Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница




Студент білімін емтиханда бағалау сызбасы

Әріп жүйесімен бағалау Балдардың цифралық баламасы Балдардың пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89   Жақсы  
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74     Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Студенттің ағымдық бағасының шкаласы.

  Бақылау түрі Бақылау критериясы Апта 1 1-ші рейтинг қор-сы Апта 2 2- ші рейтинг қор-сы
                               
  Қатысым 0,2 * * * * * * *   * * * * * * *    
  Сабақта танымдық және екпінді 0,2 * * * * * * *   * * * * * * *    
  Коллоквиум         *             *       *    
  СОӨЖ,СӨЖ тапсырмалар, жаттығулар     *     *     *     *   *   *    
  Екпінді аралық бақылау                 *             *    
  Ауызша, тест жауап   * * * * * * * * * * * * * * *    
  Емтихан                                    
  Барлығы                                    

 

 

10.3. Пән бойынша қорытынды баға төмендегі формуламен есептеледі:

 

Қорытынды баға =

 

10.4. Студенттердің білімін бағалау ұстанымы бағалау нәтижесінде көрініс алатын студенттің қандай жағдайда жоғары балл, айып өтеу және ынталандыру балдарын жинай алатындығын анықтаушы болып табылады. Мысалы, аяқталмаған жазбаша жұмыс, орындалмаған жұмыс, қалыс қалған сабақтарын өтеу, белгіленген мерзімде тарсырылмаған тапсырмалар т.б.

- Ең жоғары бал, берілген тапсырманы 100 пайызға орындаған жағдайда қойылады;

- Ауызша жауапқа курс пәніне сәйкес келетін терминологияның қолданылуы ықпал етеді;

- Жазбаша жұмыстарды бағалауда безендірудегі сілтемелер мен құрылым және стандартта есепке алынады.

10.5. Академиялық ұстаным саясаты:

- Оқу процесінде белсенділік таныту, білім алушылардың сыртқы келбетіне және жоғары оқу орынындағы қойылатын талаптарды орындау;

- Белгісіз себептермен сабаққа кешігуге жол бермеу;

- Сабақ уақытында кедергі келтіретін заттарды қолданбау;

- Әр уақытта сабырлылық, ұстамдылық таныту.

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» Заңы.

2. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы.

3. ҚР «Авариялық-құткару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Заңы.

4. ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы

Қосымша әдебиеттер:

1. Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. Астана-2009ж.

2. Аипов А.К. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдары. Оқу құралы. Астана – 2007ж.

3. Аипов А.К. Радиациялық, химиялық ахуалды бағалау әдістері. Әдістемелік нұсқау. Астана – 2005ж.

4. «Информационно – методическое издание для предподавателей». «Основы безопасности жизнедеятельности №4. Москва 2002г.

Оқыту техникалық құралдары:

1. Компьютер

2. ДП-5В, ДП-22Б, ВПХР приборлары

3. Химияға қарсы жеке пакет, жеке аптечка

4. Плакаттар: азық түлікті, жемді, суды залалсыздандыру түрлері.

5. Бейне фильмдер.

 


Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

Мамандық Пән атауы Негізгі және қосымша әдебиеттер Студенттер контингенті Ескертулер
          Электрон­дық тасымалдау      
           
           
Барлық мамандықтар үшін Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. Астана-2009ж.   А.К. Аипов «Тіршілік қауіпсіздігі»   Пән бойынша бейне фильмдер көрсетіледі
    Аипов А.К. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдары. Оқу құралы. Астана – 2007ж.        
    «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы». ҚР ТЖМ      

 

 


Дәріс № 1 «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс, шаруашылық жүргізу объектілері

Дәрістің мақсаты:Заң актілерін қарастыру, ТҚ –мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы.

2) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің рөлі мен мақсаты.

3) Төтенше жағдай болған кезде тіршілік қауіпсіздігі.

 

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғаттағы тосын жағдай – бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізуші объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктің нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша объектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құраммен жасақтау және материалдық техникалық мүлікпен жабдықтау (табелдеу) Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.

Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалдары кемінде он адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізгі түрлері:

Ø құтқару құрамалары – барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан (командасынан), құтқару командасынан (тобынан) немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан (звенодан) тұрады;

Ø инженерлік құрамалар – инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жолкөмір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

Ø АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары – халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлінеді.

Республикалық жедел-құтқару отряды баруы қиын аудандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады.

Облыстық және қалалық жедел құтқару отряды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

АҚ құрамаларына 1, 2, 3 топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, соғыс кезіндегі жұмылдыруға белгіленгендерден өзге еңбекке жарамды ерлермен әйелдер алынады.

Бейбіт уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшін АҚ-ның бар құрамалары мен штаттық мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзерліктегі облыстық, қалалық және аудандық жедел іс-қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларының санатына жатады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

1996 жылғы 5 шілде

Заңның негізгі ережелері халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды; халықтың құқықтарын және міндеттерін қорғауға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне байланысты. Осы салада пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар анықталған:

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Апат – аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігін анықтайды, ТЖ кезіндегі шығындар мен зиян қатерін барынша азайту, құтқару мен өзге шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі іс-шараларды заңды түрде бекітеді.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

1997 жылғы 7 мамыр

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық негіздерін, Қазақстан Республикасы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, айымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

 

Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізуші объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Баршаңыздың назарыңызға дабылы – Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-түріс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

Шаруашылық жүргізу объектілері – өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

 

Радиациялық барлау приборлары

Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге әрқайсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналастырса, онда иондалған газдағы электродтардың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлше отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.

Иондық әдіс негізінде жұмыс істейтін приборлар шамамен бірдей және құрылысы мынадай: 1 – қабылдаушы, 2 – күшейткіш, 3 - өлшегіш, 4 – қуаттандыру блогы және 5 – қуаттандыру көздері.

 

«Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің рөлі мен мақсаты

«Тіршілік қауіпсіздігі» – адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

Пәнде мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:

· тіршілік ортасының жай-күйі мен жағымсыз факторлары;

· адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

· жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

· шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;

· ТЖ мен оның салдарын болжау;

· Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

· тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік-техникалық және ұйымдық негіздері.

Курстың негізгі мақсаты төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу:

o еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

o адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;

o техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;

o шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы;

o төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

o халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылыуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары үшін кемінде 70 сағат, ал техникалық және ауылшаруашылық жоғары оқу орындары үшін кемінде 50 сағат болып белгіленген.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.

Курсты игеру барысында шәкірт мынаны білуге тиіс:

ð өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;

ð тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін;

ð жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын;

ð ТЖ-да шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді;

ð төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін.

Шәкірт:

v өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыру жөніндегі шараларды әзірлейді;

v шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметтің тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау мен іске асыруды;

v төтенше жағдайда халық пен өндірістік қызметкерлерді қорғау жөніндегі шараларды жоспарлай алуды білу қажет;

v ТЖ салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуы тиіс.

Студенттердің «Тіршілік қауіпсіздігі» курсының Бағдарламасының білуінің төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.

Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Шаруашылық жүргізу объектілері – өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Ұйым – бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

 

Төтенше жағдай болған кезде тіршілік қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1092; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.