КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Вегетативтік органдары
Тарау Сурет. Микроскоппен препаратты көріп зерттеп, суретке салып алады. Сурет мүмкіндігінше жақсы салынған, детальдары айқын белгіленген болуы керек. Оған препаратта жоқ нәрселер түспеу керек. Көріністі беретін құрал ретінде, тек түзулерді және нүктелерді пайдаланады. Суретті жай қаламмен салады. Суреттің мөлшері, ондағы қажетті детальдардың барлығын салуға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Суреттің жалпы мөлшерінің пропорциясы және детальдарды сақталған болуға тиіс. Сурет түсіндірме жазулармен қамтамасыз етілуге тиісті (34-сурет). Өсімдіктің микроскопиялық органдарының құрылысын зерттегенде, схема түрінде салынған суреттерге көп мән беріледі. Мұндай суретте ұлпалардың шекарасын көрсетеді, ал жекелей ұлпалардың өзіне келсек, олардың негізгі паренхимадан басқасының жеке клеткаларын салмай-ақ, шартты белгілерімен белгілейді. Бұл жағдайда жекелеген ұлпалардың өзара пропорциясы қатаң сақталынады (66-сурет). Схема ұлпалардың аздаған бөліктерінің детальдарымен нақтылана түседі. Сурет істелген жұмыс жөніндегі есеп материал ғана емес, сонымен бірге ол зерттеудің тәсілі болып табылады. Суретке салу кезінді, препаратқа ерекше зер сала отырып қарап, оны жан-жақты зерттейді.
Қарайтын объект және қажетті материалдар. Пияздың баданасы, иодты калидегі иодтың ерітіндісі. Препаратты дайындау үшін пинцетпен, немесе сапты инемен пияздың томпайған етті қабыршағынан эпидермисін сыдырып алады да, оны зат айнасының бетіне тамызған реактивтің үстіне сырт жағын жоғары қаратып жатқызады да, бетін жабын айнасымен жабады. Объективтің кіші үлкейткішімен оның бір қабат клеткалардан тұратын жұқа бөлігін табады. Ондағы ядросы, цитоплазмасы айқын көрінетін клетканы, көру аясының ортасына келтіреді, содан соң объективті үлкен көрсеткішке ауыстырады да, объектіні зерттейді. Препараттан клетканың түссіз қабықшалары көрінеді, олардан кейде қалыңдаған жерлерді-пораларды байқауға болады. Әрбір клетканың ішіндегі сары түйіршікті цитоплазмада, қоңырлау –сары түсті 1-2 ядоршығы бар ядро айқын байқалады. Жас клеткаларда ядро оның ортаңғы бөлігінде орналасады және қабықшаға қарай тарамдалған сілемдері бар цитоплазмамен қоршалып тұрады. Цитоплазманың сілемдерінің (тяждарының) арасында вакуольдер орналасады, ал ортаңғы бөлігін үлкен вакуоль алып жатады. Ескірген (қартайған) клеткаларда ядро цитоплазманың қабықшаға жақын жатқан бөлігінде орналасады, ал ортаңғы бөлігін үлкен вакуоль алып жатады. Клетканың құрылысын зерттей отырып, олардың 1-2 ін суретке салып, детальдарын белгілейді (1-сурет).
Қарайтын объектілер мен қажетті материалдар. Сабақтың басталуына 30 минут қалғанда үзіп алынған және жарықта Петри табақшасындағы (чашкасындағы) 20-250С температурадағы суға салынған. Пинцетпен элодейдің жапырағын алады да, оны зат айнасының бетіне тамызылған судың бетіне салады, содан соң жабын айнасымен жабады. Объективтің үлкен үлкейткішімен жапырақтың түп жағын қарайды.Ортаңғы жүйкенің бойынан, гиалоплазмасы қабықшаның ұзына бойымен, қозғалып бара жатқан клетканы табады. Мұндай қозғалысты айнамалы қозғалыс деп атайды. Ол гиалоплазманың өзімен бірге хлоропластарды жылжытып ала кетуіне байланысты айқын көрінеді. Яғни, хлоропластардың өзінің қозғалуы өте баяу болады. Клетканың ядросын көрінбейді десе де болады. Тек кейбір жағдайларда, оларды хлорпластары аз болып келетін жапырақтың шетіндегі иректелген тістерінің клеткаларынан көруге болады. Хлоропластардың формасы линза тәрізді болып келеді. Клетканың ортасында вакуоль орналасады. Бір клетканы суретке салып, оның бөліктерін белгілейді және гиалоплазманың қозғалысының бағытын стрелкамен көрсетеді. Хлоропластардан алғашқы крахмалды табу үшін, крахмалға реактив болып табылатын йодты калийдегі йодтың ерітіндісімен жапыраққа әсер етеді. Осыдан объективтің үлкен үлкейткішімен хлоропластардың ішінен алғашқы крахмалдың қара-көк түсті дәндерін табады. Бұл жағдайда гиалоплазманың клеткадағы қозғалысы тоқталады. Ішінде хлоропласты және алғашқы крахмалы бар клетканы суретке салып, олардың детальдарын белгілейді.
Қарайтын материалдар. Вергин традесканциясының (Тгаdescantia virginiса) немесе жасыл традесканцияның (Т. veridis) жаңа кесілген сабақтары. Препарат жасау үшін традесканцияның сабағынан жапырақты үзіп алады да, оны сол қолдың сұқ саусағына, төменгі сия -көк түсті жағын сыртына қаратып орайды. Оң қолмен иненің көмегімен, ортаңғы жүйкенің үстіндегі эпидерманы жапырақтың түбіне жақын жерінен сыдырып алады, содан соң пинцетпен оның бір бөлігін зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне, сырт жағын жоғары қаратып, жатқызады. Осыдан кейін барып жабын айнасымен оның - бетін жабады. Уақытша препарат дайьн болғаннан кейін, объективтің кіші үлкейткішімен оның шет жағынан жұқа участокті табады. Содан соң, ондағы алты бұрыш тәрізді болып келген, вакуольдеріндегі антоциан пигментінің болуына байланысты, ақшыл-сиякөк, немесе қызыл түске боялған, ұзынша клеткаларды қарастырады. Препаратты қолмен жылжыта отырып, ядросы жақсы көрінетін клетканы табады. Объективтің үлкен үлкейткішімен препараттан ядроны қоршаған, ұсақ, түссіз, шар тәрізді денешіктерді көруге болады. Бұлар лейкопластар. Кейде олардың көп болатындығы сонша, тіптен ядроны толығымен жауып қалады. Лейкопластар цитоплазманың қабықшаға жақын жатқан қабатында және оның ядроға қарай бағытталған сілемдерінде да болады. Олар микроскоптың диафрагмасы жабықтау болса ерекше жақсы көрінеді.
Қарайтын материалдар. Итмұрынның, бұрыштың, шетеннің, ландыштың және баска өсімдіктердің жаңа терілген және фиксаторға салынған жемістері. Піскен жемістің қабығын иненің ұшымен жыртады да, аздап оның жұмсақ етженді бөлігінен алып, зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салады, содан соң оны жайлап езіп, бетін жабын айнасымен жабады. Осыдан кейін барып препараттан, объективтің кіші үлкейткішімен бос жатқан клеткалары бар участокті табады. Содан соң объективті үлкен үлкейткішімен ауыстырады да, объектті зерттейді. Мұндай клеткалардың формасы дөңгелек болып келеді. Олардың қабықшалары өте жұқа болады. Клеткалардың ішінде хромопласттардың шоғырлануы жақсы байқалады. Шетеннің жемісінде олардың формасы ұзынша созылған ұшы үшкірленген, аздап иілген болып келеді, ал итмүрынньщ және қызыл бұрыштың жемістерінде олар сопақтау, ландыштың жемісінің клеткаларында азды-көпті шар тәрізді (13-сурет).
Материал. Пияздың тамырының ұшының тікесінен жасалған кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепарат. Микроскоптың кіші үлкейткішімен пияздың тамырының ұшының тікесінен жасалған кесіндісінен дайындалған тұрақты препараттан бөліп жатқан клеткалардың участогін тауып алып, оны микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Одан бөлінудің әртүрлі сатысында (фазасында) тұрған клеткаларды табады (19-сурет). Бұл фазаларды клетканың бөліну процесін зерттеуді жеңілдету мақсатында шартты түрде белгілейді. Бір фазадан екінші фазаға ауысудың кейде өте ьбаяу жүретіндігі сонша, практика жүзінде бір фазаның қайдан аяқталып, екіншісінің қайдан басталып жатқандығын дәл ұстау мүмкін емес. Көп жағдайда ұзаққа созылатын фазалар жиі кездеседі. Митоздық циклдың барлық фазаларын тауып, олардың клетканың бөліну кезінде бірін-бірі ауыстырып отыратындай жүйеде суретке салып келеді.
Қарайтын обьектілер мен қажетті материалдар. Пияздың пиязшығының құрғак кабықшасының (чешуи) алдымен суда қайнатылған, содан соң глипериннің судағы ерітіндісінде 10-15 күндей ұсталған кесіндісі; қымыздыктың (щавель) немесе бегонияның жапырақгарының сағактары; қырлышөптің (купена) тамырсабағы; глицерин. Пияздың пиязшығының құрғақ қабықшасынан, бегонияның немесе қымыздықтың жапырақтарының сағағының көлденең кесіндісінен, қырлышөптің тамырсабағынан препараттар дайындайды. Содан соң микроскоптың кіші үлкейткішімен кристалдары бар клеткаларды табады да, оларды қарастырады (22-сурет). 1-2 жекелеген таяқша тәрізді және крест тәрізді болып біріккен кристалдары (пияздың пиязшығының қүрғақ қабықшасынан), друздары (бегонияның немесе қымыздықтың жапырақтарының сағағынан), ине тәрізді кристалдардың жиынтығы-рафиттері (қырлышөп) бар клеткаларды тауып суретке салады. Осыдан кейін барып оларды белгілейді.
Қарайтын объектілер мен кажетті материалдар. Алдын ала суда жібітілген жөне спиртте фиксацияланған бидайдың қатты сортының дәндері, йодты калийдегі йодтың ерітіндісі, глицерин. Препарат жасау үшін зат айнасының бетіне йодты калийдегі йодтың ерітіндісінің бір тамшысын тамызады. Содан соң бидайдың дәнінен көлденең кесінділер жасайды да, кисточканың көмегімен немесе пинцетпен олардың 2-3-ін зат айнасының үстіне салып, бетін жабын айнасымен жабады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен кесіндінің жұқа бөлігін (участогін) тауып ондағы спермодерманың (тұқым қауызы) астыңда орналасқан алейрон қабатының клеткаларынан тұратын алтындай сары жолақты табады. Содан соң микроскоптың үлкен үлкейткішімен тығыз болып орналасқан кубик формалы үсақ алейрон дәндерімен толтырылған алейрон қабатының клеткаларын көруге болады. Кейде клетканың ортасында ядросы байқалады (23-сурет). Дәннің тереңдеу орналасқан эндоспермінің клеткаларында крахмал дәндері көрінеді. Алейрон қабатының бірнеше клеткаларын, құрғақ жеміс қабымен бірігіп кеткен спермодерманы және крахмал дәндері бар эндоспермнің клеткаларын суретке салып алады. Содан соң олардың детальдарын белгілейді.
Қарастыратын материалдар. Картоп түйнегі,бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымдағы қор заттары. Сабаққа қажетті материалдар:. картоптың түйнегі, алдын ала суға жібітілген бидайдың, жүгерінің сүлының, күріштің, дәндері, гречиха немесе бірнеше өсімдіктсрдің түрлерінің крахмал дәндерінің қоспасынан алынған ұн. Картоптың түйнегінің кішкентай бөлігін кесіп алып, оны зат айнасының бетіне сүйкейді де, үстінен пипеткамен бір тамшы су тамызады. Бұл жағдайда бүлінген клеткалардан крахмал дәндері суға жүзіп шығады. Нәтижесінде судың үсті көмескіленеді. Осы тамшының бетін жабын айнасымен жабады да, алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарастырады. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен карағанда сопақтау және жұмыртқа тәрізді жылтыр, эксцентрлік қабаттары бар крахмал дәндері жақсы көрінеді (25, А-сурет). Крахмал дәндері қабаттарын қарастырғанда конденсордың диафрагмасын жауып, микромерлі винтті аздап бұрап айналдырады. Картоптың көптеген қарапайым крахмал дәндерінің арасынан, сиректеу болса күрделі және жартылай күрделі дәндерді кездестіруге болады. Бірнеше крахмал дәндерін суретке салып белгілейді. Бидайдың крахмал дәндерін, бидайдың ұнынан препарат жасап көруге болады, әсіресе оларды бидайдың ісінген дәндерінің эндоспермінен алған жөн. Дәнді жарып кесіп, одан иненің ұшымен эндоспермнен алады да, зат айнасы-ның бетіндегі судың тамшысының бетіне салып, үстінен жабын айнасымен жабады. Содан соң препаратты микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Бүл жерде препараттан мөлшері екі түрлі болып келетін, сопақша және дөңгелек формалы крахмал дәндері көрінеді (25, Б-сурет). Үлкен крахмал дәндерінен көмескі концентрлі қабатгарды көруге болады, ұсақтарында мұндай қабаттар жоқ. Микроскоптың көру аясына бүлінген клетканың қалдығы түсуі мүмкін. Бидайдың бірнеше крахмал дәндерін суретке салып олардың мөлшерін картоптың ірі крахмал дәңдерімен салыстырады. Жүгерінің крахмал дәндерінен препаратты дәл бидайдың крахмал дәндерінен жасағандай етіп дайындайды. Жүгерінің крахмал дәндері қарапайым, көп қырлы болып келеді. Алайда бұл қырлар тегіс болып келеді. Мүндай крахмал дәндерінің ортасыңда штрихтар, галочкалар немесе жүлдызшалар секілді жарықшақтары болады (25,Г-сурет). Бірнеше крахмал дәндерін суретке салу керек. Ең соңында бірнеше крахмал дәндерінің қоспасынан жасалған ұннан препарат жасап олардың қандай өсімдіктерге жататындығын анықтайды.
Қарайтын объектілер мен кажетті материалдар. Майкененің немесе күнбағыстың дәндері; судан III бояуы. Дән арқылы кесінді жасап, оны зат айнасының үстіне тамызылған судан III бояуына салады да, бетін жабын айнасымен жабады. Содан кейін барып жабын айнасының үстінен сапты инемен байқап соққылайды немесе жайлап үстінен басады. Бұл кесілген клеткалардан май тамшыларын шығару үшін жасалады. Судан III бояуын шыны майы бойына оңай сіңіреді, нәтижесінде май тамшылары сарғыштау-қызыл түске боялады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен препараттан кесінділер жұқа шетін табады, содан соң микроскоптың үлкен үлкейткішімен жекелеген клеткаларды қарастырады. Осы клеткалардан және оларды қоршаған ерітінділсрден боялған шыны май там-шыларын айқын көруге болады. Осы клеткалардың 1-2-ін суретке салып, детальдарын белгілейді.
Пысықтау сұрақтары 1. Клеткалық теорияның мәні неде? Оның маңызы қандай? 2. Цилологияда зерттеудің қандай тәсілдері қолданады? 3. Протопласт дегеніміз не? 4. Клетканың өзі компонентеріне нелер жатады? 5. Цитоплазманың құрылысының ерекшілігі неде? Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы мен қаситеті қандай? 6. Цитоплазма қандай органелдерден тұрады? Олардың құрылысы мена атқаратын қызметі қандай? 7. Пластидтерді қалай классификацияланады? Олардың сыртында қанша қабаты болады? 8. Пластидтердің эволюциясы қандай? Пластидтердің онтогенезде пайда болу жолдары қандай? 9. Ядроның атақаратын қызметі қандай? Ол қандай органелдерден тұрады? Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі? 10. Хромосоманың құрылыс мен атқаратын қызметі қандай? Хромосомдар санын қандай болғанда диплоидты, ал қандай болғанда гаплоидты деп атайды? 11. Митотикалық йикл дегенміз не? Ол қандай клеткаларғ а тән және қандай екі фазадан тұрады? 12. Түрдің каприотипті және идиограммасы дегеніміз не? 13. Амитоз жолымен клеткалар қалай бөлінеді? Бөлінудің бұл түрі қандай клеткаларға тән? 14. Мейоз процесі қашан жүреді? Оның митоздан айырмасы неде? Ол қандай бөлінуден тұрады? Митоздың анафазасы мен мейоздың алғашқы бөлінуіндегі анафазаның арасындағы айырмашылық қандай? 15. Митоз бен мейоздың биолгиялық мәні неде? Клетканың тірі компоненттерінің (органельдерінің), өлі компоненттерінен (эргастикалық заттардан) принциптік айырмашылықтары қандай? 16. Протопластың өнімдерін қалай классификацияланады? 17. Вакуоль дегеніміз не? Клетка шырыны дегеніміз не? Клетка шырыны дегенміз не? Оның химиялық құрамы қандай? 18. Клетканың қандай бөліктерінде қорлық белоктар, углеводтар, шыны майлар жиналады? Қандай реактивтердің және бояғыш заттардың көмегімен оларды табуға болады? 19. Клетка қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Клетка қабықшасы мен плазмодесаның айырмашылықтары неде? 20. Клетка қабықшасының өсуі қалай жүреді? 21. Клетканың алғашқысы және екінші реттік қабықшаларының бір-бірінен құрылысы және химилық құрамы жағынан айырмашылық қандай? 22. Клетканың целлюлозалық қабықшасының химиялық құрамында қандай өзгерістер болуы мүмкін және ол клетканың физикалық қасиеттеріне қалай әсер етеді? Клетканың қабықшасы сүректенгенде оның ішіндегі заттары неге өледі? 23. Клетканың қабықшасының құрамына кіретін заттарды қандай реактивтермен және бояғыш заттармен табуға болады? 24. Клеткалардың бір-бірімен қарым-қатынасы қалай жүзеге асады? Плазмадесманың құрылыс қандай? 25. «Пора» мен «перфорация» ұғымдарының айырмашылықтары неде? 26. Өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының айырмашылықтары неде?
ГИСТОЛОГИЯ (ҰЛПАЛАР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ) Өсімдіктердің біркелкі болып келетін сулы ортадан жер бетіне ауысуы олардың біртектес вегетативтік денесінің белсенді түрде мүшелерге сабаққа, жапыраққа, тамырға бөлінуіне әкеліп соқтырды. Бұл мүшелердің, құрылысы әр түрлі болып келетін, алайда қалай болса солай емес, белгілі бір жүйеде орналасқан, бір-бірінен оңай ажыратылатын жасушалардың тобынан тұрады. Атқаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан біртектес болып келетін жасушалардың тобын ұлпа деп атайды. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болған. Ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.
ТҮЗУШІ ҰЛПАЛАР (МЕРИСТЕМАЛАР) Өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен байланысты. Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады (35,В-сурет). Меристемалық жасушалардың негізгі екі қасиеті болады - белсенді түрде бөлінуі және дифференциациялануы, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналады. Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады да өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді. Соңғы меристема (камбий, феллоген), әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференциацияланған) ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, ал соңғы меристемадан соңғы ұлпалар түзіледі. Орналасу ерекшеліктеріне қарай меристемаларды төрт топқа бөледі. Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема және олардың инициальдары сабақтың, тамырдың негізгі және бұйірлік өстерінің ұштарында орналасады. Ол негізінен мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады. 35-сурет. Элодейдің өркенің төбелік бүршігі А-тікесінен жасалған кесіндісі; Б-жоғарғы ұшы (сыртқы көрінісі және кесіндісі); В-алғашкы меристеманың жасушасы: 1-жоғарғы ұшы (апекс); 2-жапырактың бастамасы; 3-қолтықтық бүршіктің бастамасы (төбешігі). Оларды белсенді (инициалды) клеткалар деп атайды. Бұлардан сәл төмендеу сирек бөлінетін клеткалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш түрлі клеткалардың тобы оқшауланып шығады. Осы клеткалардан алғашқы вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады): протодерма – клеткалардың үстіңгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын береді; прокамбий - вертикальды өсінің ұзына бойында топтасып (тяжами) орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша клеткалары, олардан өткізгіш және арқаулық ұлпалар, сонымен бірге соңғы меристема (камбий) пайда болады; негізгі меристема — негізгі ұлпаларға бастама береді. Бүйірлік (латералъды) меристема. Өстік мүшелердің ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады және мүшелердің көлденеңінен жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды (66-сурет). Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады (36-сурет). Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.
Зақымдық (превматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады. ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПАЛАР Жабыңдық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды. Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш топқа бөледі: эпидримаға, қабыққа, қыртысқа. Эпидерма. Протермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат, тірі, тығыз орналасқан, хлорофилдері жоқ жасушалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалындығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларына қарағанда біршама қалыңдау және кутинмен (кутикула), немесе балауызбен (воскамен) жабылған болып келеді (37,В-сурет). Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның клеткасының бетінде, құрылысы әртүрлі болып келетін ерекше өскіндердің - түктерінің (трихомдардың) пайда болуына байланысты арта түседі (38-сурет).
Эпидермада газ алмасуды және судың булануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьица аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш (көмкерме) клеткадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш (көмкерме) клеткаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың клеткасы жағындағы қабықшасы, саңылау жағындағы қабықшасына қарағанда көп жұқа болады (37,Б,В-суреттері). Эпидерманың түйістіргіш клеткаларға тиісіп тұратын клеткаларының формасы қалған клеткаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша (побочны) клеткалар деп атайды. Устьица аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетінде, судағы өсімдіктердің жүзіп жүретін жапырақтарының тек үстіңгі бетінде орналасады. Перидерма (пробка). Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Тоздық камбий субэпидермалық клеткалардан, ал кейде тіптен эпидермалық клеткалардан дамиды. Тоздық камбийдің клеткалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасынан (өзегінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасына (өзігіне) қарай тірі паренхималық жасушалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады.. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады (39-сурет). Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан клеткалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларында суберин жиналады. Қабықшасының тозға айналуына байланысты клетканың ішіндегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатын қуыстар пайда болады. Жасымықшалар клетка аралық, қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек клеткалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астында орналасқан, паренхималық клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қыртыс (корка немесе ритидом). Оны кейде үшінші жабындық ұлпа деп те атайды. Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық
камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді (40-сурет). Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (дефформацияға) ұшырайды да өледі. Сөйтіп, сабақтың сыртында қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі ұлпалардың комплексі қыртыс түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіндеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады.
НЕГ3ГІ ҰЛПАЛАР Өсімдіктің әртүрлі органдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалар мынандай түрлері болады.
71-95
Метоморфозаға ұшраған (түрі өзгерген) органдар. Бұл мынадай органдар, өскен ортасының әсеріне байланысты, немесе белгілі бір қызмет атқаруына байланысты тұрақты түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, қалыптасқан бір функцияның артуы. Әдетте ол формалардың күрт өзгеруімен және кейбір функцияларының жоғалуымен жалғасады. Метаморфозаға ұшыраған органдар, бейімделушіліктің эволюциясының реальды түрде жүзеге асуының бірден бір көрінісі болып табылады. Оларды аналогиялық және гомологиялық деп бөледі. Аналогиялық деп құрлысы жағынан ұқсас және атқаратын қызметтері бірдей, бірақ шығу тегі әртүрлі болып келетін органдарды айтады (57-сурет). Мысалы, бөріқарақаттың (барбарис) тікендері жапырақтан, ал долананың (боярышник) тікендері бұтақтан пайда болған, сол секілді ас бұршағының мұртшасы жапырақтан, ал жүзімнің мұртшасы сабақтан жетіледі. Гомологиялық деп, шығу тегі бір органдарды айтады (58-сурет). Олар құрлысы жағынанда ұқсас болуы мүмкін, мысалы раушанның (шиповник, роза) және қарлығаның (крыжовник) тікенектері (екеуі де сабқтың сыртқы ұлпаларының өсінділері). Алайда көп жағдайда олар ұқсас бола бермейді, мысалы пияздың баданасы және картоптың түйнегі (екеуі де сабақтан пайда болады). Негізгі вегетативтік органдардың бастамасы дәннің ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал және ауа жеткілікті болған кездерде тұқым бойына су тартып, ісініп өне бастайды. Алдымен тамыр өседі, ол спермодерманы жарып шығып, топыраққа өнеді. (59-сурет). Нәтижесінде жас өскін топыраққа бекиді де, одан сумен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болып келеді және өзінің бұрылыстарымен топырақты екі жаққа ығыстырып отырады, содан соң барып біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығады. Тұқым жарнақтары көк түске боялып және біраз уақыттар бойы жапырақтың қызметін атқарады. Бүршік жоғары қарай тік өсуін жалғастыра отырып, сабақты және алғашқы жапырақты береді. Алғашқы жапырақтың формасы толық қалыптасқан өсімдіқтің жапырағынан басқаша болады (жас жапырақтар). Тамыр мен тұқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды.
57-сурет. Ұқсас (анологичный) органдар – тікенектер: А-бөріқарақаттың (барбарис) жапырақтан пайда болған тікенектері; Б-ақ акацияның (робиния) қосалқы жапырақшалардан пайда болған тікенектері; В-долананың сабақтан пайда болаған тікенектері.
58-сурет. Өркеннен пайда болған гомологты органдар: А-кактустың өркені; Б-гледичияның тікендері; В-лалагүлдің (лилия) пиязшығы.
59-сурет. Фосольдің тұқымы (А) мен бидайдың дәнінің (Б) өсуі: 1-кендік тамыр; 2-жанама тамыр; 3-қосалқы тамыр; 4-гипокотилб; 5-эпикотиль; 6-тұқым жарнағы; 7-алғашқы жапырақ; 8-бүршік; 9-колеоптиль. Тамырдың мойнымен тұқым жарнақтарының арасындағы сабақтың бөлігін гипокотиль (тұқым жарнағы асты аяқша) деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль (тұқым жарнағы үсті аяқша) деп аталады. Кейбір өсімдіктердің (мысалы емен ағашының) сабағы өскен кезде иілмейді, ал топырақты қалың қабыршақтармен қапталған бүршіктің өзі ығыстырып отырады. Барлық өсімдіктердің бірдей тұқым жарнақтары жердің бетінде көтеріліп шықпайды. Кейде гипокатильдің қысқа болатындығы сонша түгелімен жердің астында қалып отырады (ас бұршағының, емен ағашының). Астық тұқымдастарында негізгі тамырдан басқа, сабақтың базальды жағынан бірден қосылқы тамырлары пайда болады. Өне бастаған кезде жалғыз тұқым жарнағы тұқымның ішінде қалады да, эндоспермдегі қоректік заттарды бойына сініреді. Топырақты ұрықтық жапырақпен (колеоптиле) қоршалған бүршік жарып шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптиленің жарықшағы арқылы сыртқа шығады.
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3195; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |