Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Астана 2014 3 страница




- АҚ күштерiн құру, оларды даярлау және ТЖ кезiндегi iс-әрекетке тұрақты әзiрлiкте ұстау;

- орталық, жергiлiктi және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерiн даярлау және халықты үйрету;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық Ёбиологиялық ё ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

- А) әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмысын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

- қорғаныс ғимараттарының қажеттi қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлiгiн жинау және әзiрлiкте ұстау;

- халықты, орталық, жергiлiктi және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiп пен қалыптасқан жағдайдағы iс- әрекет тәртiбi туралы құлақтандыру;

- құтқару-iздестiру және өзге кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiк қамын ұйымдастыру және оларды қауiптi аймақтан алып кету;

- азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикi затын, жемдi, хайуанаттар мен өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық және бактериологиялық Ёбиологиялық зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

АҚ-ты ұйымдастыру принциптерi мен тәртiптерi

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары, ҚР жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштерi, ҚР азаматтары жүргiзедi.

АҚ-қ а даярлық пен өткiзу жөнiндегi шараларды жүргiзудiң тәртiбiн, көлемi мен мерзiмiн ҚР өкiметi анықтайды.

АҚ шараларын кешендi және саралай жүргiзу мақсатында маңыздылық деңгейiн ескере отырып, ҚР өкiметi анықтаған тәртiппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргiзiледi.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

 

АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтерi

АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшiн мына органдар құрылады:

- ТЖ жөнiндегi ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;

- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ бөлiмдерi Ё қызметкерлерi ё;

- ұйымдарда - АҚ штабтары немесе АҚ бастығына тiкелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөнiндегi қосалқы мамандар.

ТЖ басқармаларының Ё бөлiмдерiнiң ё бастықтары лауазымдары бойынша тиiстi АҚ бастықтарының орынбасарлары сол мекемедегі ТЖ-ға жауапты мекемедегі ТЖ­ болып табылады.

АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен

құралды даярлауды қамсыздандыру үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтерi, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығына тiкелей бағынатын ұйымдардың АҚ және ТЖ қызметтерi құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтерi ҚР өкiметiнiң қаулысымен, облыс, қала аудан әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерiнiң тiзбесiн ҚР өкiметi анықтайды. Олар туралы ереженi ҚР орталық атқарушы органы бекiтедi.

АҚ және ТЖ нүктелерiнiң, күштерi мен құралдарының, қызметтерiнiң әзiрлiгi жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшiру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшiру, көшiру-қабылдау комиссиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбiт уақытта (зiлзала, авария мен апат қауiпi немесе болған кезде ё және жау шабуылы қауiпi кезiнде төнген қауiп туралы халыққа дер кезiнде және сенiмдi хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшiн электр сигналдары мен өндiрiстiк гудоктар және ‚Баршаңыздың назарыңызға!‚ АҚ ескерту дабылының берiлгендiгiн бiлдiретiн өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң) шұғыл хабарын тындаған соң, берiлген ақпаратқа сәйкес iс-әрекет ету керек.

Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауiп төнген кезде де ‚Баршаңыздың назарыңызға!‚ дабылы берiледi, оның артынша халықтың алдағы iс-әрекетi мен панаханалардың орналасқан жерi туралы ақпарат берiледi.

2 - Дәріс

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезiнде халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi орны мен мiндеттерi

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құрал- дарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зiлзаладан, iрi авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттiк шараларының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлi мен орнын елдiң геосаяси жағдайы, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым- қатынасының жәй-күйi, экономикасының даму деңгейi, әскери доктрина мен әскери iс саласындағы мемлекет саясаты анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезектегi мiндет жүктеледi.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi негізгi мiндеттерi Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар, мекемелер, меншiктiң барлық нысанындағы объектiлер орындауға мiндеттi. Оған барлық халық, оның iшiнде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

 

Жоғары оқу орындарының Азаматтық корғанысын ұйымдастыру

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы - ректор, ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй - күйiне, оның күштерi мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтерi қызметтерiне басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргiзедi. Олар өз мiндеттерiн негiзгi мiндеттерiмен қоса атқарады. Көшiру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бiрi тағайындалады.

АҚ мен ТЖ мiндеттерiн оқу орнының мүддесiне орай шешу үшiн АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студент- терден құтқару командасы (тобы), санитарлық жасақтар мен тiректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелерi, қоғамдық тәртiп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтiп - ұстайтын топ құрылуы мүмкiн.

Шаруашылық объектiсi Азаматтық корғанысының ұйымдық құрылымы

Азаматтық корғанысты ұйымдастыруда жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.

3-Дәріс

Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері. ТЖ бағалау. Табиғи апаттарды, өндірістік аварияларды және апаттарды анализдеу.

‚Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы‚ 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi Қоғамдық Қатынастарды реттейдi. Онда халықты, Қоршаған орта мен шаруа- шылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан Қорғау мен мемлекеттiк саясат жүргiзуде басым салала- рының бiрi екендiгi атап көрсетiледi.

Заңда төтенше жағдайға, зiлзалаға, аварияға, апатқа анықтама берiледi, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай саласындағы Ұйымдардың мiндеттемесi, халықтық құқығы мен мiндеттемесi белгiленiп, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi басқару органдарының өкiлеттiгi атап көрсетiлген. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк белгiленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.

Зiлзала - бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тiршiлiгiнiң күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлiнуiне және жойылуына алып келетiн табиғат құбылысы. Зiлзала салдарынан төтенше жағдай туады.

Көптеген зiлзалалар адамның еркiнен тыс жер сiлкiнiсi, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкiнi, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттерi сияқты табиғат күштерiнiң әсерiнен болады.

әр бiр зiлзаланың тек өзiне ғана тән пайда болу себебi, қозғаушы күшi дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзiндiк әсерi сияқты физикалық қасиетi бар.

Зiлзаланың бiр-бiрiнен айырықша ерекшелiктерiмен қарамастан ортақ белгiлерi бар. Олар: үлкен кеңiстiктi қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуi.

Авария - технологиялық процесстердiң бұзылуы, механизмнiң, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектiлерiнде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Апат - бұл адамның өзi күтпеген iс-әрекетi, зiлзала немесе әлеуметтiк қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тiршiлiгiнiң бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмiрi мен денсаулығына төнген қауiппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.

Апаттар көлемi мен түрлерi бойынша жiктеледi.

Көлемi бойынша: кiшi, орта және үлкен.

Көлемдi анықтау кезiнде өлшем үшiн екi көрсеткiш алынады: зардап шеккендердiң жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың сан апат салдарының әсерiне ұшыраған аумақ.

Түрлерi бойынша барлық апат екi топқа бөлiнедi:

- табиғи (олар табиғи және стихиялық зiлзала);

- жасанды (антропогендiк, яғни адамдық факторлардан туындайды).

Табиғи:

1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сiлкiнiсi).

3:Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкiнi, тастың құлауы, су басу).

4. Космостық (метеориттердiң және басқа космостық денелердiң құлауы, олармен соқтығыс).

Жасанды:

1. Көлiктiк (космостық, авиациялық, автомобильдiк, теңiз, өзен, темiр жол).

2. Ө ндiрiстiк (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық).

3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

4. әлеуметтiк (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртiпсiздiк, терроризм, маскүнемдiк, нашақорлық, токсикомания).

әрбiр апат ошақ құруға алып келедi, бұлар үшiн өзiндiк бүлдiру, зақымдау ерекшелiгi тән, ал әрбiр ошақ - бұл төтенше жағдай.

Төтенше жағдай - апат нәтижесiнде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткiшi бүлдiру процестерiнiң жиiлiгi болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтiру үшiн қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешiм қабылдауды талап етедi.

Табиғаттағы тосын жағдай

 

Табиғаттағы тосын жағдай - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесiнде және оның өмiрiне, денсаулығы мен мүлiгiне қауiп төнгенде болуы мүмкiн жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсiмдiктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененiң суынуы, улы хайуанаттар мен жәндiктердiң шағуы, жұқпалы аурулар.

Экологиялық тосын жағдайларға белгiлi жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейi ерекшелiгi соншалықты аурудың асқынуына, сiресiп қалушылыққа алып келедi.

Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететiн табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлiк қысым деңгейi, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедерi, су көздерi, флора мен фауна, жер магнит өрiсiнiң ауытқуы жатады.

Қорғаныс қызметiн қамтамасыз ететiн табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тiршiлiгiне ықпал ететiн факторлар: киiм, авариялық жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлi мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.

Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы(және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелiгiне байланысты нақты бiр жағдайдың әр түрлi салдары болуы мүмкiн. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрi едәуiр күрделiлеу болып келедi. Тосындылық деңгейi, әдеттегiдей, тiрi қалу мүмкiндiгiн белгiлейтiн өмiр уақытының факторына ықпал етедi.

Қиын жағдайдағы iс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенiмдiлiктi тудырады. Сенiмдiлiк кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзi күтпеген үлкен iс-әрекеттердi жасайды. Тек не iстеу керектiгiн ғана бiлу керек. Қайғылы жәйт әркiмнiң басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тiрi қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тiрi қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтiруге болады. Кәсiби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсендi демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлерi қарыштап дамыды.

Қабiлетсiздiктен бақытсыздыққа дейiн бiр-ақ қадам екендiгi белгiлi. Адамдар жеуге болатын өсiмдiктер мен құстардың арасында аштан өледi. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екi қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсiлiм етедi. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзi ғана екенiң, тамақ пен тұрақ табу және адамдарға оралу керектiгiн ұғуына тиiс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетiледi, бұдан кейiн байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелiнедi, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, iздеу басталады.

Тәуекелдiк факторлары - бұл авариялық жағдайда адам өмiрiне қауiп төндiретiн факторлар. Оған ауру, зiлзала, аштық, ыстық және шөл, суық, қорқыныш, әлсiреу, жалғыздық жатады.

Аштық. Азық-түлiк қоры болмаған, аң, балық аулау, жабайы жеуге жарайтын өсiмдiктердiң мүмкiндiгi жоқ жағдайда тiрi қалудың бей-жай әдiсiн ұстанған жөн, яғни апат орнынан жақын маңда көмек күту.

Энергия көздерiн үнемдеу мақсатында аса қажетсiз баспанадан кетпеуге: көбiрек жатуға, ұйықтауға, тек өте қажеттi жұмыстарды орындауға тырысу керек.

Тамақ ұзақ уақыт бойы жоқ болған кезде тұщы суды жиi iшу аса маңызды. Су ашығу кезiнде организмге өзiнiң клеткаларының қорын ұзақ сақтауға көмектеседi. Суды ыстықтай iшкен жақсы, оған жапырақ, қарақат, бүлдiрген мен жалбыз қосуға болады.

 

Аштықтан үйреншiктi тамақтануға көшу сатылай және аса сақтықпен жүргiзiлуге тиiс. Бұл ережелердi сақтамау тамақтануды қалпына келтiру кезiнде ауыр салдарға тiптi өлiмге алып келуi мүмкiн.

Ыстық. Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты «ыстық» түсiнiгi бiрнеше ахуалдың жиынтығы - қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесiнiң жиiлiгi, топырақ бетiнiң температурасы, ауа ылғалдылығы, желдiң болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердiң климаттық жағдайлары.

Шөлде немесе жартылай шөлде болған авариялық жағдай адам үшiн аса күрделi. Және бұл қатты ыстықпен емес ыстықтын, шөлмен қаскөйлiк одақ құруымен, 15% сұйықты жоғалту (организмнiң кебуiмен)өлiмге алып келедi. Аштық бiрнеше аптаға созылуы мүмкiн, ал адам сусыз санаулы күндерде, ал ыстық климатта бiрнеше сағатта қаза болады.

Суды бiрден көп iшуге болмайды. Бiрден көп iшу шөлдi қандырмайды, алайда адамды әлсiретуi мүмкiн. Iшкен судың шөлдiң бiрден қандырмайтындығы, асқазанға барып, қанмен араласқаннан кейiн, яғни 10-15 минут өткен соң шөлдi қандыратындығын есте ұстау керек. Суды араға үзiлiс салып, бiрнеше рет ұрттау арқылы толық шөл қанғанша iшкен жақсы.

Суық. Статистикалық мәлiметтерге сәйкес адамдардың 10-15… туристiк маршруттарда суыну құрбандықтары болады. Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақытта қауiптi. Төменгi температура жағдайында адамның тiрi қалуы үшiн желдiң жылдамдығы маңызды. Ауаның -3`С шынайы температурасында желдiң жылдамдығы секундына 10-11 метр болса, оның тондыру әсерi адам үшiн - 20оС градусқа тең. Термометр шкаласында байқалған желдiң осы жылдамдығы -10оС-та, -30оС-қа, ал -25оС-та, -50оС градусқа дейiн барады.

Табиғи баспана жоқ жерлерде ауаның төменгi температурасы күштi желмен қосылып, адамның өмiр сүру уақытын бiрнеше сағатқа дейiн қысқартуы мүмкiн. Суық температураларда өмiр сүрудiң ұзақтығы көрсетiлген климаттық факторлардан басқа киiм мен аяқ киiмiнiң жағдайына, салынған тұрақтың сапасына, отынның, жанар май мен тамақ қорының көлемiне, адамның моральдық жағдайы мен әл-қуатына байланысты.

Қорқыныш. қорқыныш - өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн кез-келген шынайы немесе елестiк жағдайға адамның табиғи жауабы.

Қорқыныш авариялық жағдайға көмектесумен қатар көп жағдайда оны асқындырып жiбередi. Қорқыныш сезiмiнiң күшеюiне кез-келген кездейсоқ оқиға - ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айрылу және т.б. қызмет етуi мүмкiн. Жарылыс, жер сiлкiнiсi, көлiк құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауiптерде қорқыныш сезiмi бiрден болады.

Әр адам қорқынышты өзiнше қабылдайды және түрлi жағдайларда ол әр түрлi болуы мүмкiн. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшiн өзiн - өзi ұстаудың бiрнеше үлгiлерi тән:

- жүнжiп қалу - адам қауiппен кездескен сәтте бiрден абдырап қалады;

- белсендi - жедел iс-әрекетпен сипатталады (бей-берекет қимыл);

- қисынды - адам төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерге кәсiби және психологиялық тұрғыдан дайындалған (өрт сөндiрушiлер, теңiзшiлер).

Әлсiреу. Әлсiреу - авариялық жағдайлардың тұрақты серiгi, ол үнемi ой шырмауында және тұрмыс iстеудiң салдары болып табылады. Бiрден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзiмде әлсiреуi мүмкiн. Шынайы немесе елестегi қауiптен есi шығып қашқан адам санаулы минуттарда өзiнiң күшiнен айрылуы мүмкiн, бұдан кейiн әлсiздiк күшейiп, адам өз тағдырына немқұрайлы қарайды.

Ақыл ой мен жүйкелiк (жан дүниелiк) әлсiреудiң ерекшелiктерi. Белгiлi бiр нерв жүйесi қалыптасқан адамдарда өздiксiз ақыл-ой еңбегi ашушаңдыққа келуi мүмкiн. Ол көбiнесе күндiз-түнi ойлау, жауапкершiлiктi қатты сезiну, iштей сары уайымға салынудан пайда болады. Шектен тыс толқыған және әр түрлi мiндеттемелерi көп адамдарда жүйкесiнiң тозуы жиiрек байқалады.

Өмiрдi ұзартуға талпыну кезiнде тынымсыз еңбек, тоя тамақ iшпеу, үйқының қаңбауы, күндiз-түнi ойлау, адамды әбден қажытады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1483; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.