КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 11 страница
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады. Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағының тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ. Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуға тиіс. Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері: § көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту; § көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу; § көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу; § көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау; § көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану; § орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау; § көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру; § өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру. Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс. Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді. Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырылады. Халықты көшіру сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады. Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің, лицейлердің мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүшедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады. Көшіру мүкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады. Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді. Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін. Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру. Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді. Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады. Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтік (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады. Көшіру тізімдері үш данада жасалады, біреуі – ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде калады, екіншісі – көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі – бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі. Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытырыңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.
Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады. Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведомстволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді. КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау. Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады. Құрылатын көшіру-жиналу пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықтың санын, көшіру маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін пойыздар мен кемелердің үдемлілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру-жиналу пункттері әдетте халықты көшіру маршруттарына, темір жол станцияларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады. Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет номірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперавтивтері тіркеліп жазылады. Көшіру-жиналу пункты қалалық, аудандық, объектілік көшіру комиссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі. Көшіру қабылдау пунктерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді. КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және ПИК-термен, көлік иелерімен, байланыс жасау, оларға халықтың КЖП-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру. Аралық көшіру пункттері (АЭП) елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады. АКП-тің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесін келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды. Көшіру қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады. КҚК селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарының шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауылшаруашылық кәсіпорындары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзге де ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен қамсыздандыру топтары құрылады. КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау. Көшіру-қабылдау пункттері (КҚП) келген халықты қабылдауға, есепке алу мен орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру нүктелеріне жақын орналасады. КҚП саны мен құрлымын КҚП басшысы анықтайды. КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жөнелту және шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі медициналық нүкте бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді. КҚП негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып тұрақты орналасу нүктесіне жөнелту, аудан КҚК-ларына келгендердің саны, оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды. Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсыздандыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарының, кемелердің бастықтары тағайындалады. Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.
Көшіру шараларын жоспарлау
Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын. Халықты батырыңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныстың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру және көшіру қабылдау комиссиялары жүргізеді. Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады. Аудандарды көшіру-қабылдау комиссиялары аталған органдар мен қызметтерінің қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзімен қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспарлау әскери басқару органдарымен ықпалдастықта жүргізіледі. Бұл күшпен қаражат бөлу, көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін қамсыздандыру үшін әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті пайдалану. Көшіру жоспарлары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырылады және экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, ҚР Қарулы Күштерін орналастыру жоспарымен келісіледі. ТЖ жөніндегі жоғары тұрған органдар төмендегілерге өздерінің көшіру жоспарының көшірмесін жолдайды. Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады: · қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны; · қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін көрсету; · қауіпсіз аймақта өз қызметін ауыстыратын объектілер тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер және олар отбасы мүшелерін көрсету; · студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомствовалық балалар мекемелерінің саны; · ықтимал апатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны; · бытыраңқы орналастыратын және көшірілетін халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер; · бытыраңқы орналастыратын және көшірілетін халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері; · халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, таукен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің болуы; · көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі; · жол торабы, оный жәй-күйі мен босату қабілеті; · халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс-жүзінде пайдалану мүмкіндігі; · бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер; · халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер. Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді: Бірінші топ: - соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері; Екінші топ: - соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері; - министрліктер мен агенттіктердің орталық аппаратының қызметкерлері; - соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері. Үшінші топ: - жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсету қызметшілер; - мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам; - мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал; - жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері. Бірінші топтағы жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа алып қайту үшін олардың мекен жайы қауіпсіз аймақтағы жақын аудандарға белгіленеді. Екінші топтағы көшірілетіндер жұмыстарын құрылған базасында ұйымдастыратын объектілерге немесе қауіпсіз аймақтағы ұқсас кәсіпорындарға өте жақын орналастырылады. Олардың орналастыру нүктесін бірінші топ қызметкерлерін орналастыру аудандарынан әрірек жер таңдалады. Жұмыс істемейтін халық қала аудандарынан қашығырақ жерге әкетіледі. Облыстың азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен көшірілуге қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі: o орналастырылатын және көшірілетін жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны; o орналастыру мен көшіру мерзімдері (басталуы және аяқталуы); o көлікпен әкетілетін және жаяу шығарылатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны; o көшіру шаралары үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары; o жаяу шығатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің жүру бағыты, баратын нүктесі, демалатын орындар, аралық көшіру нүктелер; o ұйымдастыруды жүргізу бекітілген жиналатын көшіру нүктелер олардың нөмірі мен орналасқан жері, көшіру шараларды өрістету уақыты; o жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің ЖКП-ке келу уақыты; o жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін отырғызу мен тасымалдау үшін жауапты эшеллондар, автомобиль колонналарының бастықтары және өзге де лауазымды тұлғалар; o жаяу колонналар бастықтары; o адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыру үшін бөлінген нүктелер, аралық көшіру пунктері мен халықты қауіпсіз аймаққа апару нүктелері; o жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа алып баруды ұйымдастыру; o халықты түсіру отырғызу нүктесінен орналасатын жерге және сол үшін бөлінген көлікке алып бару тәртібі; o жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қоныстандыру есептемесі: әрбір бөлімге, цехқа, учаскеге бөлінген көшемен үй, әр үйдің тұрғын алаңы, тұратындар саны және қанша адамнан орналастыратындығы; o қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және көшірілетін халықты қамтамасыз ету жөніндегі бассауғаларды дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар; o басқару мен байланысты ұйымдастыру, цех, бөлім, өнідіріс учаскелері немесе тораптар бастықтарын, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін көшіру мен қоныстандырудың басталу мерзімі туралы құлақтандыру.
Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық құндылық тізбесін ҚР Үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомствовалар анықтайды. Қалалардан бірінші кезектегі мыналар әкетуге тиіс: қауіпсіз аймаққа қоныстандырылатын халықты жабдықтауға арналған азық-түлік, дәрі-дәрмек өнеркәсіптік товарлары, сондай-ақ мұражай мен банк құндылықтары, архив материалдары, айырықша қондырғылар. Материалдық құндылықтарды көшіру бойынша шараларды өтінім негізінде көлік органдары жоспарлайды. Жүк тасымалының көлемі, көлік арту, жұмыс күші, механизация құралы мүмкіндігін ескере отырып күн бойынша анықталады. Мүмкіндігінше жүктерді алып кету халықта тасымалдаумен қатар, ал мүмкіндік жоқ болса ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Халықты көшіру мен қоныстандыру басталысымен халық көшірілген қалалардан әкелінген жүктерді жөнелту ұйымдастырылады. Жөнелту үшін жабдықтау, көлік және жергілікті атқару органдары өкілдері қатарынан жедел топ құрылады. Маңызды материалдық құндылықтарды әкету үшін үкімет шешімімен әуе көлігі пайдаланылуы мүмкін.
Көшіру шараларын жүргізу Көшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР Үкіметі арнайы өкімін алғаннан кейін ұйымдастырып жүргізеді. Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда (аудандарда) құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 907; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |