КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 4 страница
Есіңізде әрқашан ең негізгіні сақтаңыздар – сізді құтқару 01 телефонынан басталады. Үрейленбей, қай жерде не жанып жатқанын, мекенжайыңызды, телефоныңыздың нөмірін, нақты айтыңыз, одан кейін телефон трубкасын тастай салмаңыз – себебі диспетчердің сізге сұрағы болуы мүмкін. Адамдар көп жүретін жердегі өрттер. Адамдар сәйкес дайындықта болмаса, театрларда, концерт залдарында, ойын-сауық болатын жерлерде, стадиондарда, дүкендерде, оқу мекемелерінде, базарларда болатын өрттер қауіпті және үрейлі. Ірі өрттердің тарихынан білетініміз, адамдар түтін мен өрттен ғана қаза таппайды, олар топталып адамдардың үрейленіп қашуынан тапталып қалады.
Сізден талап етілетін ең негізгі нәрсе – рухыңызды жоғалтпай, үрейге берілмеңіз, өзіңізді қоршағандарды да үрейленуге жібермеңіз.
Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер кең орын алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы. Авария – технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы. Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда болған кәсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың әдеттегідей зардаптары харылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін. Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуінен пайда болады. Апат – бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала. Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді: Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады. Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткен алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ. Түрі бойынша: - табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала); - жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болады. Табиғи: 1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегідей тыс аптап, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болатын өрттер). 2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). 3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс. Жасанды: 1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол). 2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық). 3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық). 4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания). Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ – бұл төтенше жағдай. Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстердің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді: 1. Пайда болу саласы бойынша. 2. Ведомствалық қатыстылығы бойынша. 3. Аймақтық таралуы бойынша. Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар: - табиғи; - техногенді; - жанжалды болып бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайларға: ð геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан); ð геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы); ð метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б.); ð теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б.); ð гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтты сулар деңгейінің көтерілуі); ð табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік); ð адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар); ð ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар); ð ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға: o өндірістік; o транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар апаттары, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар); o өрттер (жарылыстар); o ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; o ғимараттардың кенеттен құлауы; o электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар; o коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар; o тазартқыш құрылыстардағы авариялар; o гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады. Жанжалды сипатты төтенше жағдайларға: v қарулы шабуыл; v кейбір аймақтардағы толқулар; v соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады. Ведомстволы қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: ü құрылыста; ü өндірісте; ü халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында; ü көлікте; ü ауылшаруашылықта; ü орман шаруашылығында; ü көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер). Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: Ø объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі); Ø жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, облыста шектеледі); Ø аймақтық (таралуы бірнеше облыстарда шектеледі); Ø кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).
Дәріс № 4 Атом энергетика нысандарындағы апат және ядролық жарылыс кезіндегі тіршілік қауіпсіздік
Тақырыптың негізгі ұғымдары: Ядролық ошақ. РЗ зоналары. Химиялық қару,биологиялық қару.
Дәрістің мақсаты: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және оның қошаған ортаға тигізетін әсерін анықтау.
Қарастыратын тақырыптар: 1) Иондаушы сәулеленудің негізгі сипаты 2) Адамға радиацияның әсері. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. Соққы толқыны – негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша 1 Мгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта 5 километрге, 22 секундта 10 километрге жетеді. Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынының зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төңірегіндегі артық қысыммен сипатталады. Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 5000 см2, тұрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді: Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сыртқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады. Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 – 0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді. Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 – 0,2 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мен тұрақжайлармен ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді. Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 – 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақжайлардың қирауы сирек. Жарықтың сәуле шығаруы – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеші мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт қана әсер етеді. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал ядролық жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі 1 см2 сәулелену кезіндегі өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2 – 4 кал/см2 жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4 – 7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы), 7,5 – 12 кал/см2-нан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Туман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. Өткіш радиация – ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны. Ядролық қарудың зақымдаушы факторы. Ө.Р-ның көзі – ядролық реакция. Ө.Р-ның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды (ядролық реакцияның ұзақтығы). Ө.Р-ның зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле алуын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Ө.Р. әсерін күрт әлсіретеді. Иондаушы сәулеленудің негізгі сипаты Иондаушы сәулеленудің небәрі 4 түрі бар: α, β, γ нейтрондық сәулелері. α – сәуле шығарғышы аз мөлшерде өтуімен сипатталады, бірақ ауқымды иондағыш қабілеттілігі адам ағзасына тыныс алу жолдарымен түседі. Респиратор, сүзгі газқағарлар арқылы қорғануға болады. β – альфа сәуле шығарушысымен салыстырғанда, бұл сәуле шығарғыш өткіштігінің күштілігімен сипатталады, бірақ иондағыш қабілеті альфа сәуле шығарғышымен салыстырғанда аз. Қорғанатын заттар – респиратор, терінің ОЗҚ, Л-1 түрін қорғайтын заттар. γ – оның өткіш қасиеті күшті, оның сәулесі темірбетон, кірпіштен қаланған ғимараттардың қабырғасынан, брони танктен өтіп кетеді. Қорғанатын жерлер – панаханалар, метролар. Гамма сәулесі бойынша әлсіздену коэффициенті: Танк 10 рет БТР 4 рет Кірпішті ғимарат 10 рет Машина 2 рет Нейтрондық сәулелену – тез өткізгіштігімен қатар, иондағыш қасиетімен сипатталады. Қорғаныс орындары – панаханалар, метролар. Сутегі бар материалдар. Жердің радиоактивті ластануы – ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады. Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді. Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді. Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 7 сағаттан кейін он есеге азайады. Радиоактивті заттармен зақымданған жерде тұрған адам әрдайым сыртқы сәулеге немесе сәуле ауруына ұшырауы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. Электромагниттік импульс – ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер. Э.И-тың әсер ету ұзақтығы – бірнеше ондаған миллисекунд. Э.И-тың байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жұмысын радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И. әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет. Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады. Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4 – 12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03 – 0,2 бэр). Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі. Сағаттың жарқырауық циферблаты АЭС-тегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдық дозаны береді. Циферблаттан 1м қашықтықтағы сәулелену 1см қашықтықтағыдан гөрі 10000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0,5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюорография кезінде – 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200-300 мбэр сәулелену алады. Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүліншіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзге де объектілері радиациялық қауіпті объектілер деп аталады. Оларға: әр түрлі мақсаттағы атом станциялары, ядролық отын циклындағы кәсіпорындар, атом су асты қайықтары, ядролық оқтұмсықтар жатады. РҚО (радиациялық қауіпті объектілер)-дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адамдарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу өнімдері, уранмен байытылған – 235 уран қос тотығы – 238), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай-ақ адам денесе үстіңгі жағынан осы заттармен ластану салдарымен анықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.
Дәріс № 5 Халықты қорғау
Тақырыптың негізгі ұғымдары: Халықты қорғау әдістері (радиациялық зақым).Санитарлық өңдеу.
Дәрістің мақсаты: Қорғаныс құрылыстарын,жеке қорғану құралдарын және медициналық құралдарды қолдануды үйрену.
Қарастыратын тақырыптар: 1) Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері 2) Халықты қорғаудың негізгі әдістері 3) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Төтенше жағдайда халықты қорғаудың негіздері Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады. Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналысқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырауы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері Халықты қорғау принциптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі, аға бастық ұйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескерек отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады. Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар: 1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды: а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау – Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады; б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру; в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1201; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |