма судың ксилемаға өтуін реттеп отырады. Орталық цилиндрдің сыртын перецикл қаптап тұрады, ол бір қатар тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Перециклден жанама тамырлармен қосалқы бүршіктер пайда болады. Орталық цилиндрдің ортасын радиальды өткізгіш шоғы алып жатады. Әдетте мұндай шоқта ксилемаортасында орналасады және бірнеше сәуле тәрізді үшкір тармақтар түзеді. Олардың сырт жағында ұсақ түктері орналасады. Ксилеманың тармақтарының арасында флоэманың участоктері орналасады. Олар ксилемадан қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың аздаған қабаттарымен бөлініп тұрады.

Дара жарнақты өсімдіктерде тамырдың алғашқы құрылысы өткізгіш зонасында сақталып отырады. Бұл жерде тек эпиблема болмайды, ал қорғаныш қызметін экзодерма атқарады.

64-сурет. Асқабақтың жас тамырының орталық цилиндрінің бір бөлігі:

1-алғашқы ксилема; 2-соңғы ксилема; 3-камбий; 4-соңғы флоэма; 5-алғашқы флоэма; 6-перицикл; 7-эндодерма.

 

Тамырдың соңғы құрылысы. Қосжарнақты және жаланаштұқымды өсімдіктердің тамырының орталық цилиндрінде алғашқы кездерден бастап – ақ камбий түзіледі. Оның белсенділігінің нәтижесінде тамыр екінші рет өзгеріске ұшырап жуандайды. Камбий флоэмамен ксилеманың арасында паренхималық клеткалардан пайда болады (64-сурет). Ол тамырдың ортасына (өзегіне) қарай соңғы ксилеманың элементтерін беретін клеткаларды бөліп шығарады. Алғашқы ксилеманың түтіктерінің перициклмен шектесетін жерлеріндегі участоктерде, перициклдің клеткалары да камбийге айналады. Бірақ ол тек паренхималық клеткаларды ғана береді, олардан радиалды сәулелер пайда болады. Алғашқы кездерде камбийдің қабаттары иректеу формалы болып келеді, содан соң біртіндеп дөңгелектеніп, орталықтан шетке қарай ыгыстылады. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма тамырдың кіндігінен шетіне қарай ығыстырылады. Перициклдің клеткаларынан тоздық (пробкалық) камбий түзіледі, ол сыртқа қарай тоз (пробка) қабатын түзеді. Соған байланысты алғышқы қабық орталық цилиндрден біртіндеп бөлектенеді де өледі, содан соң түсіп қалып отырады. Тек тоз қабатымен қапталған орталық цилиндр ғана қалады. (65-сурет).

65-сурет. Қос жарнақты өсімдікті тамырының алғашқы құрылысының, соңғы құрылысына ауысуы (сызба – нұсқасы):

1-эпиблема; 2-алғашқы қабық; 3-алғашқы флоэма; 4-камбий; 5-алғашқы ксилема; 6-эндодерма; 7-перицикл; 8-соңғы ксилема; 9-соңғы флоэма; 10-радиальды сәуле; 11-соңғы қабықтың паренхимасы; 12-перидерма.

66-сурет. Асқабақтың тамырының соңғы құрылысы (сол жақта – детальды салынған сурет, оң жақта сызба – нұсқасы):

1-алғашқы ксилема; 2-соңғы ксилема; 3-радиальды сәуле; 4-камбий; 5-алғашқы және соңғы флоэма; 6-соңғы қабықтың негізгі паренхимасы; 7-тоз (пробка) (1-3-ксилема; 5-7-соңғы қабық).

Сонымен тамырдың соңғы құрылысында алғашқы ксилема ортасында орналасады (66-сурет). Оның сәулелерінен радиалды сәулелер басталады – қабықшалары жұқа тірі паренхималық клеткалардың участоктері. Радиальды сәулелермен соңғы ксилеманың үлкен түтіктері бар жалпақ участоктері және ұсақ сүректік паренхиманың клеткалары алмасып келіп отырады. Олар параллель радиальды қатарлар түзіп орналасқан, ұсақ әдетте қабықшалары жұқа клеткалардан тұратын камбий зонасымен қоршалған. Камбий зонасынан сыртқа қарай соңғы ксилеманың әрбір участогінің қарсысында, соңғы флоэма орналасады. Радиальды сәулелердің паренхимасын беретін камбий нашар байқалады. Сыртқа қарай ол сонымен бірге негізгі паренхималарды бөліп шығарады. Камбийдің сырқа қарай орналасқан ұлпалар (флоэма, негізгі паренхима, феллодерма және тоздық камбий), екінші реттік қабық деп аталынады.

ТАМЫРДЫҢ ӨЗГЕРГЕН

(МЕТОМОРФОЗАҒА ҰШЫРАҒАН) ТҮРЛЕРІ

Олардың ішіндегі ең көп таралғандары мыналар.

Қорлық тамырлар. Тамырдың өзгерген түрлері сүректік және тіндік (лубтық) паренхималарға артық қор заттарының жиналуына байланысты пайда болады. Шығу тегіне және құрлысына қарай қорлық тамырлардың екі типі болады – тамыр жемістер және тамырдың түйнектері.

Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістерді мынадай бөліктерге бөледі: басжағынан – жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға – гипокотильдің ұлғайып өсуінің нәтижесінде түзелетін тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді (67-сурет). Әр түрлі өсімдіктердің тамыр жемістерінің мойнының ұзындығы әртүрлі болады.

Тамыр жемістері монокомбиалды – камбийдің бір ғана қабатынан және пликамбиалды – камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді. Монокабиалды тамыр жемістердің біреулерінің тамыр жемістерінің көп бөлігін екінші реттік қабық алып жатады, осы жерде артық қор заттары жиналады (сәбіз), ал екінші біреулерінің екінші реттік қабығы кішкентай болады, ал тамыр жемістерінің көп бөлігін ксилема алып жатады, онда артық қор заттары жиналады (шалқан – репа). Поликамбиалды тамыр жеміс қант қызылшасында түзіледі. Құрылысы мұндай тамыр жемістің ортасында диархты алғашқы ксилема орналасады, оған паренхиманың радиальды участкелерінен бөлінгенсоңғы ксилеманың екі участогі тиісіп жатады. Камбий ксилеманы қорғап тұрады. Оған сырт жағынан соңғы флоэманың участкелері тиісіп тұрады (68, 69-суреттер). Сонымен қант қызылшасының соңғы құрылысы басқа тамыр жемістердің соңғы құрылысымен бірдей. Екінші реттік өзгерідің артынша үшінші реттік өзгеру жүреді. Соңғы флоэманың айналасында, тамырдың шет жағында перициклдің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде паренхималық клеткалардың қабаты пайда болады. Осы қабатта клеткалардың бір қатары тангентальды перделермен бөліне бастайды да, камбийдің жаңа қабатына айналады. Камбийдің бұл қабаты ішке қарай ксилеманы, ал сыртқа қарай коллатеральды шоқ түрінде флоэманы бөліп шығарады. Бұлар бір – бірінен қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың қабатымен бөлініп тұрады. Сонымен бірге паренхиманың шеткі қабаттарында камбийлі клеткалардың жаңа шеңбері түзіліп отырады және тағы басқалар.

Тамырдың түйнектері (тамырдың түйіндері) артық қор заттары бүйірлік және қосалқы тамырларда жиналған жағдайларда ғана түзіледі. Тамырдың түйнектерінде көп жағдайда қосалқы бүршіктер болады, солар арқылы өсімдіктердің вегативтік көбеюі жүзеге асады.

67-сурет. Сәбіздің (А) және шалқаның (Б) тамыр жемістері:

1-басы; 2-мойны; 3-нағыз тамыр; 4-ксилема; 5-флоэма.

68-сурет. Қызылшаның тамыр жемісі:

1-алғашқы ксилема; 2-соңғы ксилема; 3-радиальды сәуле; 4-камбий; 5-алғашқы және соңғы флоэма; 6-камбийдің қосымша қабаты; 7-коллатеральды өткізгіш шоқтар; 8-жабындық ұлпа.

69-сурет. Қызылшаның тамыр сабағының алғашқы құрылысынан үшінші (соңғы) құрлысына ауысуы (сызба – нұсқасы):

А-алғашқы құрлысы; Б-екінші реттік құрылысы; В-соңғы құрылысының (үшінші реттік бастамасы); Г-соңғы құрылысы (үшінші реттік құрылысы): 1-алғашқы қабық; 2- эндодерма; 3-алғашқы флоэма; 4-алғашқы ксилема; 5-камбий; 6-соңғы флоэма; 7-соңғы ксилема; 8-радиальды сәуле; 9-камбийдің қосымша қабаты; 10-өткізгіш шоқтары; 11-қор жинайтын паренхима; 12-жабындық ұлпа.

70-сурет. Микориза:

А-экто-эндотрофты (емен); Б- эндотрофты (орхидея): 1-саңырауқұлақтың гифалары.

71-сурет. Люпиннің тамырындағы түйнектер:

А-тамыр системасы; Б-түйнекше; 1-қабық; 2-ксилема; 3-бактериялы ұлпа.

Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда22 селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гиффаларын23) микориза деп атайды. Микоризаның үш типін ажыратуға болады: 1) сыртқы немесе эктотрофты микориза, бұл жағдайда сағырауқұлақтың жіп шумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады; 2) сыртқы – ішкі немесе эктоэндотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады (70, А-сурет); 3) ішкі немесе эндотропты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың клеткаларының ішінде өмір сүреді (70, Б-сурет). Эктотрофты микориза көп жағдайда ағаштар мен бұталарда, ал эндотрофты микориза шөптесін өсімдіктерде болады. Саңырауқұлақтың жіп шумақтары өсімдіктің тамырына өтіп, оның ұлпаларындағы органикалық заттармен қоректенеді, сонымен бірге оған суды және онда еріген минералдық тұздарды жеткізіп отырады. Саңырауқұлақтардың клеткасында болатын ферменттер, топырақтағы органикалық заттарды минералды заттарға айналдырады, сөйтіп оларды өсімдіктердің сіңіруіне мүмкіндік жасайды. Микориза табиғатта өте кең тараған.

ˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍ

22 Бірге өмір сүретін екі организмнің бір біріне пайдасы тиетін жағдайды айтады.

23 Саңырауқұлақтың денесің түзетін, жіңішке жіп тәрізді клеткалар.

 

Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердің тамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті ризобиум (Rhizobium) туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактериялар өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді, ал өсімдіктер бактериялар синтездеген азоттық қосылыстарды бойына сіңіреді. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады (71-сурет). Бактерияға толған (бактериялы ұлпа) клеткалар, бактериялы ұя түзіп топтасып орналасады. Түйнекте бір немесе бірнеше осындай ұялар болуы мүмкін.

САБАҚ

Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелек және қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан (экзогенно) жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады.

Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және жаппырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге сабақ артық қор заттарынын жиналатын орны болып табылады.

Ағаштардың сабақтары мен тамырлары 4-6 мың жыл өмір сүре алады (мамонт ағашы, айдахар ағашы). Кейбір шөптесін өсімдіктердің сабағы 30-45 күн ғана өмір сүреді (эфемерлер).

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер,) қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.

Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280 – 300 м (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) – ден 1,5 мм дейн (су өсімдігі вольфия).

АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жер бетінің тіршілік ортасы, топырақтағы ортаға қарағанда алуан түрлі және түсі жағынанда басқаша болып келеді. Сондықтанда сабақтың құрылысының тамырға қарағанда біршама күрделі болып келетіндігі және алуан түрлілігі осы қоршаған ортаға тікелей байланысты болады.

Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады (өсу конусы). Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады (72-сурет). Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сыртқы эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі (73-сурет).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 9697; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.