Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 16 страница




Төтенше жағдай ауданында құрамалар көрсетілген учаскелерде орналасып, нақты міндеттер алады. Құрама командирлері қойылған міндеттердің сәтті орындалуы үшін жеке жауап береді.

Тапсырма алысымен құрама командирі оны түбегейлі шешіп, жағдайды бағалап, әрі шешім қабылдап ауызша бұйрық береді де, жеке құрама жұмысын ұйымдастырады, құрама командирі бағынышты құрамаларға міндет қояды, өз шешімінде жұмыстардың жалғасымдығын және әрекеттену тәртібін, құрамаларды жан-жақты қамсыздандыру мен басқаруды қалай ұйымдастыру керектігін айта кетеді.

Құрама командирлері өз бұйрығында аудан бойынша қалыптасқан жағдайды және құрама міндетін (талап етілсе көршілес құрамалардың міндеттерін); медициналық көмек беретін нүктелердің қай жерде орналасқандығын; зардап шеккендерді көшіру тәртібін және жолын; жұмыстардың басталу уақытын, жеке құрамалы ауысымды демалысын ұйымдастыруды, жұмыстардағы қауіпсіздік шараларын, өз орны мен орынбасар орнын анықтайды. Бұйрықтар нақты дәл болу керек.

Төтенше жағдай аудандарында ең әуелі құтқару жұмыстарымен апат зардабын ескертумен, адамдар өлімін және материалдық құндылықтарды жоюылына әкелетін екінші ретті қайталанбалы әсерін алдын ала ескертумен байланысты шаралар жүргізіледі. Жұмыстар толық аяқталғанша үзілмей жүреді. Радиациялық қауіпті нысанда жұмыс барысында (ТЖ ауданында) құрама командирі адамдардың сәулеленуін қадағалайды.

Жер сілкінісі зардабын жоюда құрамалар әуелі мыналарды жасайды:

ð үйінді астынан және өртеніп жатқан ғимараттан зардап шеккендерді шығару;

ð үйінділерден құтқарылған зардап шеккендерді көшіру үшін және техникаға қажетті жолды ашу;

ð адам өміріне қауіп төндіретін коммуналдық-энергетикалық тораптарындағы апат көздерін жою;

ð опырылысқа ықтимал және апат қалпында тұрған құрылыстарды күшейту, не бұзу.

ҚжБШЖ құрама командирлері әрдайым маңызды орындарда болады, өйткені ол жерден қол астында бар құрамаларды басқаруы қолайлы.

Бағыныштыларды басқаруға мүмкіндік беретін негізгі құрал байланыс болып табылады.

Құрама командирі аудандағы жұмыс ахуалын әрдайым білуге міндетті, егерде өзгеріс болса, дереу тиісті шешім қабылдап, жаңа міндеттерді қол астындағыларға қояды.

Апат зардабын жою барысында құрамалардың өзара өздіксіз байланысын сақтау аса маңызды.

Төтенше жағдай аудандарында коменданттық қызмет құрылады. Ол үшін қоғамдық тәртіп қорғау құрамалары және де ішкі істер органдарының бөлімшелері тартылады.

Алдына қойылған мақсаттарды орындап болған соң құрамалар нұсқалған аудандарына жетіп, жаңа міндеттерге даярланады.

ҚӘУЗ ошақтарын жою нысана АҚ бастығының шешімі негізінде өтеді. ҚӘУЗ ағылып-буланып шыққанына байланысты зардапты жоюға әуелі объектінің штатты газдан құтқару қызметі кіріседі. Газдан қорғау қызметінің басты міндеті – құтқару жұмыстарын жасау, қауіпті жерден жұмыскерлерді көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Газдан құтқару құрамалары газ қауіпі бар орында жұмыстар жүргізеді, онда міндетті түрде газқағар кию керек. ҚӘУЗ ошақтарын жоюды радиацияға және химиялық қауіпіне қарсы құрамалар жүргізеді. Олар газдан құтқару құрамаларымен тығыз байланыста болады.

Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және машиналардың т.б. құралдардың пайдалану ретін нақтылайды.

Құрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.

Азаматтық қорғаныс құрамалары ҚӘУЗ-бен ластану ошақтарына айналатын аварияларды шектейді, әрі жояды, аумақ пен ғимараттарды зиянсыздандырады.

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары

 

№ 1 «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс, шаруашылық жүргізу объектілері

мақсаты:Заң актілерін қарастыру, ТҚ –мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қарастыратын тақырыптар:

4) Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы.

5) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің рөлі мен мақсаты.

6) Төтенше жағдай болған кезде тіршілік қауіпсіздігі.

 

№ 2 Адам өмір сүретін ортаның қауіптілігі

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Азаматтық қорғаныс.

мақсаты: Аса ауыр инфекциялар,қатты ауруларды тануды оқыту және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Қарастыратын тақырыптар:

3) Азаматтық қорғаныс – шаруашылық объектілерінде.

4) АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

 

№ 3 Төтенше жағдайлардың жіктелуі

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Төтенше жағдайдың пайда болу себептері. Апаттар теориясы.

мақсаты: ТЖ – ды бағалау,табиғи апаттарды, өндірістік аварияларды бағалау.

Қарастыратын тақырыптар:

3) Дүлей зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

4) Өрт сөндіру құралдарымен оларды қолдану ережесі

 

№ 4 Атом энергетика нысандарындағы апат және ядролық жарылыс кезіндегі тіршілік қауіпсіздік

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Ядролық ошақ. РЗ зоналары. Химиялық қару,биологиялық қару.

мақсаты: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және оның қошаған ортаға тигізетін әсерін анықтау.

Қарастыратын тақырыптар:

3) Иондаушы сәулеленудің негізгі сипаты

4) Адамға радиацияның әсері.

 

№ 5 Халықты қорғау

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Халықты қорғау әдістері (радиациялық зақым).Санитарлық өңдеу.

мақсаты: Қорғаныс құрылыстарын,жеке қорғану құралдарын және медициналық құралдарды қолдануды үйрену.

Қарастыратын тақырыптар:

4) Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері

5) Халықты қорғаудың негізгі әдістері

6) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

 

№ 6 Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу негіздері

Тақырыптың негізгі ұғымдары: ТЖ болғаннан кейінгі зардаптарды жою. Зақымдану ошағында құтқару.

мақсаты: ТЖ болғанда құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің негіздерін үйрену.

Қарастыратын тақырыптар:

4) Дала өрттерін сөндіру

5) Жер сілкіну кезінде жүргізілетін құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар.

6) Сел және қар көшкіні кезінде жүргізілетін құтқару жұмыстары

 

№ 7 Өндіріс ортасының кері факторларының жіктелуі

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Техносфераның кері әсері.

мақсаты: Өндіріс жұмыстарын ұйымдастырғанда экологиялық және қауіпсіздік ережелерін үйрену.

Қарастыратын тақырыптар:

4) Экология

5) Экожүйе

6) Абиотикалық факторлар

 

№ 8 Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау құралдары

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Радиоактивтілік, сәулелену дозасы. Радиация деңгейі.

мақсаты: Дозиметрлік құралдардың маңызы,классификациясы,жұмыс принципін қарастыру.

Қарастыратын тақырыптар:

3) Сәулелену дозасы

Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі

 

№ 9 Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі жұмысшыларды және қызметкерлерді инжинерлік қорғау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Радиациядан қорғайтын орындар. Панахана. Қорғаныс құрылыстарының жалпы құрылысы және негізгі қондырғылары

мақсаты: Қорғаныс құрылыстарын пайдалану және толтыру тәртібін үйрену.

Қарастыратын тақырыптар:

1)Шаруашылық жүргізу объектілерінде химиялық ахуалды бағалау

2) Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

 

 

№ 10 Радиоактивтілік жағдайды бағалау есептерін шешу

Тақырыптың негізг ұғымдары: Сәулеленудің басталуы. Ішкі сәулелену дозасы. Адамдарды қорғау шаралары

мақсаты: Сыртқы сәулелену дозасының жиынтығын табу. Радиауия деңгейін анықтау

Қарастыратын тақырыптар:

4) Радиация көздері.Табиғи радиоактивтілік.

5) Адамға сәуле алудың қауіпі

6) Химиялық қауіпті аймақтардағы апат кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

 

№ 11 Төтенше жағдай кезінде кері әсер ететін факторлар

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Төтенше жағдай кезінде шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмысына кері әсер ететін факторлар

мақсаты: ТЖ а/ш объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін анықтау.

Қарастыратын тақырыптар:

3) Кәсіпорынның жұмыс істеу негізі

4) Қайталама факторлардың зақымдау ықпалын бағалау

 

№ 12 Жер сілкінісін болжау

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Жер селкінісі кезіндегі жағдайды бағалау негізі.Халық шығынын есептеу және оны болдырмау жоладры.

мақсаты: Ғимараттар мен құрылыстарды жоғары температураға және құлап жойылуға тұрақтылығын бағалау.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

2) Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

3) Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері

 

№13 Химиялық қауіпті объектілер

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Транспортта қатты әсер ететін улы заттар.

мақсаты: Зақымдану масштабын жобалау.

Қарастыратын тақырыптар:

4) Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ)

5) Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

6) Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

 

№ 14 Табиғи және техногенді ТЖ зонасы

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Табиғи және техногенді Төтенше жағдай зонасын анықтау.

ң мақсаты: Төтенше жағдайды таралу масштабына байланысты жіктеу.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

7. Пайда болу саласы бойынша.

8. Ведомствалық қатыстылығы бойынша.

9. Аймақтық таралуы бойынша.

 

№15 Жеке қорғаныс құралдары

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Теріні және тыныс алу органдарын қорғау құралдары (Респераторлар,газ сүзгіштер,қорғану костюмдері).

мақсаты: Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жеке және коллективтік қорғану құралдарымен көмек көрсету.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Тыныс алу органдарын қорғау құралдары

2) Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері

3) Жеке қорғаныстың медициналық құралдары

 

 

СОӨЖ, СӨЖ және семинар сабақтарын өткізуге арналған

әдістемелік нұсқаулар

Компьютерді, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әрине бұл өте тамаша! Бірақ сонда да оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау қала бермек. Өкінішке орай, тәжірибеміз көрсетеді: студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша күрделі және әр түрлі әдебиеттермен жұмыс жасау, олардан керекті ақпаратты ала білу және оны дұрыс қолдану дағдысы қалыптаспаған. Бұл жағдай оқу үдерісінде үнемі өсіп келе жатқан талаптарға қайшы келеді.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.

1. Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

- кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.

Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.

Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.

Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.

Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.

Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады.

Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».

2. Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстракт – алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат – түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады.

Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:

Кіріспе

1-Бөлім. § 1, § 2.

2-Бөлім. § 1, § 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз.

Бөлімдерді жазғанға көмек: негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару:

- терминдер мен символдарға түсінік беру;

- кестелерді тек рефераттың мөлшерін азайту үшін, көп ақпаратты үнемді қылып жеткізу үшін пайдалану қажет;

- ұзақ сөйлемдерді қолдануға, қайталауға болмайды;

Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.

3. Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды, шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
  9. Егер сіз жалғаз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

- жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

- сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

- рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

 

Студенттердің білімін тексеру үшін қойылған сұрақтар

 

1. Адамдардың сәуле ауруының жеңіл (1дәрежелі) түрі:

А. 600 Р және одан жағары

В. 100-200 Р

С. 20-50 Р

Д. 750 және одан жоғары

Е.200-500 Р

 

2.Адамдар мен жануарларда кездесетін ортақ аурыды ата:

А. Эпидемия

В. Эпизоотия

С.Антропозооноздар

Д. Эпифитотия

Е. Пандемия

 

3. Жеке адамдардың сәулелену дозасын өлшейтін прибор:

А.Әскери химиялық барлау приборы (ВПХР)

В. ДП-5В радиометр-рентгенметр

С. Газ зарядын есептегіш

Д. ДП-5А

Е. ДП-22 жеке адамдарға арналған дозиметрлер жиынтығы

 

4. Химиялық заттармен зақымданғанда тыныс органдарын қорғайтын құрал:

А.Мақта-дәке таңғышы, РПКО




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1282; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.