КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 14 страница
Карантин аймағында үздіксіз бактериологиялық барлау жүргізіледі. Залалсыздандыру дезинсекция және дератизация қоса жүргізіледі, сондай-ақ ауырғандарды белсенді түрде анықтау, оларды оқшаулау мен емдеу жүргізіледі, ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, оларды да оқшаулайды. Залалсыздандырудың мақсаты адамдардың қалыпты қызмет атқаруына және қауіпсіздікте болуына керекті қоршаған ортаның объектілерін залалсыздандыруға қол жеткізу. Залалсыздандыру үшін хлорды әк пен хлороминнің, лизолдың, формалиннің және т.б. ертінділері қолданылады. Дезинсекция мен дератизация – бұл шыбын-шіркейлер мен кеміргіштерді жою. Шыбын-шіркейлерді жлю үшін механикалық, физикалық, химиялық және аралас әдістер пайдаланылады, кеміргіштерді жою үшін механикалық құрал-жабдықтар мегихимиялық дәрі-дәрмектер қолданылады. Карантин аймағының жанындағы аумақтарда және қатаң түрдегі карантинді режимнің сақталуы қажет болмағанда абсервация режимі енгізіледі. Абсервация кезінде зақымдалған аймақтан тұрғындардың шығуы шектеледі және алдын ала егу мен толық санитарлық өндеуден міндетті түрде өткеннен кейін ғана жіберіледі. Бактериологиялық зақымданудың ошағында тұратын халық өзін өзі ұстау ережесін қатаң түрде сақтап, медициналық қызметкерлер мен әкімшіліктің нұсқауларын орындауы керек. Аурудың алдын ала алатын және жұқпалы аурулар ошағын тез арада жоюға көмектесетін профилактикалық егулер мен дәрілерді қабылдаудан қашпаған жөн. Отбасы мүшелерінің қайсы бірінде аурудың алғашқы белгісі пайда болғанда бұл туралы жақын арадағы медициналық мекемеге хабарлап, ауруды оқшаулау керек. Оны ауруханаға жатқызғаннан кейін пәтерді, ыдыстарды, киімдерді, төсек әбзелдерін залалсыздандырып, аурумен қарым-қатынаста болған барлық адамдар санитарлық өндеуден өту керек. Бактериологиялық зақымдалу ошағында болып қалсаңыз, қоршағандармен қарым-қатынасқа түспеңіз. Балаларды үй-жайлардан шығаруға болмайды. Тұрғын үй жайларда залалсыздандырғыш ерітінділерді пайдалана отырып, күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізу керек; қоғамдық және жеке бастың тазалығын сақтау керек. Ауыз су мен тамақ дайындауға арналған суды, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған суды тек тексерілген су көздерінен алдын ала оны қайнатып, пайдаланған жөн. Тағам өнімдерін аузы тығыз жабылған ыдыста сақтап, тек қана оны қайнатқаннан кейін немесе қуырғаннан кейін, ал нанды отқа қақтаған соң, немесе духовкада, пеште қыздырған соң пайдаланған дұрыс. Жұқпалы ауруларды тарататын: тышқандарды, егеуқұйрықтарды, шыбындарды, бүргелерді, кенелерді, масаларды жою керек.
Төтенше болған жағдайды бағалау Радиациялық, химиялық және дозиметрлік бақылау құралдары Иондаушы сәулелердің таралуын анықтау мен оны өлшеудің негізгі әдістері: фотографиялық, химиялық, сцинтилляциялық және ионизациялық әдістер. Фотографиялық әдіс иондаушы сәулелер таралуының фотопленканың сезімтал қабатына, яғни бромды күміс (AgBr) әсеріне негізделген. Бұл кезде бромды күміс молекулалары ыдырайды да, күмістің бос атомдары пайда болады, оны айқындалған пленканың күңгірттелу дәрежесі бойынша байқау оңай. Фотопленканың күңгірттену қоюлығы сәулеге ұшырау дозасына пропорционал болады.
Химиялық әдіс иондаушы сәулелер таралуының кейбір заттарды химиялық өзгеріске ұшырату қасиетіне негізделген. Индикатор қосқан ондай заттардың ерітінділерінің бояуы өзгереді.
Сцинтилляциялық әдіс иондаушы сәулелердің таралу әсерінен кейбір заттардың (сцинтиллятордың) жарық шығаруын (сцинтилляциясын) пайдалануға негізделген. Бұл кездегі жарық саны сәулелер таралуының қарқынына пропорционал болады.
Ионизациялық әдіс иондаушы сәулелердің таралу әсерінен болатын заттар атомдардың иондауына негізделген, соның нәтижесінде электр нейтраль атомдар ыдырайды да, иондар пайда болады. Егер сәулеге ұшыраған заттың ішіне электрондар салып, оларға тұрақты тоқ көзінен кернеу жіберсек, онда ионизациялық тоқ пайда болады. Ионизациялық әдіс негізгі әдіс болып табылады, сондықтан оны қазіргі кезде барлық дозиметрлік приборларға пайдаланады.
Дәріс№ 14 Табиғи және техногенді ТЖ зонасы Тақырыптың негізгі ұғымдары: Табиғи және техногенді Төтенше жағдай зонасын анықтау. Дәрістің мақсаты: Төтенше жағдайды таралу масштабына байланысты жіктеу. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді: 4. Пайда болу саласы бойынша. 5. Ведомствалық қатыстылығы бойынша. 6. Аймақтық таралуы бойынша. Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар: - табиғи; - техногенді; - жанжалды болып бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайларға: ð геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан); ð геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы); ð метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б.); ð теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б.); ð гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтты сулар деңгейінің көтерілуі); ð табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік); ð адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар); ð ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар); ð ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға: o өндірістік; o транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар апаттары, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар); o өрттер (жарылыстар); o ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o ғимараттардың кенеттен құлауы; o электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар; o коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар; o тазартқыш құрылыстардағы авариялар; o гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады. Жанжалды сипатты төтенше жағдайларға: v қарулы шабуыл; v кейбір аймақтардағы толқулар; v соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады. Ведомстволы қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: ü құрылыста; ü өндірісте; ü халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында; ü көлікте; ü ауылшаруашылықта; ü орман шаруашылығында; ü көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер). Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: Ø объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі); Ø жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, облыста шектеледі); Ø аймақтық (таралуы бірнеше облыстарда шектеледі); Ø кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).
Дәріс№15 Жеке қорғаныс құралдары Тақырыптың негізгі ұғымдары: Теріні және тыныс алу органдарын қорғау құралдары (Респераторлар,газ сүзгіштер,қорғану костюмдері).
Дәрістің мақсаты: Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жеке және коллективтік қорғану құралдарымен көмек көрсету.
Қарастыратын тақырыптар: 1) Тыныс алу органдарын қорғау құралдары 2) Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері 3) Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшауғыш газқағарлары жатады.
Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі, ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады. Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізеді. Адсорбция – адсорбнет деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбнет болып табылады. Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық беслсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы. Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жлдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады. Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі. Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады. ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгіш-жұтқыш қарапшамен алдыңғы беттен (шлем маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді. Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 63,5 см дейін – бірінші, 66-дан 68 см дейін – екінші, 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші, 71 см бастап одан жоғары – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынады. Шлем маскада жәй шыныдан жалпақ көз әйнек істелінген. Шынымен бірге көз әйнек манжетіне серіппелі жүзікпен резиналық төсем жапсырылған. Жұтқыш-сүзгіш (газдан қорғайтын) қорапша қаңылтырдан жасалынады, дөңгелек болып келеді, қорапша қақпағының газқағарының үстінгі бөлігімен қосылу үшін арналған таңылған ауызы бар. Қорапшаның астында дөңгелек саңырау орналасқан, ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады. Металлды қораптың тоздыруынан сақтау үшін сырлайды, ал ішіне қара лак жағады. Түтіннен қорғайтын сүзгімен және көмірмен (ауа ағыны бойынша) және катализатормен (шахтамен) жабдықталады. Клапандық қорапша жұтылған және шыққан ауа ағыны бөлу үшін қызмет етеді. Онда бір жұту және екі үрлеу клапаны бар. ГП-5 газқағары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі. Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді. ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бір қатар артықшылығы бар. Сүзгілік-жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек тамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады. Газқағарда сөйлесу қондырғысының (мембрананың) болуы, айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңідетеді. ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің (ғ) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен үрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі. Жастықша ілме бауының жағдайы газқағарды қиюластырған кезде белгіленеді. Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
Балалар газқағарлары Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған – ДП-6М газқағары (балалар газқағары, алтыншы түрі, шағын), жасы үлкен балаларға – ДП-6 (балалар газқағары, алтыншы түрі). ПДФ-7 аса көп таралған (балалардың сүзгілік газ-қағары, 7 үлгі). Жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ДП-6 айырмашалығы ересектердің ГП-5 газқағарындағы сүзгілік жұтқыш қорапшасымен жабдықталған. Алдыңғы бөлігі ретінде МД-1 маскасының бес өлшемі қолданылады. ПДФ-Д, ПДФ-Ш газқағарларында (балалар газқағары, сүзгілік, мектептке дейінгі немесе мектеп жасындағы) ГП-5 бірыңғай сүзгілік-жұтқыш қорапшасы бар және тек алдыңғы бөліктерімен ғана ерекшелінеді. ПДФ-Д төрт өлшемдегі – 1, 2, 3, 4 МД-3 маскаларымен (балалар маскасы, үшінші үлгі) жабдықталған. Маскалардың цифрлі үшпен жабдықталған бес таспасы бар жұқа резина пластина түріндегі жастықшасы бар. Бір өлшемдегі маскадағы қосқыш түтікше клапандық қорапшадан бүйірлей қосылған. ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. ПДФ-Ш 7-17 жастағы балаларға арналған. Алдыңғы беті ретінде ек өлшемдегі, атап айтқанда, 3-4 өлшемдегі МД-3 маскасы пайдаланылады. Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады. Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік-жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғанданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді. ПДФ-2Д бір және екі өлшемдегі, ПДФ-2Ш екі және үш өлшемдегі алдыңғы бетпен жабдықталады. Жиынның массасы: мектепке дейінгі – 750 г дейін, мектептік – 850 г дейін. Сүзгілік-жұтқыш қорапша құрылымы бойынша ГП-5 қорапшасымен бірдей, алайда ауа жұтуға аздаған қарсылығы бар. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға газқағарларды ересектер кигізеді. Бұл былайша істелінеді: баланы әрі қаратып тұрғызады, бас киімін алады, маңдай мен шашты жинап, алдыңғы бөлікті самайлық және ұрттық ілмек баудан ұстайды және бетке жастықшаны иектің обтюратордың төменгі жағына орналасатындай етіп қояды, қолды жоғары төмен қозғай отырып жастықшаны баланың бетінен басқа қарай тартады. Алдыңғы беттің обтюратор мен ілмек баудың түйінін тарқатады. Ұрттық айырбас тартылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдік таспа баулар байланады. Бас киім кигізеді.
ПДФ-2Д және ПДФ-2Ш газқағарлары
ПДФ-2Д немесе ПДФ-2Ш газқағарларын алу үшін әуелі ұрттық ілмек бауды тарқатады, содан кейін алдыңғы бетті ауа шығару клапандарының шетінен ұстап төмен қарай тартылады және қолды алға және жоғары қозғай отырып алады. 1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін КЗД-4 (балалар қорғау камерасы, 4 үлгі) және КЗД-6 пайдаланылады.
Қосымша патрондар Газқағарлардың ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) енгізілген. Олар ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады. ДПГ-3 жиында газқағармен бірге аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды. ДПГ-1 сонымен қатар азоттың, хлорлы метилдің қостоғынан, сутегі мен этилдің тотығынан қорғайды. ДПГ-1 немесе ДПГ-3 қосымша патрондар жинағына жалғайтын түтікше мен қоспа кіреді. Патронның цилиндрлік қалпы бар және сыртынан ГП-5, ГП-7 сүзгілік-жұтқыш қораптарына ұқсас. ДПГ-1 патронының ішінде шахтаның екі кабаты, арнайы жұтқыш пен гопкалит бар. ДПГ-3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар. Ауа ағынына қарсылық 30 л/мин жұмсалған кезде 10 мм вод.ст. аспайды. ДПГ-1 патронының массасы 500 г жуық. ДПГ-3 патронының массасы 350 г-ға жуық. ДПГ-1 және ДПГ-3-тің қосымша патрондары бар. ГП-7, ГП-5, ГП-5М азаматтық газқағарларға арналған. ҚӘУЗ бойынша қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% және қоршаған ортаның температурасы 300С-тан +400С-қа дейін болған кезде 0,5 сағаттан 5 сағатқа дейін. Гопкалитті патрон көміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде газқағарда пайдаланылуы мүмкін. Құрлымы бойынша ДПГ-1 немесе ДПГ-3-ті еске түсіреді.
Газқағары ДПГ-3 қосымша патронын пайдалану Ол гопкалитпен және құрғатқышпен жабдықталады. Гопкалитті патрон. Көміртегі тотығынан (оксидтен) қорғауға арналған газқағарлар үшін қосымша патрон, құрылымы бойынша ДПГ-1 мен ДПГ-3-ті еске түсіреді. Ол құрғатқышпен және гопкалитпен жабдықталады. Құрғатқыш хлорлы кальций сіңірілген силикагель сияқты ылғал кезінде өз қасиетін жоғалтатын гопкалитті алғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған. Гопкалит – мыс тотығы мен марганец қостотығының қоспасы, көміртегі тотығы қышқылданған кезде усыз көмірқышқыл газына дейін ауадағы оттегі есебінен көміртегі тотығын қышқылдандыру кезінде катализатор рөлін атқарады. Құрғатқыш – хлорлы кальций сінген силикагель сияқты. Ол гопкалитті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның суды буын жұтуға арналған, ылғалданған кезде өз қасиетін жоғалтады. Патронда оның бастапқы салмағы көрсетіледі. 20 г және одан артық ылғалды жұту есебінен салмақ артқан кезде бастапқы патронды пайдалануға болмайды. Патронның қорғаныстық іс-әрекеттің уақыты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде екі рет сағат шамасында. Нөлге жақын температура кезінде оның қорғаныстық іс-әрекеті төмендейді, ал – 150С және одан төмен температурада артада. Патронның массасы 750-800 г. Оқшаулағыш газқағарлар Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады. Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан аның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады. Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады. Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген. Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар регенеритивті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, қарқастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғалданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді. Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттенгіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді. Жіберу икемделгішін қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстінгі қабатын ыдыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процесі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп өз бетінше жүреді. Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмір қышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді. Өнеркәсіптік газқағарлар Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 3248; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |