Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гетерогенераттылар класы (гетерогенератные)- heterogeneratae




Сонымен Ресейдің Қиыр Шығысындағы теңіздерде және сотлтүстік мұзды мұхиттың теңіздерінде аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария (Laminaria) өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза" - тамыр және "идос" - кескін деген сөздерңнен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100см-ден аспайтын цилинд формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы ьолып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалиарлық өсу зонасы орналасады (басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап щшығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді (солтүстікендікте - қаңтар - ақпан айларында). Көетемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.

Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады. Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында, онда көптеген бір клеткалы зооспорангиялардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особынан миллиардтаған зооспоралар пайда болады. Зооспоралар біраз жүзіп жүргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың түбіне шөгедіде ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден тұрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде біпнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір- бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы жалаңаш күйінде оогониден сыртқа шығып, оның үстіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зтгота түзіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспай- ақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте лиаминария күн сәулесі жаұсы түсетін, судың онша тенең болмайтын қабаттарында өседі.

Қоңыр балдырлар орман түзетін ерекше үлкен түрлеріне макроцистис (Mfcrocycstis,60-100м), нереоцистис(Nereocystis, 25м), лессния(Lessonia, 4м) және тағы басқалар жатады. Мұнда аса ірі балдырлар оңтүстік және солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Оңтүстік Африканың батыс жағалауында, Алясканың, Алеут, Командор және Куриль аралдарының жағалауларында өседі.

Қоңыр балдырлар су астында ас көп мөлшерде фитомасс беретін шалғын түзеді. Оларды жем- шқптік, азық- түліктік. дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта түсуде. Әсіресе тамаққа ламинария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды.

ҚЫЗЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (КРАСНЫЕ ВОДОРОСЛИ) - RHODOPHYTA

Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдайболады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да кқптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі. қызыл балдырлардың талломы ұзындығы 2м дейін жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құраламнан тұрады. Қоңыр балдырлар секілді бұларда да, ұлпаларға дифференциациялану байқалады.

 

(139-сурет). Талломының өсуі диффузды (арнайы маманданған өсу зонасы болмайды) немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады (өсу зоналары өсімдіктің тарамдаоған талломының төбесінде жинақталған). Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы, немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклінде қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хроматофорлары көп жағдайда диск тәрізді болып келеді, пиреноидтары болмайды. Қор заттары ерекше багрянкалы крахмал түрінді жиналады. Кейбір түрлерінің пектинлі- целлюлозды клетка қабықшалары, клетка аралық заттармен бірге, көп мөлшерде шырыштанатыны сонша, олардың талломы түгелдей шырышты кескінге (консисиенцияға) келеді. Сондықтан мұндай балдырларды агар алуға қажетті шткізат ретінде пайдаланады (анфельция -Ahnfeltia, гелидиум - Gelidium, грацилярия - Gracelaria туыстары). Ал екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап, әртүрлі ою-өрнек түзеді. Мұндай известтен тұратын ою-өрнектер талломға ерекшк мықтылық береді (литотамнион - Lithothamnion. литофиллум - Lithophyllum туыстары). Мұндай түрлер коралл рифтерінің түзілуіне қатысады.

Қызыл балдырлар әдетте теңіз түбінде аса үлкен тереңдікте өседі. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин және ксантофилден басқа тек осы балдырлардың тобына тән қызыл фикоэритрин және көк фикоциан пигменттері болады. Аталған пигменттердің орайласып келуіне байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық- қызылдан көкшілдеу - күлгін түске дейін боялады. Қызыл балдырлардың түсінің осылай болып келуі олардың 100 м тереңдікке дейін жетеін күн сәулелерін бойына сіңіруге мүмкіндік береді.

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллома өліп шіриді. Сиректеу үзілген талломаларда арнайы өсу бүршіктері (выводковые почки) пайда болады, олардан келешегінде жаңа особьтар жетіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Қызыл балдырлардығ споралары спорангияның ішінде бір-біреуден (момоспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабақшасының жартытуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады, содан соң судың түбіне шөгіп, өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді.

Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады (139, Е-сурет). Аналық жыныс ограны карпогон қысқа бұтақтардың қолтығында бір-бірден өседі. Карпогон - калба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен жіне жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлернің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогр сыртқы құралысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антеридийден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихота (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, содан соң трихогина арқылы карпогонның кеңейеген бөліміне өтіп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.

Ұрықтанғаннан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады,оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да өсе келе балдырдың жаңа талломына (спорофитке) айналады.

Классификациясы. Қызыл балдырлар бөлімі 2класқа бөлінеді: бангиевалылар класы(Bangioohyceae), флоридеялылар класы(Florideophyceae). Олардың әрқайсысында 6-дан қатар бар. Бангиевалылар класы саны жағынан көп болмайды. Онда 20-дай туыс, 70-тей түр бар. Аса кең тараған туыстарына порфира (Porhyra), коммсопогон (Comsopogon) және тағы басқалар жатады. Қызыл балдырлардың негізін флоридеялылар класы түзеді, онда 49 тұқымдас бар. Бұл класқа леманеа (Lemenea), батрахоспермум (Batrachospermum), полисифония (Polysiphonia) және көптеген басқа туыстарының өкілдері жатады.

Қызыл баолырлар адам өмірінде кеңінен қолданылады:олардан кондитер және басқада өнеркәсіптерде пайдаланылатын агар-агар алынады және микробиологиялық техника лабораторияларында микроорганизмдерді өсіруге қажетті қатты қоректік заттар дайындау үшін де пайдаланады. Теңіз жағалауындағы елдер де, мысалы Жапонияда балдырлар әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады. Адам теңіз балдырларын химиялық өндірістеде жиі пайдаланады. Олардан иод, калий тұздары, целлюлоза, спирт, сірке қышқылы алынады. Одан басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және тыңайтқыш ретнде де пайдаланады.

 

 

ЖАСЫЛ БАЛДЫРДАР БӨЛІМІ (ЗЕЛЕНЫЕ ВОДОРОСЛИ) - CHLOROPHYTA

Түрлерінің жалпы саны 15мыңдай. Әлемнің барлық жерлерінде, негізінен тұщы суларда, кейбіреулері теңіздерде, ақдаған түрлері оқтын-оқтын су басыдың нәтидесінде ылғалдығы артып отыратын топырақтарда, ағаштардың діндерінде, дуалдардв(заборах), гүл отырғызылған қыш құмыраларда (горшках) және т.б. жерлерде кең таралған өсімдіктер.

Осы бөлімнің өсімдіктерін мысалға ала отырып эволюцияның екі бағытын аңғаруға болады. Бірінші бағыт, бір клеткалы бір ядролы формаларынан бастап, көп клеткалы көп ядролы формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы каулерпа(Caulerpa,144- сурет). Екінші бағыт, бір клеткалы формаларынан бастап, колониялы формалары арқылы, кқп клеткалы жіптәрізділерге жіне одан әрі көп клеткалы, талломдары сыртқы құралысы жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдарына біршама ұқсас болып келетін формаларына дейін жеткен, бұл бағфттфң нң жоғарға сатысы-хара (Chara, 146-сурет).

Қозғалғаш оргназмдерді қозғалысқа келтіретін органдарына, олардың ұзындығы мен формасы бірдей болып келетін екі, сиректеу төрт талшығы жатады. Клеткалары бір ядролы, кейде көп ядролы болуы да мүмкін (кладофоралар тұқымдасы - Cladophoraceae). Хроматофораларында көп жағдайда пиреноидтар болады. Хроматофораларының формасы, мөлщері және клеткадаңы саны алуан түрлі болып келеді. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны майы жатады. Вегетативтік, жыныссыз және жынысиық жолдармен көбейеді. Жыныстық процесі барлық түрлерінде бегілі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия (коньюгация).

Классификациясы. Жасыл балдырлар мынадай бес класқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы(Volvocophyceae), протококты балдырлар класы (Protococcophyceae), улотриксті балдырлар класы (Ulothrichophyceae), сифонды балдырлар класы (Siphonophyceae), тіркеспелі немесе коньюгациялы балдырлар класы(Conjugatophyceae).

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2850; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.