КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 13 страница
Катодта натрий тотыксызданады, ал анодта хлор тотығады. 1-тәжірибе. Мыс сульфаты ертіндісінің электролизі. Электролизерге мыс сульфатының ертіндісін құйыңыз. Оған графиттен жасалған электродтарды батырып, ертінді арқылы электр тоғын өткізіңіз. Тәжірибені 2-3 минут жүргізіңіз. Катодта қандай өзгеріс байқалады? Екі электродтарда жүретін процестерді көрсетіңіз. Анодта қандай газ бөлінеді? 2-тәжірибе. Калий йодидінің электролизі Пробирканың 3/4 бөлігіне KІ ерітіндісін құйып, оған 5-6 тамшы фенолфталеин және крахмал ертіндісін қосыңыз. Ертіндіні араластырып электролизерге құйыңыз. Электролизерге графиттен жасалған электродтарды батырып, ертінді арқылы электр тоғын өткізіңіз. Катодта неге калий бос түрде бөлінбейді? Калий, сутек, йод және оттектің тотығу-тотықсыздандыру потенциалдарын салыстырыңыз. Катодты кеңістікте ертіндінің түсі қызыл түске боялуы электролиз процесі жүргенде қандай иондардың пайда болуымен байланысты. Анодты жєне катодты процестердің теңдеулерін жазыңыз? Анодты кеңістектегі ертіндінің көгеруін қалай түсіндіруге болады? Электролиз процесі сандық жағынан Фарадей заңымен сипатталады: мұнда: m – бөлініп шыққан заттың массасы, г І - тоқ күші, A t – уақыт, сек 96500 – Фарадей саны Э – бөлініп шығатын заттың эквиваленттік массасы Бақылау сұрағы: 1. Кальций хлориді ертіндісінің электролизін өткізгенде, катодта 5,6 г сутек бөлініп шықты. Қандай газ анодта бөлініп шықты? Бөлініп шыққан газдың массасы қаншаға тең? 2. Қорғасын бромидінің балқымасы арқылы 30 минут 3А тең тоқ өткізгендегі катодта бөлініп шыққан қорғасынның массасын есептеңіз. Әдебиеттер 1. Практикум по неорганической химии / Под ред.Зломанова В.П.- М.: МГУ, 1994. – 320с. 2. Практикум по неорганической химии / Под ред. Буркитбаева М.М., Бекишева К.Б. –Алматы: КазНУ, 2002.- 287с. 3. Жалпы химия есептері және жаттығулары / Аханбаев К.А., Алматы, 1986ж. 75б.
Лабораториялық жұмыс №10. Комплекс қосылыстар
10.1. Жұмыстың мақсаты Комплекс қосылыстардың химиялық қасиеттерін, оларды алу әдістерін, комплекстердің тұрақтылығын анықтау. Қос тұздарды комплекс тұздардан айыра білу. 10.2. Жұмыстың мазмұны 1) Комплекс анионы бар қосылыстың түзілуі 2) Комплекс катионы бар қосылыстардың түзілуі 3) Қос комплекс ионды қосылысты алу 4) Комплекс қосылыстардың химиялық әрекеттесулері 5) Fe+2 және Fe+3 иондарын анықтау үшін реакциялар жүргізу 6) Комплекс қосылыстардың тұрақтылығы 7) Екілік тұздар 10.3. Жұмысты жүргізу Реактивтер. Висмут нитраты, калий иодиді, натрий тиосульфаты, никель сульфаты, мыс сульфаты, кобальт хлориді, K3[Fe(CN)6] – калий гексационоферрата (ІІІ) – (қызыл қан тұзы), темір (ІІІ) хлориді, темір (ІІ) сульфаты, Мор тұзы – (NH4)2SO4*FeSO4, күміс нитраты, K4[Fe(CN)6] – калий гексацианоферрата (ІІ) – (сары қан тұзы) тұзадырының ертіндісі. 1-тәжірибе. Комплекс анионы бар қосылыстың түзілуі а) Калий тетрависмутатын алу 2-3 мл висмут (ІІІ) нитраты бар пробиркаға калий йодидінің ертіндісін тұнба түскенше тамшылатып құйыңыз. Тұнбаның түсі қандай? Содан соң тұнбаға 2-3 мл калий йодидінің ертіндісін тұнба толық еріп кеткенше құйыңыз. Ертіндіде калий тетрависмутаты түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыз. б) Натрий дитиосульфатаргентаттың түзілуі. 2-3 мл күміс нитраты бар пробиркаға Na2S2O3 ертіндісін тамшылатып тұнба түзілгенше қосыңыз. Тұнба – күмістің тиосульфаты. Тұнбаның түсін белгілеп қойыңыз. Сонан соң күмістің тиосульфаты ерігенше тағы да бір екі тамшы натрий тиосульфатын қосыңыз. Ерітіндіде не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз. Тиосульфат анион – лиганда, ал күмістің координациялық саны 2, күмістің бір оң зарядты ионы – комплекс түзуші ион – Na3[Ag(S2O3)2]. 2-тәжірибе. Комплекс катионы бар қосылыстың түзілуі. а) Никельдің аммиакты комплексін алу. Никель сульфатына натрий гидроксидін қосып никельдің гидроксидін алыңыз. Тұнбаны толық түсіріп болған соң үстіндегі ертіндіні раковинаға ақырындап төгіңіз. Байқаңыз, төгіп алмаңыз. Тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңыз. Тұнбаға Nі(OH)2 25%-ті аммиактың ертіндісін тұнба толық еріп болғанша құйыңыз. Гексамминникель гидроксидінің түзілуі реакциясының теңдеуін жазыңыз. Никель сульфатындағы никель ионының Nі+2 түсін мына күрделі катионның [Nі(NH3)6]2+ түсімен салыстырыңыз. Ертіндінің түсі қай ионға байланысты өзгереді? Екі негіздің Nі(OH)2 мен [Nі(NH3)6](OH)2 қайсысы күшті электролит болып есептеледі? Неге? Никель гидроксидінің ерігіштік көбейтіндісін – ЕК және гексаамминникель гидроксидінің тұрақсыздық коэффициентін - Ктз оқулықтан тауып алып, салыстырыңыз. б) Мыстың аммиакты комплексін алу. Пробиркаға 2-3 мл мыс (ІІ) хлоридін немесе мыс сульфатын құйып алып, оған тамшылатып мыс гидроксидінің тұнбасы түзілгенше концентрлі аммиак ертіндісін (аммоний гидроксидін) қосыңыз. Сонан соң аммиактың артық мөлшерін құйып түзілген тұнбаны ерітіңіз. Осы тәжірибе кезінде мыс гидроксиді түзілуінің және бұл қосылыстың аммиакпен әрекеттесіп комплекс қосылыс тетрааминмыстың гидроксиді түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңыз. Мыс гидроксидінің, тетраамин мыстың гидроксиді ертінділерінің түстерін салыстырып, олардың неге әртүрлі болатының дәлелдеңіздер. Түзілген комплекстік негіздің бірінші ретті және екінші ретті диссоциациясын жазыңыз. Осы комплекстің номенклатура бойынша атын жазыңыз. 3-тәжірибе. Қос комплекстің түзілуі. Комплекс катионы мен комплекс анионы бар қосылыстың түзілуі. 2-3 мл калий гексацианоферраты (ІІ) бар пробиркаға тұнба түскенше никель сульфатын қосыңыз. Түзілген никель гексацианоферрат (ІІ) тұнбасының түсі қандай? Содан соң тұнба еріп біткенше 25 %-аммиактың ерітіндісін құйыңыз. 1-2 минуттан кейін ертіндіде ашық қызыл түсті тұздың [Nі(NH3)6]2[Fe(CN)6] кристалы түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыз. 4-тәжірибе. ІІ-ІІІ темір ионының қатысуындағы ертіндідегі өнімді реакциясы. а) Мор тұзының – (NH4)2Fe(SO4)2*24H2O ертіндісіне 2-3мл калий гексациано-ферратын (ІІІ) қосыңыз. Тұнбаның түзілгенін байқаңыз да түсін анықтаңыз. Тұнба қалай аталады? Қызыл қан тұзын – K4[Fe(CN)6] ертіндіде қандай ионмен анықтауға болады? Тұнба калий гидроксидімен әрекеттесе ме? б) Аздап үстіне тұз қышқылы қосылған 2-3 мл темір (ІІІ) хлоридінде 2-3 мл калий гексациано-ферратын (ІІ) құйыңыз. Тұнбаның түскенін байқаңыз. Тұнбаның түскенін анықтап, реакция теңдеуін жазыңыз. Тұнбаны қалай деп атайсыз? K3[Fe(CN)6] – сары қан тұзымен ертіндіде қай ионды анықтайды? Тұнбаға натрий натрий гидроксиді әсер ете ме? 5-тәжірибе. Комплекс иондардың тұрақтылығы. Көлемдері бірдей күміс хлоридінің тұнбасын пробиркаға құйыңыз. Бірінші пробиркаға тұнба – AgCl ерігенше 25% аммиактың ертіндісін құйыңыз. Екінші пробиркаға 2Н натрий тиосульфатын тұнба ерігенше құйыңыз. Екі пробиркадағы ертінділерге 1-2 мл калий хлоридінің ертіндісін құйыңыз. Пробиркадағы ертіндіні араластырғанда жойылмайтын күміс хлоридінің тұнбасы қай пробиркадағы ертіндіде түзіледі? Химия оқулықтарынан кестеде жазылған комплекс иондардың тұрақтылық константасын және тұздардың ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып, күміс хлоридінің түзілу реакциясының теңдеулерін жазыңыз. 6-тәжірибе. Комплекс қосылыстарының қатысуымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары. а) Пробиркаға 2-3 мл күміс нитратын құйып, оған аздап натрий хлориді ертіндісін күміс хлоридінің тұнбасы түзілгенше қосыңыздар. Тұнбаны концентрлі аммиак қосу арқылы ерітіп [Ag(NH3)2]Cl алыңдар. Осы комплекс тұзының ертіндісіне мырыш түйірін салыңыздар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыздар. б) Бір пробиркаға K4[Fe(CN)6] ертіндісін құйып, аздап күкірт қышқылын тамызыңыздар. Екінші пробиркаға K3[Fe(CN)6] ертіндісін құйып хлорсутек қышқылын тамызыңыздар. Бірінші пробиркаға калий перманганатын, екіншіге – калий йодиді ертіндісін және аздап бензол қосыңыздар. Бірінші пробиркада калий перманганатының түсі жойылады, екіншіде бензолдың түсі өзгереді. Осы екі тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар. Керекті реактивтер. 1) Пробиркалар. 2) Тұздар ертінділері: Висмут нитраты, калий иодиді, күміс нитраты, натрий тиосульфаты, мыс сульфаты, кобальт хлориді, темір хлориді (ІІІ), темір (ІІ) сульфаты, Мор тұзы, хром хлориді. Натрий гидроксиді және аммония ерітінділері. Жұмысты жазу тәртібі. Бақылау сұрағы: Лабораториялық дәптерге реакцияның І және ІІ сатысының теңдігін жазыңыз. Әдебиеттер: 1. Практикум по неорганической химии/ под ред. Зломанова В.П.-М.: МГУ,1994г. – 320с. 2. Практикум по неорганической химии/ под ред. Буркитбаева М.М., Бекишева К.Б. – Алматы: КазНУ, 2002г. – 287с. 3. Практикум по неорганической химии/ Гольбрайх З.Е. - М: Высшая школа, 1986. –338с. 4. Жалпы химия есептері және жаттығулары / Аханбаев К.А., Алматы, 1986ж. 75б.
2.5 Окытушынын жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысының сабақ жоспары (СОӨЖ).
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1090; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |