Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 15 страница




Өнеркәсіптік газқағарлардың жіктелісі

Қорапшаның түрі Қорапшасының түсі Қандай заттардан қорғайды
А Қоңыр Фосфорлы және хлорлыорганикалық улы химикаттардан, органикалық қосылыстар буы-нан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкірті көміртегі, тетраэтилқорғасын, толуол, ксилол, спирт, эфир).
Б сары Фосфорлы және хлорлыорганикалық улы химикаттардан, қышқыл газ бен булардан (хлор, күкіртті газ, синил қышқылы, азот тотығы, фосген, хлорлы сутегі).
В қара Сынап буынан этилмеркурхлорид негізінде органикалық улы химикаттардан.
Г бір жағы қара, бір жағы сары Мышьякты және фосфорлы сутегінен.
Д қара Аммиактан, күкіртті сутегінен және оның қоспасынан.
Е қорғаныс Органикалық заттар буынан, мышьякты және фосфорлы сутегінен.
Ж қызыл Аммиактың, органикалық қосылыстар буының, күкіртті сутегінің, мышьякты және фосфорлы сутегінің шағын мөлшері бар көміртегі тотығынан.

 

Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады.

Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.

Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, бұдан және аэрозоль қоспасынан құралы ретінде Р-2 респираторлар қолданылады.

Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.

Р-2 респираторы үш өлшемде шығарылады.

Р-2 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, У-2К, РУ-60, Ф-62М, ПРШ-2-59, РПА-1, ЛУР-ГП, РПГ-67 және т.б.) кеңінен пайдаланылады.

 

ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата-маска

Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады, үстінгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусы мен бекіткіші жасалады, ұзындығы 0,8-1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлайды, масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.

Мақта-мата таңғышын 100х50 см көлеміндегі дәкі кесәндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30х20 см, қалыңдығы 2 см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 30-35 см етіп қияды.

Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатындай етіп байлайды.

Теріні қорғау құралдары

 

Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты – адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттарының әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңның бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.

Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскерлер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері жалпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костюмды пайдаланып келеді.

Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралдарын қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды, іс-қимылдары жинақы.

Теріні қорғау құралдарын зақымдалған жерлерде киеді.

Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды. 150С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін, мақта-қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.

Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп, авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары

 

Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шұғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге қабілетті.

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн.

Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата-материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады.

Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін 2,5 л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К-4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250-300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содан соң 0,5 л минералдық немесе өсімдік майын қосады.

Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.

 

 

Жеңіл қорғаныс

 

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады: АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы – ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық тану пакеті.

Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам); антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллианттық жасыл, калий перманганат, дерикат, левоненоль немесе мафенизин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқақ, бинт).

 

Арнайы бағалау жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу

Залалсыздандыру

Үй жағдайында азық-түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай-ақ тоңазытқыш пен қойма пайдаланылады.

Сары май, маргарин, нан, ет пен бал шыны тыста немесе ағаш жәшікте, целлофанда, жылтыр қағазға, пергаментте немесе жәй қағазға мұқият оралып салынады. Сұйық тағамдар мен ауыз суы металл, шыны ыдыста, бетонда, термоста, шөлмекте, шәйнекте, графинде сақталады. Әр отбасыға азық-түліктің консервіленген шағын қорын ұстау ұсынылады.

Шаруашылық мақсат үшін суды пленкамен тығыз жабылған бөшкеде, шелекте және жуынатын бөлмеде сақтауға болады.

Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде сақтық шаралары

Зақымдалған ошақтағы жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдары жұмыс істеушілерді толық қорғауға тиіс.

Радиоактивті шаңмен зақымдалған малды тазалау кезінде мақта-қағаз комбинезонын пайдалануға болады, оған ұзын резиналық фартук, резина етік пен қолғап киіледі.

Мал мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы, жеке дәрі-дәрмек қобдишасымен (АИ-2) қамсыздандырылады.

Химиялық зақымдау ошағында резина мен комбинезон немесе резиналы қорғаныс костюмін және резиналы етік пен қолғапты киеді.

Зақымдалған аумақта тамақ пен су ішуге, темекі тартуға, отыру мен жатуға, теріні, тыныс алу органдарының қорғаныс құралдарын шешуге, қорғаныс киімнің түймесін ағытуға рұқсат етілмейді.

Жұмыс аяқталып, зақымдау ошағынан шыққаннан кейін бөлімшелердің жеке құрамы міндетті түрде санитарлық тазалаудан өтуге, ал киім мен аяқ-киім, қорғаныс құралдары залалсыздандыруға тиіс.

Халықты оқыту және моральдық-психологиялық дайындау

ТЖ-ға тап болған адам міндетті түрде жарақат алады. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұқсан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Дегенмен аман қалған адамдардың өздері ауыр емге беріле қоймайтын жарақат алады. Бұл – адам жанының психикасы мен санасының жарақаттануы.

Дегенмен, ТЖ-ға болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүршендік қорлар жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп те кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық және психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшеліктеріне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментына, эмоционалдық күйіне қарай.

Бір адамдар әртүрлі экстрималды жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері (түйсіктер) оянған және қызмет атқарады, ал екіншілердің анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Әртүрлі темпераменттегі адамдар төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник – қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате тәсілдерін таңдауы мүмкін.

Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет, және ол көп ойлағаннан соң қимылдайды.

Холерик – мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай-ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қауіп сезгіштіктігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі болып аффект табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және ступор – сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы.

Біріншісі де, екіншісі де қауіпті, өйткені, ойланбаған қимыл жасатады немесе тіпті қозғалтпайды.

Аффект немесе ступор жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай-ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады.

Бірінші кезекте мұндай себептерді жою үшін тиісті білім және тәжірибе керек.

Негізінен, өмір толық түсінуге, талдауға және ең дұрыс шешім табуға болатын, қайталанатын жағдайлардан тұрады. Ал қалыптасқан ережелерді біліп алған соң, адам ТЖ-дан аздаған шығындармен шыға алады. Бұл ережелерді оқумен және ТЖ-ның алдын алумен көптеген ұйымдар мен қызметтер айналысады.

Кез келген жағдайларда адамдардың 12-25%-ы өзгеріссіз өз қалпында қалатынын айтып өткен жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Өкінішке орай, қарама-қарсы мысалдар да кездеседі.

Белгісіздік жағдай алдындағы қорқыныш ерлік пен сананы билеп қана қоймай, сонымен бірге қарсыласу мүмкіндігінен айырады.

Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыз деп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсаң, сен болуы мүмкін қауіпті сезіп, бұл жағдайдан шығуға тырысасың. Бұл кезде шығу жолдарын табасың.

Бақылаусыз қорқыныш үрей деп біледі мамандар.

Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеді.

Зардап шеккендердің бірнешеуі үрейленгенде олардың бір-біріне әсері көпшіліктің эмоционалды (кей кезде психикалық) күйінің нашарлауына алып келеді.

Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжымның жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады.

Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген мансаппен және өз-өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдарға аздаған қауіп үлкен болып көрінеді. Нақты өмірге қиял араласып кетеді. Сондықтан жиі «қорыққанға қос көрінеді» дейді.

ТЖ-ғы психологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:

Бірінші – нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кей-кезде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделікті өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде «хайуандық қорқыныш» жатады.

Екінші – құтқару жұмыстарын жүргізгенде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да, күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқу, көмектен үміт үзу.

Үшінші - өмірге қауіпті жағдай тоқтатылғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына бейімделу қажеттілігі. Бұл кезеңде ысырап көп болатын болса, тұрақты психогенді бұзылу құрылуы мүмкін.

Қызметкерлер жаппай зақымданған ошақтарда санитарлық шығындарды дәрежесінің ауырлығына қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.

Барлық зардап шеккендер, қандай да дәрежеде зардап шексе де, оларға дәрігерге дейінгі көмек қажет. Бірінші дәрігерлік көмек 65 пайыз жеңіл және 100 пайызға дейін ауыр психогениямен зардап шеккендерге қажетті.

Зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету мен дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыруда, яғни, жіті психикалық қозуға ұшырағандарды табуда, олардың және оларды қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жаппай үрейлену мүкіндігін болдырмауда көптеген қиыншылықтар туындайтыны тәжірибеден белгілі.

Жиі шұғыл жағдайдың алдын алу мен жою жұмысы жүктелген тұтас бір ұжымның іс-әрекеті, нақты бір адамның әрекетіне байланысты болады.

Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркінділікті жоғалтады.

Мұндай жағдайда моральдық-психикалық тұрақтылық, басшының төзімділігі мен шешімталдығы, құтқару жұмыстарын өткізу мен орындалуына байланысты.

Қорқынышты жеңуге, ең бастысы, жеке жауапкершілік сезіну, міндетті түрде жасалынатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады.

Орындалатын жұмыстың маңыздылығы, денсаулыққа қауіпі мен қатері – мұның барлығы адамның өз көзінше өзін және қоғамның ойында көтеріп тастайды. Ол үшін, бірінші кезекте, үрейге кедергі келтіретін, бірден жиналуға мүмкіндік беретін, ойын жинақтап және қиын жағдайдан дұрыс шығуға мүмкіндік беретін, адамның психикалық шынығуы қажет.

Ережеге сәйкес мұндай мүмкіндіктердің барлығы, шұғыл жағдайдағы іс-әрекет пен әрдайым дайындылықты көздейтін психологиялық дайындауды өткізуде құрылады, оған мыналар кіреді:

1. Күшті күйзелісті факторлардың әсеріне төтеп бере алатын психологиялық қабілеттілік.

2. Осы жағдайларда үйреншікті мақсатқа сәйкес жұмысты іске асыру қабілеттілігі.

3. Мінез-құлықтың оңтайлы стратегиясын таңдай білу және бастамашылық пен шығармашылық ыңғайға қабілеттілігі.

4. Халықтың жұмылуына немесе тыныштануына әсер ете алатын, өзін ұстау және психологиялық жағдайының дағдысын реттеуге ие болу қабілеттілігі.

5. Төтенше жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін екендігін түсінеді.

Бұл қағидалар қиын жағдайлардағы өмір сүрудің үлгілерін жасайтын мазмұны әртүрлі оқу міндеттерін тәжірибе жүзінде атқару арқылы іске асады.

Авария, апат, дүлей зілзала статистикасына жүгінетін болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады, оларда қаза тапқан адамдардың бір бөлігі тура және салқынқандылық іс-әрекет жасағанда, аман қалатын еді.

ҚжБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

ü АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

ü белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

ü жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса, жасау;

ü автокөлікті және т.б. көлікті қабылдап, оның ақаусыздығын тексеру;

ü жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

ü жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

ü жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

ü жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

ü құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жиналу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды, оның ақаусыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Газқағарлар мен тыныс алу органдарын қорғайтын басқа да құралдарды жеке құрамадағы адам алған сәттен бастап өзімен бірге алып жүруге тиіс. Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.

Күштердің даярлығы мен іс-әрекеті алдын ала пысықталған жоспарда анықталады. Жоба-жоспар ықтимал ТЖ болжау негізінде құрылады.

АҚ нысана бастығының өмірі бойынша АҚ құрама командирі ТЖ ауданына, алдағы жұмыс орнына жорық жасайды. Іске қосылған күштердің сәттілігі олардың пайдалану тиімділігі белгілі бір деңгейде барлауды дер кезінде ұйымдастыру және жүргізуге нақты жағдайларды ескеруге байланысты. Барлау бойынша міндеттерді әдетте АҚ бастығы қояды. Ол барлау мақсатын, қандай мәлімет қашан және қайдан алу керектігін, қай және қандай міндеттерді орындау үшін негізгі күштерді шоғырландыру тиістілігін, ол үшін қандай күштерді және құрамдарды пайдалану қажеттілігін нұсқайды.

ТЖ аудандарында барлау мыналарды анықтайды: апат ошағының шекарасы мен оның таралу бағытын; тікелей қауіпі төнген нысандар мен мекендерін; адамдар шоғырланған орындарды; бұзылған ғимараттардың жағдайларын және мұндағы зардап шеккендердің бар-жоғын, жұмыс орнына техниканы апаратын жолды, технологиялық және коммуналды-технологиялық тораптарындағы апат орындарын, тексеретін құдықтардың және ажыратқыш қондырғыларының жағдайын, олардағы ақау көлемін; жұмыс көлемі мен оны жүргізу, жағдайын, техника мен құралдардың пайдалану мүмкіндіктерін.

Барлауды, барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1325; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.