Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 7 страница




Стратосфераның үстінде мезосфера (80 км-ге дейін), термосфера (1 мың км-ге дейін) және 1 мың км-ден жоғары экзосфера орналасқан. Су дербес қабық — гидросфераны құрайды, бұған көлемі 1370 млн. текше метр ұлан ғайыр әлемдік мұхиттар кіреді. Гидросфера — жердің үзілмелі қабығы, оның 94 пайызын мұхит пен теңіз, 4 пайызын жер асты, 2 пайызға дейінгісін мұз бен қар құрайды, тек 0,4 пайызы ғана құрлық бетіндегі судың үлесіне тиеді (өзен, көл, балшық).

Планетаның «қатты» беті өзінің жоғары жағында әр текті, күрделі құрылымды және өмір біте қайнасқан жер қыртысын құрайды. Жер қыртысы жоғарғы шегінді қабаттан (0-20 км), орташа граниттік (10-40 км), төменгі базальттық (10-70 км) және мұхиттық қабаттардан тұратын құрылықтық болуы мүмкін.

Мұхит астында үлкен аудандағы шөгінді қыртыстың калыңдығы тек бірнеше жүз метр ғана. Граниттік қабат, әдеттегідей жоқ, оның қалындығы шамамен 1—2,5 км түсініксіз табиғат қабатын айырбастайды. Базальттық қабаттың қуаты -5 км.

Жер қыртысының төменінде мантия орналасқан (2900 км шамасы), ол ядромен шектеседі (радиусы 3,5 км).

Биосфера заттар мен энергияның алмасуының күрделі биохимиялық циклымен өзара байланысты, атмосфераның бір бөлігін гидросфераны және литосфераның жоғарғы бөлігін қамтиды (жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабатын қамтитын). Жердің сыртқы сферасы осы циклдардың бастапқы сәті, күн энергиясының өсімдіктерге ауысуына және жердегі биогендік заттардың синтезіне байланысты.

Биосфера шегінде барлық жерде не тірі тіршілік немесе оның биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосферадағы газдар (оттегі, азот, көмір қышқылы, табиғи су, мұнай, көмір, әк, балшық, мрамор және басқалар) өз негізінде планетаның тіршілік заттарын құрайды.

Биосфераның бүгінгі құрылымы - тірі зат нысаны ұзақ дамуының, Жердің геологиялық тарихының аясында жасалынатын оның биологиялық қызметінің күрделенуінің жемісі.

Еңбек, қарым-қатынас, таным және демалыс барысында өзінің көптеген қажеттілігін қанағаттандыра отыра адам қажетті қорларды ала және пайдалана отыра табиғатты өзгертеді. Ал табиғат өзін-өзі қалпына келтіретін ерекше қасиетімен осы «жараны емдейді». Алайда, адамзат, өкінішке орай, өз қажеттілігі мен оны қанағаттандыру әдісін биосфераның экологиялық қорының мүмкіндігіне сәйкестендірмейді. Қажеттіліктің сандық (жер шары халқы санының өсуі есебінен) және сапалық өсуі экологиялық теңдіктің бұзылуына алып келеді, бұл өз кезегінде ортаны ластандыру мен бар қорларды азайту есебінен адамның өмір сүру жағдайын өзгертеді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек адамның экологиялық мақсаттық қызметінің арасында ғана мүмкін.

Адамзат 3-ші мыңжылдықтың табалдырығына өткір экологиялық мәселелердің жүгімен келді. Экологтардың пікірінше, бұның түбінде табиғи ортаға жауапсыз тұтынушылық көзқарас пен биосфераның өзін-өзі қалпына келтіру қабілеттілігі арасында қайшылық жатыр. Бұл орайда XX ғасыр ерекше көзге түсті, оның 2/3 кесілді хайуанаттар мен өсімдік генетикалық қордының 50 пайызын жоғалтты. Адам өз қызметін Жердегі ғаламдық табиғи процестерге араластырды.

Біз кешегі ерікті және еріксіз экологиялық қателіктер үшін ғана емес, бүгінгі қателіктер үшін де жауаптымыз. Осыны ұмытпау қажет. Біздің істеп отырғанымызды табиғат өзімізге қарсы істесе – онда тіршіліктің де құру қауіпі бар десек артық болмас еді.

Қоршаған ортаның ластану мәселесінің ушыққандығы соншалық, ол қолайсыз техногендік аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығына ғана емес, бүкіл адамзатқа қатер төндіріп отыр. «Өзің су ішкен құдыққа түкірме», – дейтін халық нақылын ұмытқан біз тазалық ұғымын ұмыта бастадық. Табиғат қазір күн сайын ауаға, топыраққа, суатқа шығарылатын миллиондаған тонна техникалық және тұрмыстық қалдықтарды өз күшімен ұқсата алмайды. Шамасы келмейді. Осының барлығын айта келе, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға мыналарды жатқызамыз:

— ауа ортасының құрамы мен ерекшілігінің өзгерісіне байланысты ТЖ (озон қабатының бұзылуы, қышқылды жауын, басқа да дауылды жауын- шашын);

— су ортасы жағдайының өзгерісіне байланысты ТЖ (су қорларының сарқылуы және т.б.);

— биосфера жағдайының өзгерісіне байланысты ТЖ (хайуанаттар түрлерінің жоғалуы, өсімдіктердің жойылуы және т.б.).

Топырақтың ластануы бірінші кезекте – пайдаланудың экологиялық талаптарының бұзылуымен байланысты. Бұған аумақты металл сынығымен, отын майымен ластау, дизотынның төгілуі, жайылымдарды өндірістік, тұрмыстық және басқа қалдықтармен ластау, улы химикаттарды сақтау тәртібін және оларды пайдалану техникасын бұзу, жерді сарқынды сумен ластау, қалдықтарды көму туралы мәселені дұрыс шешпеу, тамақ және азық-түлік өнімдерін нитратпен және пестицитпен ластау, тоғанды жөндеу кезінде құнарлы топырақ қабатын пайдалану жатады. Жергілікті жерлерде кешенді табиғат корғау шаралары әзірленбеген.

«Бүкіл әлемдік күзет» институтының мәліметтері бойынша құрлық жыл сайын адамның жерге деген құнтсыздығының нәтижесінде 24 миллиард тонна топырақтың үстіңгі кабатын жоғалтады. Планетада әрбір минут сайын 40 гектар жыртылған жер бүлінеді. Тек соңғы он жылда бүліну мен тозу біздің планетада Қазақстанның 8 аумағына тең аудандағы құнарлы топырақ қабатын құртты. Қазір құнарлы қабаттың жойылуы мен шөлейттену ауқымды сипат алды. Шөлейттенудің ең негізгі себебі адам қызметі болып табылады: шектен тыс өсу топырақты тоздырады, малды жою өсімдікті құртады. Ормандарды құрту жасыл желектің жойылуына алып келеді, ал дұрыс суара білмеу өнделген жердің тұздануына алып келеді.

Қазақстанда аумақтың 55 пайыздан астамы шелейтті ландшафтың антропогендік жүктемесіне шыдай алмайды. Жыртылған топырақтың барлығы дерлік 20-30 пайыз қарашілікті жоғалтты. 12 миллион гектар егіс жерден 5 миллион гектар судан және 500 мың гектар ирригациондық тозудан зардап шегеді. Суарылған жердің жартысына жуығы қайта сортаң тартқан, 30 миллион гектарға жуық жайылым жүйесіз жаю салдарынан тозады.

Топырақты бір дақыл үшін (дақылды) ұзақ пайдалану қарашілік пен өсімдіктерді тамақтандыру көрегін жеп қояды. Тың жерлерді игеру басталған кезең ішінде бір дақылды егу жағдайында топырақ миллиард тоннадан астам карашілікті немесе оның бастапқы қорының үштен бірінен айырылады. 2-3 см қалыңдықтағы қарашілікті қалпына келтіру үшін кемінде екі жүз жыл уақыт керек. Қарашіліктің 0,1 пайызға азаюы гектардан алынатын өнімділікті 0,8 центнерге қысқартады.

Әлемде бір адамға қазір 0,3 гектар жыртылған жерден келеді, ал Қазақстанда 2 гектарға жуық. Ал біз аяғымыздың астында жатқан байлықтың кандай екенін байқамаймыз. Ғалымдар Республикада орташа есеппен 0,8 гектарға жуық егістікті ұстау қажеттігін есептеп шығарды. Егер жерге деген көзқарас осылайша қала беретін болса, онда Қазақстандықтар бұл екі гектардан ғана емес, жан басына шақкандағы 0,3 гектардан айырылуы мүмкін.

Ауа ортасының құрамы мен ерекшелігінің жаман жаққа қарай өзгеруі — ауа қорғау заңын бұзудың нәтижесі. Ойланатын жәйт!

Атмосфераны газ тәріздес және өндірістік көздерден шықкан катты қалдық есебінен ластау адамның өмірі мен денсаулығына, биосфераға, табиғат ресурстарына (негізінен су мен топыраққа), ғимарат пен материалдарға тікелей немесе жанама зиянды әсер тудырады. Бұл аурудың, өсіп-өну процесіне зиянды ықпалдың көбеюі, орман өсірудің және ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуі есебінен экономикалық шығындардың артуына алып келеді. Ауаны ластаудың көптеген көздері ластаушы заттардың бірнеше түрін бір уақытта шығарады. Бұлар әр түрлі қатынастағы элементтердің тұтас қатарынан тұратын қатты бөлшектер мен газ тәріздес қалдықтардың үлкен көлемінің шығарылуы.

Республикадағы ластанудың стационарлық көздерінен шыққан зиянды зат қалдықтары миллион тонна болған. Бұған мұнай-газ кешендері кәсіпорнының «қызметін», автомобиль көлігінің улы газын, өрттің залалын, ұшақтардың, космос объектілерін, ұшу кезіндегі оттегінің жануын қосыңыз. Қазақстан аумағында ракеталардың, басқа әскери техникалардың жаңа үлгілерінің сынағы жүргізілгендігін ұмытпау керек.

Осының барлығы жазда Арал, Каспий, Балқаш жағалауында күн радиациясының үлкен дозасын алу кауіпінен күнге күюден сақтануды туғызады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мақсатында ауа қорғау заңының талаптарын сақтау қажет (технология процесін жақсарту, шаң мен күл ұстағыш жүйені жетілдіру, қондырғыларды жаңарту және т.б.).

Атмосфераны қорғау халықаралық мәселеге айналды. Ақиқатыңда атмосфера мемлекеттік шекараны білмейді, және тіршілік ортасында басқа мекендеушілермен салыстырғаңда үлкен кеңістікте жылдам таратылатындықтан тез ластанады.

Атом электр станцияларындағы аварияларға байланысты төтенше жағдайлар аса кауіпті. 1986 жылғы Чернобыль АЭС-індегі авария — атом энергетикасы тарихындағы ең зұлмат апаттың бірі. Ол экология үшін қолайсыз жағдайды тудырды, көптеген адамдардың өмірін қиды, экономикаға орасан зор залал келтірді. Тек Кеңес республикаларының ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының аландаушылығын туғызды.

АЭС-тегі аварияның қауіптілігі атом реакторларынан ұсақ-шаңды, аэрозоль түрінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуына, қауіпті сұйық заттың төгілуіне байланысты. Оның иісі, түсі, дәмі жоқ болғандықтан адам оны байқай алмайды. Тек арнайы приборлар арқылы ғана білуге болады.

Радиация өте қауіпті: үлкен дозада ол ұлпаны, тірі клеткаларды зақымдайды, шағын дозада ол ісік ауруларына ұшыратып, генетикалық өзгерістерге ықпал етеді.

Радиоактивтік бұлттардың әсеріне ұшыраған елді мекендердің тұрғындарын медициналық тексеріс пен емдеуден өткізу қажет.

Бұл авариялардың түпкілікті қайғылы қорытындысын ондаған, жүздеген жылдан кейін ғана шығаруға болады, мысалы, шағын дозадағы радиацияның адамға әсерінің салдары осы уақытқа дейін зерттелген жоқ,

Адам қызметінен туындаған экологиялық қауіп, антропогендік фактор қоршаған ортаның бұзылуына, биосферадағы теңдіктің бұзылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде адам организміне әсер етіп, тұқым арқылы берілетін өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Біздің республикада халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде ауыр жағдай қалыптасты. Су құбырларының жоспарлы жетпеуі мен қалпына келтірілуі баяу жүруде. Су құбыры желілеріндегі көптеген авариялар өз уақытында жойылмайды. Селодағы көптеген су құбырларында хлордың тапшылығынан су залалсыздандырылмайды. Микробиологиялық нормативтерге сай келмейтін орталықсыздандырылған су көздерінің үлес салмағы Республика бойынша 9 пайыз. Суаттардың химиялық заттармен және мұнай өнімдерімен ластану деңгейі өте жоғары болып отыр. Көктемгі, жазғы кезеңде суаттар тасқын сумен және сел ағындарымен ластанады. Шаруашылылық қоқысты ағынды судың, сондай-ақ су қорғау аймағы мен жағалаулардан өзенге ағызып келетін нөсерлі жаңбырдың да залалы бар. Жергілікті жердегі суаттар мен су жинағыштардағы судың микроппен ластануына байланысты. Медсанбақылау бірқатар облыстардағы демалыс аймағын пайдалануды тоқтату туралы каулы шығарды.

Арал мәселесіне ерекше тоқталу керек. Қазіргі уақьпта Арал жағалауы экологиялық апат аймағына айналды. Экологиялық бұзылудың негізгі себебі адамдардың бей-берекет қызметі болып табылады. Әмудария мен Сырдария өзендеріндегі ағындарының үлкен бөлігін суландыру үшін қоршау Арал теңізінің ауданын күрт қысқартты. Жерді үздіксіз суландырудың нәтижесінде сортаң жерлер мен батпақтар пайда болды. Топырақ суының тұздануы және олардың химикаттануы мен ластануы жергілікті халықты ауыр жағдайға душар етті. 1961-1995 ж.ж. теңіз деңгейі 5,4 метр белгіден 36,6 метр деңгейге дейін төмендеді. Су көлемі 4 есеге азайды. Теңіз бұрыңғы жағалаулардан кейбір жерлерде 100-150 км кері кетіп, тұз жапқан 33 мың шаршы км алаңды жалаңаш қалдырды.

Еліміздегі күрделі экономикалық жағдай онсыз да ауыр экологиялық ахуалды ушықтыра түсуде. Табиғат мұндай сырқатты өз есебінен қалпына келтіре алмайды. Биосфера жағдайының өзгерісі де адамның жеміссіз қызметінің нәтижесі. Адамдар мұны түсінгенмен табиғат үшін мардымды ештеңе істей алған жоқ. Бүкіл әлемде экологияны қорғау жөніндегі козғалыстар көбеюде. Бұлармен қатар біздің республикада табиғат қорғау қоры құрылды. Оның мәні неде? Барлық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары меншіктің нысанына қарамастан өздері келтірген экономикалық залалды өтеуге міндетті. Бұл төлемдерден түскен қаражат қала мен селоның табиғат корғау мұқтажына жұмсалуға тиіс.

Экология бұзылған жерлерде оны жақсарту қажет. Тек табиғат заңдарын ескере отыра өз өндірісіңді, ауыл шаруашылығын дамытып, жер койнауын, ормандардың, өзендердің, көлдер мен теңіздердің қорларын пайдалану керек.

Сыртқы ортаның ластануын болдырмауға өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы экологиялық таза технология, оның ішінде қалдықсыз айналымдағы оқшау сумен жабдықтау көмектесуге тиіс. Синтетикалық тыңайткышты, пестицидты табиғи тыңайтқыштарға: малдың қиына, шымтезекке, күлге біртіндеп айырбастау қажет.

Атмосфералық ауаны шаң-тозаңнан қорғау үшін барлық кәсіпорындарда сүзгіштер орнатылуға тиіс. Сарқынды сулар міндетті түрде тиімді тазалау ғимараттары арқылы өтуі тиіс.

Зауыттарды қаланың сыртына, тұрғын үйлерді қоршаған ортаны ластанғыштардан қашық жерге орналастыру қажет. Тұрғын үйді салу кезінде горизонт бағыты бойынша желдің бағытын міндетті түрде ескеру қажет.

Қоршаған ортаны улы газдың ластануынан сақтау үшін ірі қаланы айналып өтетін жол салып, көшелерді көріктендіру қажет. Улаушы заттардың шығуын азайту үшін көптеген жеңіл және жүк автомобильдерін біртіндеп газға көшіру қажет. Сыртқы орта объектілеріндегі, азық-түліктегі улы және зиянды заттың бар-жоғына қатаң бақылау орнату керек. Нәтижесінде тіршілік ортасын ластайтын кәсіпорындар мен мекемелерге катаң жаза қолдану қажет. Прокурорлық қадағалау жүргізілуге тиіс.

Заңсыз балық аулауға, жыртқыштар мен құстарды атуға байланысты қарақшылық, орманды заңсыз кесу, отты ұқыпсыз жағу және жекелеген адамдардың басқа да заңсыз әрекеттері Республикамыздағы табиғи байлықтардың сақталуына жағымсыз әсер етеді.

Жердегі климаттың өзгерісі, озон тесігінің үлғая түсуі, радиация, далалардың шөлейттенуінің жиілеуі, орманның санитарлық жағдайының жақсаруы сияқты оң және жағымсыз құбылыстар біз бен сіздің табиғатты қалайша аялай білуімізге байланысты.Экология мәселесін оң шешу үшін табиғат қорғау заңының талаптарын мүлтіксіз орындау және экологиялық білімдерді кеңінен насихаттау қажет.

 

 

Дәріс № 8 Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау құралдары

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Радиоактивтілік, сәулелену дозасы. Радиация деңгейі.

 

Дәрістің мақсаты: Дозиметрлік құралдардың маңызы,классификациясы,жұмыс принципін қарастыру.

 

Қарастыратын тақырыптар:

1) Сәулелену дозасы

2) Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі

 

Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сәулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бұл жағдайда сәулелену көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен, ауамен келуі нәтижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығын және бұның қай уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.

Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірделігі кезінде альфа сәулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескермейді. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1 рад хк = 1 бэр; 1 Гркх = 1 Зв (зиверт). Алайда, эквивалентті доза әр түрлі ұлпалардың сәулеленуді әр түрлі сезетіндігін ескермейді. Дененің бұл мөшесі басқасына қарағанда анағұрлым сезімтал: мысалы, сәулеленудің бірыңғай эквивалентті дозасында қатерлі ісік қалқанша безге қарағанда өкпеде жылдамырақ пайда болады, ал жыныс бездерінің сәулеленуі генетикалық зақымдану салдарынан аса қауіпті. Сондықтан әр түрлі ұлпалар мен органдар үшін тиісті коэффициенттер енгізіледі. Эквивалентті дозаларды осы коэффициенттерге көбейтіп және барлық ұлпалар мен органдар бойынша қосып, организм үшін сәулеленудің жиынтық әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаны аламыз.

Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалентті доза және тиімді эквивалентті доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалентті дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл хайуанаттардың немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.

СИ Халықаралық бірлік жүйесінде дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр). Сіңірілген дозаны бағалау үшін, сондай-ақ РАД = 0,04 1/кг; 1 Гр = 100 Рад жүйеден тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңірілген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясысының санын білдіреді.

Сіңірілген доза қауттылығын бір секундтағы (р/с) рентген үлесі бірліктерімен өлшеу кеңінен жайылған, бір секундтағы милирентген (мр/р), бір секундтағы микрорентген (мкр/с). Бұл бірліктерде (мкр/с) әдетте тұрмыстық дозиметрлердің ақпараты беріледі.

 

 

Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі

 

Сәулеге ұшыраған адамдардың мынадай санаттары белгіленеді:

- А санаты – қызметкерлер – (иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндер);

- В санаты – облыстардың, республиканың халқы.

Органдардың үш тобы белгіленеді:

I топ – бүкіл дене, бас және қызыл (сүйек) миы.

II топ – бұлшық ет, қалқанша без, майлы ұлпа, бүйрек, көк бауыр, асқазан-шек жолы, көз бұршағы, көз және өкпе.

III топ – тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, саусақтың ұшы, білек, сирақ пен табан.

Сәулеге ұшырағандардың әрбір санаты үшін сыныптардың екі нормативі белгіленеді:

- негізгі дозалық шек;

- негізгі дозалық шекке сәйкес келетін жол берілетін деңгей.

Негізгі дозалық шек ретінде А санаты үшін органдар тобына байланысты күнтізбелік жыл үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД), ал В санаты үшін доза шегі (ДШ) белгіленеді.

Органдағы жеке ең жоғары норматив эквивалентті негізгі доза үшін белгіленеді.

 

Дозалық шектер таблицасы

 

Жиынтық сыртқы және ішкі сәулеленудің дозалық шектері, күнтізбелік жыл ішіндігі бэр   Қауіпті органдар тобы
I II III
А санаты үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД).      
В санаты үшін доза шегі (ДШ). 0,5 1,5  

Үстіңгі беттің ластануының жол берілетін деңгейі

 

  Ластану объектілері λ- белсенді нуклидтер β β- белсенді нуклидтер
Жекелері басқалары
Тері жамылғысы, ЖҚҚ бет үстіңгі беті.   Арнайы киім, қосымша ЖҚҚ ішкі, үстіңгі беті.   Адамдар тұрақты келетін ғимараттардың және сонда тұратын ғимараттардың үстіңгі беті.   Адамдар уақыт аралығында келетін ғимараттар және онда тұрған ғимараттар үстіңгі беті.                                          

 

 

Дәріс № 9 Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі жұмысшыларды және қызметкерлерді инжинерлік қорғау.

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Радиациядан қорғайтын орындар. Панахана. Қорғаныс құрылыстарының жалпы құрылысы және негізгі қондырғылары

 

Дәрістің мақсаты: Қорғаныс құрылыстарын пайдалану және толтыру тәртібін үйрену.

 

Қарастыратын тақырыптар:

 

1)Шаруашылық жүргізу объектілерінде химиялық ахуалды бағалау




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 980; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.