Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 25 страница




Туризмнің тогызыншы ерекшелігі - оның маусымдық сипаты не-месе туристік қызмет мөлшерінің табиғи-климат жағдайына байла­нысты болуы. Туризм менеджменті мүлдай құблыстарды міндетті түрде ескеру қажет, өйткені туристік сұраныстың өзгеріп түруы ту­ризм индустриясының жұмыс жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

Жоғарыда айтылған туристік саланың басқару объектісі ретіндегі ерекшеліктері туристік бизнестің менеджерлері келесі мәселелерді жақсы түсінуі керек екенін көрсетеді:бұл сала басқа салаларга ұқсамайды, сондықтан басқару моделін басқа бір еңбек сферасынан туризм сферасына аудара салу мүмкін емес. Мысалға, тәжірибеде жиі қолданып, өнеркәсіпкәсіпорнын басқару моделі өзін ақтап жақсы көрсеткіштерге жеткізсе, дәл осындай моделді туристік салада қолдануы осы саланың тоқырауына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан туристік мекемені басқару үшін қажетті ерекшеліктерін атап айту қажет:

1) туристік қызметті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен туристердің қажеттіліктері мен тілектерін ойластыру керек. Осыған орай кез келген туристік кәсіпорынның еңбек сферасы анықталады.Туристік кәсіпорынның орналасуы (тұтынушыға жақын орналасуды қалайды) бір жағынан туристік өнім тұтгнушыларының орналасуына байланысты, екіншіден, туристік салада мұның негізі болып табылатын туристік-рекреациялық ресурстардың орналасуына тәуелді;

2) туристік қызмет алғашқы қажеттіліктер қатарына жатпайды. Туристік енім тіршілік үшін ең қажетті зат емес және жақын арада ондай болуы да мүмкін емес. Мүны былайша түсінуге болады: қазіргі әлемде сауықтыру құралы ретінде туризмнің маңызы зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат жағдайынатәуелді. Халықтың сатып алу қабілетінің өзгерістері басқа төлемді қызметтерге қарағанда, туристік қызметке одан үлкен әсертигізеді;

3) туристік салада маркетингтің маңызы едәуір жоғары. Оның себебі, туристік қызметті сатушы өз тауарының үлгісін туриске көрсете алмайды, сондықтан да ол өзінің тауары (қызметі) туралы дәлелтабу керек. Ол үшін жақсы ұйымдастырылған маркетинг жүйесі болуы қажет. Қызмет корсету сапасының бірқалыпты болмауы, оны бағалауындағы субъек-тивизм үнемі бақылауды қажет етеді;

4) туристік қызмет қайталанбайтын сипаттарға ие, яғни басқаларға ұқсамайды. Тіптен бір маршрутпен өтетін фирманың екі бірдей туры бір-біріне ұқсамайды (мысалы сапар маршруты, көрсетілетін қызметі, көлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар және т. б. әртүрлі болуы мүмкін).

Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдыңа қойылған мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік мекемелердің мақсаттары экономикалық, фирмалық жәнеәлеуметтік кластарғабөлінеді.

Экономикалық мақсаттарға болашақтағы табыстың өсуі, клиенттердің жаңа сегменттерінің пайда болуы, тауарды сату ісін жетілдіру, туристік онім мен оны тарату жүйесін оңтайлы қылу, кейбір қызметтердің ескіріп кетуіне жол бермеу, бәсекелестіктегі позициясын нығайту және т. б. кіреді. Фирмалық мақсаттарға фирманың(аймақтың, елдің) атағын шығару, имиджін котеру кіреді. Әлеуметтік мақсаттар табысы томен адамдар үшін туристік онімдер ондірісін да-мытуды міндет етеді.

Ұйымның мақсатқа жетуі үш басты факторларға: таңдалған стратегиясына, ұйымдастыру құрылымына және осы құрылымның функциясын орындау әдістеріне байланысты. Стратегия дегеніміз мақсатқа жету әдістері, мақсатқа ең жақсы нәтижемен жету үшін ресурстарды пайдалану әдістерінің тұжырымдамасын анықтау қажет. Мақсатқа жету үшін бірқатар стратегиялық, әкімшілік, оперативтік мәселелерді шешу керек. Біріншілеріне ондірілуі қажет болатын тауарды таңдап алу және осы өнімді сату үшін нарықтар мен тұтгнушыларды таңдау кіреді. Екіншілеріне - фирманы ұйымдастыру, басшылар арасында өкілділік пен жауапкершілікті тағайындап тарату, жұмыс колемі мен кезегін анықтау, акпарат бағыты мен есеп беру ретін анықтау жата-ды. Оперативті міндеттерге ондірістік операциялардың агымдағы жо-спарлануы, бағаларды қалыптастыру, жарнама жобалары мен зерттеу жұмыстарын іске асыру жатады.

Туристік ұйымның ең басты әлементі оның құрылымы болып табылады, құрылымы - ол ұйымәлементтері арасындағы тұрақты байланыстар, ұйымның қаңқасы деп те айтса болады. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі ұйымдастыру құрылымының бірнеше түрлерін ұсынады. Олардың барлығының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Соңғы кезеңде инновациялық, яғни жаңа нәрселерге багытталған құрылымдар ең перспективалы болып көрінеді. Бұл ұйымдастыру сүлбаларының ең жаңа формасы. Оның ерекшелігі - екі топты: ағымдағы ондіріс және іздестіру топтарын атап болуінде. Іздестіру тобына жаңа қызмет пен технологияларды әзірлеу міндеті тапсырылады, жобаның коммерциялық іске асырылу мүмкіндігі анықталғанша бұл топ жоба үшін жауап береді. Жаңа онім тәжірибелік ондірісте сынаудан отіп оның тиімді (рентабелді) екені анықталған соң жоба ағымдағы ондіріс тобына өткізіледі. Осындай схема бойынша алдыңғы қатардағы туристік фирмалар жұмысын атқарады.

Инновациялық технологиялардың қазіргі менеджменттегі болашағы зор. Басқарудың осындай түрі қызметкерлердің шығармашылық жәнеұйымдастырушылық белсенділігін көтереді, еңбектің жоғары өнімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді, адам ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қайталау сұрақтары

1. «Менеджмент» және «менеджер» ұғымдарының анықтамаларын беріңіз.

2. Туризм менеджментінің халық шаруашылыгының баска салаларының менед-жментінен қандай басты ерекшеліктерін білесіз?

3. Туризм менеджментінің тогыз ерекшеліктеріие сипаттама беріңіз (тереңге енуі, өлшеуі киын және түсініксіз мақсаттар, аймаққа тигізетін әсерінің шектеулілігі, мүдделі клиенттердің тигізетін әсері, туристік өнімнің спецификасы, туристік өнімнің сыртцы әсері (эффектісі), туристік сұраныстың спецификасы, қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі, маусымдъщ сипаты).

4. Кез келген туристік кәсіпорынды басңарудың төрт қагидасын атап, оган си­паттама беріңіз.

5. Туристік фирманың максаттары мен стратегиясы жөнінде әңгімелепберіңіз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 993; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.