Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гинецей




Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан (мегаспорофилл) 23 тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Егерде көп мүшелі гинецейдің жеміс жапырақшалары бір-бірімен бірікпеген болса және көп аналық түзсе онда мұндай гинецейді апокарпты деп атайды, ал егер жеміс жапырақшалардың бір-бірімен бірігіп кетуінің нәтижесінде бір ғана аналық түзілетін болса, онда мұндай гинецейді ценокарпты деп атайды (111-сурет). Ценокарпты гинецейдің гүл түйінінде қанша бағана болса, оның сонша жеміс жапырақшасы болады. Гүл түйінінде қанша ұя немемсе тегіс болса, аналықтың ауызының сонша жақтауы болады.

Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген белгілердің барлығын ескеріп отыру қажет, өйткені олардың белгілерінің біреуі жеміс жапырақшаларының санын барлық уақытта дәл көрсете бермеуі мүмкін.

Аналық. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс (гүл түйіні, плацента). Аналық гүл түйінінне, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан тұрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді (111, Г-сурет).

Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні жоғарғы болып келеді. Мұндай гүл түйінін препаральды инсмен оңай бөліп алуға болады. Төменгі гүл түйінінің түзілуіне, жеміс жапырақшаларымен қатар, гүлдің басқада бөліктері қатысады (көп жағдайда тостағанша жапырақша-

 

---------------

23 Құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері жетіледі.

 

 

лар мен күлте жапырақшалардың түп жағы және аталықтары, сиректеу гүл тұғыры). Яғни гүл түйіні төменгі болып

 

108-сурет. Андроцей:

А–бос орналасқан; Б–біріккен: 1-ұзықтары бірдей аралықтар (қызғалдақтар – тюльпан); 2-екеуі ұзын аталықтар (еріндігүлділер); 3-төртеуі ұзын аталықтар (крестгүлділер); 4-бірағайынды аталықтар (талқурай – вербейник); 5-екі ағайынды аталықтар (лотус – лявенец); 6-көпағайынды аталық (шәйқурай – зверобой).

 


109-сурет. Аталықтар:

А – аталықтың жіпшесі жай (раушан –

роза); Б – аталықтың жіпшесі тиісті пияз-лук); В-аталаықтың жіпшесі бұтақталған (майкене-ещевина);1-аталықтың жіпшесі; 2-тозаңдық.


 

 

110-сурет. Тозаңдық (көлденең кесіндісі):

А – жас тозаңдықтың тозаң ұясы; Б – пісіп жетілген тозаң; 1-эпидерма; 2-эндотеций; 3-ортаңғы қабат; 4-тапетум; 5-спора түзілетін ұлпа; 6-тозаң.


111-сурет. Генецей:

А-апакарпты жеке (сокирки); Б-апа-карпты көп (теңгебас-сусак);В-Г-ценокарпты 1-гүлтүйіні; 2-аналық мойны;3- aналық аузы.


 

келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді. Сондыұтанда мұндай гүл түйінін гүл тұғырынан препаральды инемен ажырату мүмкін емес. Гүл түйіні жартылай төменгі болып келген гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері гүл түйінімен, кем дегенде түп жағымен біріккен болып келеді (112-сурет).

Бір-бірімен қарым-қатынаста болатын ұялардың санына байланысты, гүл түйіні бір ұялы (егерде ұялар бір-бірімен қарым-қатынаста болса), екі ұялы, көп ұялы болып келеді

 

 

 

113-сурет. Супияздың (пролеска)гицецейі:

А -жалпы көрінісі; Б- жатынның көлденең кесіндісі; В- тұқымбүршігі:

1-гүлтүйіні; 2-аналықтың мойны; 3-аналықтың аузы; 4-гүлтүйінінің қабырғасы; 5-ұя; 6-гүлтүйіні; 7-фуникулуе (тұқым аяғы); 8-жатын; 9-интигумент; 10-микропиле; 11-халаза; 12-нуцеллус; 13- ұрық қалтасы; 14- жұмыртқа клеткасы; 15-синергидтер; 16- антиподтар; 17- орталық ядро.

 

Гүл тйінінің ішінде тұқым бүршігі (семяпочка) пайда болады. Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін «плацента» деп атайды. Тұқым бүршігі плацентаға тұқымаяқшасы (фуникулус) арқылы бекініп тұрады (113-сурет). Тұқым бүршігін сыртынан екі жабындық қабат жауып тұрады. Сыртқы қабаты «интегумент» деп аталынады, оның жоғарғы жағы қосылмай тозаң кіретін тесік қалдырады (микропиле). Тұқым бүршігінің түп жағы «халаза» деп аталынады, ол тұқым бүршігінің тозаң тезңгңне қарама қарсы ұшында орналасады. Жақсы жетіліп қалыптасқан тұқым бүршігінің интегументінің астында көп клеткалы ұлпа «нуцеллус» (мегаспорангии) орналасады. Оның клеткаларының біреуі археоспоральды клеткаға айналады. Одан төрт мегаспора түзіледі. Оның біреуі өсе келе сегіз ядролы ұрық қалтасына айналады.

 

ГҮЛДІҢ ФОРМУЛАСЫ МЕН ДИАГРАММАСЫ

Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезед мынандай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша (Calyx)-Ca, күлте жапырақша (Corolla)-Co, аталықтары (Androeceum)-A, аналықтары (Gynoeceum)-G, қарапайым гүлсерігі (Perigonium)-P. Гүлдің типтерінде шартты (условные) белгілері болады: қос жынысты – 0 (бұл белгіні әдетте вормуладан алып тастайды), аналық гүл–♀, аталық гүл–♂, дұрыс гүл (актиноморфты) – , бұры гүл (зигоморфты) немесе , ассимметриялы (ассиммитричный).

Гүлдің әрбір бөліктерінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5-жапырақшалы күлте - , 6-мүшелі андроцей ), егерде олардың саны бір түрдің әр түрлі особьтарының гүлдерінде тұрақты болмаса (әдетте 12-көп болса) – шексіздікпен немесе белгілейді.

Гүлдің жапырақшалары бір бірімен бірігіп ктекен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5 мүшелі күлте - екі ағайынды андроцей ). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шеңбер түзіп орналасса, онда жекелеген шеңберлердің арасы + белгісімен байланыстырылады (.

Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшалардың саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір бірімен біріккен бе (ценокарты гинецей) немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық

 

 

 

 

түземе (апокарпты гипецей), гүл түйінің орналасуы қандай – жоғарғы ма немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу қажет (үш жеміс жапырақшадан тұратын, гүл түйіні төменгі цинокарпты гинецей

 

Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің оске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы просекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың өзара орналасу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғырының өсін жоғарғы жағына, ал жабындық жапырақ төменгі жағына орналасады (114-сурет). Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.

114-сурет: Гүлдің диаграммасын салу:

1-гүлшоғырының өсі; 2-жабын жапырақ (гүл асты жапырақ); 3-тостағанша жапырақша;

4-күлте жапырақша (желек); 5-аталық; 6-гинецей; 7-жабындық жапырақ.

 

115-сурет. Микроспора (А), оның өсуі – аталық гаметофиттің – тозаңның түзулуі (Б) және тозаң түтігінің түзілуі (В):

1-экзина; 2-интина; 3-түтіктің клеткасы; 4-генеративті клетка; 5-спермий.

түземе (апокарпты гинецей), гүл түйінінің орналасуы қандай – жоғарғы ма немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу қажет (үш жеміс жапырақшадан тұратын, гүл түйіні төменгі ценокарпты гинецей-G3, бір мүшелі, гүл түйіні жоғарғы гинецей-G1). Сонымен, қалтагүлдің (калужница) формуласын былай жазуға болады: *P5AG, алманың формуласын - *Ca(5) Co(5) AG(5) , асбұршақтың формуласын - ↑Ca(5) Co3+(2) А(9)+1 G1.

Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың өзара орналасу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғының өсін жоғарғы жағына, ал жабындық жапырақты төменгі жағына орналастырады (114-сурет). Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.

 

МИКРО ЖӘНЕ МЕГАСПОРОГЕНЕЗ. ТОЗАҢДАНУ. ҰРЫҚТАНУ

Микроспорогенез және тозаңның түзілуі

 

Тозаңқаптың ұясының ортаңғы бөлігін спора түзетін ұлпа алып жатады. Оның диплоидты клеткалары мейоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде әрбір аналық клеткадан төрт-төрттен гаплоидты микроспора жетіледі. Микроспораның цитоплазмасы тығыз, ал ядросы үлкен болып келеді (115-сурет).

Микроспора әдетте тозаңқаптың ішінде жатып-ақ өсіп аталық гаметофит – тозаң түзеді (тозаң дәндерін). Микроспора өсе келе митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде кішкентай генеративтік клетка және үлкен түтікше клеткасы түзіледі. Тозаң дәні сыртынан, екі қабаттан тұратын спородермамен қапталады: сыртқы – экзиннен және ішкі – интиннен. Экзиннің бойына кутин сіңген және бір немесе бірнеше өскіндік поралары болады (экзиннің ең жұқа жері). Интин целлюлозадан тұрады, жұқа, майысқақ болып келеді және поралары болмайды.

 

116-сурет. Тұқымбүршігінің түзулуі (сызба-нұсқасы):

1-нуцеллустың түзілуі; 2-археспориальды клетканың оқшаулануы; 3-мегаспораның түзілуі (мейоз); 4-үш мегаспораның өлуі; 5-8-мегаспораның келесі бірінен соң бірінің үш рет бөлінуі (митоз) және аналық гаметофиттің ұрық қалтаның түзілуі.

Мегаспорогенез және ұрық қалтасының (қабының) түзілуі. Нуцеллустың клеткасының біреуі, археспоральды деп аталынады, ол мейоз жолымен бөлініп төрт гаплоидты мегаспора береді. Келешегінде мегаспораның үшеуі өліп, тек біреуі ғана, әдетте халазаға қарағаны сақталады (116-сурет). Мегаспора, микроспора секілді барлық уақытта бір ядролы. Оның көлемі ұлғацып өседі. Ядросы үш рет, бірінен соң бірі методикалық жолмен бөлінеді. Бірінші бөлінуден кейін екі ядро түзіледі, олар қарама-қарсы полюстерге жылжиды, сол жерде келесі екі бөлініс жүреді. Нәтижесінде полюстердің әрқайсысында төрт-төрттен ядро болады. Сегіз ядроның бәрі де алғашқы ядро секілді гаплоидты болып келеді. Әр полюстен үш ядро клетка болып қалыптасады. Микропилярлық полюсіндегі клеткалардың біреуі аналық гаметаға, яғни жұмыртқа клеткасына, ал қалған екеуі – серіктік клеткаларға айналады. Халазалық полюстегі үш клетканы антиподтар деп атайды. Қалған екі ядро орталыққа қарай жылжиды да, біраз уақыт өткен соң қосылып, диплоидты орталық ядроны (2п) түзеді. Осылайша ұрық қалтасы де аталынатын құрылым, аналық гаметфит жетіледі.

 

ТОЗАҢДАНУ

 

Тозаңдар пісіп-жетілген соң, тозаңқап (тозаңдық) қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану.

Өздігінен тозаңдану тек қосжынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына барып түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде (клейстогамных) айқын байқалады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық (грек. Авто – өзін, голос – одақ) өсімдіктер деп атайды (бидай, арпа, сұлы, күріш және т.б.).

Ч. Дарвиннің айтуы бойынша, айқас тозаңдану эволюцияның барысында біршама алға басқандықты көрсетеді (прогрессивті белгі). Айқас тозаңданғанда жаңа пайда болатын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдауы мүмкін, ал оның өзі сол ұрпақтың әр түрлі ортаға өмір сүруге бейімдеушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Өсімдіктердің басым көпшілігі айқас тозаңданады. Тозаңнның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің аналығына келіп түсуінің мынадай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құстар арқылы), мирмекофилия (құмырсқалармен) және т.б. гүлдердің өзін тозаңдандыратын белгілі бір насекомдарға бейімдеушілігі жиі байқалады. Мысалы, беденің түрлерінің ұзын түтікке біріккен күлте жапырақшалары болады, бұл жағдайда тек түкті аралармен (шмель) кейбір ұзын тұмсықты аралар ғана одан шірнеліктерді ала алады және айқас тозаңдандырады. Бұл жағдайда беденің (клевер) және оларды тозаңдандыратын насекомдардың белгілі бір территорияда табиғи жағдайда таралуы (ареалы) сәйкес келуге тиісті. Бедені алғашқы рет ауыл шаруашылығы дақылы ретінде Аустралияға және Жаңа Зеландияға апарып сепкенде бұл жерлерде жоғарыда айтылған насекомдардың болмауына байланысты тозаңдану процесі жүрмеген, дәнде байланбаған. Бедеден жеткілікті мөлшерде дән алу үшін, бұл жерлерге жоғарыда айтылған насекомдарды әкелуге тура келген. Айқас тозаңданудың екі түрі бар: гейтеногамия (көрші гүлден тозаңдану), бұл жағдайда тозаңдану бір өсімдіктің деңгейінде жүреді, бірақ бір гүлдің тозаңы екінші гүлдің аналығының аузына келіп түседі; және ксеногамия (нағыз айқас тозаңдану), бұл жағдайда бір особьтың гүлінің аналығының аузына келіп түседі.

177-сурет. Гетеростиля (примула).

 

Өзін өзі тозаңдыруды болдырмау үшін өсімдіктілуіерде әр түрлі бейімдеушілік қалыптасады. Олардың ең кең таралғандары дихогамия және гетеростилия. Дихогамия деп қос жынысты гүлдердің аталықтары мен аналықтарының әр уақытта пісіп жетілуін айтады. Гетеростилияда қос жынысты гүлдердің бір экземплярында аналықтың мойны ұзын, аталықтарының жіпшелері қысқа болады, ал екінші біреулерінде бұл жағдай керісінше болады. Яғни соңғысында аналығының мойны қысқа, ал аталықтарының жіпшелері ұзын болып келеді (177-сурет).

Жақсы жетіліп қалыптасқан дән мойны ұзын аналықтың аузына, жіпшесі ұзын аталықтың тозаңы, ал мойны қысқа аналықтың аузына жіпшесі қысқа аталықтың тозаңы түскен жағдайда ғана пайда болады.

 

ҰРЫҚТАНУ

 

Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын – жұмыртқа клеткасы деп атайды. Тозаңның клеткасының біреуілады., аналықтың аузына түсіп, экзиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Кейде мұндай түтіктің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Онда генеративтік клетканың бқлуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі (115-суретті қараңыз). Тозаң түтігі аналық аузы мен мойнының борпылдақ ұлпасын жарып өтіп, гүл түйінінен қарай өседі, одан әрі тозаң тесігі арқылы тұқым бүршігіне өтеді немесе жабындықтарды жарып өтіп ұрық қалтасымен тікелей түйіседі. Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Ол жұмыртқа клеткасына жеткен соң жарылады, нәтижесінде одан спермиялар босап шығады. Оның біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып зигота түзеді (2п), ал екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен (2п) қосылып триплоидты клетка түзеді. Осылайша қосарланып ұрықтану жүреді. Ол тек жабық тұқымды өсімдіктерге ғана тән.

Қосарланып ұрықтануды алғашқы рет белгілі орыс ғалымы, академик С.Г. Навашин (1898 ж.) ашқан.

Қосарланып ұрықатанғаннан кейін зиготадан ұрық (2п), триплоидты клеткадан эндосперм (қор жинайтын ұлпа, 3п), интегументтерден спермодерма (дәннәі қауызы), ал бүкіл тұқым бүршігінен дән пайда болады. Серіктік клеткалары мен антиподтары әдетте еріп кетеді, ал нуцеллус ұрық түзілген кезде, қор заты ретінде пайдаланылады, сиректеу ол қор жинайтын ұлпаға – периспермге айналады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 5794; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.