КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 5 страница
г) көшіру шараларын даярлау; д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу. Осы заманғы зақымдау құралдары әсерінен сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстарымен салыстырғанда сапалы жаңа ерекшеліктерімен көріне бастады. Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің бүгінгі құралдары мен оның зақымдағыш қасиетінің Жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы іс жүзінде жоятындығында. Сондықтан да тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында осы заманғы зақымдау құралдары ықпалының аймағында кез келген елді мекеннің тап болуы әбден мүмкін. Ал осы жәйт халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектіде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілетіндігін көрсетеді. 2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас. Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Бірінші кезекте соғыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады: v қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындарының жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; v АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және болжанған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панахаларға жасыру.
Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады. Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі. Сөйтіп, соғыс қимылдары кезінде халық пен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады. Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді. Бейбіт уақыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты. Осылайша, сейсмоқауіпті аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады. Ықтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бұл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуге байланысты. Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал авария қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты. 3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды. Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет. Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық: а) Инженерлік шаралар. Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Сондықтан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістіру болып табылады. б) Көшіру шаралары. Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді. в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады, ол мыналарды қамтиды: § халық пен АҚ құрамаларын; § қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен; § радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21); § химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); § дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды; § осы құралдарды әзірлікте ұстауды; § радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды; § халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; § азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктердің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды; § радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді; § жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер – 1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды; § радиоактивтік зақымдану және химиялық зақымдану салдарын жоюды. г) Медициналық шаралар. Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды: · санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді; · халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді; · халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды; · объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды; · санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. д) Өрттен қорғау шаралары. Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды: o ықтимал өрт ахуалын болжауды; o қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді; o өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын; o өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды; o өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды; o өрттің алдын алуды, жайылтпау мен сөндіруді. Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. 4. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу. АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген: ♦ даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі; ♦ коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу; ♦ гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау; ♦ зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, тікұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін; ♦ радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу; ♦ көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар; ♦ санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат; ♦ халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану. Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар: Ø қорғаныс ғимараттарына жасыру; Ø халықты таратып қоныстандыру және көшіру; Ø жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану; Ø дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; Ø азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыщ, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау; Ø радиациялық, химиялық және бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабороториялық бақылауды ұйымдастыру; Ø өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу; Ø зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау; Ø адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру – халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі. Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады. Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады. Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады. Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады. Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады. Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш фактоларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады. Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар – ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру – бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланыланатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады. Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерде адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылуға тиіс. Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет. Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.
Дәріс № 6 Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу негіздері
Тақырыптың негізгі ұғымдары: ТЖ болғаннан кейінгі зардаптарды жою. Зақымдану ошағында құтқару.
Дәрістің мақсаты: ТЖ болғанда құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің негіздерін үйрену.
Қарастыратын тақырыптар: 1) Дала өрттерін сөндіру 2) Жер сілкіну кезінде жүргізілетін құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар. 3) Сел және қар көшкіні кезінде жүргізілетін құтқару жұмыстары
Құрғақшылық жылдары дала өрттері жиі шығады. Өрт тез тарайды, әсіресе желдің жылдамдығы күшті болса, өрттің таралу жылдамдығы бір сағатта 25—30 километрге дейін жетеді. Өртке қарсы жүргізілетін шараларға мыналар жатады: Өрт шығу қаупі бар ормандар мен өндіріс орындарының аралығындағы жерді жыртып тастау керек. Өртпен күресуде маңызды жұмыстардың бірі өрт сөндіретін командалардың даярлығын тексеру және техникаларды әр уақытта жоғары дайындықта ұстау болып табылады. Мал фермаларында, қырмандарда, т. б. жерлерде өрттің алдын алу шараларын толық іске асырып, өртті болдырмауға іс жүзінде нақтылы әрекет жасау қажет. Өртті сөндіруге бірінші кезекте өрт командалары, мұнымен қатар жасақтар қатыстырылады. Өрт сөндіруге қолда бар барлық техникалық құралдар (автомобильдер, өрт сөндіруге арналған мотопомпалар) пайдаланылады. Орман өрттерін сендіру. Бұл жұмыс барлаудан басталады. Ол үшін арнаулы ұшақтар мен тікұшақтарды пайдаланып, өрт шыққан орманда барлау жұмысы жүргізіледі. Барлау нәтижесінде өрттің көлемі, бағыты анықталады. Орман өртін жою екі бағытта жүргізіледі, бірінші кезеңде оқшаулау, онан кейін өрттің ошағын толық жою. Орман өрттерінің ошағын жоюда мынадай практикалық әдістер қолданылады: өртті бүтіндей қоршауға алу, бұл әдіс өрттің көлемі шағын болғанда және күш-құрал жеткілікті болған жағдайда қолданылады. Екінші әдіс – өртті сөндіруді алдыңғы жағынан бастау керек, өртті жайылдырмауға күш салу керек. Өрттің онан әрі өршімеуіне өзендер, магистральдық жолдар бөгет болады. Орман өртін сөндіруге химиялық заттардан хлорлы кальций мен хлорлы магнийдің 20 пайыздық ертінділері қолданылады, ондай ерітінділерге 0,5% ОП-7, ОП-10 эмульгаторы қосылады, мұндай заттар орман жиегіндегі өрттерді жақсы сөндіреді. Дала өрттерін сөндіру. Дала өртін сөндіру үшін сыпырғыш және жалпақ брезент материалдар пайдаланылады, өрт жиегінен бастап сөндіріледі де оның онан әрі таралуына жол берілмейді. Дала өртін сөндіру үшін алдыңғы жақтағы жерлер жыртылып, кей жерлерден қарсы өрт жіберу керек, сөйтіп тілсіз жаудың онан әрі жайылуына жол бермеу қажет. Өрт шыққанда бірінші кезеңде жүргізілетін жұмыс — малды, адамды құтқару. Орман, шымтезек өрттері тарайтын қауіпті аймақтардан халық, мал, басқа да материалдық заттар қауіпсіз аймаққа шығарылуы тиіс. Өрт шыққан елді мекендердегі үйлерде қалып қойған адамдар терезеден, есіктен құтқарылады, саты қолдану қажет. Жанып жатқан мал қорадағы малды өрттен сақтау үшін қораның есігін ашып, малды босатып далаға шығару керек. Өртке ұшыраған малға малдәрігерлік жәрдем көрсетіледі, ауыр күйікке ұшырағандары шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Өртке шалдыққан адамдарға мынадай жәрдем керсетіледі: жанған киіміндегі өртті сөндіріп, киімді шешу, дененің күйікке ұшыраған жерін таңу. Тиісті жәрдемді көрсеткеннен кейін зақымданған адамды дәрігерлік мекемеге жөнелту керек. Өрт сөндіруге қатысушыларға алдын-ала өртті сөндіру тәртібін үйретіп, өртті сөндіргенде техникалық қауіпсіздік ережелері толық орындалуы керек. Өрт сөндіру жұмысына 18 жасқа дейінгі жас өспірімдер, екі қабат әйелдер, мүгедектер, тағы басқа да науқас адамдар қатыстырылмайды. Өрт сөндіруге двигательдері бұзылған техниканы пайдалануға болмайды. Өрт сөндірушілердің
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1230; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |