Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм маркетингі 4 страница




Көліктің ең маңызды қасиеттерінің бірі жылдамдық болып та­былады. 1815 жылы ең үлкен жылдамдық сағатына 15 км болса, қазір 2000 шақырымнан асып кетті. Сонымен қатар, қауіпсіздікке қойылатын талаптар едәуір өсті.

Темір жол көлігі қарқынды дамып келе жатыр: локомотив қуаты өсті, жаңа пассажир вагондары пайда болды, темір жолдар торы кеңейді. Басқа көлік құралдарына қарағанда бағасы төмен болғандығынан темір жол көлігі бұқаралық туризмде кең пайдалануы сөзсіз.

Су жолдарының артықшылыгы - оларды табиғаттың өзі дүниеге келтірген. Теңіздегі, өзендердегі саяхаттарда демалыс пен танымдық туризм бір-бірімен тамаша үйлеседі.

Автомобиль көлігі икемді, тікелей байланыстарға лайықты болғандыгынан туристік саяхат мүмкіншіліктерін үлғайтады. Автобус тасымалы темір жол тасымалынан арзан, яғни бэсекелестік қабілеті жоғары. Тағы бір артықшылығы: автобуста бір экскурсия жүргізушісі 30-50 туристерге қызмет көрсете алады.

Жеке меншіктегі автомобильдердің саны жылдам өсуде. Жеңіл машинаның көптеген артықшылықтары бар: жеңіл машинамен жүрген туристер өз еркімен, тәуелсіз түрде жүреді және де ұжым мүдделеріне тәуелді емес.

Алайда автотуризм дамуы жолдардың жақсы күйін, жанармай станцияларын, сапалы автосервисті қажет етеді. Қалай да болса, авто­туризм туризмнің үлкен болашағы бар түрі деп айтуға болады.

Әуе көлігінің материалдық-техникалық базасы кеңеюде, техникалық-эксплуатациялық қасиеттері (жылдамдық, жүйелік, тасымалдау қабілеті, сыйымдылығы) жетілдірілуде, сондықтан әуе көлігінің жолаушыларды (оның ішінде туристерді) тасымалдауындағы үлесі өсіп келе жатыр.

Туризм дамуына септігін тигізетін барлық аталған факторлар саяси жағдайы нашар болса өз маңызын жоғалтады. Халықаралық туризм ел-дер арасындағы катынастарға өте сезімтал келеді. Саяси тұрақсыздық пайда болған аудандарға баратын туристер ағымы бірден-ақ тоқтайды. Мысалы, туристік сұраныс Парсы шыганағындағы дағдарыс кезінде мүлдем азайып кеткен,және де бұл дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Еуропа елдеріндегі халықаралық туризм көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізген.

Статистикалық мәліметтер бойынша халықаралық туризм көлемі жыл сайын өсуде. БұлXX ғасырдың екінші жартысында калыптасқан жаңа саяси жағдайға байланысты. Кейбір бөлек жылдарда саяси немесе экономикалық конъюнктураға байланысты халықаралық туризм көрсеткіштері төмендейді. Алайда туристік келулер мен туризмнен тусетін табыс жалпы өсіп келе жатыр деп айтсақ қате болмас.

Қайталау сұрақтары

1. Халықаралықтуризм дамуының статикалық және динамикалық факторларын атап беріңіз.

2.Халықаралықтуризм дамуының статикалық факторларына сипаттама беріңіз.

3. Халықаралықтуризм дамуына төменде аталған факторлар калай әсеретеді?

- демографиялықфакторлар;

- урбандану;

- азаматтардың материалдық игілігінің өсуі;

- бос уақыттың көбеюі;

- қоғамның әлеуметтік-кәсіби кұрьшымы;

- материалдық-техникалық факторлар;

- саяси факторлар

§ 4 Қазіргі халықаралық туризм статистикасы

Туристік ағымдардың жүйелі есептері XX ғасырдың бірінші жар­тысында басталды. 1929 жылы Австрияға 2 млн., Швейцарияға 1,5 млн., Италияға 1 миллионная астам адам келіпті. Бірқатар еуропалық елдерде саяхаттар статистикасы қалыптаса бастаған, бірақ ол қосалқы деректер сипатына ие болған. Мәліметтер ұлттық қауіпсіздік, көш-қон үрдістерін бақылау, салық салу заңнамасын орындау мақсатында жиналған. Туристер бөлек категория болып есептелмеген де, басқа саяхатшылармен бірге тіркеле берген.

Халықаралық статистиканың жаңа кезеңі 40-шы жылдардың соңында - 50-ші жылдардың бас шенінде басталды. Соғыстан кейінгі қиын жағдайда үкіметтер халықаралық туризмге үлкен үміт артады: төлем балансының жандануына, қаржылық тепе-теңдігіне, экономикалық еркендеуге бұл сала септігін тигізеді деген ой болтан.

60-шы жылдары Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар дамушы елдер ахуальша кеңіл бөле бастаған. Б¥¥ Бас Ассамблеясы 1960 ж.отар елдері мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларациясын қабылдап, алдағы онжылдықты «Даму декадасы» ретінде жариялады. Үшінші әлем елдері үшін кеңесшілер экономика дамуының бағдарламаларын әзірледі. Бұл бағдарламаларда туризмге ерекше назар аударылған.

Туризмнің көлемі мен экономикалық маңызының өсуімен бірге статистиканың дамуы арта береді. Бірте-бірте қарапайым тіркеу опе-рациялары күрделенеді және оларға туристік миграцияны талдау әлементтері кіре бастайды. Қазіргі кезде туризм статистикасының мақсаттары мынадай: халықаралық туризмнің ел экономикасына жасайтын үлесін, оның ішінде төлем балансына тигізетін әсерін бағалау; халықаралық туризм дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларын анықтау; оның материалдық-техникалық базасын жоспарлау; маркетинг зерттеулерін жүргізу және туристік өнімді потенциалды тұтынушыларға жылжыту.

Статистикалық бақылаулардың пайдаланушылары - үкімет, ту-ристік ұйымдар және туристік тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар.

Халықаралық туризм статистикасы екі негізгі тараудан тұрады: туристік ағымдардың статистикасы жәнетуристік табыстар мен шығындардың статистикасы. Туристік ағымдардың негізгі көрсеткіштері - елге шетел келушілердің саны жәнеолардың осы елде болу мерзімі. Келу саны дегеніміз белгілі бір елге белгілі уақыт ішінде (бір жыл) келген тіркелген шетел туристер саны. Бір сапар ішінде турист бірнеше елге баруы мүмкін болғандықтан, олардың саны елдерге бару санынан томен. Туристік ағымдар көлемі үнемі өсуде. Шетел туристерінің келуі жөніндегі статистикалық мәліметтер туристер тұрақты тұратын елдері бойынша, келу айлары, пайдаланған көлігі және саяхат мақсаты бойынша топтасады.

Шетел туристерінің елде болу мерзімінің есеп бірлігі ретінде түнеу немесе тур-күн [бір туристің белгілі бір жерде (елде) бір тәулік бойы болуы] қабылданған. ЮНВТО нұсқауына сәйкес, шетел туристердің түнеулері туралы статистикалық мәліметтері айлар бойынша, орналасу құралының типі мен категориясы бойынша жәнеаумақтары бой­ынша топтастырылады.

Шетел туристерінің елде болу мерзімі елдер бойынша бірдей емес: бұл уақыт қабылдаушы елдің туристік мамандандырылуына(діни, іскерлік, ойын-сауық, демалыс т.б.), ішкі нарығындағы бағалар деңгейіне, туристік ағымдарының сипатына (транзиттік немесе осы жерде аякталатын) және басқа факторларға байланысты болады.

Келу статистикасы туристік ағымдардың көлемі туралы жалпы мәлімет беріп түрса, елде болу ұзақтығының статистикасы туристік саяхатқа сипаттама береді. Транзиттік және белгілі жерде аяқталған сапарлар жөніндегі ақпарат туристердің әралуан топтарының орналастыру қызметтеріне деген сұраныстарын зерттеу кезінде қолданылады. Туристік ағымдардың көрсеткіштері елге келген шетел туристерінің статистикалық есебімен бірге, шет елдеріне баратын жергілікті халықтың есебінде де қолданылады. Нәтижесінде кіру және шығу туризмі жөніндегі мәліметтерді салыстыруға болады.

Туристік алмасуды туристер саны жәнеақша түрінде өлшеуге болады. ЮНВТО (ДТҰ), ХВҚ, басқа да халықаралық ұйымдар ұсыныстарына сай, туризм статистикасында төлем балансында көрініс табатын қос құлдық көрсеткіштер: халықаралық туризмге жұмсалған шығындар мен одан түскен пайдасы - қолданылады.

Халықаралық туризмге жұмсалған шығын дегеніміз белгілі бір ел тұрғындарының шет елінде туристік мақсатта болтан кез­де жүмсаган ақшасы. Бүған «таза» туристердің шығындарымен бірге экскурсанттардың шығыны да кіреді. Еуропа елдерінің ішінде халықаралық туризмге Германия азаматтары ең көп ақша жұмсайды, немесе Еуропа елдерінің жұмсаған қаражатының бір ширегі. Екінші орында Ұлыбритания, одан кейін Италия, Франция, Нидерланды. Тізімнің соңында Грекия қалып тұр.

Халықаралық туризмнен түсетін табысқа шетел туристерінің уақытша болған елде жасаған шығындары, оның ішінде ел ішіндегі көлік пен сауда шығындары кіреді. Халықаралық көлік тасымалына жұмсалған ақша статистикада бөлек есептеледі.

Халықаралық туризмнің статистикасы мәліметтерді жинаудың түрлі формаларын пайдаланады. Статистикалық байқаулар ресми есеп беру немесе арнайы зерттеу арқылы жүргізіледі. Бірінші формасында статистикалық мәліметтерді кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және т. б. бекітілген үлгі мен белгілі мерзімде беріп тұрады. Туризм туралы мәліметтер көбінесе осындай есептер арқылы жиналады. Бірақ бұл әдістуризм статистикасын жан-жақты толықтыра алмайды. Сондықтан жетіспейтін мәліметтер арнайы зерттеулер, санақтар арқылы жинақталады.

Статистикалық бақылаудың ең көп тараған әдістері - шекарадағы тіркеу және орналастыру құралдарындағы келулерді тіркеу болып табылады.

Шекарада (барлық бақылау - өткізу пункттерінде, әуежайларда, порттарда т.с.с.) елден шыққан немесе елге кірген кезде кедендік бақылау өтеді. Саяхатшылар жөніндегі ақпарат көздері - келу карточкалары мен осыган сәйкес формалар, паспорттар мен визалар. Бұл қүжаттарда туристердің жынысы, жас мөлшері, азаматтыгы, сапар мақсаты мен мезгілі, пайдаланатын құралдары және т.б. мәліметтер белгіленеді. Мұндайәдістің кең қолдануымен бірге, оның кемшілігі де бар: туристердің санын шекарадан өту саны бойынша есептегенде бір адамды бірнеше рет санап қоюы мүмкін, сондықтан туристік ағымдар көлемі шын көлемінен асып кетеді.

Туристердің санын бір жерден екінші жерге барғанда да, тоқтаған жерлерінде де есептейді. Қонақ үйлер мен басқа орналасу құралдарында келулердің ағымдағы тіркеуін жасайды. Әрбір келуші тіркеу карточкасын толтырады. Онда келген адам саны, азаматтығы немесе тұратын елі, келген күні мен отельде (кемпингте т.б.) болу уақыты жазылады.Мұндай мәліметтер қонақ үй базасының толықтырылуын қадағалауга мүмкіндік туғызады. Алайда, орналастыру құралдарының барлыгы статистикалық есептерін бере бермейді.Мысалы,жиһазданған бөлмелерде, пансионаттарда, меншікті пэтерлерде тоқтаған туристер тіркелмейді. Нәтижесінде туристік ағым көлемі шын көлемінен томен болып көрсетіледі.

Статистикалық бақылаудың негізгі әдістерімен қоса арнайы бақылау жүргізілсе туристік ағымдардың есебі өте дәлболады. Мұндай жүйе Үлыбритания, Франция және Бельгияда қолданылады.

Арнайы зерттеулер әртүрлі әдістермен өткізіледі. Кейде келушілердің белгілі бір тобына қатысы бар фактілер қарастырылады. Мысалы, тек қана іскерлік мақсатында немесе автомобильде сапар жасайтын тұлғалар, немесе зерттелетін ауданнан (елден) келетін тұлғалар тіркеледі. Басқа жағдайда уақытша келушілердің ең үлкен жігі зерттеледі.

Туристік шығындар мен табыстарды әртүрлі әдістермен есеп-тейді. Халықаралық туризмнен түсетін валюталық табыстарды банк есептері немесе сүрыптаулық зерттеу арқылы анықтайды.

Банк әдісінің мәні: халықаралық туристер жасайтын валюталық операциялары жөніндегі ақпарат жинақталады. Орталық (Ұлттық) банк коммерциялық банктер мен валюта айырбастау пункттері арқылы туристік шығындарды есептейді. Банк әдісі Франция мен басқа еуропалық елдерде қолданылады. Бұл әдістің бірталай артықшылықтары бар: туристерден қосымша ақпарат алуды қажет етпейді, шекаралық формалдылықгары мен статистикалық органдар дың жұмысын қиындатпайды. Дегенмен, банк әдісімен бақылау жасағанда қателер пайда болуы мүмкін. Бүның себептері мынадай:

- валютаның параллелді нарығының бар болуы жәнеқаржылық шектен шығулық. «Қара нарығы» бар елдерде валюта ағымының бір бөлігі банк арналарын айналып өтеді. Шағын айырбастау пункттері кейде шетел банкноталарын сату-сатып алу фактілерін жасырып, халықаралық туризмнен түсетін валюталық түсім көлемін төмендетеді;

- жеке және заңды тұлғалар кейде ақшалай валютаны төлем құралы ретінде пайдаланғысы келмейді. Туристік кәсіпорындар мен ұйымдар өз жұмысында клиринг яғни шетел туристерімен алмасу кезінде өзара есептесу-компенсацияларды қолданады. Осындай операциялар, және де туристік тауарлар мен қызмет үшін карточкалар бойынша төлем жасау әрекеттері банк әдісі қолданылған жағдайда есепке кірмейді;

- ерекше ірі ауқымды халықаралық валюталық операцияларды тіркеу кезіндегі ауытқулар. Кейбір елдерде тіркеуге жататын ұлтаралық операциялар үшін жоғары бастапқы деңгейі орнатылған. Орташа көлемдегі туристік шығындар осы деңгейден аспайды және статистикалық есептерде көрінбей қалады;

- уақытша болатын елде айырбасталмаған жергілікті валютаның турист қалтасында болуы. Өз елінде айырбастап әкелген немесе шетелде қарызға алған шетел валютасы банк әдісімен есептелетін статистикаға кірмейді;

- банк әдісі шетел туристерінен түсетін валюталық түсімі жөнінде аумақ бойынша дұрыс есептерді жасауға мүмкіндік бермейді. Есеп ақшаның шығу тегі елдері бойынша жүргізіледі, ал мұндай жағдай қателерге әкеліп соғады. Валюталық түсімдердің дәл есебін жүргізу үшін банк әдісін жүйелі түрде өткізілген арнайы зерттеулермен толықтыру қажет.

Сұраптаулық зерттеулер шетел саяхатшыларына бақылау-өткізу пункттерінде сауал жасау түрінде жүргізіледі. Осындай зерттеулердің мақсаты бір туристің тәуліктегі шығындары мен валюталық түсім көлемін анықтау болады. Мұндайзерттеулер АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия мен Швейцарияда жүйелі түрде өткізіледі.

Сұраптаулық зерттеудің дұрыс құрастырылған жоспары дәл ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бірақ, қандай да статистикалық зерттеу болса да, қате пайда болуы мүмкін. Әртүрлі ауытқулардың себептері мынадай:

- шетел туристерінің қосымша жайғасу орындарындағы түнеу санының дәл есебінің болмауы;

- есеп жасаудың біркелкі әдістемесінің болмауы. Зерттеуге жа­татын бірліктер жүйесіз түрде - бір жағдайда әрбір бесінші шетел турисі, басқа есептерде мыңыншы турист таңдалады;

- есепке алынған туристердің репрезентативтік сипатта болмауы яғни дәл осындай құблысты дұрыс көрсетуге жарамайтындығы. Мұндай жағдайда зерттеуге таңдалған яғни сүрапталған топтар барлық шетел туристер жиынтығын толық түрде сипаттай алмайды.

Халықаралық деңгейде көрсеткіштерді салыстырған кезде көптеген қиындықтар пайда болады. Статистикалық мәліметтер саны, оларды жинақтау әдістері, қүн көрсеткіштері, қолданылатын классификациялар әр елде өзінше қолданылады. Тіпті «турист» деген бастауыш ұғымының анықтамасы да бірдей емес. Сонымен қатар, түрған жерінен тыс болу мерзімін (1-5 түнеу және одан артық), жас сатыларын, сапар мақсатын анықтағанда айырмашылықтар байқалады.

Туризм жөніндегі статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және тарату ісі ЮНВТО қызметінің өте маңызды багыты болып түр. Оның басқару органы - Атқару кеңесінде Статистика бойынша комитеті, ал секретариат құрамында статистика секторы ұйымдастырылған. Бұл бөлімшелерге анықтама аппаратын рет-теу, статистика қағидалары мен әдістерін әзірлеу, сауалнамалар мен мәліметтерді өңдеуге жәрдемдесу, тәжірибемен, мамандармен алмасуды қамтамасыз ету міндеттері артылған.

1991 ж. шілде айында ЮНВТО, Канада үкіметімен бірігіп, Саяхаттар мен туризм статистикасы бойынша халықаралық конференциясын өткізді. Онда бірқатар құралдар, ұсыныстар мен нұсқаулар, оның ішінде «Туризм аясындағы статистикалық сауалнама жасауәдістемелігі» оқу құралы және «Ұлттық туристік әкімдік (¥ТӘ) құрамындағы статистика қызметін қалыптастыру және оның іс-әрекеті» деген ЮНВТО басты директивалары ұсынылды.Оттава конференциясының нәтижесінде ЮНВТО Туризм статистикасы бойынша ұсыныстарын әзірледі. Олар 1993 жылы қабылданды.

Ұсыныстарда статистикалық ақпараттың ұлттықжәне халықаралық деңгейіндегі үйлесімділігіне ерекше назар аударылған. Ол үшін туризмнің анықтамасы берілген, оның негізгі түрлері (ішкі, кіру, шығу туризмі) белгіленген, халықаралық және ішкі келушілер түсініктері дәлденген, «үлттьщ туризм» мен «ел ішіндегі ту­ризм» деген жаңа ұғымдар енгізілген. Қүжаттың арнайы тармағы туристік шығындарға, олардың кү-рылымы мен төлем балансындағы көрсеткіштерге арналған.

Сонымен қатар, ЮНВТО-ның ұсыныс жөніндегі баяндамасына Туризмдегі қызмет түрлерінің Стандарттық халықаралық классифи­кациям,! СИКТА (ТҚТСХК) да кірді. СИКТА (ТҚТСХК) мақсаты - туризмнің толық статистикалық көрінісін жасау; туризммен байланысты экономикалық іс-әрекетнәтижелерін ұлттық шоттарда жан-жақты көрсету; туристік статистикалық мәліметтерді салыстыруды жеңілдету мақсатында экономиканың туристік секторының шекараларын орнату; туристік нарық конъюнктурасы жөніндегі ақпараттың ақиқаттығын арттыру; туризмнің халықаралық сауданың дамуына жасайтын үлесіне және елдің төлем балансына тигізетін әсерне баға беру болып табылады. СИКТА (ТҚТСХК) 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясымен уақытша классификациясы ретінде қабылданды.

Қайталау сұрақтары

1. Қандай факторлардың әсерінен туристік статистика ең алгашцыда цалыптаса бастаған?

2. Халықаралықтуризм статистикасында қандай көрсеткіштер негізгі болып табылады?

3. Туристік ацпаратты окинацтаудың қандайформалары бар?

4. Статистикалық бацылау рөлі қандай?

5. Туристік келулерді тіркеу әдістері қандай?

6. Туристік табыстар мен шығындар есебінің әдістері қандай?

7. Статистикалықбайқаудыңбанкәдісініңартықшылықтарыменкемшіліктеріқандай?

8. Туризмдегі сұраптаулық зерттеу деген не жәнеол қалай өткізіледі?

9. ЮНВТО-ның туризмдегі статистика дамуындағы рөлі қандай?

§ 5 Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары

80-ші жылдардың орта шенінен бастап экономикалық конъюнктураның нашарлауы туристік тұтыну құрылымына үлкен әсерн тигізуде. Дамыған елдердегі дағдарыспен бірге халықтың тұтыну қабілеті төмендеуде. Жұмыссыздар саны шұғыл өсуде. Дағдарыс туристік қызметтің негізгі тұтынушыларына - қоғамның орта таптарына ең үлкен әсертигізіп, оларды өз бос уақытын ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздестіруге итермеледі.

Экономикалық конъюнктураның нашарлауына байланысты, әлеуметтік сферадағы өзгерістер туристік сұраныска әсер етуде. Зейнетке шығу жас мөлшері төмендеді, жыл сайынғы демалыс мезгілі ұзартылды, еңбек аптасы қысқартылды, жұмыстың қатаң емес графигі енгізілуде. Осының нәтижесінде жң)ттьщ бос уақыты көбейіп, туристік қызмет тутынушыларының шенбері кеңейді.

Жасы келіп қалған адамдардың туристік белсенділігі жоғары. Экономикалық дағдарыс жағдайында қиыншылықтарға үшыраған кейбір кәсіпорындар зейнет жасына жетпеген адамдарды демалысқа шығарып салуда. Мұндай адамдар элі де болса мықты, ширақ, бос уақыты мол жәнеқаражатын саяхат жасау үшін жұмсауға дайын, сондықтан жұрттың бұл тобы ішкі және халықаралық туризм нарығына ойдағыдай әсеретеді.

Сонымен бірге, туристік сұраныс субъективті факторлардың әсеріне де байланысты.Жаңа қүндылықтардың пайда болуымен бірге адам психологиясы да өзгереді. Бұл өзгерістердің себептері мынадай:

- әртұлға өз қабілеттерін еркін іске асыра алады;

- басқа тұлғалармен, әлеуметтік топтар және мекемелермен қатынас жасау жеңілдеді және де адамның өз таңдауына байланысты;

- табиғатқа деген жаңа көзқарастың қалыптасуы.

Аталған факторлар туристік тұтгнуға біршама өзгерістерді енгізді. Экономикалық жағдайдың нашарлауы мен бос уақыттың көбеюіне байланысты екі басты тенденция орын алып түр: дема лыс уақытының бөлінуі мен қысқа мерзімді сапарлар санының көбеюі. 80-ші жылдардың басында Австрия мен Ұлыбританияда халықтың 20% жаз бен қыс мезгілінде демалысқа барған, ал 10% жылына үш немесе одан да көп рет саяхатқа аттанған. Мұндай жағдай Италия, Германия, Еуропаның басқа да елдерінде байқалады. Турлар қысқа бірақ жиі болып кетті. Бұл құбылыс батыс әдебиетінде «интервалдармен (үзілістермен) жасалатын саяхаттар» деп аталды.

«Интервалдармен жасалатын саяхаттар» туристік фирмалар үшін табысты іс болып, олар осындай турлар сұранысын қолдауға ұмтылды. Себебі - жай ғана туристерге қарағанда қысқа мерзімді келушілердің бір күндік шығындары олардан жоғары болады. Жәнеде, осындай саяхаттар сұранысы жыл он екі ай жоғары болады (сәуір, қыркүйек, қазан, ақпан айларында сэл ширайды), яғни қонақ үй мен көлік жұмысының маусымдық тұрақсыздығын төмендетеді.

Батыс Еуропа жұрты демалыс және мереке күндеріндегі марпі-руттарды ұлатады.Бұларға көрмелерге, мұражайларға, галереяларға, ұлттық саябақтарға, карнавалдарға, дегустацияларға, дүкендерге бару әуесі кіреді.

Қысқа мерзімді сапарлар үшін көбінесе жеке меншікті автомобильдер қолданылады. Түнеу үшін осындай туристер қонақ үйлерді пайдаланады.

Қысқа мерзімді сапарға шыққан туристердің батыс еуропалық нарығында басты «жіберушілері» Германия мен Ұлыбритания. Еу­ропа елдерінің ішінде қысқа мерзімге келушілерінің саны бойынша бірінші орында Франция орналасады. Осы елге Германия, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Испания елдерінен келетін туристер ағылып тұрады. Жыл сайын Францияда қысқа мерзімді туризм 25%-ға өседі, яғни ұзақ мерзімді туризммен салыстырсақ 3-4 есе жылдам.

Тағы бір тенденция - қарт адамдардың туристік сұранысының өсуі. Бос уақыты мол зейнеткер үшін туристік сапар белсенді өмір сүру формасы болып табылады. Қазіргі қарт адамдар бұрынғы қарттарға қарағанда белсенді, ширак, жігерлі болады. Еуропада туристік бум басталғанда олардың жасы шамамен отызда болған. Сол кезден ба-стап олар саяхаттарға белсенді қатыса бастаған, содан бері туризм өмірлерінің толыққанды бір бөлігі болып кеткен. Қарттар әдетте топтық турларды үнатып, әртүрлі ұйымдар мен тураганттіктердің қызметін пайдаланады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1221; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.