Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 9 страница




Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

 

Радиациялық авария – радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:

· радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

· метеорологиялық және климаттық факторлар;

· авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.

Авариядан кейінгі бастапқы кезенде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мұндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті йод (йод – 131) болып табылады.

Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнеше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан ұзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үйлесті биологиялық қауіпті цезий – 137, стронций – 9, плутоний – 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.

Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар ұшырайды. Ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік құралы, мүлік, материал мен азық-түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды.

Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді.

Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлемді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылым элементтері, тұрғын үй, әлеумет тұрмыс объектілері, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірталай аумақ шығарылады.

Адамға сәуле алудың қауіпі

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезетінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.

I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) – 100-200 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.

II дәрежелі сәуле ауруы (орташа) – 200-400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда 2-3 ай ішінде сауығады. 20% жағдайда адам өледі.

III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) – 400-600 рад сәулелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді, 20-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншық зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда

IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) – 600 радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 30 градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз 2-3 апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Химиялық қауіпті аймақтардағы апат кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

 

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әр түрлі химиялық өнімдердің барған сайын көбірек қолданылуын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.

Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы (төгілуі) ықтимал. Олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.

Алайда, аса қауіпті объектілердің қирауы (авария) кезінде олардың шығуы (төгілуі) нәтижесінде химиялық заттардың барлығы бірдей үлкен залал келтіре алмайды. Тыныс алу органдары мен тері ұлпалары арқылы әсер еткен уақтыттағы жоғары улылық, өндіріс көлемінің ірілігі, тұтыну, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ шыққан (төгілген) кезде негізгі зақымдағыш күйге (бу немесе аэрозоль) оңай өту қабілеті сияқты белгілі бір қасиеттері үйлескен кездегі химиялық қосылыстардың бір бөлігі ғана адамдардың жаппай зақымдануына себеп бола алады.

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.

Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың) салдарын дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу (төгілу) салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.

Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрал, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.

 

Дәріс № 11 Төтенше жағдай кезінде кері әсер ететін факторлар

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Төтенше жағдай кезінде шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмысына кері әсер ететін факторлар

 

 

Дәрістің мақсаты: ТЖ а/ш объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін анықтау.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Кәсіпорынның жұмыс істеу негізі

2) Қайталама факторлардың зақымдау ықпалын бағалау

 

Шаруашылық жүргізуші объектілеріндегі жұмыс тұрақтылығын зерттеу әдістемесі оның төтенше жағдайларда толық қорғалуын қамсыздандырылмайтындығын ескереді, алайда, оның жұмысының тұрақтылығын көтеру – мүмкін және қажет. Кәсіпорынның жұмыс істеу негізі мыналардан тұрады:

v өндірістік қызметшілер (жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, қызметшілер);

v өндірістік (станоктік), лабораториялық, технологиялық және өзге қондырғылар орналастыратын ғимарат пен құрылыс;

v электр, су, газ, бу, жылу, отынмен жабдықтау жүйесі;

v басқа нысандармен өндірістік және кооперативтік байланыстар жүйесі;

v кәсіпорынды жинақтау үшін материалмен және оның қорымен жабдықтау.

Өндірістің осы элементтерінің кез-келгенінің қызметінің бұзылуы өнім шығаруына ықпал етеді, уақытша тоқтауға немесе өндірістің бір жола тоқтауына алып келеді. Шаруашылық нысанына келтірілуі мүмкін зақым туралы айтқанда, олар өндірістік және өзге нысандар мен адамдарға ықпал ету сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

Ø қирау, зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың жарақаты, контузиясы);

Ø тұтану, өрт (күйік, адамдар мен хайуанаттардың көрмей қалуы);

Ø зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық, сондай-ақ әртүрлі өндірістік және табиғи газдармен зақымдануы);

Ø су басуы.

Өндірістік авария, апат және зілзала пайда болған жағдайда зақымданудың бір түрімен қатар бірнеше түрі орын алуы мүмкін.

Нысан тұрақтылығын бағалау негізінде нысанның және оның аумағындағы адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің әртүрлі зақымдануының салдары қаланған.

Зақымданудың алғашқы факторы ретінде соғыс уақытындағы қазіргі зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының өзін және бейбіт уақыттағы өндірістік авария, апат және зілзаланы санау қалыптасқан.

Қайталама зақымдау факторлары алғашқы факторлардың ықпалының салдары болып табылады.

Нысан жұмысының тұрақтылығын қарастыра отыра мыналарды бағалау керек:

ü нысанның бастапқы зақымдағыш құралының ықпалына төзімділік деңгейі;

ü қайталама факторларының пайда болу мүмкіндігі және олардың ықпалынан зақымдану сипаты;

ü ҚӘУЗ ықпалына нысан жұмысының төзімділік деңгейі;

ü нысанның басқару жабдықтау мен өндіріс байланыстар жүйесінің сенімділігі.

Нысан келбетін талдау оның орналасқан ауданын зерттеуден басталады, ол карта (жоспар) және ТЖ аумақтық (қалалық, аудандық) органның мәліметтері бойынша зерттеледі.

Нысанның топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:

♦ аумақ құрылысының сипаты, қоршаған нысан (құрылыс құрылымы, тығыздығы мен түрі);

♦ осы аумақта қайталама зақымдау факторларының пайда болуы ретінде қызмет ететін кәсіпорындардың болуы (гидроторап, химиялық өнеркәсіп нысандары);

♦ жапсарлас жердің табиғи жағдайы (орман алқабы – ықтимал өрт көзі, жер бедері);

♦ жолдың ауданының метеорологиялық жағдайының болуы;

♦ жауын-шашынның көлемі, жердің бағыты, сондай-ақ топырақ сипаты мен топырақ астындағы жатқан су тереңдігі.

Бұдан кейін әрбір зерттеу тобы өзге мақсат етіліп қойылған міндеттерге тікелей қатысты мәселелерді зерттеп талдайды.

Мысалы, ғимарат пен нысан құрылысын зерттеу кезінде негізгі және көмекші өндіріс ғимаратына және төтенше жағдайда негізгі өнімдері өндіріске қатыспайтын ғимараттарға қысқаша сипаттама беріледі.

Олардың конструкциясының негізгі ерекшелігі белгіленеді, зақымдағыш факторлар мен ықтимал қайталама зақымдағыш факторлар ықпалына орай есептеме үшін қажетті техникалық мәлімет келтіріледі, атап айтқанда: құрылғысы, қабаты, ұзындығы мен биіктігі, каркас түрі, жарық ойығы, төбе, жабын, ғимараттың отқа төзімділігі бағаланады.

Жақын орналасқан баспаханадағы жұмысшылар мен қызметшілер саны көрсетіледі.

Қайталама зақымдау факторларының ықпалын бағалау бойынша нақты міндеттерді шешу өндіріс ерекшелігі мен жеке алғанда әрбір нысанға тән белгілерге байланысты. Негізгілер ретінде ТЖ-да зақымдағыш факторларының ықпалынан нысан элементтерінен қирау сипаты мен деңгейін талдаудан шығарылған қорытынды қабылданады.

Мысалы, ҚӘУЗ өндірісінде қолданылатын зақымдағыш заттардың іс-әрекеттерінің сипаты мен көлемін бағалау үшін олардың нысандағы ұстау жағдайы мен қирау деңгейін және коммуникацияны білумен қатар, олардың көлемін, улылығын, нысандағы өндірістік құрылыстың тығыздығын, АҚ қорғаныс ғимаратының сапасын және ондағы адамдарды қамсыздандыруы, жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын және т.б. зерделеу қажет.

Қайталама факторлардың зақымдау ықпалын бағалау мына ретпен жүргізіледі:

· зақымдағыш факторларының кезінде жарылыс, өрт шығуы, атмосфера мен жер ластануы мүмкін нысан элементтері анықталады. Нысанның осы элементтері қайталама зақымдау факторларының ішкі көзі болып табылады;

· осы көзден қайталама зақымдау (қирау) факторларының түрі (сипаты) белгіленеді;

· орналасу жері мен метеорологиялық жағдайды ескере отырып, зақымдау факторларының іс-әрекетінің басталу уақыты және нысанның әрбір цехындағы қайталама зақымдау факторларының іс-әрекеті созымдылығы анықталады;

· талдау негізінде оның ықпалын болдырмау және төмендету бойынша шаралар әзірленеді.

Жұмыс баптарында барлық мәселелер пысықталып бас инженер топ басшыларымен бірге зерттеу қорытындысын алдын ала шығарғаннан кейін:

o зерттеу нәтижесі туралы қорытынды баяндама;

o төтенше жағдайдағы нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленеді.

Қорытынды баяндамада мына мәселелер көрсетіледі:

§ зерттеу тақырыбы, мақсат, міндеті мен жүргізу ерекшелігі;

§ тұрақтылықты бағалаудан шығарылған қорытынды;

§ нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар;

§ жоспарланған шараларды өткізу үшін қажетті қаржылық және материалдық техникалық құралдар;

§ жоғары тұрған органдарының көмегі қажет болатын шаралар;

§ зерттеу барысында шешілмеген және ғылыми-зерттеу мен өзге ұйымдарда пысықталуға тиіс мәселелер.

Қорытынды баяндамаға зерттеу материалдары қоса беріледі.

Зерттеу барысында жасалынған қорытынды ТЖ-да нысан жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шараларды жоспарлауда негізі болып табылады.

Нысан тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыс шараларының жоспары нысан жұмысының тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін барлық ұсыныс пен нұсқауды іске асыруды қарастырады. Осы жоспар 3-5 жылға жасалып екі негізгі тарауға бөлінеді:

♦ бейбіт уақытта өткізілетін шаралар;

♦ ТЖ қауіпі кезінде және оның әсерінен кейін өткізілетін шаралар.

Жоспардың әрбір бөлімінің шаралары:

v нысанның өз күшімен;

v жоғары тұрған ведомствомен;

v ғылыми-зерттеу және өзге ұйымдармен өткізіледі.

Жоспарда және оның қосымшасында шаралардың көлемі мен құны, күштер, қаражат материалдар, жауапты тұлғалар мен орындаушылар, орындау мерзімі және басқа қажетті мәселелер көрсетіледі.

Нысан күштері өткізетін шаралар бөлігіндегі осы жоспарды техникалық кеңесте қаралғаннан кейін АҚ бастығы бекітеді, орындаушыларға беріледі, ал қалған ұсыныстар зерттеу нәтижесі туралы баяндамамен бірге зерттеуді жүргізуге міндеттеген жоғары тұрған ведомствоның қарауы мен бекітуіне ұсынылады.

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адамдарды құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ аймағын оқшаулау, сондай-ақ қайта калпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында заңдылыққа сәйкес Азаматтық қорғаныс күштері қатысады. Азаматтық қорғаныс күштері Азаматтық қорғанысқа қарайтын әскери бөлімдерден, аумақтық, нысандық құрамалардан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтері құрамаларынан, республикалық, облыстық және қалалық жедел-құтқару топтарынан құрылады.

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар ең аз уақытта ұйымдастырылып, күні-түні, толық аяқталғанша өтеді. Қойылған міндеттерді орындау үшін, ол басшылар мен құтқарушылардан тәндік және психологиялық төзімділікті, кез-келген жұмысты және барлық күштерді жұмылдыруды талап етеді.

Құтқару жұмыстары өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, сел ағындары мен басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жүргізіледі.

 

Д № 12 Жер сілкінісін болжау

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Жер селкінісі кезіндегі жағдайды бағалау негізі.Халық шығынын есептеу және оны болдырмау жоладры.

 

Дәрістің мақсаты: Ғимараттар мен құрылыстарды жоғары температураға және құлап жойылуға тұрақтылығын бағалау.

 

Қарастыратын тақырыптар:

1) Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

2) Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

3) Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері

 

Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауіпті аймақтарда тұрады. Орташа жер сілкінісінен 8 мың адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегеді.

Сондықтан үкімет мекемелерінің жер сілкінісінің болжамына деген қызығушылығы үлкен – егер алдын-ала берілген болжам тура болса, мыңдаған адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшіру бекершілік болады. Жер сілкінісі жөнінде екіұштылық көп болғандықтан, олар жөніндегі алдын-ала айтылған жорамалар сирек тура келеді. Соған қарамастан алдын-ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебі бүгінгі күнде жүздеген ғалымдар, әсіресе АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдері жер сілкінісі болжамы туралы зерттеулер жүргізуде.

Жер сілкінісінің болжамы мынадай болады:

♦ ұзақ уақытты (бірнеше жыл);

♦ орташа уақытты (айлар);

♦ қысқа уақытты (күндер мен сағаттар).

Болжамның кез келген түрінің тура практикалық бағыты бар:

- ұзақ уақытты – сейсмикалық ауданда жерді қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкіндік береді.

- орташа уақытты – авариялық қызметті дайындыққа келтіріп, материалдық заттарды қорландыруға мүмкіндік береді.

- қысқы уақытты – аса қауіпті өндірістердің тоқтап қалуынан бастап, халықты көшіруге дейінгі жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшін қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сілкіністерін алдын-ала айту, болжап айтушыларды танып-білу негізінде іске асырылады.

Жер сілкінісін болжап айтушылар – бұл мәні жер сілкінісінің алдында жүйелі түрде өзгеріп отыратын Жердің мінездемесін болжап айтушыларға жататындар:

Сейсмикалық – әртүрлі магнитудадағы жер сілкінісінің жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сілкінісінің аса маңызды индикаторының қызметін атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы – Жердің үстінен триангуляциялық желістің көмегімен геодезиялық түсіру және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердің үстінде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерін төмен түсіру және жоғары көтеру – жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңізде теңізгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үсті еңістері – жер үсті еңісі бұрышының вариациясын өлшеу үшін наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезімтал құрал, жер сілкінісінің болуына аз уақыт қалғанда, жер үсті еңістерінде білінбейтін (5 см дейін) өзгерістерді байқайды.

Деформация – тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшін ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге екі нүктенің салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерін анықтап отыратын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейі – жер сілкінісінің алдында жиі жер асты суларының деңгейі көтеріледі немесе төмен түседі.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленісу жағдайына байланысты, себебі бұл жыныстар арқылы толқындар тарайды.

Геомагнитизм – тау түрінің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердің магнит алабы оқшаулап шектелген өзгеріске ұшырайды. Магнитті алқаптың кіші вариациясын өлшеу үшін арнайы магнитомерлер әзірленген.

Жер электірі – тау жыныстарындағы электр кедергісі жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін. Бір-бірінен бірнеше километр аралықта топыраққа орнатылған электродтардың көмегімен өлшенеді.

Жер асты суларында радонды ұстау – радон – жер асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиобелсенді газ. Ол әрдайым жерден атмосфераға бөлініп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруі, болуы мүмкін жер сілкінісінің белгісі.

Жануарлардың мінез-құлқы – жануарлардың мінез-құлқын жер сілкінісін болжау үшін пайдалану қиын, себебі олардың мінез-құлқының өзгеруі көптеген себептерден болу мүмкін, оған ауа-райын, тамақты, ден саулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мінез-құлқы өзгергені байқалса, онда басқаша түсіндіру мүмкін болмайды, бұл өзгерісті жер сілкінісінің белгісі деп бағалауға керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1216; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.