Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер




Інтернет-джерела

Відомості Верховної Ради України - http://zakon. rada.gov.ua

Урядовий кур'єр. Газета органів державної виконавчої влади України - http://www.ukurier.gov.ua/

Голос України. Газета Верховної Ради України - http://www.golos. com.ua/

Офіційний вісник України. Щотижневий збірник актів законо­давства, внесених до Єдиного державного реєстру - hrtp://www. gdo.kiev.ua/

Вісник Конституційного Суду України. Загальнодержавне періо­дичне видання - http://www.ccu.gov.ua/

Вісник Верховного Суду України. Загальнодержавне періодичне видання - http://www.scourt.gov.ua/

Вищий господарський суд України - http://www.arbitr.gov.ua/

Вищий адміністративний суд України - http://www.vasu.gov.ua/

Державна податкова адміністрація України - http://www.sta.gov.ua/

 

 

1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) бактериятасымалдаушылық – аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық үдерістің нысаны;

2) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары;

3)іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, су, тағам және тұрмыстық жолдармен таралатын, споралық таралумен қатар ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын бактериялы инфекциялық ауру;

4) ауруханаішілік инфекция – науқастың ауруханаға түсуі немесе онда емдік көмекке жүгінуі нәтижесінде оны зақымдайтын кез келген инфекциялық ауру немесе медициналық ұйымда болған кезінде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубациялық кезеңде аурудың пайда болу мерзіміне қарамастан, медициналық ұйым қызметкерінің осы мекемедегі жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру;

5) декреттелген контингент – айналасындағылар үшін инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға барынша қауіп төндіретін, халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

6) дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;

7) дисбактериоз – ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;

8) иерсиниоз – интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;

9) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

10) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микробактериясының (бұдан әрі – ТМБ) популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі;

11) байланыс – туберкулезбен ауыратын науқас пен әңгімелесу үшін жеткілікті жақын аралықта немесе жабық кеңістікте болатын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас;

12) байланыста болған адам ­– сыртқы ортада ТМБ бөлетін науқаспен байланыста болатын және (немесе) болған адам;

13) сырқаттанушылықты бақылау деңгейі – алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасына қарай әрбір уақыт аралығына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін есептеледі. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты білдіреді;

14) қақырықтың микроскоппен қарағанда белгілі болған (бактерия бөлуші) оң нәтижелі өкпе туберкулезі – емдеу жүргізуге дейін қақырық жағындысын микроскоп арқылы қараған кездегі ТМБ-ның тіпті бір рет анықталу кезінде болуы;

15) микроскопиялық зерттеу – ТМБ-ны бактериоскопиялық анықтау әдісі;

16) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау – халықтың жекелеген топтары арасында, белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу үшін) вирустық гепатиттер туралы алынған ақпараттар негізінде адамдарды зерттеп-қарау;

17) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;

18) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының бұзылуымен сипатталатын патогендік және шартты-патогендік бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар;

19) бас тарту – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;

20) вирустық гепатит ошағы – науқас адамнан вирус сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, вирустық гепатитпен ауыратын науқастың болатын орны;

21) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлетін науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқу, жұмыс, демалыс орны;

22) қылаулар- аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабатында жара пайда болатын, қоздырғыш қанмен араласатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, әсіресе су және тағам жолдарымен таралатын, ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушы болуға бейім сальмонелла бактериясынан (Salmonella paratyphi) туындайтын бактериялы жіті инфекциялық ауру. Патогенезі және клиникалық белгілері бойынша іш сүзегіне ұқсас келеді, тез басталу және ұзақ жүретін, катаральды құбылыс кезеңімен сипатталады;

23) парентералдық механизм – инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;

24) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез үдерісінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;

25) Манту сынамасы – ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі – 2 ТБ-мен Манту);

26) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам;

27) ремиссия – ауру көріністерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;

28) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында уақыттың алдағы ұзақ аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың динамикасын және құрылымын, деңгейін талдау;

29) ротавирустық инфекция – асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру;

30) сальмонеллез – сальмонелла (Salmonella) тобына жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін бактериятасымалдаушылықтан бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын клиникалық пайда болуының көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;

31) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу;

32) субөнімдер – мал сою және ет қақтау кезінде алынатын тамақ азық-түлігінің өндірістік атауы (кесек еттен басқа бауыр, тіл, бүйрек, ми және тағы басқалар);

33) тауар көршілестігі – шикізаттар мен дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, тауардың сапасында көрсетілетін, олардың ластануын және бөгде иістердің енуін болдырмайтын жағдай;

34) туберкулез – патологиялық үдеріс өкпе ұлпасы және басқа ағзалар мен тіндер қатысқан (өкпе қап туберкулезі, лимфалық түйіндер, ішперделік қуыс, зәр шығару жүйесі, тері, буын және сүйек, ми немесе жұлын ми қабықшасы) кездегі ауру;

35) туберкулинодиагностика – 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу;

36) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез – бұл штамдары изониазид пен рифампицинге төзімді ТМБ-дан болғантуберкулез;

37) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез – бұл штамдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне көнбейтін ТМБ-дан болған туберкулез;

38) емделуден жалтару – өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ медициналық құжатта белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау;

39) фаготип – типтік бактериофактар құрамына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;

40) флюоорографиялық, рентгенологиялық тексеру – флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу;

41) энтералдық механизм – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі. Вирус организмге ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, лас қолдар арқылы енеді;

42) anti-HCV – С вирустық гепатитіне антидене;

43) HBsAg – инфекцияның жіті немесе созылмалы түрін көрсететін беткейлік антиген.

 

 

2. Жіті ішек жұқпалы ауруларының алдын алу

бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Жіті ішек инфекциялық ауруларын эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:

1) профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін және жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалық-нысаналы жоспарлау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізіетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Жіті ішек диареялық инфекциялардың құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, «тәуекел топтарын» анықтау үшін халықтың кейбір жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіптік топтарында және жекелеген ұжымдарда аурудың деңгейін бағалау қажет;

2) басталған аурудың өршуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және эпидемияға қарсы жедел іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау.

Ағымдық сырқаттанушылықты апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен салыстыру, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен салыстыру жүргізіледі.

4. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары медициналық ұйымдарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді.

5. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және күдіктілерді анықтауды меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық қарау, ауруханаға жатқызу және басқа да медициналық ұйымдарға бару кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық пайда болуы, зертханалық зерттеулер деректері, эпидемиологиялық анамнезі негізінде қойылады.

6. Халықтың мына санаттарына ішек тобына бір реттік зертханалық зерттеу жүргізіледі:

1) медициналық ұйымдарға қаралған кезде жіті ішек инфекцияларына күдікті науқастар;

2) стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттері;

3) мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне алуға ресімдеу кезінде балалар;

4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне алуға ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдар;

5) ішек инфекциясымен ауырып жазылған реконвалесценттер.

7. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу мақсатында инфекциялық ауру қоздырғышының берілу жолдары мен болжанатын факторларын есепке ала отырып, тізбесін дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

 

 

3. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

8. Мына ошақтарда эпидемиологиялық тексерулер жүргізіледі:

1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау объектілерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азық-түліктерді өндіру мен сақтау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекцияларымен ауырған кезде;

2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға баратын балалар ауырған кезде;

3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері ауырған кезде;

4) бір аурудың дамуының жасырын кезеңінде бір инфекция ошағында үш және одан да көп адамның сырқаттану жағдайы тіркелген кезде.

9. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлері артқан кезде пәтерлік ошақтарды тексерудің қажеттілігін эпидемиологиялық жағдайды, алдын ала жасалынған талдау материалдарын ескере отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айқындайды.

10. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде зертханалық тексеру үшін тамақ өнімдерінің, судың, жуындылардың сынамаларын жинау жүргізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 691; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.