Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм маркетингі 5 страница




Қарт туристердің үлкен жігі арнайы туристік өнімді қажет етпей жастармен бірге демала береді. Бірақ, кейбір сапарларды, мысалы, круиздік және автобустық турларды әсіресе жасы елу бестен асқан тұлғалар жақсы көреді.

Денсаулығы нашар қарт адамдар да құр қалмайды. Олар да са яхат жасауды ұнатады. Халықтың бұл тобы үшін «төртінші жас» бағдарламалары ұйымдастырылады. Мұндай бағдарламаларды «Дай-нэдж Ассосиэйшен» (Дания), «Сенье Ваканти План» (Нидерланды) немесе «Свериджес Пенсионарсфорбинд» (Швеция) сияқты арнайы құрылымдар іске асырады. Алдыңғы қатардағы туристік фирмалар, осы тенденцияны ескеріп, өз жұмыстарына өзгерістер енгізуде.

Демалыс стилінде де өзгерістер пайда болуда. «Үш S» - Sea-Sun-Sand(теңіз-күн-жағажай) қағидасының орнын «үш L» - Lore-Landscape-Leisure(ұлттық салт-дәстүрлер-пейзаж-бос уақыт) формуласы алуда.

Күнделікті үйренішті болмыстан шаршаған адам жергілікті ерекшеліктерге, басқа елдердің тұрмысына, мәдениетіне, жүріс-тұрысына ерекше назар аударады. Белсенді демалыс қажеттілігі де баршаға мәлім. Жұртбұлшық етіне түсетін ауыртпалықтың жетіспеулігін толықтыру үшін, өндіріс пен тұрмыстағы кернеуді төмендету үшін саяхатқа аттанады.

Рекреациялық мотивацияның эволюциясы жеке еркіндіктің кеңеюі жағдайында өтеді. Әр адам қандай да бол сын ешқандай сыртқы қысымсыз, өз еркімен өз туристік сапар бағдарламасын таңдағысы келеді.

Атақты француз туризмологы М. Бретон-Жерар (М. Breton-Gerard) айтуынша, «Бүгінгі таңда турист шытырман оқиға іздеп, спортшыға ұқсай бастайды. Өз көңіл-күйі мен ауа-райының жағдайына қарамастан, өз қабілетінен асып түскісі келеді де табиғатпен жүздесе бастаған уақытынан бастап өзі де өзгереді. Енді турист жолға тәуелсіздік, ойын-сауық пен өмір күшін қуып аттанады. Өзіндік, жеке қасиеттерін көрсеткісі келеді. Оған ұжымдық қасиет тән емес. Аз уақытқа болса да, көпшілік жұрттан қашып кеткісі келеді, үйренбеген өмір дәмін татқысы келеді» [46].

Қайталау сұрақтары

1. Халықаралықтуризм дамуының XX ғасырдың 80-ші жылдарында жаңа тенденциялардың цалыптасуына әсереткен негізгі факторларды атап шығып, оларға сипаттама беріңіз.

2. «Үзіліспен жасайтын саяхаттар» жөнінде айтып беріңіз.

3. Қарт адамдардың туристік сұранысының кеңеюі тенденциясы жөнінде

әңгімелеп беріңіз.

4. Үш «S»-meH үш «Ь»-ге бірте-бірте өту туралы айтып беріңіз.

§ 6 Әлемдік халықаралық туризм географиясы

Көптеген жағымсыз факторларға, мысалы, саяси және экономикалық тұрақсыздық, ланкестіктің өршуі сияқты жағдайларға қарамастан, соғыстан кейінгі халықаралық туризм экономиканың сенімді де мықты түріне айналды.Әдетте экономикалық тоқырау кездерінде сұраныс не бұрынгы қалпында қалған, не экономиканың сауығанынан кейін бұрынгы деңгейіне жеткен. Бірақ бұл үрдіс барлық туристік орталықтары арасында бірдей түрде байқалмайды. Кейбір орталықтар сэннен шығып кеткенінен немесе туристердің қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ете алмағанынан ұмытылып кетті.

ЮНВТО өткізген әлемдік туризмнің зерттеуі халықаралық туризміндегі ойдағыдай өзгерістерді анықтады. Еуропаға 1985-1996 ж. келген туристер санының үлесі 65-тен 59% дейін, ал түскен табыс 53-тен 51% дейін төмендесе, дәлосы уақытта Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағының (ШАТ) елдерінде бұл көрсеткіштер әлдеқайда өсті: 9-дан 15% дейін және 11-ден 19,5% дейін. 1950-1960 ж. жалпы әлемдік келулеріндегі осы аймақтың үлесі бір-ақ пайыз болған, 1970 ж. 3% жетті, 1980 ж. - 7, 1990 ж. - 11, 1996 ж. -15% болды. Халықаралық туризмнен түскен ақша үлесі де үнемі өсуде: 1950 ж. - 1,4%, 1960 ж. - 2,8, 1970 ж. - 6,2, 1980 ж. - 7,3, 1996 ж. -19,5% жетті. Бұл көрсеткіштер Аустралия, Гонконг, Индонезия, Ко­рея, Сингапур, Таиланд сияқты елдердің туризм саласының қарқынды жәнетұрақты дамуын суреттейді.

Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның халықаралық туризмдегі 50-90-шы жылдарындағы үлесі шамалы болтан, бірақ өзгеріп тұрды. Бұл аймақтар Еуропа, Солтүстік Америка, ШАТаймақтарымен шетел қонақтарының келуі бойынша да, халықаралық туризмнен түсетін пайдасы бойынша да бэсекелесе алмайды. Мұныңастары экономикалық проблемаларда жатыр. Осы аймақтардың туристік орталықтары туристерді шығаратын елдер үшін қызықты нарығы болып табылады. Мұнда халықаралық туризмге кері әсерн тигізетін ланкестік актілері мен соғыс шайқастары болып жүрсе де, туристер шығаратын елдердегі экономикалық қиындықтарынан осы аймақтардағы туризм одан да көп зардап шегеді.

14-кестеде ЮНВТО белгілеген алты аймақтың алдыңғы қатардағы елдер-туристік орталықтар және осы елдерге туристік ағымдарды қалыптастыратын елдер тізімі келтірілген.

Әлемдегі негізгі туристік ағымдар Еуропаның (Ұлыбританиядан Францияға, Германиядан Испанияға т.с.с), Американың (АҚШ-пен Канада арасында), ШАТ (Жапониядан Таиландка) ішінде шоғырланған.

Аймақтар арасындағы агымдардың ішінде Америка мен Еуро­па арасындағы ағымдар бірінші орында. Мұның себебі - Атлантика үстінен өтетін әуе тасымалдаудың үлкен ұсынысы және бағалардың төмендеуі. Басқа негізгі бағыттар: Еуропадан ШАТ, Таяу Шығыс және Африка елдеріне; ШАТ елдерінен Америка мен Еуропаға.

90-шы жылдары жылына бір миллионная астам шетел туристерін 50 ел қабылдаган, ал 23 елге 5 миллион және одан коп турист келіп кетті. 15-кестеде келген туристердің саны бойынша алдағы он ел тізімі келтірілген.

Туризмнен түсетін пайда бойынша АҚШ, Испания, Франция, Италия жәнеҰлыбритания алдыңғы орында түр (16-кесте). ЮНВТО берген мәліметтері бойынша 2009 жылы Испания Франция мен Италиядан озып, АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты.

ЮНВТО мәліметі бойынша, туристерді шығарушы алдыңгы қатардағы он елдің төртеуі еуропалық елдер.

14-кесте

Әлем аймақтарындағы халықаралықтуризм
Аймақтын туристік орталықтары болып табьшатын елдер Аймақка туристерді жіберетін негізгі елдер
Африка  
Тунис, Марокко, Алжир, ОАР, Ботсвана, Кения, Зимбабве, Свазиленд Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, АҚПІ, Испания, Швейцария, Нидерланды
Америка  
АҚШ, Пуәрто-Рико, Канада, Доминикан Республикасы, Мексика, Бағам аралдары, Аргентина, Бразилия АҚШ, ¥лыбритания, Канада, Германия, Мексика, Франция, Жапония, Скандинавия елдері
ШАТ*  
Қытай, Малайзия, Гонконг, Жапония, Таиланд, Корея, Сингапур, Аустралия Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Корея, Таиланд, Аустралия
Еуропа  
Франция, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Венгрия, Швейцария Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Италия, Скандинавия елдері, АҚШ, Бельгия
Таяу Шығыс  
Иордания, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ, Сирия, Бахрейн Египет, Иордания, АҚШ, Германия, ¥лыбритания, Франция
Оңтүстік Азия  
Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Непал, Мальдивы, Бангладеш, Иран ¥лыбритания, Үндістан, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Италия
* ШАТ - Шығыс Азия және Тынык мұхит аймағы  
Дерекнама: ЮНВТО  

2009 ж. туристерді қабылдауы бонынша алдыңғы орындағы он ел

Ел Туристер саны, млн. адам Бүкіл әлемдегі үлесі, %
1. Франция 74,2 8,4
2. АҚШ 54,9 6,2
3. Испания 52,2 5,9
4. Қытай 50,9 5,8
5. Италия 43,2 4,9
6. ¥лыбритания 28,0 3,2
7. Түркия 25,5 2,9
8. Германия 24,2 2,8
9. Малайзия 23,6 2,7
10. Мексика 21,5 2,4
Әлем бойынша барлыгы    

Дерекнама: ЮНВТО

16-кесте

Туризмнен түсетін пайда бойынша алдыңғы катардағы он ел (2009 ж. халықаралық туристік түсімдер)

Ел Туризмнен түсетін пайда, млрд. долл. Бүкіл әлемдегі үлесі, %
І.АҚШ 93,9 11,0
2. Испания 53,2 6,2
3. Франция 49,4 5,8
4. Италия 40,2 4,7
5. Қытай 39,7 4,6
6. Германия 34,7 4,1
7. ¥лыбритания 30,0 3,5
8. Аустралия 25,6 3,0
9. Түркия 21,3 2,5
10. Австрия 19,4 2,3
Әлем бойынша барлыгы    

Дерекнама: ЮНВТО

Туристердің шығындары бойынша бірінші орынды АҚШ алады, одан кейін Германия, Ұлыбритания мен Жапония. Жапония соңғы жылдары өз елінің оң төлем балансын қамтамасыз ету үшін азаматтарының шетел саяхат жасауын қолдайды [3].

Халықаралық туристік ағымдардың рецепторлары, сонымен қатар, шығарушы нарық болып табылады. Келетін туристер саны бойынша алдыңғы қатардағы кейбір елдер, мысалы, Шьиғыс Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдері, табысы бойынша бірінші болмауы да мүмкін.

Туристердің, демек, ақшаның алмасуы индустриялық және жаңа индустриялық елдер арасында өтеді. ЮНВТО мәліметі бойынша, алдыңғы қатардағы жиырма туристік елдер арасында дамушы елдер жоқ.

Туристік нарықты талдау мақсаттары мынадай:

- халықаралық туризм өсетін және төмендейтін аймақтарды анықтау;

- туристер саны мен олардан түсетін табыстардың географиялық таралуын, осындай айырмашылықтар динамикасының себептерін түсіндіру;

- халықаралық туризмнің экономикалық дамуының маңызды әлементіне айналуына үлкен потенциалы бар елдерді анықтау.

Халықаралық туристік ағымдардың географиялық шоғырлануы сауданың географиялық шоғырлануына сәйкес, бірақ екі айырмашылығы бар.

Біріншіден, туризмнен түсетін пайда бойынша оң балансына ие болған елдердің, мысалы, АҚШ, Испания, Португалия, Грекияның сауда балансы кейде теріс болады. Керісінше, туристік алмасуда теріс балансы бар елдердің сауда балансы оң болады, мысалы, Германия, Жапония.

Екіншіден, индустриялық елдер арасындағы туристік қызметтер алмасуы, тауар саудасындағыдай, міндетті түрде үқсас өнімдер алма­суы бола бермейді. Шынында да, индустриялық елдер арасындағы тауарлар алмасуы ең алдымен бір категориядағы тауарлар алмасуы түрінде өтеді, мысалы, АҚШ пен Жапония арасындағы автомобиль саудасы немесе Еуропа елдері арасындағы азық-түлік өнімдерінің са­уда алмасуы. Мұндай сауданы сала ішіндегі сауда деп атайды. Туризмде үқсас өнімдер алмасуы болады, мысалы, мәдени туризм секторында, бірақ алмасу көлемі шағын. Әдетте туризмнің дәстүрлі түрлерінің алмасуы болады. Мәселен, Солтүстік Еуропа тұрғындары демалы-сын Жерортатеңіз ьсурорттарында өткізсе, оңтүстік жылы елдерінің тұрғындары тау шаңғы курорттарын таңдайды.

Қайталау сұрақтары

1. ЮНВТО ұсынган әлемнің 6 туристік аймақтарын атап беріңіз.

2. Әлемдік халықаралық туризмнің XX ғасырдың екінші жартысындағыдаму динамикасы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

3.Әлемдік халықаралық туризмніңқазіргі географиясы жөнінде әцгімелеп беріңіз.

4. Әлемнің туристік аймақтарының негізгі туристік орталықтары мен олардағы басты туристерді шыгарушы елдерін атап шығыңыз.

5. Туристік келулер бойынша әлемнің алдыңгы цатардағыон елін атап шығыңыз.

6. Туризмнен түсетін пайда бойынша әлемнің алдыңгы цатардағы он елінің сипаттамасын беріңіз.

7. Әлемнің әрбір туристік аймагындағы туристік нарықты талдау магынасы неде?

§ 7 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рөлі

Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері мемлекетаралық деңгейде шешіледі, сондықтан халықаралық туристік ұйымдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады. Туризмнің жалпы саясатының барлық елдерге жарайтын халықаралық-құқықтық реттелу мәселелері (туристік формалдылықтарды жеңілдету, туризм дамуын жеделдететін немесе тежейтін саяси-экономикалық шаралар және т. б.) тек осындай деңгейде шешілуі мүмкін.

Халықаралық туризмнің құқықтық реттелуі ең алдымен Б¥¥ шеңберінде өткізіледі. БҰҰ қарамағында халықаралық туризмнің құқықтық реттелуі мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенциялары әзірленіп, қабылданды. БҰҰтуризм мамандары мәселелері жөнінде, халықаралық туризм статистикасы бойынша бірталай халықаралық семинар мен коллоквиум ұйымдастырған.

Елдердің туристік және көлік ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру қажеттілігі 20-шы жылдардың бас шенінде туындады. Осыған орай 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциацияларының халықаралық конгресі, 1927 жылы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгресі, ал 1930 жылы Туризмнің ресми ұйымдары мен насихатының халықаралық одағы ұйымдастырылады.

Туризм аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың дұрыс әрекетгеспеуі оның дамуын тежей бастаған. Осыған орай 1947 жылы аталған үш ұйымның орнына Парижде Ресми туристік ұйымдарының халықаралық одағы (РТҰХО) ұйымдастырылды. Бұлұйымға үкіметтік ұйымдармен бірге үкіметтік емес, бірақ өздерінің ұлттық үкіметтері оларды ұлттық туристік ұйым ретінде қабылдаған ұйымдары мүшелері болып 116 ел өкілдері кірді.

БҰҰБас Ассамблеясының 1969 жылғы 5 желтоқсан күні қабылданған резолюциясы бойынша үкіметтік емес РТҰХО, үкіметаралық Дүниежүзіліктуристікү_йым(ЮНВТО)болыпқайта ұйымдастырылды. Бұл оқиға халықаралық туризмнің экономикалық, мәдени, әлеуметтік маңызымен бірге оның саяси маңызын атап көрсетті.

Осы резолюцияға сәйкес, 1970 ж. 27 қыркүйек күні ДТ¥ Жар-ғысының жобасы қабылданды. ЮНВТО Жарғысы 51 мемлекет оны ратификациялағаннан кейін 1975 жылы 2 қаңтар күні іске қосылды. Сондықтан ЮНВТО құрылуының ресми мезеті - 1975 ж. 2 қаңтар күні болып есептеледі. Қазіргі таңда ЮНВТО-ға 100 толық және150 ассоциацияланған және қосылған мүшелері кіреді. Соңғы аталғандардың ішінде туристік агенттіктер мен ұйымдар, әуе ком-паниялары, туризмнің ғылыми мекемелері мен орталықтары, қонақ үй торлары мен қоғамдық тамақтандыру корпорациялары, кәсіби дайындық орталықтары және т. б.

ЮНВТО жарғысы ұйымның мақсаттарын, міндеттерін, сипатын, құрылымын және функцияларын бекітті. ЮНВТО негізгі міндеті -«экономиканың дамуына, халықаралық өзаратілдесуге, бейбітшілікке, өркендеуге, нэсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамай барлық адамдарды қүрметтеуге және адам құқықтары мен еріктерін сақтауға үлес қосу мақсатында туризм дамуын қолдау» болып табылады [47]. ЮНВТО Жарғысы ашық болып саналады жәнеонда мүшеліктің толық, ассоциацияланған және қосылған мүшелері дәрежелері ескерілген. Толық мүше статусы барлық егеменді елдер үшін ашық. Ассоциацияланған мүше статусы өзінің сыртқы қатынастары үшін жауапты емес аумақтарға немесе аумақтар топтарына беріледі. Қосылған мүше статусы туризмде арнайы мүдделері бар үкіметаралықжәне үкіметтік емес халықаралық ұйымдарға, және қызметі ЮНВ­ТО мақсаттарына сәйкес осы қызметтерді жүргізуге қабілетті коммерциялық ұйымдарға беріледі.

ЮНВТО жоғарғы басқару органы - екі жылда бір рет жиналатын Бас ассамблеясы болып табылады. Басқару органдарының құрамына Атқару кеңесі мен Секретариат кіреді. Бас ассамблея алты аймақтық комиссияларын: Еуропа, Африка, Америка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Азия мен Тынық мүхит аймағының комисси­яларын және Туризм бойынша жоғары халықаралық оқу орталығын тағайындайды.

Комиссияларға мынадай міндеттер артылады:

- бір стандартқа келтірілген туристік мотивациялардың (түрткілердің) жіктелуін жасау;

- саяхатшылардың әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын жа­сау;

- аудиовизуалды материалдарды даярлау;

- туристер және туризм аясының қызметкерлеріне сауалнама жа­сау;

- секторларды қолдау миссиясы.

Комиссиялардың қызметі БҰҰдаму бағдарламасы арқылы қар-жыландырыл ады.

ЮНВТО Атқару кеңесі әрбір бес толық мүшеге бір адам қағидасына орай Бас ассамблея таңдайтын толық мүшелерден тұрады, және де мұнда эділеттілік географиялық өкілділік принципі орындалады.

Кеңес тұсында бірқатар қосымша органдар: туристік формалдылықтарды жеңілдету комитеті, бюджеттік-қаржы комитеті, қоршаған орта комитеті және бағдарламалар мен координация бойын­ша техникалық комитет өз жұмысын атқарады. ЮНВТО бюджеті мүшелерінің жарналары арқылы қаржыландырылады. Жарна көлемі әр елдің экономикалық даму деңгейі мен осы ел үшін туризмнің маңызына байланысты.

Туризм индустриясы дамуының ЮНВТО шеңберіндегі ортак стратегиясына жету үшін мынадай шаралар қажет болады:

1) туризм индустриясы дамуын жоспарлау;

2) ЮНВТО мүшелері болған елдердегі туризм мен демалыстың географиялық таралуымен байланысты мәселелері мен мемлекет саясатын талдау;

3) ұлттықжәнеаймақтық жер пайдалану жоспарларын әзірлеу;

4) ресурстар қажеттілігі мен бүкіл адамзат мүдделерін үйлестіруін ескеруімен туризм индустриясы дамуы жәнеаймақтық жоспарлау арасындағы өзара байланыстарды талдау;

5) туризм индустриясы дамуының экологиялық салдарларынескеру;

6) туризм индустриясы дамуының әлеуметтік салдарларын ескеру;

7) туризмнің даму жоспарларын іске асыру бойынша жалпы стра­тегия мен шараларды әзірлеу.

ЮНВТО елдер мен аймақтардағы туризмнің тұрақты даму жо­спарларын әзірлеу әдістері мен жалпы стратегиясына, туристік іс-әрекеттің нормативтік-құқықтық базасына, туристік инфрақұрылымды тиімді пайдалануына, демалыс алкаптарындағы жер мен меншік күқықтарына, ұлттық парктер мен қорықтарды ұйымдастыруға байланысты саясатқа ерекше назар аударады.

ЮНВТО өз мүшелеріне мынадай екі қызмет түрін көрсетеді:

1) туризмнің халықаралық-құқықтық реттелуі аясында бұл ұйым ез мүшелері арасында тәжірибе алмасу жүргізген кезде қолданылатын заңнамалық құжаттарды сұраптау;

2) ЮНВТО туризм аясындағы кұжатнама орталығының халықаралық туризм бойынша жаңа баспалардың ақпараттық библиографиялық тізімін шығару.

1980 жылы ЮНВТО Бас ассамблеясы 27 қыркүйек күнін (1970 жылы ЮНВТО Жарғысын қабылдау күні) Дүниежүзілік туризм күні ретінде жариялау шешімін қабылдады.

ЮНВТО жүйелі түрде 6 аймақ елдеріндегі халықаралық туризм да-муын талдайды. Туризм дамуына септігін тигізетін және оны тежейтін факторлар анықталады; шетел туристердің қүдықтарын қорғау және олардың қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдары іздестіріледі; туристік қызметтің диверсификациясы аясындағы мемлекетаралық қатынастардың формалары анықталады және туроператорлар мен туристерді қабылдайтын елдердегі серіктестері арасындағы, сонымен қатар, туристік қызмет түгынушылары мен өндірушілері арасындағы байланыстардың күдықтық қамтамасыздану бағыттары анықталады.

ЮНВТО қарамағында ұлттықжәне халықаралық деңгейде турис-тік даму жоспарларын әзірлеу әдістемелігі жасалған.

1979 жылы Торремолинос қаласында (Испания) ЮНВТО Бас Ассамблеясының IIIсессиясы өтті. Онда Туризм хартиясы мен Ту­рист кодексі жобаларын әзірлеу сұрағына ерекше назар аударылған. Аталған күжаттар 1985 жылы Софияда ЮНВТО Бас Ассамблеясының IVсессиясында қабылданды.

Туризм хартиясының Iбабында: «Әр адамның демалыс пен бос уақыт, кезекті ақылы демалыс қүқығы және заң шеңберінде шектеусіз саяхат жасау еркі бүкіл әлемде мойындалады», деп айтылған. Осы құқыққа орай, «мемлекеттер халықаралық туризмің лайықты даму-ын қамтамасыз ететін саясатын іске асыруы қажет, және де барлық қажет етушілер үшін демалысын ұйымдастыруга міндетті» (Туризм хартиясының II бабы).

«Қазіргі және келешек ұрпақтары үшін мемлекеттер туристік ор-таны қорғауға (туристік ортаға адам, табиғат, қоғамдық қатынастар мен мәдениет кіреді және ол бүкіл адамзат игілігі болып есептеледі); саяхаттарғақойылған шектеулерді үнемі азайтып, формалдылықтарды жеңілдетуге арналған құжаттарды пайдаланып, шетел туристердің барған жерлерінің қоғамдық игілігіне қол жетуіне қолдау жасауға міндетті» (Туризм хартиясының IIIжәнеIV бабы).

Халықаралық туризмнің жалпы мәселелерімен айналысатын ең беделді халықаралық туристік ұйымы - ЮНВТО-мен бірге, бірқатар басқа да халықаралық туристік ұйымдар өз жұмысын атқарады.

Халықаралық туризмнің дамуында туризм дамуы мәселелері бой­ынша БҰҰ шеңберінде арнайы дипломатиялық конференцияларды ұйымдастырудың ынталандырушысы болған БҰҰ-ның Экономи-калық жәнеәлеуметтік кеңесі (ЭӘК) маңызды рөл аткарады.

Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) мүшелері туристік іс-әрекеттің нақты мәселелерін, оның ішінде қызмет көрсету сферасының дамуы мен жетілдірілуі; операцияларды, арнайы зерттеулерді жәнетуризм нарықтарындағы өзгерістерді ағымдағы бақылау; әуе, кеме мен автокөлік және туристерге қызмет көрсететін компанияларының операцияларын бақылау және саясаттарын қалыптастыру; кедендік формалдылықтар мәселелерін қарастырады.

Осының барлығы статистикалық есептердің біркелкі, ортақ әдістемелігін қажет етеді. Бұл мақсатта ЕЭК Женевада туризм статистикасы бойынша бірінші мәжіліс ұйымдастырды.

1975 жылы Дубровникте (Югославия) ЕЭК ауданындағы туризм индустриясын жоспарлау мен дамыту мәселелері бойынша симпозиум өтті. Онда туризм факторларының жалпы стратегиясының әдістері мен аспектілеріне; туристік инфрақұрылымды тиімді пайдалану саясатына; туризм зоналарындағы жер мен мүлік меншігі құқықтарына; ұлттық парктер мен олардың ку-қық режиміне; қоршаған орта жөніндегі заңнамаға ерекше назар аударылды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1598; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.