КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 13 страница
Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты. Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу тереңдігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.
Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5-2 есеге көбейеді. Төңірегінің бәрі құбылыс елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі айтарлықтай азаяды (3 - 3,5 есе). ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі. Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с). ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 200С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескерту керек. Қайнау температурасы 200С-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көміртегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды. ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады. Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды көшіру қарастырылуы мүмкін. Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жұмысшылар мен қызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс. Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізу үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің (ИПП-8, 10) мақсаты мен құрылысы Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдауы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, тұман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеші сағат, тәулік апта бойында сақтайды. УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мен санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Организмнің әр түрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері Жүйкені жансыздандыратын УЗ. Бұл топқа улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (ФОЗ) – зарин, зоман, V газдар жатады. ФОЗ организмге тыныс алу органдары, жара, тері, кілегейлі қабық, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Тері ұлпалары мен кілегейлі қабық арқылы ФОЗ тамшылы-сұйық, аэрозоль және бутәріздес күйде әсер етеді. ФОЗ органимзге енгеннен кейін тыныс алуды, жүрек-тамыр жүйке және басқа жүйелердің қызметін күрт бұзады. ФОЗ-дың зақымдау әсері үш дәрежеге бөлінеді: § жеңіл зақымдау дәрежесі көз қарашығының қысылуын, көру қабілетінің күрт төмендеуін, көз бен маңдай төңірегінің сырқырауын, мұрыннан сілекей ағуды, кеуденің қатты қысылуын, жүректің айнуын, жалпы әлсіздікті тудырады. § орташа зақымдау дәрежесі ауатамырдың тарылуы салдарынан демікпенің дамуымен, сондай-ақ жеңіл зақымдану дәрежесі кезінде байқалатын уланудың барлық белгілерінің күшеюімен сипатталады. Жрек айниды, кейде құстырады, іш бұрап ауырып, өтуі мүмкін, кіші дәрет жиі келеді. Кілегейлі қабықтың көгеруі жүріс-тұрыстың бұзылуы (тенселу), құрыспа байқалады. § ауыр зақымдау дәрежесі ұстама тәріздес сипаттағы құрыспамен сипатталады, құрыспа кезінде тыныс алу біржола тоқтауы мүмкін. Тері жамылғылары көгеріп, дәрет алу жиілейді. Құрыспалар кейде 30-40 минутқа дейін созылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмексіз зақымданушы қаза болады. ФОЗ-бен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен, сондай-ақ санитарлық дружиналар, санитарлар және санитарлық нұсқаушылар көмегімен көрсетіледі. ФОЗ-бен зақымдануының тез өтуіне байланысты зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті жедел көрсету қажет. УЗ зақымдану аймағындағы зақымданушыға газқағарды тез кигізіп, алдын ала беттің үстін химиядан қорғайтын жеке пакеттегі (ИПП – 8) сұйықпен сүрткен жөн. Зақымданудың алғашқы белгілері байқалысымен (қарашықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, тұншығу, құрыспа) зақымданушыға шприц-түтіктің көмегімен антидот егеді (зақымданудың ауыр дәрежесінде – 2 доза, орташа дәрежесінде – 1 доза), ал жеңіл зақымданғандарға АИ-2 кобдишасындағы 2 таблетканы береді, ал улану белгісі өршіген кезде тағы бір таблетка береді. Бұдан кейін ИПП – 8 құралдарымен терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізіледі. Тыныс алу тоқтаған кезде жасанды демалдырады (химиялық зақымдану аймағында жасанды демалдыруға болмайды!). ФОЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде шприц-түтікпен бұлшық етке антидот енгізеді, ал зақымданған аймақтан тыс жерде зақымданушыны құстырады. Бұдан кейін барлық зақымданушыларды химиялық зақымдану ошағынан емдеу мекемесіне алып барады. Жалпы улағыш әсердегі УЗ – көгілдір қышқылы, хлорциан. Көгілдір қышқыл организмге тыныс алу органдары кілегейлі қабықтардың жарасы, тері ұлпалары, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Көгілдір қышқылымен зақымданған кезде ащы бадамның иісі келіп, ауызда ащы металдың дәмі пайда болады, ауыз қуысындағы кілегейлі қабықта қанның азаюы, таңдайдың құрғауы байқалады, жүрек айниды, бас ауырыды, әлсіздік пен мазасыздық сезімі билейді. Кілегейлі қабықтар мен тері ашық түске енеді. Қарашықтар кеңейеді, көздің алмалары жыпылықтап, демікпе пайда болады. Зақымданушы мазасыз күйге түседі, жүріс-тұрысында оғаштық байқалып, қорқыныш сезімі билейді, есінен танады. Жалпы улағыш әсердегі УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек: o зақымданушыға газқағарды тез кигізу; o шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (көгілдір қышқыл антидоты); o ауыр зақымданған кезде 2-3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2-3 ампуласын енгізу; o тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезінде жасанды демалдыру; o зақымданушының тыныс алуы орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару. Теріні құрыстыратын УЗ. Осы топтың өкілдері иприт пен люизит болып табылады, олардың зақымдағыш әсері тамшы-сұйық түрінде, және бу тәріздес күйде болады. Олардың организмге өту жолдары ФОЗ-бен бірдей. Ипритпен зақымдану жасырын мерзімнің болуымен сипатталады. УЗ әсер еткен сәтте, әдеттегідей, ауру немесе өзгеде жағымсыз күй байқалмайды. Ипритті әсіресе көз тезірек сезеді. Көз зақымдалғаннан кейін 2-5 сағаттан соң көз топырақ түскен сияқты әсерде болады, жарықтан тайсақтайды, жас ағады, қызарады, кілегейлі қабықтар жасаурайды. Тамшы-сұйық ипритпен тері зақымданған кезде 3-7 минуттан кейін-ақ оның оны тереңірек енгендігі, ал 30-60 минуттан соң оның толық сіңірілуі байқалады. 18-24 сағаттан соң бүршіктер пайда болып, артынша үлкен бүршіктерге құйылады. Иприт буымен демалған кезде тыныс алу органдары зақымданады. 2-6 сағаттан кейін таңдай құрғайды, жөтел жиілеп, дауыс қырылдайды, біраздан соң жоғалады. Кейіннен өкпе қабынады. Иприт асқазанға тамақпен немесе сумен өткен кезде 20-40 минуттан кейін асқазанның маңайы сырқырап, жүрек айниды, құстырады, еріннің, қызыл еттің және ауыздың қуысы қанталайды. Люизит – герань жапырағының иісі бар ауыр қара-қоңырқай сұйық. Оның зақымдағыш әсері көп жағдайда иприттікіне ұқсас. Тек, айырмашылығы әсер ете бастағаннан-ақ денені сырқыратады. Теріні құрыстыратын УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек: · зақымданушыға газқағар кигізу; · ИПП-8 көмегімен ішінара санитарлық тазалау жүргізу; · егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса, көзді сумен жақсылап шаю; · УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде (тек зақымданған аймақтан тыс жерде) асқазанды түтіксіз шаю; · егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара санитарлық тазалаудан кейін зақымданған жерге асептикалық таңғыш қою; · зақымданушыны емдеу мекемесіне алып бару. Тұншықтырғыш УЗ (фосген, дифосген) қоқыс шөп пен шіріген алманікі сияқты жағымсыз иісімен ерекшеленеді. Организмге тек тыныс алу органдары арқылы ғана өтеді. Тұншықтырғыш УЗ-ның алғашқы зақымдау белгілері: ауызға тәтті дәмінің келуі, таңдайдың құрғауы, жөтел, бастың айналуы, кеуденің қысылуы, жалпы әлсіздік. Газқағарды шешкен соң (зақымдалған аймақтан шыққаннан кейін) бұл құбылыстар біртіндеп бәсеңдейді немесе мүлдем жоғалады. 4-6 сағатқа созылатын жасырын мерзім дейтіннің әсері басталады. Одан кейін зақымданушының көңіл-күйі нашарлай бастайды: демігу, сілекейді қатты шашыратын жөтел пайда болады, бас ауырады, әлсіздік билейді. Тері ұлпалары көгереді, өкпе домбығады. Тұншықтырғыш УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек: § зақымданушыға газқағар кигізу; § зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығару (әкету), ешкім шағымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етілмейді! Газқағарды ұзақ кию көңіл-күйді нашарлатады және өкпенің домбығуына ықпал етеді; § жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану). Тұншықтырғыш УЗ-мен зақымданған кезде жасанды тыныс алдыруға болмайды! Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін – хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, CS заттары. Көздің жасын ағызатын улы заттарға хлорпикрин мен хлорацетофенон жатады. Олардың әсері кезінде көзде шымшу сезіледі, жас қатты ағады, жарықтан таясақтайды, қабақ домбығады. Қатты уланған кезде көздің тітіркенуі күшейеді және жоғары тыныс алу жолдарын зақымдану белгілері пайда болады: таңдай мен кеуденің қыжылы, жөтел, тұмау. Тітіркендіргіш УЗ-мен уланған кезде (адамсит, CS заттары) түшкіртеді, мұрын қуысында қыжыл пайда болады, мұрынбоқ ағады, көздің жасы ағады, жөтел пайда болып, сілекей ағады. CS заттары тез әсер ететін УЗ болып табылады – адам организмін 20-60 секундтан кейін зақымдайды. Алғашқы медициналық көмек: ◊ зақымданушыға газқағар кигізіп, зақымданған аймақтан әкету; ◊ көз бен аңқаны сумен мұқият шаю, көзді сүртуге болмайды, өйткені бұл жағдайда тітіркену күшейеді; ◊ 2-3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен (ампуладан) демалдыру, егер тітіркену тоқталмаса, тыныс алуды 5-10 минуттан соң қайталау. Медициналық тірекке көздің, тыныс жолдары мен терінің қатты тітіркену құбылыстарымен зақымданғандар ғана жіберіледі. Психологиялық әсер ететін УЗ-ға BZ және лизергин қышқылы диэтиламиді (ДЛК) түріндегі адамдарды уақытша қатарынан шығаратын химиялық қосылыстар жатады. BZ заттармен уланған кезде зақымданушыда құштарлық көңіл-күйі пайда болады (мастануды сезіну), бұдан кейін жүріс-тұрыс бұзыла бастайды, бұлшық еттің әлсіреуі байқалады. Бұдан әрі орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері анық біліне бастайды. Зақымданушыны уақыт пен тұрған жерін зорға болжайды. Көздің қарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтар мен тері ұлпалары құрғайды, жүрек соғысы күрт жиілейді. Психикалық және жүріс-тұрыс қозуы, ретсіз сөйлеушілік байқалып, ара тұра тежеледі. Зақымданудың ауыр дәрежесінде сана көмескіленеді, уақыт пен тұрған жерді ажырата алмайды, тіл күрмеледі, мазасыздық, қауіп, қорқыныш билейді, көзге басқа заттар елестейді және құлақ шала естиді. Мұндай сезімдер зат әсер еткеннен кейін 2-3 сағаттан кейін пайда болады. BZ үлгісіндегі УЗ заттарымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек: v зақымданушыға газқағар кигізу; v терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізу; v УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен өтсе, асқазанды түтіксіз шаю; v Зақымданушыны емдеу нүктесіне алып бару. Қоршағандар немесе зардап шегушінің өзі үшін қауіп төндіретін қатерлі іс-әрекет жасалған жағдайда шектеу шараларын жүргізу қажет (зақымданушыны зембілге салып байлап тастайды).
Биологиялық (бактериологиялық) зақым аймағындағы апат кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі және әскери құралдар. Ол қарсылыстың жаппай тірі күшін, ауыл шаруашылық аңдарды, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған. Әскери іс әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады. Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, патогенді микробтардың ауру таратқыштық қасиетін және уытты азық-түлікті қолдануға негізделген. Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, аңдарға (өсімдіктерге) енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (уыттану) шақыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық агенттер. Патогенді микроорганизмдер – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері кішкене, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезімтал органдарымен анықталмайды. Мөлшеріне, құрылысына және биологиялық қасиетіне қарай олар класстарға бөлінеді, олардың ішінде вирустардан басқа бактериялардың, рикетсийлер мен күйелердің үлкен мағынасы бар. Сақтау процесінде және әскери пайдалануда өзінің өмірлік және талқандағыш қасиетін сақтап қалу үшін биологиялық агентті қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін, биологиялық агент пен әр түрлі дәрі-дәрмектердің қоспасы, биологиялық рецептура деп аталады. Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: Ø тозаңды Ø трансмиссивті Ø диверсиялық Қазақстан Республикасында адамдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ішінен оба, тырысқақ, туляремия, сарып, сібір ойық жарасы, қырым геморрагиялық қызбасы, іш сүзегі, құтырма кездеседі. Эпидемиялық сипат алуы мүмкін ауруларға оба мен тырысқақ жатады. Аңдардың эпизоотикалық ауруларының ішінде таралғаны мыналар: сарып, туберкулез, шешек, құтырма, қырым геморрагиялық қызбасы, лептоспироз, пастерилез, таспа құртқа шалдығу. Өсімдік ауруларының ішінде айтарлықтай қауіп тудыратыны тат жұқпасы, сенториоз, сұр дәнді дақыл көбелегі. Бактериологияға қарсы қорғаудың негізгі мақсаты – қарсылас бактериалық заттарды қолданған жағдайда, жұқпа ауруларының болатынын алдын ала айту немесе халықтың арасында жұқпа аурулардың таралуын барынша тоқтату болып табылады. Бактериологиялық қарудың әсерінен халықты қорғау үшін сенімді құралдар бар. Бұл ұжымдық қорғаныс орындары – бактериалдық тозаңдардан сенімді түрде қорғайтын панаханалар. Тыныс алу, тамақ қорыту органдарын, сілемейлі қабықты және теріні қорғауға газқағарлар, респираторлар, шаңға қарсы мата бет пердесі, мақта-дәке таңғышы, арнайы бейімделген киім мен жамылғы қызмет етеді. Аурулардың алдын алу үшін АИ-2 жеке медицина қобдишасындағы медициналық қорғану заттарын тиесілі түрде қолданудың үлкен мағынасы бар. Адамдарды жұқпа ауруларды жұқтырудан қорғаудың шараларына эпидемияға қарсы шараларды қатаң түрде орындау жатады, олар мыналар: санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау; антибиотиктармен егу және шұғыл сақтандыру; ауруларды анықтау және оларды оқшаулау; тағам өнімдері мен суды қорғау; аумақ пен үй-жайларды залалсыздандыру. Тұрғындар арасында жаппай жұқпалы аурулар пайда болғанда және аса қауіпті аурулар (оба, шешек, тырысқақ) пайда болғанда карантин режимі енгізіледі. Карантин режимі айналадағы тұрғындардан зақымдалған ошақты толық оқшауларды қарастырады; оның мақсаты жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату. Карантин аймағының ішкі шекарасында қаруландырылған күзет қойылады, коменданттық қызмет және патрульдеу ұйымдастырылады, қозғалысты реттеу енгізіледі. Бұл аймаққа кіру және бұл аймақтан шығу, сондай-ақ оның ішінде еркін жүруге тиым салынады. Темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түріне бұл аумақпен өтуге болмайды. Карантинді аймақтың барлық аумағында Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі тиісті алдын алу және емдік шаралар жүргізеді. Шаруашылық нысандарды індетке қарсы шараларды қатаң түрде орындайтын ерекше жұмыс режиміне ауыстырады. Жұмыскерлер мен қызметкерлер казармалық жағдайға ауыстырылып, цех және бөлім бойынша ұсақ топтарға бөлінеді. Карантин аймағындағы тұрғындарды топтарға бөледі, адамдарға өз пәтерлері мен аулаларынан шығуға рұқсат етілмейді, ал тағам өнімдерін суды және бірінші қажеттегі заттарды пәтерлерге (аулаларға) жеткізеді. Жұмыскерлер мен қызметкерлердің тамақтануы мен демалысы цех және бөлім бойынша арнайы бөлінген үй-жайларда ұйымдастырылады. Оқу орындарында, сабақта, мәдени-ағартушы мекемелердегі және сауда кәсіпорындарындағы жұмыс тоқтатылады. Қоғамдық көлікті пайдалану шектеледі. Үй жайлардан зақымдалған ошақ аумағына шығатын барлық азаматтар жеке қорғаныс заттарын пайдаланулары керек. Зақымдалу ошағында барлық тұрғындарды шұғыл алдын ала емдеу жүргізіледі. АИ-2 медициналық қобдишасы бар тұрғындар ондағы дәрі-дәрмектерді қолдана отырып, алдын алуды өз бетінше жүргізеді.
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1549; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |