КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Герман Гельмгольц
1821 жылы 31 тамыз Потсдам, Германия
Карл Густав Юнг (1875 жылы 26 шілде Кесвиль, Швейцария – 1961 жылы)
Альфред Адлер – индивидуалды психологияның негізін салушы. (1870 жыл 7 ақпан – 1937 жыл 28 мамыр)
Зигмунд Фрейд (1856-1939) Чехияда туылған, Гельмгольцтің ізбасары. Э.Брюккенің жануарлар физиологиясын зерттейтін зертханада 1876-1882 жылдары қызмет атқарған. Гельмгольцтің энергетикалық құрылымдарын психология саласына ауыстырады. Неврозды гипнозбен емдеуге байланысты Шарко мен Берхеймнің тәжірибесі психологиялық тұжырымдамасының қалыптасуына негіз болды. «Түс көру» (1910), «Сексуалдық теориясы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913), «Психоанализге кіріспе дәрістер», «Күнделікті тұрмыс психопатологиясы» (1901), «Мен және Ол» (1923).
Эрих Фромм (1900 жылы 23 наурызда Франкфурт-на-Майнеде туылды – 1980 жылы 18 наурызда, Локарнода қайтыс болды.) Оқу орны: Франкфуртта, Гейдальберг университетінде, Берлиндік психоанализ институтында оқиды.
Эрик Берн (1910 жылы 10 мамыр, Канада, Квебек – 1937 жылы 28шілде) Оқу орны: Медицина докторы, хирургия магистрі дәрежесін иеленді.
Леонтьев Алексей Николаевич (1903 жылы 5 ақпан, Мәскеу – 1979 жылы 21 қаңтар) Оқу орны: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті..
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889 жылы 6 маусым, Одесса—1960 жылы) Оқу орны: .Германияның университеттерінде білім алды (Берлин, Фрайбург, Марбург)
Узнадзе Дмитрий Николаевич (1886 жылы 20 желтоқсан – 1950 жылы 12 қазан) Туған жері: Закар селосы, Ресей империясы Оқу орны: Лейпциг пен Харьковте білім алды.
Ананьев Борис Герасимович (1907ж-1972) - психология ғ.д. КСРО Педагогикалық ғылым академиясының толық мүшесі. · 1928 жылы.Горск педагогикалық институтын 1928 жылы бітіріп, өзінің ғылыми ізденістерін ленинградтық рефлексологтардың қатарында, психологияның адамтану ғылымдарының бірігейі болып бекінуіне атсалысты · 1969 жылы <<Адам танымының нысанасы>> · 1967-1972 жылдары ЛМУ-де психология факультетінің деканы қызметін атқарып жүріп, көптеген психолог ғалымдары дайындады. · <<Педагогиялық бағалаудың психологиясы>>(1935 жылы), <<Психология очерктері>>(1945 жылы), <<Сезімдік танудың психологиясы>>(1960 жылы), <<Түйсіктер теориясы>>(1961 жылы), <<XVIII-XIX ғғ. Орыс психологиясы тарихының очерктері>>(1967 жылы), <<Адам танымның пәні ретінде>>(1969) еңбектері.
Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма жерінде дүниеге келді. 13 жасында Вундт Брухзаледегі католик гимназиясына түсті. Фридрихтың сабақтарынан кейін, Вундт үшін гимназия «қасірет мектебі» болды. ол 1851 жылы анатом ағасы Фридрих Арнольд жұмыс істейтін университетке Тюбинге келеді. Осында Вильгельм тек бір жыл ғана оқып шығады. · 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), · ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. · 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. · 1875 жылы Вундт Лейпциг университетінде философия профессоры болады. · 1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі аралықта ол этика, логика, философия салалары бойынша еңбектер жазған. · 1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын дайындады, өз журналына мақалалар жазды. · «Халықтар психологиясы» деген атпен 10 томдық еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж. жарияланды.
Выготский Лев Семенович (1896-1934) 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған. Л. С. Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Негізгі еңбектері: 6-томдық шығармалар жинағы (1982-1984) "Педагогикалық психология"(1926), "Қылықтар тарихының этюдтары"(1931, Луриямен А.Р. бірге), "Өнер психологиясы"(1965), т.б.
Френсис Гальтон (1822-1911) Бирмингемде, Англияда дүниеге келген. Ағылшын зерттеушісі, географ, психолог, антрополог, дифференциалды психология мен пихометриканың негізін салушы. · 1840 жылы Кэмбридж университетіне түседі. · 1854 жылы Географиялық одақ африкадағы саяхат туралы жазбалары үшін алтын медаль иеленеді. · 1855 жылы "Саяхат өнері", "Заманауи география туралы жазбалар". · 1856 жылы Корольдік қоғамның мүшесі. · 1864 жылы "Швейцария бойынша жолсілтеме" · 1892 жылы монография «Finger prints».
Дейл Брекенридж Карнеги (24 қараша 1888 жылы – 1 қараша 1955 жылы) Мерривилль, Миссури, СШАда дүниеге келген. · 1912 жылы Dale Carnegie Training компаниясының негізін қалайды. Қазіргі уақытта оның 80-нен астам елдерде кеңселері бар. · 1926жылы "Шешендік өнері және әріптестерге ықпалын тигізу". · 1934 жылы "Әйгілі адамдардың өміріндегі белгісіз жайттар". · 1936 жылы "Достарды қалай қарату және адамдарға ықпал ету". · 1948 жылы "Қалай уайымдамай өмір сүруді бастау". · 1957 жылы баспадан шыққан "Көпшілік алдында сөйдеу кезінде сенімділікті ояту және адамдарға ықпал ету". · 1955 жылы 1 қарашада Нью-Йорк қаласында қайтыс болады.
Рене Декарт (31 наурыз 1596 жылы, Лаэ қазіргі Декарт қаласында туылған, 11 ақпан 1650 жылы Стокгольм) – француздық философ, математик, физик, физиолог және механик. · 1634 жылы «Әлем» кітабы 2 бөлімнен тұрады жарық туралы трактат және адам туралы трактат. · 1637 жылы "Әдістеме туралы пайымдаулар". · 1641 жылы " Алғашқы философия туралы" · 1644 жылы "Алғашқы философия" · 1637 жылы "Диоптрика" еңбегі. · "Жан құмарлығы", "Бурманмен әңгімелесу".
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу. Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
Торндайк Эдуард Ли (1874-1949) америкалық психолог педагог, бихебиоризмнің, негізін салушылардың бірі, жануарлардың жүріс-тұрысын эксперименттік зерттеудің обьективті әдістемелерін жасаған («Жануарлар арқылы», 1898). Т. Машықтар мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосты, үйретудің бірқатар заңдылықтарын бекітті, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша бірнеше еңбектер жарияланды.
Джон Уотсон (1878-1958) - америка психологі, бихевиоризмнің негізін қалаушы. Ол психологияны обьективтік сипаттағы жаратылыстану ғылымының қатарына жатқызып, мұндағы интеропективтік (субьективтік) бағытты санайды. Жануарлар мен адамдарда артық стимул және реакция(S-R) психологияның негізгі обьектісі, яғни әртүрлі стимулдар (тітіркендіргіштер) тиісті жауап реакциясын тудырады деп сана феноменін мойындамайды. Оның психологиялық көзқарасының қалыптасуына И.П.Павловтың шартты рефлекстер теориясымен В.М.Бектеревтің рефлексологиялық концепциясы әсер еткен. Негізгі еңбектері: «Бихефиоризм тұрғысындағы психология мінез-құлық туралы ғылым» (1926) т.б.
Эббингауз Герман (1850-1909) - ес (жады) психологиясына қатысты эксперименттік зерттеулерімен әлемге танымал психологі. "Шек фаторын" анықтап, ұмытшақтық қисығын шығарды, сақтау мен ұмытудың бірқатар заңдылықтарын бекітті, саналы есте сақтаудың артықшылықтарын анықтады, жадты зерттеудің экспериментік әдістемелерін жасады ("Жад туралы", 1885), балалардың зерделі қабілеттерін зерттеу үшін тест (оның есімімен аталатын) жасаған. Негізгі еңбектері: "Ес туралы","Психология мәселелері" т.б
Абрахам Харольд Маслоу (ағылш. Abraham Maslow, 1 сәуір 1908, Нью-Йорк — 8 маусым 1970, Менло-Парк, Калифорния) — американ кәсіби және ғылыми психологиялық қоғамдардың мүшесі «Гуманистік психология», «Трансперсоналды психология» журналдарының негізін қалаушы. Адам психологиясын тұтас зерттеу оның аса маңызды құндылықтары мен қасиеттерін талдау концепциясын ұсынған. Маслоу еңбектерінің дені өмірінің соңғы 10 жылында жарық көрген. Оның негізгі еңбектері: «Болмыс психологиясының бағытына қарай» (1968); «Дін, құндылық тағы басқа күйзелістер» (1964); «Ғылым психологиясы: рекогносцировка» (1966); «Мотивация және тұлға» (1987) т.б.
Олпорт Гордон Уиллард (1897- 1967) - америкалақ психолог. Ол жеке тұлға туралы теориясында гуманистік және жеке даралық тұрғыны қосарластырып түсіндіреді. Олпорт адам табиғатының- жеке тұлғалық дамуы адамныңөзін- өзі жеңе білу өз мүмкүндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеді. 1937 жылы тұлға анықтамасының 50- ге жуық түрін жүйелеп, солардың ішінен: осы терминнің этимологиясына, теологиялық мәніне, философиялық түйініне, әлеуметтік мәніне және оның сыртқы көрінісі мен ішкі психологиялық мәніне байланысты оларды жеті топқа бөліп қарастырды. Негізгі еңбектері: "Тұлға: психологиялық интерпретация","Адам және оның діні","Тұлға психологиясының негізгі мәселелрі" және т.б
Пиаже Жан (1896-1980) - Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық" құрды. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол "Логика және эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі — дейді. Операция — ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс-әрекет генезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология т.б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол көрсетеді. Еңбектері: "Баланың ойлауы мен сөйлеуі","Генетикалық психологияның проблемалары","Қарапайым логиканың құрылымдық генезисі" т.б.
Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 2570; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |