КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын 3 страница
119. Балаларды есепке алуды жылына екі рет жүргізеді (маусым, желтоқсан). Санаққа мекенжайы бойынша тұратын және тіркелген, іс жүзінде осы мекенжайы бойынша тұратын, бірақ тіркелмеген 15 жасқа (14 жас 11 ай, 29 күндік) дейінгі балаларды қосады. Өткізілген санақтың негізінде педиатрлық учаске (үй бойынша санақ) және туылған жылы бойынша балалар тұрғынын есепке алу журналын ресімдейді. Санақ арасында балалар тұрғынын есепке алуды жаңа туылған нәресте, жаңадан келген балалар және бұрынғыларын есептен алып тастау туралы мәліметтерді енгізу жолымен түзетеді. Бір жылға дейін уақытша кету есептен алып тастауға негіз болып табылмайды. 120. Ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына, балалар үйіне, интернаттарға баратын балаларды есепке алуды жылына 1 рет жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген ұйымдарға баратын балалар туралы мәліметті ұйымның орналасқан орны бойынша БМСК ұйымына береді. 121. Туберкулезге қарсы иммундауды жүргізу үшін басқа иммундау түрлері, сондай-ақ туберкулиндиагностика жүргізілмейтін аптаның арнайы күнін белгілейді. 122. Туберкулезге қарсы ревакцинацияны дәрігердің (фельдшердің) медициналық тексеруінен кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі бар декреттелген жастағы (6-7 жас) балаларға қатаң жүргізеді. 123. Медицина ұйымдарында егу жүргізу үшін «Профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қажетті жабдықтармен жабдықталған арнайы егу кабинеттерін бөледі. 124. Білім беру ұйымдарына, мектеп-интернаттарға, колледждерге, лицейлерге баратын, балалар үйіндегі, сәбилер үйіндегі балаларға егулерді осы ұйымдардағы арнайы жабдықталған егу кабинетінде жүргізеді. 125. Иммундауды және туберкулиндиагностиканы жүзеге асыратын медицина қызметкерлері, жіті респираторлық аурулармен, ангинамен ауыратын, қолында жарақаты бар, терісі және шырышты қабаты іріңдік зақымданған науқастар олардың таратылмауына қарамастан, туберкулезге қарсы егу жүргізуден шеттетіледі. 126. БЦЖ-вакцинасын және туберкулинді сақтау, тасымалдау және пайдалануды медициналық иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау және сақтау жағдайында қойылатын нұсқаулықтар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады. 127. Туберкулезге қарсы вакцинаны, Манту сынамасын қоюды бір рет қолданылатын өздігінен бұзылатын (өздігінен блокталатын) шприцтермен жүргізеді. 128.Перзентханада жаңа туған нәрестелерге вакцинацияны нәрестенің анасының қасында болуымен және жазбаша келісімімен вакцинацияланбаудың салдары және мүмкін болатын реакциялар мен асқынулар туралы түсіндіру жұмыстарынан соң туылғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жүргізіледі. 129. Вакцинациялауға жаңа туған нәрестенің тарихында егуге рұқсатты ресімдей отырып, дәрігер-педиатрдың тексеруінен кейін нәрестелерге жол беріледі. Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялауды егу жүргізуге рұқсаты бар егу кабинетінің мейірбикесі жүргізеді. Егер денсаулық жағдайына байланысты анасы екпе кабинетінің ішінде бола алмаса, онда оның жазбаша келісімімен медицина қызметкері ішінде болады. Перзентханадан шығарылар кезде анасына перзентханада алған егулер туралы жазбасы бар баланың Егу паспорты беріледі. 130. Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жүргізілмеген балалар БМСК ұйымдарында вакцинацияланады, бұл ретте екі айлыққа жеткенге дейін вакцинацияны алдын ала туберкулиндиагностикасыз, екі айдан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде жүргізеді. 131. Бактерия бөлумен ауыратын науқастармен байланыс жағдайында перзентханадан келіп түскен вакцинацияланған балаларды жаңадан туған нәрестелерді күтетін бөлімшеде немесе сәбилер үйінде (туберкулез ауруымен ауыратын науқасты оқшаулау мүмкіншілігі жағдайында) кемінде екі ай мерзіммен оқшаулайды. 132. Егер анасы туберкулездің активті формасымен ауыратын болса, онда баланы химиялық профилактика алу үшін анасынан екі айға оқшаулайды, содан соң Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде БЦЖ вакцинасын егеді және иммунитет пайда болуы кезеңіне тағы 2 айға анасынан оқшаулайды. 133. БЦЖ-мен ревакцинациялауға: 1) 6-7 жастағы (1-сынып) Манту сынамасының теріс нәтижесі бар, жұқтырылмаған сау балалар; 2) Мантудың теріс қайталама сынамасынан кейін үш айдан соң Манту сынамасының күмәнді реакциясы бар адамдар жатады; 3) Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының арасындағы аралық кемінде үш күн және екі аптадан аспауы тиіс. Медициналық қалдықтар болған жағдайда ревакцинациялау қарсы көрсеткіш алып тасталғаннан кейін жүргізіледі. 134. Ревакцинацияны оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) 6-7 жас (1-сынып) оқушылары арасында барлық республика бойынша бір уақытта мектептерде ұйымдастырылған балалардың дәрігер-фтизиатрымен бірге БМСК ұйымының медицина қызметкері жүргізеді. Осы айда мектепте басқа екпелерді жүргізуге жол берілмейді. Пайдаланылмаған БЦЖ вакциналарының қалдықтары жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына тапсырылады. БЦЖ вакцинасын тұрақты сақтау тек перзентханада (босандыру бөлімшелерінде) қапсырмамен жабылатын биксте сақтауға рұқсат етіледі және тоңазытқышта сақталады. 135. БЦЖ ревакцинациялауға қарсы көрсетім: 1) ТМБ-ны жұқтыру немесе бұрын туберкулездің болуы; 2) оң және күмәнді Манту сынамасы; 3) БЦЖ вакцинациясы кезіндегі жанама реакциялар; 4) алғашқы туысқандық дәрежеде адамдарда анықталған БЦЖ-ның генерализацияланған инфекциясы; 5) АИТВ-инфекциясы; 6) иммун тапшылығы жағдайы, қатерлі ісіктер; 7) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат; 8) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр ауруларда; 9) жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, жіті созылмалы, оның ішінде аллергиялық асқынулар. Ревакцинацияны сауыққаннан немесе ремиссия кезеңі басталғаннан кейін екі айдан соң жүргізеді; 10) туберкулезге қарсы вакцинациядан уақытша босатылған адамдарды есепке алады және толық сауыққаннан немесе қарсы көрсетімі жойылғаннан кейін егеді. 136. БЦЖ вакцинасы бар ампулаларды ашу алдында мұқият көріп алады. Мына жағдайларда препарат пайдаланылмауы тиіс: 1) ампулада заттаңба болмағанда немесе ол дұрыс толтырылмағанда; 2) вакцинаның жарамдылық мерзімі аяқталғанда; 3) ампулада сызат және жырық болғанда; 4) препараттың физикалық қасиеті өзгергенде (түсін, пішінін және басқасын өзгерту); 5) вакцинаға нұсқаулықта көрсетілген мерзімде араласқан препаратта бөгде қоспалар немесе бөлінбеген қауыздар болғанда. 137. Туберкулезге қарсы вакцина еріткішімен араластырылғаннан кейін вакциналардың қалдықтарын кейіннен жоя отырып, тез арада немесе егер бұл нұсқаулықта рұқсат берілетін болса, алты сағат ішінде пайдаланылады. 138. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде нұсқаулықта көрсетілген көлемде сол иықтың үстіңгі және үшінші артқы бетінің ортаңғы шегіне теріішілік егіледі. БЦЖ-ны егу организмнің барлық жағына жалпы жауапты реакцияның дамуымен бірге жүреді. БЦЖ вакцинасын енгізуге реакция мынаны көрсетеді: 1) БЦЖ-ны еккеннен кейін артынша 15-20 минуттан кейін сорылатын папула пайда болады; 2) жергілікті вакцинадан кейінгі егу реакциясының дамуы вакцинацияланған адамдарда тек 4-6 аптадан соң басталады, ал ревакцинацияланған адамдарда – бір аптадан соң басталуы мүмкін. Осы кезде вакцина енгізу орнында диаметрі 5-9 мм көлемінде гипермия және инфильтрат (папула) пайда болады. Кейінгі инфильтрат сулы бөртпеге, іріңді бөртпеге ауысады, содан кейін өздігінен түсіп қалатын және тыртықтың қалыптасуы басталатын қабыршақ пайда болады. Реакцияның сипаттамасы нормалы болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңдеуді талап етпейді. 3) БЦЖ вакцинациясының және ревакцинациясының соңғы нәтижесі тыртықтың көлемі бойынша егуден кейін 1 жылдан соң бағаланады. Егу техникасының және вакцинаны сақтау дұрыстығы кезінде енгізу орнына 95-97 процент жағдайда тыртық қалыптасады. Диаметрі 5-8 мм тыртық ең оңтайлы болып есептеледі. Бірқатар жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізген орында апигментті дақ (2-3%) пайда болады; Балалардың жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы) ескереді және алты айдан кейін Мантудың алдын ала сынамасынсыз (тек бір рет) (вакцианцияға дейін) қайта егеді, Мантудың теріс нәтижесі кезінде бір жылдан кейін егеді. Қалыпты реакция сияқты бағаланатын 15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің көбеюі түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, ал түйін жағынан 20 мм көбі өзіндік емделуге жатады. Лимфадениттердің теріс дамуы 6-9 айдың ішінде бақыланады; 139. Перзентханада нәрестенің болуы кезеңінде дәрігер (мейірбике) анасына теріішілік вакцинадан кейін 4-6 аптадан соң нәрестеде жергілікті егу реакциясының дамуы мүмкіндігін және пайда болған жағдайда нәрестені учаскелік дәрігер-педиатрға қарату қажет екенін хабарлайды. Вакцинацияланған (ревакцинацияланған) балаларға бақылауды БМСК дәрігер-педиатрлары жүргізеді. Сол себепті бір, үш, алты, он екі айдан соң мерзімдік медициналық құжаттаманың (063у, 026у, 112у) есепке алу нысанындағы оның сипаттамасын және көлемін тіркеумен жергілікті екпе егетін реакцияны тексеріп отырады, вакцинацияға және аймақтық лимфаденитті уақтылы анықтауға организмнің жалпы реакциясын анықтау мақсатында шет лимфа түйіндерінің реакциясына бақылау жүргізеді. 140. Сирек кездесетін жағдайларда, БЦЖ вакцинасын енгізуге мынадай форма түрінде жанама жергілікті реакциялар бақыланады: 1) аймақтық лимфаденит; 2) тері астындағы салқын абсцесс; 3) үстіңгі жара; 4) тыртық түйін; 5) сүйек жүйесінің зақымдануы (сүйек қабынуы). 141. Вакцинацияға жанама реакцияны кешенді клиникалық-рентгендік-зертханалық тексеру нәтижесінде фтизиатр белгілейді. Реакцияны белгілегеннен кейін БЦЖ вакцинасын енгізуге анықталған жанама реакциялар туралы медициналық ұйым басшыларына хабарлайды және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлама жібереді. 142. Реакцияның сипаттамасы туралы мәлімет 063/у, 026/у, 112/у есепке алу нысандарында белгіленеді. Реакциясы бар барлық балаларға бақылау картасы толтырылады. 143. Жанама реакциясы бар балаларды 1 жылдың ішінде диспансерлік есептің III тобында бақылайды. 144. Баланы есепке алу және есептен шығару кезінде мыналар жүргізіледі: қанның және зәрдің жалпы талдауы, кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы, (есептен шығарған кезде) қосымша Манту сынамасы. 145. Туберкулезге және туберкулиндиагностикаға (вакцинациялау және БЦЖ қайталап егу) қарсы профилактикалық егуді препараттармен бірге ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді. 146. АИТВ-инфекциясының және басқа да қарсы көрсетімнің клиникалық белгісі жоқ болған жағдайда, АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге күнтізбелік мерзімде бір рет теріішілік БЦЖ вакцинасының стандартты дозасын салады. 147. Күнтізбелік мерзімде егу егілмеген АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге алдын ала Манту сынамасынсыз өмірінің төрт аптасы ішінде (жаңадан туылу кезеңінде) егеді. Өмірінің төртінші аптасы біткеннен кейін БЦЖ-ның генерализацияланған жұқпаның даму мүмкіндігі салдарынан балаларға БЦЖ вакцинасын енгізуге рұқсат етілмейді. Нәрестеге он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жасқа жеткенге дейін вакцинациядан кейінгі жетілмеген белгісі бар (тыртығы) балаларға қайталама БЦЖ вакцинациясы жүргізілмейді. АИТВ-жұқпасын шығарған жағдайда он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес- он сегіз айлық жасқа БЦЖ екпесі Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде жүргізіледі. 148. АИТВ-жұқтырған балалар мен жасөспірімдерді ревакцинациялау үдемелі иммунитет тапшылығының аясында БЦЖ генерализацияланған инфекцияның даму қауіпсіздігі салдарынан БЦЖ жүргізілмейді. 149. Егер нәресте АИТВ-жұқтырған анадан туылған болса, бірақ нәрестенің өзі АИТВ-жұқтырылған болып есептелмейді, онда БЦЖ-мен ревакцинациялау алдын ала қойылған Манту сынамасының теріс нәтижесінен кейін алты жас (1-сынып) күнтізбелік мерзімде жүргізіледі. 150. Орындалған егу, туберкулин сынамасы туралы мәліметтер (салу күні, препат атауы, серия нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, салу реакциясының сипаты) егу немесе туберкулин сынамасын жүргізу орны бойынша, сондай-ақ иммунизацияланған адамды (тіркеу орны бойынша медициналық ұйым) медициналық бақылау орны бойынша медициналық құжаттаманың белгіленген есепке алу нысанына енгізіледі. 151. Туберкулезге қарсы егуді және Манту сынамасын тіркеу үшін медициналық құжаттаманың есепке алу нысанына мыналар жатады: 1) профилактикалық егулер картасы, баланың даму тарихы; 2) баланың медициналық картасы; 3) профилактикалық егулер сертификаты. 152. Медициналық ұйымдарда профилактикалық егулерді есепке алу нысаны қызмет көрсету ауданында тұратын он төрт (он төрт жас он бір ай жиырма тоғыз күн) жасқа дейінгі барлық балаларға, сондай-ақ БМСК ұйымдарына қызмет көрсету ауданында орналасқан білім беру ұйымдарына баратын барлық балаларға енгізіледі. 153. Медициналық ұйымдар мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында туберкулезге қарсы егу жергілікті, жалпы реакциясын және вакцинадан кейінгі асқынуларды есептеу белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Медициналық ұйымда иммунизацияны жүзеге асыратын вакцинадан кейінгі асқынуды тіркеу фактісі бойынша туберкулезге қарсы қызмет және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. 13. Туберкулез жағдайларын тіркеу және есепке алуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 154. Әрбір алғаш анықталған туберкулез жағдайы тіркелуге және есепке алынуға жатады. 155. Есепке алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар оларда туберкулездің активті нысаны алғаш анықталған кезде жатқызылады. 156. Туберкулезбен ауыратын науқасты есепке алу және тіркеу науқастың тұрақты мекенжайына қарамастан ауру анықталған орны бойынша жүргізіледі. 157. Өмірінде алғаш рет таратпаудың барлық түрінің активті туберкулез диагнозы қойылған әр науқасқа хабарлама - № 089/у нысаны толтырылады, олар үш күн мерзімде тиісті аумақтағы туберкулезге қарсы ұйымға және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі. Өліміне себеп болған активті туберкулез диагнозын өлгеннен кейін қойған жағдайда дәрігер-фтизиатрдың диагнозымен расталуы және № 089/у нысаны берілуі қажет. 158. Бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқас анықталған кезде № 089/у нысандағы хабарламадан басқа, № 058/у нысандағы хабарлама толтырылады, ол жиырма төрт сағат ішінде науқастың мекенжайы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі. № 058/у нысандағы хабарламаны бактерия бөлетін туберкулездың жағдайын алғаш диагностикалағанда ғана емес, сонымен қатар туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бактерия бөлу пайда болғанда, сондай-ақ өмірінде есепте тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған жағдайында толтырылады. 159. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді есептеу (сырқаттанушылық, ауырсыну, өлім-жітім) тұрақты, көші-қон (ішкі және сыртқы) және түрме тұрғындарын есепке ала отырып, тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша бөлек талдаумен жүргізіледі. 160. Есепке алуға және тіркеуге туберкулезбен ауыратын науқастардың барлық жағдайы жатады. 161. Науқаста алғашқы рет ауру анықталған кезде туберкулез диагнозының дұрыстығын бақылауды және осы жердегі туберкулез ауруының жаңа жағдайын есепке алу және тіркеу қажеттілігі туралы соңғы шешімді дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде қабылдауды туберкулезге қарсы ұйымдар жүзеге асырады.
14. Туберкулездің ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 162. Туберкулездің ошақтарын сыныптау бактерия бөлу қарқындылығын есепке ала отырып жүргізіледі. 163. Бактерия бөлу қарқындылығы: 1) қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі – ҚТБ) нақты санынан 1+ -ке дейін біркелкі бактерия бөлу; 2) көлемді бактерия бөлу (2+ -тен 3+-ке дейін) болып бөлінеді. 164. Туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына мыналар жатады: 1) көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар; 2) балалар мен жасөспірімдерде, жүкті әйелдерде, маскүнемдерде, нашақорларда көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар; 3) төмен деңгейде тұратын, санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанғысыз ошақтар. 165. Екінші топқа осы Санитариялық қағидаларға 164-тармақта санамаланған факторлар ошақта болмаған жағдайда, көлемді бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады. 166. Үшінші топқа мыналар жатады: 1) туберкулезбен ауыратын науқастардың бактерия бөлуді, жол жүруді, тұрақты мекенжайын ауыстыруды тоқтатқан сәттен бастап немесе бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болған сәтінен бастап туберкулездың ошақтары; 2) ауыл шаруашылығы малдарының туберкулез ауруы анықталған туберкулез ошақтары. Туберкулез ошақтарының үшінші тобының байланыста болған адамдары бір жыл бойы бақылауда болады. 167. Туберкулёз инфекциясының ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды: 1) туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және стационарлық жағдайда инфекциялық бақылау ережелерін сақтай отырып, оқшаулау. Амбулаториялық жағдайларда емдеуге эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау жағдайлары болған және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісілген кезде жол беріледі; 2) науқас анықталған күннен екі апта мерзімде байланыста болған адамдарды алғашқы тексеру (клиникалық - рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, көрсеткіш бойынша сүртінді микроскопиясы); 3) байланыста болған адамдарға (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге) көрсеткіштер бойынша химиялық-профилактика жүргізу; 4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу; 5) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау шараларына, жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш қағидаларына, ағымдық дезинфекция жүргізу қағидаларына санитариялық оқыту. 168. Туберкулездің ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Ошақтарға ТҚҰ-ның және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары бірлесіп: 1) бірінші эпидемиологиялық топта тоқсанына кемінде бір рет; 2) екінші эпидемиологиялық топта жарты жылда кемінде бір рет; 3) үшінші эпидемиологиялық топта жылына кемінде бір рет барады. 169. Ошақта оның қауіптілігін азайтатын немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде туберкулез ошағын бірінші эпидемиологиялық топтан екіншісіне ауыстыруды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары учаскелік фтизиатрмен бірлесіп жүзеге асырады. 170. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары ТҚҰ-да есепте тұрған бактерия бөлетін науқастардың нақты санымен бактерия бөлетін науқастардың санын ай сайын салыстырып тексереді. 171. Туберкулез ошақтарына әр барған нәтижелері эпидемиологиялық тексеру картасына түсіріледі. 172. Ошақтағы эпидемияға қарсы іс-шаралар алғашқы, ағымдық және қорытынды болып бөлінеді. 173. Алғашқы іс-шаралар науқасты оқшаулауды ағымдық дезинфекциялауды жүргізуді және бақылауды, байланыста болғандарды туберкулёзге қарсы ұйымдарда есепке алуды және оларды тексеруді қамтиды. 174. Алғашқы үш күн ішінде науқасты есепке алғаннан кейін бактерия бөлуші ретінде, эпидемиологиялық тексеру картасын толтырған кезде ошаққа алғашқы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. 175. Ошаққа алғашқы барғанда науқастың және оның отбасы мүшелерінің паспорт мәліметтерін, науқастың жұмыс орны мен сипатын анықтайды. Бір жыл ішінде бұрын ауырған науқас бірнеше жерде тұрғанда барлық мекенжайға барғаннан кейін одан әрі іс-шараларды жүргізу туралы шешімді қабылдайды. 176. БМСК және ТҚҰ желісінің медицина қызметкерлері науқасты және отбасы мүшелерін жұқтырудың алдын алуға бағытталған сақтау шараларына оқытады. 177. Ошақты тексергеннен кейін оның сауықтыру жоспарын құрады, ол: 1) науқасты оқшаулауды және емдеуді; 2) көрсеткіштер бойынша балалар мен жасөспірімдерге химииялық-профилактика жүргізуді; 3) санитариялық-гигиеналық тұру жағдайын жақсартуды; 4) байланыста болған адамдарды тексеруді; 5) науқастар мен байланыста болған ересектерді эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимді сақтау қағидасына, алдымен бөлмелерді желдету, ағымдық дезинфекциялау жүргізуге оқытуды қамтиды. 178. Науқасқа «Туберкулезге қарсы ұйым контингентінің диспансерлік картасы» деген медициналық карта толтырады. 179. Туберкулёзге қарсы ұйымы немесе кабинеттері жоқ селолық жерлерде ошақта БМСК медицина қызметкерлері жұмыс жүргізеді. 180. БМСК желісінде ұйымдастыру-консультативтік жұмысты облыстық және аудандық туберкулезге қарсы ұйымдардың мамандары тоқсан сайын жүргізеді. 181. Ошақта ағымдық іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқас үйде болғанда жүргізіледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), емдік, ветеринариялық (келісім бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы жүргізуді қамтиды. 182. Ошақта мыналар жүргізіледі: 1) ағымдық дезинфекция; балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді оқшаулау;
Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 590; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |