Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Репродуктивтік органдар 4 страница




 

ӨРКЕННІҢ МАМАНДАНУЫ МЕН ТҮРЛЕНЕ ӨЗГЕРУІ

Өркендердің түрлене өзгеруі көп жағдайда олардың атқаратын қызметімен: өз бойына артық қор заттарын жинаймен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткеруімен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланысты болады.

Тамыр сабақ. Бұл горизанталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көп жылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсімдіктердің қайта қалпына келуін реттейді және вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Тамыр сабақтың дедукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттар оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың өзарып өсуімен бұтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады. Тамырсабақ ұзын және жіңішке (бидайық-прей) немесе қысқа және жуан (құртқашаш-ирис) болуы мүмкін (99,Б,В-суреттері). Жыл сайын төбелік және бүйірлік бүршіктерден бір жылдық жер беті өркендері пайда болады. Тамырсабақтың ескірген бөліктері біртіндеп өліп отырады. Ұзын, горизанталь бағытта өсетін, көптеген жер беті өркендерін беруге қабілетті, тамырсабақты өсімдік, тез арада көптеген жерді алып кетеді. Егер ол арамшөп болса (пырей), онда олармен күресу өте қиынға түседі. Мұндай өсімдіктерді құмды бекітуге пайдаланады (қияқ-волоснец, ақселеу-триоснитца). Шалғындық тануда, ұзын горизанталь бағытта өсетін тамырсабағы бар астық тұқымдасын тамырсабақты (суоты-поливица, қоңырбас-мятлик), ал тамыр сабағы қысқа болып келетіндерін-түптенген немесе түптеніп өсетін өсімдіктер дееп атайды (аққылтан-белоусник, аққонақ-тимофеевка). Тамырсабақ негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерден кейде бұталарда (берейскелет)

Және бұта тектес өсімдіктерде болады (итбүлдірген-брусника, нағыз қара жидек-черника).

Түйнектер. Бұлар сабақтың жуанданған бөліктері, оларда артық қор заттары жиналайды. Түйнектер жер беті және жер асты болып бөлінеді. Жер беті түйнектерй негізгі сабақтың (кольраби, 99, Е-сурет) немесе бүйірлік өркеннің (тропикалық архидейлер) жуандаған бөлігі болып саналады және олардың жақсы жетілген жапырақтары болады. Жер асты түйнестері гипокотильдің (цикламен) немесе ұзақ өмір сүрмейтін жер асты өркенінің-сталонның (картофель) жуандаған бөлігі болып табылады. (99, А сурет). Жер асты түйнектерінің жапырақтары редукцияға ұшыраған, олардың қолтықтарында бүршіктері болады. Мұндай бүршіктерді көзшелер деп атайды.

Жер асты сталоны. Бұл ұзақ өмір сүрмейтін, горизанталь бағытта өсетін сұлама өркен. Ол негізінен өсімдіктің таралуын (територияны көбірек қамтуы) және вегетативтік жолмен көбею қызметін атқарады. Оның буынаралықтары ұзын болып келеді және жапырақтары болады. Буындарынан төмен қарай әдетте қосалқы тамырлары, ал төбелік бүршіктерінен-қысқарған өркен (разетка) кетеді. Ол сталон өлгеннен кейінде өз бетінше өмір сүре алады. Жер бетіндегі сталон сенподиалды бұтақтанып өседі. Фотосинтездік қабілетін жоғаотқан және негізінен вегетотивтік көбею қызметін атқаратын жер беті сталондарын кейде мұтшалар деп атайды (бүлдірген—земляника,99,3 сурет).

Пиязшық (луковидца). Бұл көптеген бір-бірімен тығыз орналасқан, жапырақтары және қосалқы тамырлары бар қысқарған сабақ (түбіртек-донце). Түбіртектің үстінде бүршік орналасады. Көптеген өсімдіктерде (пиязда, қызғалдақта, сүнбілде-гиацинт және басқаларда) осы бүршіктен жер беті өркен өсіп шығады, ал бүйірдік қолтықтың бүршіктерінен жаңа пиязшықтар пайда болады (99,Д-сурет). Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары көп жағдайда әрі құрғақ, әрі жұқа жарғақ тәрізді болып келеді және қорғаныш қызметін атқарады, ал ішкі қабыршақтары етженді, қор заттарына толы болады. Формасы жағынан-пиязшықтар шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді, кейде тіптен қабысқандау және тағы басқаша болып келеді.

Пиязшық түйнек (клубнелуковица). Сырт қарағанда ол пиязшыққа ұқсас, бірақ оның жапырақ қабыпшақтарының барлығы құрғақ болады, ал артық қор заттары сабақтың төменгі бөлігінде жиналады (бәйшешек – шафран, пладиолус, 99, Г-сурет). Сонымен пиязшық күйнекті, пиязшыққа емес жапырағы бар түйнекке жатқызған жөн. Пиязшық түйнектің өсінде, әдетте буындарымне буын аралықтары және қолтыққық бүршіктері айқын байқалады.

Тікенектер (калучки). Тікенектердің шығу тегі әртүрлі: олар өркеннен (жабайы алмада, жабайы алмұрта, тікенді қара өрікте-терн, доланада-бояршник, гледичия, цитрус тектестер), жапырақтан (бөріқарқат-барбарис) немесе оның бөліктерінен: рахистер (астрагалдар), қосалқы жапырақтан (акция-белая акация), жапырақ тақтасының бір бөлігінен пайда болады (астра гүлділер) (57-сурет). Тікенектер климаты әрі ыстық, әрі құрғақ өсімдіктерге тән.

Мұртшалар. Олар өркеннен (жүзім), жапырақтан (асқабақ тұқымдасы) немесе оның бөліктерінен: ортақ сағақтан (рахистен) және бірнеше жапырақшалардан (асбұршақ), жапырақ тақтасынан (чина), қосалқы жапырақшалардан (сассапариль) пайда болады. Мұртшалар тірекке жабысып тұру үшін қажет (99,ж-сурет).

Филлокладии. Бұл редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығында орналасқан. Жалпақ жапырақ тәрізді өркен. Филлокладииде өз кезегінде редукцияға ұшырап, қабыршаққа айналған жапырақтар пайда болады. Олардың қолтығында гүл шоғы жетіледі. Бұл дұрыс жетіліп қалыптасқан жапырақтарда мүлдем кездеспейтін нәрсе.

Ұстағыш аппараттар. Бұл насикомдармен қоректенетін өсімдіктерге тән (росянка, шыбын ұстағыш), олардың формасы құмыра, құты, колба немесе жабылып қалатын табақша тәрізді болып келеді. Ұстағыш аппараттар батпақтарда (тропикалық және аздап қоңыржай климат зоналарда) өсетін өсімдіктерде жиі кездеседі және осы субстратта (топырақта) азоттың жетіспеуін, қосымша ұсақ насикомдармен қоректенуі арқылы толықтырып отырады.

Бұл насекомдар өсімдіктің ұстағыш аппаратының ішіне түскен соң, жапырақтың арнаулы бездері арқылы бөлінетін ферменттердің көмегімен қорытылып кетіп отырады. Мысалы, шымтезек батпақтарында өсетін росянканың (Drosera rotundifolia; 100-сурет) жапырағының сыртын қызғыштау түсті безді түктері жауып тұрады. Осы безді түктердің ұштарынан жылтыр, шырышты, жабысқақ, заттардың тамшысы бөлініп шығады. Ұсақ насекомдар жапыраққа жүзіп келіп, өздерінің қозғалысымен жапырақтың басқа безді түктерін қоздырады. Нәтижесінде безді түктер жайлап қайырылады да насекомдарды тығыз қоршап ұстап қалады. Қоректің ферменттердің әсерімен еруіне және сорылуына бірнеше күн қажет болады. Содан соң безді түктер жазылып бұрынғы қалпына келеді де, жапырақтар тағы да насекомдарды ұстауға мүмкіндік алады. Солтүстік Американың шымтезекті батпақтарында өсетін шыбын ұстағыш венеринаның (Dionaea muscipula) насекомдар ұстағыш аппаратының құрылысы аса күрделі болады (100,2,3-суреттері). Бұл өсімдіктің жапырағында сезімтал түктері болады, оларға насекомдар типі кетсе болғаны жапырақ тақтасының екі табақшасы (пластикасы) бірден жабылып қалады, нәтижесінде насеком өсімдікке күтпеген жерден жем болады. Кішілеу насекомдар олардың ішіне түсіп өледі де ферменттердің әсерінен ериді, оларды қорек ретінде өсімдіктер өз қажетіне пйдаланады.

Инжо-Малай облысының, су жағалауларындағы қалың, тропикалық қопаларында өсетін непентестердің (Nepenthes, 100,4-сурет) ұстағыш жапырақтарының ұзын сабақтары болады, оның төменгі бөлігі кең пластика тәрізді, жасыл (фотосинтез қабілетті) болады; ортаңғы бөлігі жіңішке, сабақ тәрізді, ширатылған (ол өремелеп тіректі орап тұрады), ал жоғарғы бөлігі түрлі түсті құмыра тәрізді, оның үсті жапырақ тақтасынан тұратын қақпақшамен жабылған болады. Құмырашаның айналасынан насекомдар, оның әрі жылтыр, әрі тайғақ ішкі қабырғасының бойымен түбіне түседі. Сол жерде олар құрамында ферменттері бар сұйыққа араласып ериді де, қорек ретінде өсімдіктің бойына сорылады.

ТМД-ның территориясында, оның ішінде Қазаұстанда, ақпайтын көлшіктерде, суға батып жүзіп жүретін өсімдік дүғгіршекті (пузырчатка-Utricularia; 100,5,6-суреттері) кездестіруге болады.

 

Лабораториялық жұмыстар

20-тақырып. Лабораторияның жағдайынд арнайы өсірілген әр

түрлі өсімдіктердің тамыр системасы

 

Материал. Асқабақтың, фасолідің, бидайдың немесе басқа астық тұқымдасының лабораторияның жағдайында арнайы өсірілген өсіндісі немесе гербарий үлгілері.

 

Асқабақтың, бидайдың фасольдің тамыр системаларын салыстырмалы түрде қарастыру (60-сурет). Олардың шығу тегі мен формасын анықтау. Суретке салып, детальдарын белгілеу.

 

21-тақырып. Бидайдың өскінінің тамырының зоналары

 

Материал. Бидайдың немесе басқа астық тұқымдасының лабораторияның жағдайында арнайы өсірілген өскіні.

 

Өскіннің бір тамырын үзіп алып, алдымен оны стереоскопиялық микроскоппен, содан соң қарапайым биологиялық микроскоптың кіші үлкейткішімен қарастырады. Одан бөліну зонасын тамыр оймақшасымен, сонымен бірге созылу, сору, өткізу зоналарын да табады; тамырдың түктерін зерттейді (61,62-суреттер). Тамырдың ұшын суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

22-тақырып. Құртқашаштың (ирис) тамырының

алғашқы құрылысы

 

Материал. Құтқашаштың фиксаторға салынған тамыры, флороглюцин, тұз қышқылы. Тамыр түктерінің зонасы арқылы жасалған құртқаштың тамырының көлденен кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

 

Тамырдың сору зонасынан жұқа көлденен кесінді жасайды да, оған флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер етіп, судың тамшысының үстіне препарат дайындайды.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен препараттан мыналарды: радиальды полиархты өткізгіш шоғынан (ксилема, флоэма) және перициклден тұратын орталық циклдерді; алғашқы қабықтың паренхималарынан түзілетін өткізгіш клеткалары бар эндодермадан тұратын алғашқы қабықты; тамыр түктері бар эпиблеманы табады

 

 

 

(63-сурет). Орталық цилиндірді, қабықтың жақын жатқан участоктерімен, суретке салады да, детальдарын белгілейді.

 

23-тақырып. Асқабақтың тамырының соңғы құрылысы

 

Материал. Асқабақтың жас тамыры арқалы жасалған көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепарат (камбидің түзілуі), асқабақтың фиксаторға салынған тамырлары; флоргалюцин, тұз қышқылы. Тамырдың өткізгіш зонасы арқылы жасалған көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

 

Асқабақтың жас тамыры арқалы жасалған көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты препараттан, микроскоптың кіші үлкейткішін пайдалана отырып, алғашқы қабықты және алғашқы ксилеманың төрт сәулелі (тетрахты шок) орталық цилиндірін табады. Эндодермасы нашар көрінеді, өйткені оның клеткаларының тек радиальды қабырғалары ғана қалыңдаған. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен флоэма мен ксилеманың арасында жатқан, қабықшалары жұқа паренхимиялық клеткалардың тангентальды перделермен бөлінгендігі, ал кейбір жерлерінде осы қабаттан ішке қарай жаңа пайда болған және сүректеніп үлгермеген түтектері байқалады. Бөлінгіш қабат деп отырғанымыздың өзі соңғы меристема-камбий (64-сурет).

Орталық целиндірдің бір бөлігінен, алғашқы ксилеманы екі сәулесімен суретке салып алады да, детальдарды белгілейді.

Асқабақтың тамырының соңғы құрылысын көру үшін, препаратты дайындағанда, кесіндіге флорогюцинмен және тұз қышқылымен әсер етіп отыру қажет.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен тамырдың ортасынан төрт сәулелі алғашқы ксилеманы, біршама үлкен орталық түтіктерімен және оның сәулелерінде, ұсақ, кейде тіптен нашар байқалатын, ксилемасының участкілерін, соңғы қабықтың паренхимасын, перидерманы табыды (66-сурет). Схема түрінде оларды суретке салады да, детальдарын белгілейді.

 

24-тақырып. Тамырдың өзгерген (метаморфозға ұшырған) түрлері

 

Материал. Сәбіздің, репаның, қызылшаның тамыржемістері: қызылшаның тамырынан жасалған тұрақты микропреарат. Көрнекті құрал ретінде пайдаланатын материалдар: емен ағашының жаңа қазып

 

алған ұсақ жас тамыры, люгтиннің тамыр системасы жасалған гербари және емен ағашынан тамыр оймақшасының люгтиннің түйнегінің көледенең кесінділерінен жасалған тұрақты микропрепораттар.

 

Тамыржемістерді көріп, олардың мынадай бөліктерін табады: басын, мойнын, нағыз тамырларын (67-сурет).

Содан соң тамыржемісті көлденеңінен кеседі. Сәбіздің тамыржемісінің кесіндісінен оның біршама жалпақ сыртқы бөлігін, кіші ішкі бөлігінен бөліп тұратыын ақшылдау шеңберді көруге болады. Бұл камбий. Одан сыртқа қарай соңғы қабық, ал ішке қарай ксилема орналасады. Репаның тамыржемісінің көлденен кесіндісін қарастырғанда, оның камбийінің өте жақын орналасқандығын, соңғы қабықтың жұқалығын, ал соңғы ксилеманың керісінше бүткіл тамыржемісті түгелдей түрлерін және олардың көлденең кесінділерінің схемасын суретке салып, детальдарын белгілеу қажет.

Қызылшаның тамыржемісінің көлденең кесіндісінен алмасып келіп отыратын, жіңішке қатты және жалпақ етженді концентірлік қабаттарды көруге болады. Осы тамыржемістің құрылысымен (структурасымен) жақсырақ танысу үшін, тұрақты препараттан қызылшаның көлденең кесіндісін зерттеу қажет. Микроскптың кіші үлкейткішімен қарағанда, қатты қабат концентрлік шеңбердің бойымен орналасқан, өткізгіш шоктың ксилемасы болып табылады, ал етженді жалпақ қабат комбийден, флоэмадан және қор жинайтын поренхимадан тұрады (68-сурет). Схема түрінде қызылшаның тамырсабағын суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

25-тақырып. Ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің сабағының

шоқсыз құрылысы

 

Материал. Қарағайдың, жөке ағаштың, 3-4 жылдық сабағының жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған кесіндісі, зығырдың сабағы; флорогюцин, тұз қышқылы, хор-цинк-йод. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабақтарының көлденең кесінділерінен жасалған дайын препараттарды, сонымен бірге қарағайдың, тиестың, жөке ағашының, емен ағашының және басқалардың көпжылдық діндерінің арамен кесілген кесінділерін пайдалануға болады.

 

Ағаштардың сабақтарынан ерте көктемде немесе күздің аяғына таман арнайы кесінділер даярлайды, өйткені бұл кездерде камбийдің белсенділігі төмендейді де, сүрек қабаты мен флоэманыі арасындағы шекара айқын байқалады.

 

 

Қарағайдың сабағы

 

Сабақтан алдымен көлденең кесінділер дайындайды, содан соң лигнинге реакциялар жасайды. Осыдан кейін барып зат айналысының үстіндегі судың тамшысына немесе глициринге бірнеше кесіндіні салады да, бетін жабын айнасымен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарайды.

Кесіндінің ортасынан бастап мыналарды табады: өзекті, сүректі бір жылдық сақинасымен және самола жолдарымен, камбийдің шеңберді (сақинаны), тінді (соңғы және алғашқы флоэманы), паренхиманы смола жолдарымен, алғашқы қабықты (эндодерманы, перидерманың тірі элементтерін), өзекті сәулелерді, тозды (пробку) (75-сурет).

Микроскоптың кіші үлкейткішімен сабақтың көлденең кесіндісінің секторын схема түрінде салады да, детальдарын белгілейді.

 

Жөке ағашының сабағы

 

Сабақтың бунаралық зонасынан көлденең кесінді жасайды. Кесінді жабындық ұлпаны да, өзектік бөлікті де қамтуға тиісті. Лигнинге реакция жасағаннан кейін, бірнеше жұқа кесіндіні, зат айнасының үстіндегі йодтың йодты кальцидегі ертіндісіне немесе глицеринге салады (тұрақты препарат әдетте екі түсті болады: клетканың сүректенген қабырғалары қызыл түске, ал целлюлозды қабырғалары мен цитоплазмасы көк түске боялған болады).

Сабақтың жалпы құрылысының жоспарларымен, микроскоптың кіші улкейткішімен қарап танысады, содан соң оның негізгі блоктарын микроскоптың үлкен улкейткішімен жан-жақты зерттейді (76-сурет).

Суреттің схемасы сектор түрінде салады. Алдымен схемаға флоэма мен ксилеманың ортасында жататын камбийді салады. Содан соң сабақтың шетінен бастап өзегіне қарай тоздың, колленхиманың, паренхимааның, эндодерманың, суректің шекараларын жүргізеді. Бұл жерде масштабтың сақталуын қатаң қадағалайды. Осыдан кейін барып сүрек қабатында өзектің сәулелердің түзілулерін (линиясын) жүргізеді және олардың флоэмаға өткенде кенейтіндігін көрсетеді. Флоэмада тін талшықтарының қабаттарының, ал ксилемада жылдық сақинаның қабаттарынын, ал ксилемада жылдық сақинаның қабаттарының шекарасын сызыады. Олардың детальдарын белгілейді.

 

Соңында 30-35 жылдық ағаштың дінінің арамен кескен кесіндісін қарастырады. Кесіндінің шет жағында, кабықтың оқшауланған жұқа қабаты жақсы байқалады (камбий мен қабықтың арасында орналасқан гистологиялық элементтер). Қабық пен сүректің арасында камбийдің тіршілігі жалғасып отырған. Сабақтың негізгі бөлігін сүрек алып жатады, жылдық сақиналардың санына қарап, оның жасын анықтауға болады. Кесіндінің ортасынан өзекті табады, кейде ол азды көпті зақымданып, бұзылған болып келеді.

Осындай сабақтың схема түріндегі суретін салып, детальдарын белгілейді.

 

Заттардың сабағы

 

Сабақтың буын аралығының бірі аралығының бір бөлігін (кесіндісін) бузияның өзегіне салып қысады да, бірнеше көлденең кесінділер жасайды. Олардың ең жақсыларын таңдап алып, біреуіне хлор-йинк-йодпен әсер етеді. Содан соң реактивті сорғыш қағазбен сорғызып алады да, бетін жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші улкейткішімен қарағанда ксилеманың біртұтас қалың қабаты көрінеді, оның гистологиялық элементтері дұрыс радиалды қатарлармен орналасқан (77-сурет).

Ксилеманды орталыққа қарай өзек орналасады, әдетте оның үлкен қуыстары болады. Флоэмасы ксилемасы секілді біртұтас қабат түзіп орналасады. Флоэманың үстінде перициклдың пайда болға тінталшықтарының топтары жатады. Сонымен бірге эндодерманы, алғашқы қабықтың паренхимасын, эпидерманы табады.

Сабақтың құрылысының жалпы жоспарымен, кеңстікте орналасумен және оның жекелеген блоктарының арақатынасымен таныса отырып, оның жекелеген блоктарының арақатынасымен таныса отырып, оның жекелеген блоктарының арақатынасымен таныса отырып, оның ең жұқа секторын тауып, микроскоптың үлкен үлкейткішімен зерттейді.

Зығырдың сабағының көлденең кесіндісіне жасаған микроскопиялық (анотоимялық) талдаудың нәтижелерін селекциялық жұмыстар жүргізгенде, оның талшығының сапасын анықтағанда пайдаланады. Қабырғаларын қалың, клетка қуыстары кішкентай тін талшықтарының тығыз топтары, техникалық жағынан сапасы жоғары талшықтар болып табылады. Ал клеткалары бос, сирек орналасқан, клетка қабықшалары жұқа және клетка қуыстары үлкен болып келетін тін талшықтарының топтары техникалық жағынан сапасы төмен талшықтарға жатады.

 

Схема түрінде сабақтың секторын суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

26-тақырып. Күнбағыстың сабағының аралық құрылысы

 

Материал. Жуандыға 5-7 мм болатын күнбағыстың жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған сабағы; флоролюцин, тұз қышқылы, йодтың йодты калийдегі ертіндісі, глицирин. Сабақтарын көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепатты пайдалануға болады

 

Жуандыға 3-7 мм болатын сабақтың көлденең кесіндісінен бірнеше жұқа кесінділер жасайды. Зерттеуге жарайтын кесінді, сабақтың шет жағындағы зонасын толығымен және ең кем дегенде өзектің бір бөлігін қамтуы керек. Таңдап алынған кесінділерге флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер етеді, содан кейін барып оларды зат айналасының үстіндегі тамшысына салды да, бетін жабын айнасымен жабады.

Микрскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, өткізгіші шоқтарының сабақтарын үстіне жақын, бір қатарға орналасқандығы байқалады. Шоқтардың барлығы ішіндегі заттары күңгірттеу болып келетін, өте ұсақ клеткалардың толқынды жолағына байланған секілді болып көрінеді. Бұл паренхималық клеткалардан түзілген шокаралық камбий, одан біршама үлкен шоқтардың арасында орналасқан жаңа өткізгіш шоқтары дифференцияланады (78-сурет). Пренараттан тағыда мыналарды табады: эпидерманы, перициклдық зонаның склеренхимасын, өткізгіш шоқтарын (флоэманы, шоқтық камбийді, ксилеманы) шоқаралық камбийдің жаңа шоқтарын, өзекті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2250; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.