Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм маркетингі 6 страница




Б¥¥ шеңберінде ЕЭК-мен бірге Латын Америкасы мен Кариб ауда-ны үшін Экономикалық комиссиялар; Батые Азия үшін Экономикалық комиссиялар; Азия мен Тынық мүхит үшін Экономикалық жәнеәлеуметтік комиссия; Африка үшін Экономикалықкомиссия құрылды. Аталған комиссиялар өз аймақтарындағы халықаралық туризмнің экономикалық аспектілерін зерттейді; халықаралық туризм дамуы аясындағы саясат пен аймақтық бағдарламаларды жасау жұмыстарын жүргізеді; туристік индустриясын қаржыландыру сұрақтарымен ай-налысады; туризмді дамыту мақсатында аймақтар мемлекеттеріне техникалық жәрдем корсету үшін қажеттіліктерін анықтайды.

Б¥¥ Экономикалық жәнеәлеуметтік кеңесі жанындағы ту­ризм аясының Статистикалық комиссиясы туризм статистикасы-ның стандарттық анықтамалары мен классификацияларын бекітеді; анықтама мен терминологияның стандартқа келтіру сұрақтары бойынша резолюцияларды қабылдайды; статистика мен туризмнің біркелкі әдістемелігін әзірлейді және т. б.

Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар қатарына туризмді қоғамдық қолдау бірлестіктері, ғылыми, журналистік, мамандандырылған және т. б. ұйымдар кіреді.

¥лттық ассоциациялар мен туристік бюро мен агенттіктер одақ-тарын оларға кәсіби және техникалық көмек көрсету арқылы бірік-тіру мен бекіту мақсатында 1966 жылы Туристік агенттіктер ас-социацияларының дүниежүзілік федерациясы (ФУААВ) халықаралық үкіметтік емес ү_йым ретінде құрылды. Ұйым міндеті туристік агенттің барлықкәсіптерінің халықаралық деңгейде экономикалық, заңдық жәнеәлеуметтік аяларындағы беделін көтеру болды. Федерацияның басты мақсаты жұмыс топтарының автоматтандыру, қонақ үй шаруашылығы, көлік, кәсіби дайындық, заңгерлік қолдау, туристерді сақтандыру және т. б. мәселелері бойынша іс-әрекеттерін үйлестіру болып табылады. Әлемнің 80 елінің 80 ұлттық ассоциациялары мен

ұйымдары және 1400-ге жуық жеке мүшелері Федерация мүшелері бо­лып табылады. Олардың ішінде Туристік агенттіктердің дүниежүзілік ассоциациясы (ВАТА), Туристік агенттіктердің америкалық қоғамы (ACTA), Туристік агенттіктердің британ ассоциациясы (АБТА), Экскурсиялар мен турлардың халықаралық асоциациясы (ИСТА), Туроператорлардың халықаралық федерациясы (ИФТО), Неміс сая-хат бюроларының ассоциациясы, Солтүстік елдердің туристік бюро-лары ассоциацияларының одағы, «Томас Кук пен баласы» фирмасы және т. б.

Сонымен қатар, туристік және қонақ үй кәсіпорындарын бірік-тіретін халықаралық трансұлттық кәсіпорындар қатарына Кемпинг пен караванингтің халықаралық федерациясы (1932 ж.), Халықаралық қонақ үй ассоциациясы (1946 ж.), Конгрестер мен конференциялардыңхалықаралық ассоциациясы (1964 ж.) және т. б. кіреді.

Халықаралық туристік альянс бірлестігі (алғашқы атауы «Туристік ассоциациялардың халықаралық лигасы», 1898 ж., болтан) құрамына туристік клубтар мен автомобиль ассоциациялары кіреді. Лиганы құрастырушыларының арасында екі ресейлік ұйым болған: Саяхатшылардың орыс клубы және Орыс одағы. «Интурист» БАҚ 1959 ж. бастап альянстың косылған мүшесі болды. ¥йымның ба­сты мақсаты туризмнің барлық түрлерін, ең алдымен автомобильдік туризмді дамыту болып табылады. Бірлестік мүшелері автотури-стерге қызмет корсету бойынша семинарлар мен мэжілістерді ұйым-дастырумен, кедендік формалдылықтарды жеңілдету, жолдар мен трассаларды жабдықтау, заң көмегі және сақтандыру сұрақтарымен айналысады. Альянс неше түрлі анықтамалық ақпарат, оның ішінде: мүше болған клубтардың іс-әрекеті жөніндегі ақпарат, клубтың шетел туристеріне көрсетілетін қызметтер тізімдері-анықтамалары, автомо­биль жолдарының сүлбалары және т.с.с. баспадан шығарады.

Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА) - барлық әуе көлігінің жұмысын үйлестіретін дүниежүзілік ұйым. Оның міндеттері - әуе билеттері мен жүк квитанцияларын бір стандартқа келтіру, тіркеу мен есеп беру жұмыстарын үйлестіру, әуе билеттері бағаларын тұрақты деңгейде сақтап түру.

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына 80-нен астам ел өкілдері кіреді. Ол азаматтық авиацияның барлық аспектілерінің дамуын реттейді.

Ертіп жұруші гидтердің халықдралық ассоциациясы 1961 жылы туристерді ертіп жүретін гидтердің (туристік эскорт) кәсіби шебер-лігін арттыру мақсатында дүниеге келген. ¥йым міндеті - осындай қызметкерлерге заңдық жәрдем беру жәнемүдделерін қорғау болды. Ассоциация мүшелері қатарына 45 ел өкілдері, 2 мыңнан астам адам кіреді.

Мамандандырылған халықаралық туристік бірлестіктер қатарына әлеуметтік туризм ұйымдары, мысалы, 1936 жылы құрылған Әлеуметтік туризм бойынша халықаралық бюро (БИТС) кіреді. БИТС жарғысында бекітілген үш бағытта өз жү_мысын іске асырады:

1) әлеуметтік туризмді және оның мәселелерін зерттейді;

2) әлеуметтік туризм мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыстарды жетілдіреді;

3) әлеуметтік туризм аясында ұсыныстар енгізіп әртүрлі шаралар-ды өткізеді.

Әлеуметтік туризм ұйымдарына Дүниежүзілік кәсіподақтар ұйымының әлеуметтік туризм бойынша кәсіподақтық комитеті негізінде 1982 жылы құрылған Әлеуметтік туризм мен демалыс бой­ынша халықаралық ассоциациясы да жатады (ӘТДХА). ӘТДХА -үкіметтік емес ұйым, оның негізгі міндеті - кәсіподақ мүшелерінің туризмге, мәдениет пен демалысқа деген құқықтарын қорғау.

Халықаралық туристік ұйымдар федерациясы 1950 жылы Фран-цияда бірқатар туристік жастар ұйымдарының мұрагері ретінде пай-да болған, ЮНЕСКО-да кеңесші статусына ие. 40-тан астам елдің 200-ге жуық туристік жастар ұйымдары, оның ішінде Туризм мен жастар алмасуының халықаралық бюросы, Халықаралық студент-тер одағының Саяхаттар бюросы және басқалар, аталған Федерация мүшелері болып есептеледі.

Бұл бірлестіктердің жұмыс бағыттары мынадай: жастар топ-тарының алмасуын, гид-басқарушылар курстарын ұйымдастыру; жастар семинарлары мен халықаралық жүздесулерді өткізу; жас саяхатшыларға жеңілдіктер мен басымдықтарды ескеретін арнайы бағдарламаларды ұйымдастыру.

Жастар туризмінің өсу қарқыны (жылына 15-20%) әлемдік туризм көлемінің өсуінен (жылына 4-5%) әлдеқайда жоғары, оның білім беру функциясы мен географиясы кеңеюде. Осыған орай, жастардың туристік ұйымдарының іс-әрекеті өзара үйлестіруді қажет етеді.

Туризмнің ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциа-ция-сы (АИСТ) мамандар арасындағы байланыстарды қолдайды, туризм-нің ғылыми орталықтарына жәрдем береді, ғылыми конференцияла-рын ұйымдастырады және т.с.с. міндеттерді атқарады.

Саяхаттар мен халықаралық туризм мәселелерімен айналыса­тын журналистер мен жазушылардың ұлттық ассоциациялары мен одақтарын біріктіретін Туризм журналистері мен жазушыларының халықаралық федерациясы (ФИЖЕТ) 1954 жылы құрылған.

Халықаралық трансұлттық туристік ұйымдар мен бірлестіктермен қатар аймақтық халықаралық туристік ұйымдар мен бірлестіктер бар.

Еуропа аймағында мынадай туристік бірлестіктер жұмысын атқарады.

Еуропада туризмді қолдау мен дамыту тобы 1983 жылы Еуропалық туристік комиссия инициативасы бойынша Еуропадағы туристік бай­ланыстарды кеңейту мақсатында құрылды. Бұлтоп туристік инду­стрия секторларының техникалық өзара әрекеттесу, кооперация жәнеынтымақтастық органы болып табылады. Топ құрамына Еуропалық әуекомпанияларының ассоциациясы, Еуропалық туристік комиссия, Халықаралық автомобильдік ассоциация, Халықаралық қонақ үй ас­социациясы жәнебасқалар мүше ретінде кіреді.

Сонымен катар, Еуропада Скандинав туристік агенттіктер ассоциа-цияларының федерациясы (1939 ж.), Еуропадағы мәденимұра мен табиғи ескерткіштерді қорғау бойынша үкіметтік емес ассоциация-ларының халықаралық федерациясы (1963 ж.), Жаяу туризмінің еуропалық ассоциациясы (1969 ж.), Рекреация мен демалыстың еуропалық ұйымы (1972 ж.) және т. б. бар.

Азия аймағында Азия мен Тынық мүхит елдері үшін туризм аясы-на арналған кәсіби мамандарын даярлау, аймақ елдеріндегі туризмді дамыту, туризм сферасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1950 жылы Азиялық туризм институты ашылған. Аймақта басқа да ұйымдар бар: Азиялық-Аустралиялық қонақ үй және мейрамханалық ассоциациясы, АСЕАН мүшелері елдеріндегі туризм ассоциациясы, Азия елдерінің студенттік туристік ассоциаци­ясы, Азия мен Тынық мүхит елдерінің туристік ұйымы және т. б.

Америка аймағындағы бірлестіктердің қатарында Саяхаттар мен автоклубтардың америкааралық федерациясы, Латын Америкасының туристік ү-йымдарының конфедерациясы, Кариб туризм ассоциация-сы және баскдлары өз жұмысын атқарады.

Африка аймағының бірлестіктері: Африкалық туристік ассоци­ация, Африкадағы туризмді дамыту ұйымы және т. б. Араб айма-ғының ұйымдары: Араб туристік одағы, Туристік агенттіктері ассоциацияларының араб федерациясы жәнет. б.

Елдердің көпшілігінде ұлттық туристік ұйымдары (¥Т¥) бар. Кейбіреулері, мысалы, Франция мен Испанияда, үкімет қүра-мына кіреді, басқалары үкіметке тәуелсіз, бірақ үкімет оларды каржыландыру арқылы қолдайды (мысалы, ¥лыбританияда).

АҚШ саяхаттар мен туризм әкімшілігін федералдық үкімет крлдайды, бірақ маркетинг пен даму міндеттері бөлек штаттарға артылған. Бұлұйым жыл сайын 17,5 млн долл. көлеміндегі федералдық несиелерімен және жеке меншік секторының 20 млн. долларлық серіктестік жарналарымен қаржыландырылады. Аталған ұйым ЮНВТО-да АҚШ-тың өкілі болып табылады.

Әдетте туристік мемлекеттерде, әсіресе аралдық елдерде, туризм министрліктері құрылады. Дегенмен, кейбіреулерінде Экономика министрлігіне бағынатын туризм бойынша мемлекеттік департа­мент, немесе сыртқы сауда департамент^ немесе Жастар, спорт пен ойын-сауық шаруалары бойынша министрлігі шеңберіндегі туристік бөлімі болады. Билігі орталықтандырылмаған мемлекеттерде туризм жергілікті әкімшіліктерге бағынады. Туризмді дамыту міндеттерін федералдық үкімет пен аумақ билігі өз арасында бөліп атқаратын да жағдайлар болады.

Кейбір елдерде туристік ұйымдар өзінің жарғысы бар жеке ұйымдар болып саналады. Бұлұйымдардың өмірі нарықтағы сұранысқа байланысты. Мулдай жағдайда ¥Т¥ коммерциялық іс-әрекетін қалай жүргізу керек? Шынында да, ¥Т¥ салық салусыз қаржыландырылатындыгынан оған эділетсіз бәсекелестік жөнінде жала жабуы мүмкін. Осыган орай, кейбір елдер ¥Т¥ қолдау үшін жеке меншік секторына арнайы салықтарды енгізді.

¥Т¥ құрылымы оның міндеттеріне байланысты. ЮНВТО ұсыныстарына орай, ¥Т¥ міндеттері мынадай:

- туризм бойынша үкімет мүдделерін халықаралық аукымда қорғау; қатысушы елдер арасындағы туристік ағымдарды арттыру мақсатында екі және көп жақтық келісімшарттарға түру; туристік нарықтың маркетинг зерттеулерін бірігіп жүргізу; ұлттық туристік ре-сурстарды жетілдіру; техникалық және қаржылық ынтымақтастықты орнату; кедендік бақылауды өзара жеңілдету; полициялық және қаржылық реттелу; технологиялық мәмілені (мысалы, қонақ үйлер мен қысқы спорт орындарында) қолдау;

- туристік қызметтерді ұлттықжәне халықаралық ауқымда

ұйымдастыру;

- туризмді жоспарлау және дамыту (туризмді дамыту жоспарын

құрастыру);

- туризмге қатысы бар кәсіпорындардың жұмысын реттеу және бақылау (қонақ үй шаруашылығының құқықтық қамтамасыздануы және оның жұмысын реттеу, қадағалау, іс-әрекет қүқығын растайтын лицензияларын тексеру);

- статистиканы, шолуларды, нарық зерттеулерін (пікірлерді зерт-теу, тұтынушылардың іс-қылықтарын зерттеу) баспадан шығару;

- туристік өнімдерді басқа елдерде сату (шет елдерінде ақпарат пен сатуды камтамасыз ету үшін туристік агенттіктерді қүру; брошю-раларды, парақшаларды, жолдамалар мен арнайы туристік ақпарат

шығару);

- шетелдік туристік орталықтарды өз елдерінде насихаттау (күнделікті баспада, радио мен теледидардағы науқан);

- кедендік және шекаралық бақылауды жеңілдету, бір қалыпқа келтіру немесе тіпті жоюга багытталған әрекеттер;

- қонақтарды қабылдау мен туристік ақпаратпен қамтамасыз-дандыру құрылымдарын қалыптастыру;

- туризмдегі кәсіптік дайындықты қамтамасыз ету (курстар, семи-нарлар, оқу бағдарламалары);

- елдің туристік ресурстары мен мызғымас мұрасын (ескерткіштер, тарихи орындары) қоргау мен сақтап қалу, мәдениет пен өнерді қорғау

науқандары;

- қоршаған ортаны қоргау (табиғатты, демалыс саябақтарын, жа-

ратылыс ресурстарын қорғау науқандары).

Осындай міндеттерді орындау мақсатында ЮНВТО туризм даму-ын қадағалаудың төрт үкіметтік функцияларын: маркетинг, туристік іс-әрекетпен дамудың үйлесуі, жоспарлау, құқық мәселелері мен қаржыландыру функцияларын анықтады.

Маркетинг қызметі ¥Т¥ үшін өте маңызды және көптеген функ-цияларды орындайды. Бу_л қызмет ұйымның маркетинг стратеги-ясын қалыптастырады және елдің туристік өнімін жарнама мен паблисити құралдары арқылы нарыққа өткізеді. Сонымен қатар, өзіне тән қызмет түрлеріне (жүздесулерді, көрмелерді және т.с.с. ұйымдастыру) ие бизнес-туризміне қызмет көрсетеді. Даму бөлімі үйлестіруші және стратегиялық рөл ойнайды. Жоспарлау бөлімі жобаны унемі басқарады және ұзақ мерзімді дамуын жоспарлайды. Әкімшілік бөлімі туризмнің құқықтық қамтамасыздануы мен қаржы мәселелерімен айналысады.

Көптеген елдерде ¥Т¥-мен байланыс жасау, өз секторының мұқтаждықтарын қорғау мен одан әрі дамыту мақсатында, кәсіби коммерциялық емес ассоциациялар құрылуда. Әдетте олар консультативтік кеңестер - туризм кеңестері түрінде у_йымдас-тырылады. Халықаралық ауқымда олар мемлекеттік емес мамандан-дырылған халықаралық ұйымдарға:

- Туристік агенттіктер мен туроператорлардың дуниежүзілік ассо-циациясы (ТАДА);

- Турагенттіктердің халықаралық кеңесі (ТХК);

- Турагенттіктер ассоциацияларының эмбебап федерациясы (ТАӘФ) біріктіріледі.

Бұл ұйымдардың басты мақсаттары елдер мамандары арасындағы алмасу мен байланыстар, ғылыми орталықтарда туристік саясатты бірлесіп, қалыптастыру және өз мүдделерін халықаралық ұйымдарда белсене қорғау.

Туристік секторға халықаралық инвестициялар халықаралық ұйымдардан да, жеке меншік секторынан да тартылады. Әлембанкі (Халықаралық қайта құру мен даму банкі - ХҚЦБ) шетелдік бас не-сие берушісі болып есептеледі. Оның негізгі мақсаты - дамугяы елдерді олардың инфрақұрылымының дамуын у_зақ мерзімді қаржы-ландыру арқылы тиісті өмір деңгейіне жеткізу болып табылады. Туризмді тікелей қаржыландыру бұл банктің басымдық бағыты бол-маса да, экспорттық несиелерді қолданып, ол біріккен жобаларды қаржыландырады.

Еуропа одағы туризмді 1975 жылы құрылған Аймақтық еуропалық даму қоры арқылы қаржыландырып, одактың нашар дамыған елдеріне көмек көрсетеді.

Еуропа туризмін каржыландыратын ұйымдардың арасында делдалдық қызметтерді көрсететін Еуропалық инвестициялық банкін (ЕИБ) атау қажет. ЕИБ Ла-Манш астындағы туннелдің, Париждегі Диснейлендтің құрылысын, Германиядағы Франк-фурт, Гамбург пен Мюнхен және ¥лыбританиядағы «Стансед» әуежайларының кеңейту жұмыстарын қаржыландырған.

Әлем банкі ұзақ мерзімді несие берсе, Халықаралықдаму ассоци-ациясы қысқа мерзімді несие береді, ал Халықаралық қаржы қоғамы жобаларға үлестік түрде қатысады.

Қайталау сұрақтары

1. Халықаралық туристік ұйымдар не үшін цүрастырылды?

2. Қандай себептен Б¥¥ халықаралық туристік ұйымдар эюүмысының үйлестірушісі болып табылады?

3. ЮНВТО дейін болған туристік ұйымдарды атап шығыңыз.

4. ЮНВТО шынайы жәнересми құрастырылу мерзімдерін атап беріңіз.

5. ЮНВТО құрылымы мен оның органдарының функцияпарын cypemmen беріңіз.

6. ЮНВТО өз мүшелеріне қандайқызмет түрлерін көрсетеді?

7. Дүниежүзілік Туризм күні неге 27 қыркүйек күні тойланады?

8. ЮНВТО ңандай ец маңызды халықаралық қүжаттарды ңабылдаган?

9. ЮНВТО-дан басқа ең басты халықаралықтуристік ұйымдарды атап шығыңыз.

10. ¥Т¥ деген не, қандай міндеттерді орындайды?

Қолданылған әдебиеттер

Ердавлетов СР. География туризма: история, теория, методы, практика. -Алматы, 2000.

География туризма: учебник /под ред. А.Ю. Александровой. - М.: КНОРУС, 2008.

Никитинский Е.С. Этапы становления и современное состояние туристской индустрии Республики Казахстан. - Астана, 2008.

Орлов С.Н. Социология рекреации. -М.: Наука, 1995.

Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. -М.: МГУ, 1981. Теоретические основы рекреационной географии / под ред. B.C. Преобра­женского. -М.: Наука, 1975.

Hunziker Ж, KrapfK. AllgemeineFremdenverkehrslehre. -Zurich, 1942. Hall СМ., Page S.J. The Geography of Tourism and Recreation. Environment Place and Space. - London -N.Y.: Routledge, 1999.

АлександроваА.Ю. Международныйтуризм. - М.: АспектПресс, 2004. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. Алаев Э.Б. Социально-экономическая география. Понятийно-терминологический словарь. - М.: Мысль, 1983.

Чистобаев А.И., Шарыгин М.Д. Экономическая и социальная география. Новый этап.-Л.: Наука, 1990.

Котляров Е.А. География отдыха и туризма. - М.: Мысль, 1978. Пирожник ИМ. Основы географии туризма и экскурсионного обслуживания. -Минск: Университетское, 1985.

Ердавлетов СР. История туризма. Развитие и научное изучение. - Алматы, 2003. LeszczyckiS. Geogragiaturystycznajakonaukoweujeciezagadnienturystycznych. PamietnikPolskiegoTowarzystwaBalneologicznego, 1932.

Terminologia turystyczna. Zalecenia WTO. - ONZ-WTO. - Warszawa, 1995. GaworeckiW.W. Turystuka. -Warszawa: PWE, 1997.

Набедрик В.А. География лечебного туризма в Европе: модели развития и трансформационные процессы: дисс. канд. геогр. наук. Рук. А.Ю. Александрова. -М., 2005.

KowalczykA. Geografiaturyzmu. - Warszawa: PWN, 1997. Ананьев М.А. «Невидимый экспорт» и международные отношения. - М., 1971. DavidsonR. Turystyka. - Warszawa: PAPT, 1996.

Смирнова О.А. Территориальная структура делового туризма в мире: дисс. канд. геогр. наук. Рук. А.Ю. Александрова. - М., 2006.

KowalczykA. Geografiaturyzmu. - Warszawa: PWN, 2000. Burns P., HoldenA. Tourism: a new perspective. - London, 1995. Welan T. Nature Tourism: managing for the environment. - Washington, 1991. Lobozewicz T. Propedeutyka turystyki. - Warszawa: AWF, 1997. DabniewskaM., TkaczukM. Agroturystyka. Koszty, ceny, efekty. -Warszawa: Poltext, 1997.

Sikora J. Organizacja rachu turystykzhego na wsi. - Warszawa, 1999.

Jazwinska A. Turystyka wiejska - eden ze sposobow zmniejszania bezrobociana wsi // II Krajowa Konferencja Naukowa: Spoleczno - ekonomiczne konsekwencje procesow transformacyjnych w regionach о wysokim bezrobociu. - Koszalin: PK, 1998.

Христов Т.Т. Религиозный туризм. - M.: Academia, 2003.

Podstawy turystyki / pod red. A. Szwichtenberga. - Koszalin, 2000.

Warszynska J., Jackowski A. Podstawy geografii turyzmu, -Warszawa: PWN, 1978.

Багрова Л.А., Багров Н.В., Преображенский B.C. Рекреационные ресурсы (подходы к анализу понятия) // Изв. АН СССР. Сер. геогр., 1977, №2.

Мухина Л.И. Принципы и методы технологической оценки природных комплексов. - М.: Наука, 1973.

Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение. - М.: Советский спорт, 1998.

Liszewski S. Przestren turystyczna // Turyzm. 1995. - T 5. Z 2. - Lodz.

Бочваров М., Ковалев Ю.П. Туристский регион: новое содержание в старой форме / Теория и практика международного туризма. - М.: КНОРУС, 2003. - С. 85-104.

Сапрунова В.Б. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. - М., 1997.

WobejkoS. Ekonomicznezagadnieniaturystyki. - Warszawa: PWSN, 1997.

Middleton V.T.C Marketing w turystyke. -Warszawa: PAPT, 1996.

Гезгала Я. Туризм в народном хозяйстве: перевод с польского. - М.: Прогресс,1974.

Экономика и организация международного туризма / под ред. В.И. Азара.

Перевод с болгарского. - М.: Экономика, 1984.

Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. - М.: ПРЕСС - СОЛО, 2002.

Baretje R. Importancia у Limites del turismo como factor de mejora del comercio exterior de los paises en via de desarrollo // Estudios Turistios, 1965. №7.

Breton-GerardM. Un tourisme "trios saisons"... a fleur de sports // Espaces, 1990.

-№106.

Уварова В.Д., Борисов К.Г. Международные туристские организации. - М., 1990.

МАЗМ¥НЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-та pay. РЕКРЕАЦИЯЛЫҚГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................................6

§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері..........................................6

§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалықмәні

жәненегізгі функциялары.....................................................................................17

§ 3 Рекреациялыққажеттіліктер - рекреациялықіс-әрекеттің кецістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі...............................................................25

§ 4 Рекреациялықіс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері. Рекреациялықаумақтардың негізгі түрлері............................33

§ 5 Рекреациялықсаланың территориялықұйымдастырылуының шарттары мен факторлары.....................................................................................................48

§ 6 Рекреациялық география - жаңа қоғамдық-географиялық ғылым.....................................................................................................................52

Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі..............................................................................................................59

§ 7 Территориялық рекреациялықжүйелер және оларды зерттеу мәселелері.............................................................................................................64

2-тарay. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы...........................................................................................................73

§ 2 Туризмнің даму тарихы..................................................................................79

§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу...................................101

§ 4 Туризм географиясында колданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері................................................................................................................108

§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні........................................................................................................................121




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1115; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.