Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница




 

1.1. Негізгі терминдер мен ұғымдар: Төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс, шаруашылық жүргізуші салалар және т.б.

1.2. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы Заңы.

1.3. ҚР «Азаматтық қорғаныс» туралы Заңы.

1.4. «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің рөлі.

 

2. Төтенше болған жағдайдағы (ТЖ) тіршілік қауіпсіздігі

2.1. Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдайдың туындауына себепкер факторлар. Бейбіт кезіндегі төтенше жағдайлардың туындауы (табиғи, техногендік, экологиялық), және болуы ықтимал аумағы. ТЖ аумағы және адамдардың зардап шегуі.

2.2. Шаруашылық жүргізуші объектілердегі Азаматтық қорғаныс.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері. Азаматтық қорғанысты құрудың жалпы принциптері. Жалпы міндеттер жүктелген жасақтар, арнайы жасақтар, оларды құру және міндеттері. Жасақтарды құру мақсаты, оларды арнайы киімдермен және құралдармен қамтамасыз ету.

2.3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері және оларды талдау. Төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі іс-шаралар.

2.4. Атом энергетикасы салаларында болған авария және ядролық жарылыс кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі.

Жердің радиоактивті зақымдануы радиация деңгейі, экспозициялық және сіңірілген доза жайлы түсінік. Радиация деңгейінің және сәуле шарпу дозаларының өлшем бірліктері. Алуға болатын (қауіпсіз) сәуле шарпу дозасы. Сәуле ауруы жайлы түсінік. Сәуле шарпуынан қорғану. Медициналық жеке қорғау құралдары. АЭС-да болған авария кезіндегі радиоактивтік зақымның ерекшеліктері. Жарылыс болғаннан кейінгі радиоактивті зақымданудың сипаттамасы.

Әуе соққы толқыны, жарық сәулесі, өткіш радиация, радиоактивтік зақым, электромагниттік импульс. Артық қысым, желдің жылдамдығы, жарық импульсі және т.б. факторлардың адам ағзасына, ғимараттар мен құралдарға тигізер әсері, олардан қорғану. Қайталанған (екінші) зақымдау факторлары.

2.5. Химиялық қауіпті объектілерде болуы мүмкін авариялардың тіршілікке тигізер әсері.

Өндірісте кездесетін ҚӘУЗ-дің (қатты әсер ететін улағыш заттардың) сипаттамасы. Хлор, аммиак, көгерткіш қышқыл, ангидрид, фосген, т.б. - өндіріс салаларында қолданылуы. Улағыш заттардың концентрациясы, зақымдау тығыздығы және адам ағзасына тигізер әсері мен жолдары. Қорғану құралдары.

Химиялық зақым ошақтары мен зоналарының сипаттамасы.

2.6. Бактериологиялық (биологиялық) зақым кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі.

Микроорганизм кластарының сипаттамасы. Бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, бактериалдық токсиндер, риккетсиялар. Өту жолдары.

 

 

3. Төтенше болған жағдайды бағалау

3.1. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдары.

Ионизациялық сәулеленуді анықтау әдістері: ионизациялық, фотографиялық, сцинтилляциялық, химиялық. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдарының ионизациялық әдіспен жұмыс істеу принциптері, классификациясы.

Радиометр-рентгенметр ДП-5В, ДП-22В, ДП-24 жеке дозиметрлер жиынтығы, ДП-64, ИД-1, ИД-11 құралдары. Негізі, құрылысы, және приборларды жұмысқа дайындау. Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП), (ВПХР). Арналуы, құрамы, жұмыс істеу тәртібі.

3.2. Шаруашылық жүргізуші объектілердегі радиациялық жағдайларды бағалау.

Радиациялық жағдай туралы түсінік, оны бағалаудың мақсаты. Болжам бойынша, және барлау тобының берген мәліметтері бойынша радиациялық жағдайларды бағалау. Ядролық жарылыс болған уақытты анықтау. Радиоактивті зақым бұлты ізіндегі радиация деңгейін бір уақытқа келтіру. Болжам (есеп) бойынша сәуле шарпу дозасын анықтау.

3.3. Шаруашылық жүргізуші объектілеріндегі химиялық жағдайды бағалау.

Химиялық жағдай жөнінде түсінік, оны бағалау мақсаты. ҚӘУЗ-ді қолданатын объектілерде болған авария кезінде химиялық зақымдалған жағдайды бағалау әдістері.

УЗ-дың, ҚӘУЗ-дің түрі мен концентрациясын, жеткен шекарасын анықтау. Зақымдалған ауаның тереңдігін, тұрақты және тұрақсыз УЗ-ды анықтау.

3.4. Шаруашылық жүргізуші объектілердегі бактериологиялық (биологиялық) жағдайды бағалау.

Бактериологиялық (биологиялық) зақым жөнінде түсінік, және зақым ауданын бағалаудың мақсаты. Авария болған орындарда сол аймақтың жағдайын бағалау. Шаруашылық жүргізуші объектілерде аварияны болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар.

3.5. Жер сілкінісі болған жағдайда болжам әдістері. Жер сілкінісінің түрлері, негізгі ұғымдар. Жер сілкінісінен кейінгі инженерлік, өрт және санитарлық жағдайларды бағалау.

 

4. Халықты қорғау

 

4.1. Төтенше болған жағдайда халықты қорғаудың негіздері.

Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарымен байланысты, ұжымдық пен алдын ала дайындықты жүргізу.

Жаппай зақымдаушы қару қолдану кезінде, және табиғи апат қауіптілігі туған жағдайда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

Халықтың берілген дабыл бойынша іс-әрекеті. Халықты паналау ғимараттарында жасыру. Паналау ғимараттарының классификациясы (жіктеу). Паналау ғимаратына қойылатын талап. Жасырынатын орындардың мазмұны, және оларды бейбіт кезінде қолдану ережелері.

Тез тұрғызылатын жасырынатын орындардың және радиациядан қорғайтын паналау орындарының (РҚПО) мінездемесі мен тұрғызылатын (салынатын) уақыты. Халықты қорғауда түрлі құрылғыларды пайдалану. Өз үйлеріңді және пәтерлерді қауіпті аэрозольдердің өтуінен қорғау. Табиғи апат кезінде жасырынатын орындарды пайдалану мүмкіндігі. Халықты қорғауды ұйымдастыру.

4.2. Халықты көшіру шараларының маңызы.

Көшіруді жоспарлау және ұйымдастыру. Төтенше болған жағдайда халықты көшіру. Көшірілген және таратып орналастырылған халықты қабылдауды ұйымдастыру. Көшірілген жердегі халықтың, жұмысшылар мен қызметкерлердің тіршілік қабілеттілігін ыңғайлау. Табиғи зілзала, авария, апат болған жағдайда халықты қорғауды ұйымдастырып, өткізудің ерекшеліктері.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану. Оларды жинақтау, сақтау және пайдалануға беру тәртіптері.

4.3. Арнайы тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

Арнайы тазалау жұмыстарының мақсаты мен мазмұны. Зарарсыздандыру. Оны ұйымдастыру, зарарсыздандырудың түрлері және өткізу әдістері. АЭС-да болған авария кезінде дезактивация өткізудің ерекшеліктері. Зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

Санитарлық өңдеу. Санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізудің бағыты, түрлері және әдістері. Оны ұйымдастыру және өткізу, пайдаланылатын күштер мен құралдар. Санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

Дезактивация, дегазация, дезинфекция жұмыстарын жүргізген кезде пайдаланылатын құралдар мен техника.

4.4. Халықты оқыту және моральды-психологиялық жағынан дайындау.

Халықты жаудың ЖЗҚ-ды қолданған кезінде, табиғи зілзала, авария және апат кезінде қорғану тәртіптеріне оқытып үйрету. Халықты және АҚ жасақтары құрамаларын оқытып үйретудің әдістері. АҚ жасақтары құрамаларымен жаттығуларды ұйымдастырып, өткізудің әдістері.

Халық пен АҚ жасақтары құрамаларын моральды-саясатты түрде және психологиялық жағынан дайындау. Осы жұмыстардың болуы мүмкін ТЖ кезіндегі маңызы. Халықты моральды-саясатты түрде және психологиялық жағынан дайындаудың негізгі бағыттары.

 

5. Төтенше болған жағдайда шаруашылық жүргізуші объектілердің жұмыс тұрақтылығы

 

5.1. Шаруашылық жүргізуші объектілердегі жұмыс тұрақтылығының негіздері. Жұмыс тұрақтылығының мәнісі. Осы экономиканың замандағы маңызы. Төтенше болған жағдайда жұмыс тұрақтылығына әсер ететін факторлар.

5.2. Шаруашылық жүргізуші салаларда жұмыс тұрақтылығын бағалау.

Жұмыс тұрақтылығын жоспарлау шаралары.

Шаруашылық жүргізуші салалардағы жұмысшылар мен қызметкерлерді инженерлік қорғау жұмыстарын бағалау әдістері.

Бейбіт уақытта болған ТЖ кезінде жұмыс тұрақтылығын бағалау әдістері.

5.3. Төтенше болған жағдайда құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері.

Төтенше болған жағдайда құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі сатылары. Сатылардағы қойылған талаптарды орындау, шешімдерді дұрыс қабылдау.

Азаматтық қорғаныстың әскери емес жасақтары жүргізетін құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын ұйымдастыру. Жұмысқа шығу жолдары мен аудандарын барлау, медициналық, материалды-техникалық, гидрометериологиялық және басқа жақтарын қамтамасыз ету.

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізуде жасақ басшысының атқаратын іс-әрекеті. Топ басшысының жасақтарды дайындауда, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын, кезекпен жұмыс істеушілердің кезектерін (сменаларды) ұйымдастыруда, жүру бағытын белгілеудегі іс-әрекеті.

5.4. Зақым ошағында іздеу-құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Әскери емес жасақтардың жұмысқа даярлығын ұйымдастыруда топ басшысының іс-әрекеті. Шешім қабылдау. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын атқару орындарына бару тәртіптерін атқарудағы топ басшысының іс-әрекеті. Жүру тәртіптерін ұйымдастыру әрі өткізу.

 

 

6. Практикалық жұмыстардың жобалы үлгілері

6.1. Радиациялық жағдайды бағалауда типтік есептер шығару.

1-тапсырма. Жарылыс болғаннан кейінгі радиация деңгейлерін бір уақытқа келтіру.

2-тапсырма. Радиоактивті зақым аймағында жұмыс істеген АҚ жасақтарының алуы ықтимал сәуле шарпу дозасын анықтау.

6.2. Химиялық зақым жағдайларды бағалау жөнінде типтік есептеу шығару.

1-тапсырма. Химиялық зақым ошағының шекараларын анықтап, зақым аймағының мөлшерлерін алу.

2-тапсырма. Қатты әсер ететін улағыш заттардың (ҚӘУЗ) зақым бұлтының объектіге келіп жету уақытын, және зақымдаушы әсерінің ұзақтығын анықтау.

3- тапсырма. Химиялық зақым ауданынан болуы ықтимал шығындарды анықтау.

6.3. Халықты көшіру шаралары, оны ұйымдастыру және өткізу уақыттарының талаптары. Жеке және медициналық қорғау құралдары.

6.4. Студенттердің приборлармен жұмыс істеуі (ДП-5В, ДП-22В, ДП-24, ИД-1, ӘХБП (ВПХР).

6.5. Зақымданған азық-түлікті, жем-шөпті, суды дегазациялау және дезинфекциялау.

Оқудың техникалық құралдары

1. Дозиметрлік приборлар.

1.1. Жеке адамдарға арналған дозиметрлер жиынтығы ДП-22В, ДП-24.

2. Радиациялық барлау приборлары.

2.1. Радиометр-рентгенметрлер ДП-5

2.2. ДП-64 индикатор-сигнализаторы

3. Химиялық барлау приборлары..

3.1. Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП)

3.2. ГСП-11 автоматталынған газсигналбергіш.

3.3. Улағыш заттардың түрлері.

4. Түрлі паналау (қорғаныс) ғимараттарының макеттері.

5. Жеке қорғаныс құралдары.

5.1. ГП-4, ГП-5, ГП-7және басқа фильтрлі газқағарлар.

5.2. ИП-64 сүзгіш газқағары.

5.3. ДП-6, КЗД-4 балаларға арналған газқағарлар.

5.4. Р-2 респираторлары.

5.5. Мақта-дәке таңғыш.

5.6. Шаң-тозаңға қарсы мата маска.

6. Медициналық жеке қорғаныс құралдары.

6.1. АИ-2 жеке аптечкасы.

6.2. Жеке химиялық заттарға қарсы пакет, ИПП-8.

7. Плакаттар

 

Негізгі әдебиеттер

1. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» Заңы.

2. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы.

3. ҚР «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Заңы.

4. ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

5. Приходько Н.Г. «Безопасность жизнедеятельности» Курс лекций.Алматы 2000г.

 

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. Астана, ҚазЭҚХСУ – 2009ж.

2. Аипов А.К. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдары. Оқу құралы. Астана – 2007ж.

3. Аипов А.К. Радиациялық, химиялық ахуалды бағалау әдістері. Әдістемелік нұсқау.

 

 

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Студентке арналған пәнді оқыту бағдарламасы (Syllabus)

 

(код, пән атауы) Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

(мамандық: шифр, атауы) 5В050600 «Экономика», 5В051100 «Маркетинг», 5В050700 «Менеджмент», 5В051000 «Мемлекеттік жергілікті басқару», 5В090400 «Әлеуметтік мәдени сервиз», 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс», 5В090200 «Туризм», 5В051300 «Әлемдік экономика», 5В030400 «Кеден ісі», 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», 5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В090800 «Бағалау», 5В051200 «Статистика», 5В042100 «Дизайн».

Оқу түрі: күндізгі

 

  Күндізгі оқу түрі
Барлық кредит  
Курс  
Семестр 1, 2
Дәрістер (сағат)  
Семинар сабақтар (сағат)  
Аралық бақылау саны  
СОӨЖ (сағат)  
СӨЖ (сағат)  
Емтихан (семестр) 1,2

 

 

Астана – 2014

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, бойынша типтік бағдарлама және осы пәннің оқу жоспары негізінде барлық мамандықтарға арнайы құрастырылды

 

 

Оқу бағдарламасын құрастырған және толықтырған Философия докторы, «әлеуметтік жұмыс» кафедрасының доценті Аипов А.К.

Оқу бағдарламасы «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасында қайтадан қарастырылып (хаттама № 1, «28» 08 2014 ж.), бекітілген.

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________ Шайхеслямова К.О.

 

Оқу бағдарламасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылып бекітілген

 

(хаттама № 1, «29» 082014 ж.).

 

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы,

 

э. ғ.д. профессор С.С. Сагинтаева

 

1. Оқытушылар туралы мағлұматтар:

1. Аипов Айтмаганбет Какимович- PhD, доцент

Әлеуметтік жұмыс кафедрасы - 214; тел: 37-39-05

Кафедрада болатын уақыты - сабақ кестесіне сәйкес.

2.Пән туралы мағлұмат: Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні, 2-кредит, дәріс-15 сағ., семинар – 15 сағ., СОӨЖ-20 сағ., СӨЖ-40 сағ.барлығы - 90 сағ.

3 Пререквизиттер: Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Бейорганикалық химия және экология, уландырғыш заттар химиясы, ядролық химия, атомдық ядро физикасы – радиобелсенділік, атомдық физика-рентген сәулелері.

4.Постреквизиттер: Осы пән бойынша алынған білімді физика, химия, биология, анатомия, физиология, медицина негіздерін оқығанда қолдануға болады.

5. Пәнді оқытудағы мақсат:

Болашақ мамандарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бола қалған кезде өзіне және өзара көмек көрсете білуді үйрету. Болашақ мамандар халықты, шаруашылық жүргізуші салаларын осы заманғы зақымдаушы қарулардың зақымдағыш факторларынан қорғап, жүріп-тұру ережелерін үйренсе деген ойдамыз.

6. Пәнді оқытудағы міндеттер:

· Төтенше болған жағдайда шаруашылық жүргізуші салаларындағы жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау жөніндегі шараларды;

· Қауіпті аймақтан зардап шеккендерді көшіру тәсілдерін, іздеу, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуді;

· Өзінің алған мамандығы бойынша жұмыс тұрақтылығын бағалау әдістерін жоспарлауды;

· Төтенше болған жағдайдың зақымдаушы факторларынан азық-түлікті, жем-шөпті, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау әдістерін;

· Азаматтық қорғаныс жасақтарын, жұмыскерлер мен қызметкерлерді төтенше болған жағдайда өзін өзі ұстау тәртіптерін және моральді-психологиялық жағынан дайындауды.

 

 

6.1 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

 

Тақырыптар Сағаттар Апта
Дәріс Семинар СӨЖ СОӨЖ
Күндізгі  
  «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны. Маманды дайындауда курстың негізгі есептері. Заң актілері.ТҚ мен қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері. Ұғымдар мен анықтамалар.         1-ші
  Адам өмір сүретін ортаның қауіптілігі. Организмді қорғаудың негізгі жүйесі. Аса ауыр инфекциялар, қатты ауруларды тануды оқыту және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.         2-ші
  Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері. ТЖ-ды бағалау. Табиғи апаттарды, өндірістік аварияларды және апаттарды анализдеу. Апаттар теориясы. ҚР ТЖ жою және алдын алу мемлекеттік жүйесінің құрылымы. АҚ объектілік құралдарының ұйымдастырылуы. АҚ соғыс және бейбіт уақыттағы рөлі мен мақсаты. Зақымдалу ошақтары (ядролық, биологиялық, химиялық). Шаруашылық жүргізу объектілерінің тұрақтылығы.         3-ші
  Ядролық ошақ. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және оның адамдарға, малдарға, қоршаған ортаға тигізетін әсері. РЗ зоналары. РЗ зонасының көздері. Атом энергетикасы объектілеріндегі болған авариядағы ТЖ. Химиялық қару. Биологиялық қару.         4-ші
  Халықты қорғау. ТЖ зақымдаушы факторларынан қорғау. Халықты қорғау әдістері (радиациялық зақым). Қорғаныс құрылыстарын, жеке қорғану құралдарын және медициналық құралдарды қолдану. Санитарлық өңдеу. Халықты және заттарды көшіру. Оны ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.         5-ші
  ТЖ болғаннан кейінгі зардаптарды жою. Зақымдану ошағында құтқару және кезек күттірмейтін басқа жұмыстар. Жұмысты жүргізу әдістері мен қимылдары. Зақымдалған ошақта жұмысшылардың болу уақытын анықтау. ТЖ болғанда құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу негізі және ұйымдастыру.         6-шы
  Техносфераның кері әсер көрсеткіштері. Өндіріс ортасының кері факторларының жіктелуі. Өндіріс жұмыстарын ұйымдастырғанда экологиялық және қауіпсіздік ережелерін үйрену.         7-ші
  Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау құралдары. Радиоактивтілік, сәулелену дозасы, радиация деңгейі, радиоактивтілік зақымдану дәрежесі. Дозиметрлік құралдардың маңызы, классификациясы, жұмыс принципі. Негізгі тактико-техникалық көрсеткіштері, құрылысы, жұмысқа дайындап, өлшеуді жүргізу (ДП-5В; ДП-22В; ДП-24; ИД-1) әскери химиялық барлау құралы. (ВПХР) Құралдармен практикалық жұмыс.         8-ші
  Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі жұмысшыларды және қызметкерлерді инжинерлік қорғау. Қорғаныс құрылыстарының жалпы құрылысы және негізгі қондырғылары. Панахана, радиациядан қорғайтын орындар, қарапайым қорғайтын орындар. Қорғаныс құрылыстарын пайдалану және толтыру тәртібі.         9-шы
  Радиоактивтілік жағдайды бағалау есептерін шешу: -сәулеленудің басталуын табу; -ішкі сәулелену дозасын табу; -сыртқы сәулелену дозасының жиынтығын табу; -адамдарды қорғау шаралары; -жарылыстан кейін 1 сағат өткендегі радиация денгейін табу; -сәулелену дозасын табу;         10-шы
  ТЖ а/ш объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін анықтау. ТЖ-да шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмысына кері әсер ететін факторлар.         11-ші
  Жер сілкінісі кезіндегі жағдайда ниженерлік, медициналық және өрт жағдайын бағалау. Ғимараттармен құрылыстарды жоғары температураға және құлап жойылуға тұрақтылығын бағалау.Халық шығынын есептеу және болдырмау жолдары.         12-13ші
  Химиялық қауіпті объектілерде, транспортта қатты әсер ететін улы заттармен зақымдану масштабын жобалау. (ҚӘУЗ)         13-14ші
  Табиғи және техногенді ТЖ зонасын анықтау. ТЖ-ды таралу масштабына байланысты жіктеу.         14-15ші
  Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жеке және коллективті қорғану құралдарымен көмек көрсету. Жеке аптечка мен химиялық пакетті қолдану тәртібі. Теріні және тыныс алу органдарын қорғану құралдары (респираторлар, газ сүзгіштер, қорғану костюмдері). Коллективті қорғану құралдары: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым қорғаныс орындары.         15-ші
  Барлығы          

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2965; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.