Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын 5 страница




243. Биологиялық сұйықтықтармен, оның ішінде мыналармен:

1) қанмен;

2) шәуетпен;

3) қынаптық бөлінділермен;

4) синовиялық сұйықтықпен;

5) ми-жұлындық сұйықтықпен;

6) плевралық сұйықтықпен;

7) перитонеалдық сұйықтықпен;

8) перикардтық сұйықтықпен;

9) амниотиялық сұйықтықпен;

10) сілекеймен жұмыс істегенде сақтандыру шаралары сақталады.

244. Сақтық шаралары мынадай:

1) тірі кезінде немесе аутопсияда, кез келген кесіліп алынғандармен (немесе басқа тәсілмен алынып тасталғандармен), адам тіндері мен ағзаларымен (зақымдалмаған теріден басқа);

2) қанмен берілетін инфекцияларды жұқтырған тәжірибелік жануарлардың тіндерімен және ағзаларымен;

3) қанның көрініп тұрған қоспасы бар кез келген сұйықтықтармен;

4) кез келген белгісіз биологиялық сұйықтықпен жұмыс кезінде сақтандыру шаралары сақталады.

245. Мынадай:

1) ластанған инелерді және өткір құралдарды абайламай ұстаудан алынған жарақаттар кезінде;

2) ауыздың, көздің, мұрынның шырышты қабықтарына және зақымдалған теріге (кесілулер, сызаттар, дерматит, безеулер) қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың түсуі кезінде;

3) биологиялық сұйықтықтармен және олармен ластанған беттермен жұмыс істеу кезінде көз, мұрын, ауыздың шырышты қабықшаларына және зақымдалған теріге тиіп кету кезінде;

4) қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтардың жайылуынан, шайқалуы және шашырауы кезінде жұқтыру қаупі артады.

246. Инфекция жұқтырудан қорғану мақсатында мыналар:

1) пайдаланудың барлық уақытында тері жамылғысын, көзді, ауызды және басқа да шырышты қабықтарды биологиялық сұйықтықтармен жанасудан қорғайтын жеке қорғаныш құралдары;

2) жұмыс берушілер қамтамасыз ететін қорғаныш құрылғылары мен қауіпсіз технологиялар пайдаланылады.

247. Медициналық ұйымдарда мыналар қамтамасыз етіледі:

1) биологиялық сұйықтықтармен немесе олармен ластанған беттермен тікелей жұмыс істеу алдында киілетін қолғаптармен. Бір реттік қолғаптарды қайта қолдануды, қолғаптар жасалған латексті бүлдіретін вазелин негізіндегі любриканттарды қолдануды болдырмау;

2) жұқтырылған материалмен жанасу мүмкін болатын барлық жағдайларда халаттарда, хирургиялық қалпақта немесе телпектерде, аяқ киім үстінен киетін бахиллалармен жұмыс істеу;

3) қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың шашырауы мүмкін болатын манипуляциялар кезінде маскалар, қорғаныш көзілдіріктерін немесе бетті иекке дейін жабатын экранды, немесе қорғаныш көзілдіріктермен, бүйір қалқаншалармен үйлескен маскаларды кию. Қарапайым көзілдіріктер қан арқылы берілетін инфекциядан жеткілікті қорғауды қамтамасыз етпейді;

4) жұмыс берушінің жеке қорғаныш құралдарын тегін беру;

5) жеке қорғаныш құралдарын қолжетімді жерде сақтау.

248. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шаралары мыналар:

1) биологиялық сұйықтық теріге түскен кезде, қолғапты немесе басқа жеке қорғаныш құралын шешкеннен кейін, дереу қолды сабынды сумен жуып, одан кейін ластанған жерді жуады. Қолды ағынды сумен жуады. Ағынды су жоқ болған жағдайда, қолға арналған антисептикалық ерітінді және бір реттік қағаз орамалдар немесе антисептикалық сулықтар қолдану қажет;

2) инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер пайдаланғаннан кейін алдын ала жуылмастан, дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай дереу қауіпсіз кәдеге жарату қорабына (бұдан әрі – ҚКЖҚ) тасталады;

3) көп рет қолданылатын ластанған, кесетін және шаншитын аспаптар кейіннен өңдеу үшін қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғасы), таңбаланған контейнерлерге бірден салынады;

4) қолданылған құрал-саймандарға арналған ҚКЖҚ және таңбаланған контейнерлер пайдалануға қолайлы жерде орналастырылады, олардың толтырылуына (төрттен үш бөлігіне дейін толтыру) жол берілмейді және тек мұқият жабық күйінде тасымалданады;

5) биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық контейнерлерге салынады. Егер үлгілері бар контейнер ластанса немесе зақымдалса, оны басқа контейнердің ішіне салу қажет;

6) биологиялық сұйықтықтармен ластанған жабдықты техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялау қажет. Егер дезинфекциялау мүмкін болмаса, онда ластанған элементтер ілеспе қағазда көрсетіледі;

7) ластанған төсек-орынға жанасуды мейлінше азайтып, оны таңбаланған қаптарға немесе контейнерлерге салады, ылғал заттарды ылғалданбайтын қаптар мен контейнерлерде тасымалдайды.

249. Мыналарға:

1) биологиялық сұйықтықтармен жанасу мүмкіндігі бар жұмыс орындарында тамақ ішуге, темекі шегуге, макияж жасауға, контактілі линзаларды шешуге немесе киюге;

2) биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе басқа да орындарда тамақ және сусындар сақтауға;

3) биологиялық сұйықтықтарды ауызбен тамшуырға соруға;

4) биологиялық сұйықтықтармен ластануы мүмкін шыны сынықтарын қолмен көтеруге;

5) шприцтерден қолданылған инелерді шешуге, майыстыруға, сындыруға, оларға қалпақшаларын кигізуге және ластанған өткір құралдармен осындай әрекет жасауға;

6) көп рет пайдаланылатын түйреуіш және кескіш құралдарға арналған контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, қолмен ашуға, контейнерлерді босатуға жол берілмейді.

250. Жеке қорғаныш құралдарына биологиялық сұйықтықтар түскен жағдайда, оны неғұрлым тезірек шешіп, терінің ластанған орындарын сабынды сумен жуу қажет. Жұмыс орнынан кетер алдында барлық жеке қорғаныш құралдарын шешіп, оларды бұл үшін бөлінген ыдысқа салу қажет. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын тазалауды, жууды, жөндеуді, ауыстыруды және жоюды жұмыс беруші қамтамасыз етеді.

251. Медициналық ұйымдардың басшылары медицина персоналын ВВГ, ДВГ және СВГ кәсіптік жұқтырудың алдын алу бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

252. Медициналық ұйымдардың персоналы (медициналық та, медициналық емес те) қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа кірер алдында және жыл сайын нұсқаулықтан өтеді.

253. Науқастарды емдеу кезінде кез келген қажетсіз инвазивтік араласуды болдырмау қажет.

254. Медициналық ұйымдар қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір реттік қолғаптармен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖҚ-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етіледі.

255. Медициналық ұйымдар медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жоспарларды, персоналдың нұсқаулықтан өту тәртібі мен бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді.

256. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі бар адамдар үшін еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа кірер алдында және алты айда бір рет ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар зерттеліп-қарауға жатады:

1) қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері;

2) гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері;

3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейінді медицина қызметкерлері, сондай-ақ клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері.

257. Хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейінді және гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі болғанда диагнозы нақтылағанға дейін жұмысқа жіберілмейді.

258. Медицина қызметкерлерінің ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі болғанда қан және оның препараттарын дайындау үдерііне жіберілмейді.

259. Донорларда ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижелер анықталған кезде қан қызметі ұйымдары диагноз қою үшін аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарына донорларының ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижелері туралы ақпарат береді.

260. Құрамында HBsAg и anti-HCV бар қан, оның компоненттері мен препараттары жойылуға жатады.

22. ВВГ, ДВГ және СВГ кезінде дезинфекциялауды

ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

261. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар алдын ала дезинфекцияланбай және бөлшектелмей жойылады (өртеледі, қиратылады).

262. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазартылады, кептіріледі, оралады және стерильденеді.

263. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде дезинфекциялық ерітіндіге батыру немесе ультрадыбыстық және басқа да жуу машиналарына салу жолымен жүргізіледі.

264. Қуысы бар медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, шырыштың, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Бөлінетін бөлшектер бөлінген күйінде өңделеді.

265. Дезинфекциялық ерітінділер ластануына, түсінің өзгеруіне немесе тұнбаның пайда болуына қарай ауыстырылады.

266. Биологиялық сұйықтыққа қатысты бекіту әсері бар дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланған кезде құрал-сайман алдын ала бөлек суы бар сыйымдылықта жуылады, кейіннен ол залалсыздандырылады.

267. Жуатын ерітінді егер ерітіндінің түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы пайдаланылады. Стерильдеу алдында өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттардың қалдықтарына оң сынаманың жоқ болуымен бағаланады.

268. Құрал-сайманды стерильдеу алдында тазалау және стерильдеу медициналық ұйымның әр бөлімшесіндегі арнайы бөлінген жерде немесе орталық стерильдеу бөлімшесінде жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған жағдайда стерильдеу алдында өңдеу жүргізілмейді.

 

________________________

 


«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына

қосымша

 

 

Вирустық гепатиттерді сыныптау, вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу және диспансерлеу

 

 

Жіті вирустық гепатиттерді сыныптау

1. Берілу механизмі бойынша вирустық гепатиттер мыналарға бөлінеді:

1) энтеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:

- А жіті вирустық гепатиті;

- Е жіті вирустық гепатиті.

2) парентеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:

- В жіті вирустық гепатиті;

- Д жіті вирустық гепатиті;

- С жіті вирустық гепатиті.

3) этиологиясы анықталмаған вирустық гепатиттер.

2. Жіті вирустық гепатиттердің (бұдан әрі – ЖВГ) түрлері:

1) субклиникалық – аурудың клиникалық белгілері жоқ, науқастардың қанында аланинаминотрансферазаның (бұдан әрі – АЛТ) көп болуымен вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;

2) инаппаранттық – клиникалық-биохимиялық белгілердің толық болмауымен өтеді, бірақ адам организмінде иммунологиялық, функциялық және морфологиялық өзгерістер байқалады. Вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;

3) манифестік – жіті вирустық гепатитке тән субъективтік және объективтік клиникалық белгілер негізінде диагностикаланады. ЖВГ-нің манифестік түрлерінің сарғаю алдындағы (продромалдық), сарғаю (өршіген) және сауығуды қамтитын циклдық ағымы бар. Сарғаю алдындағы кезең тұмау тәрізді, астеновегетативтік, диспепсиялық, артралгиялық және аралас синдромдармен білінетін клиникалық симптомдар жиынтығымен сипатталады. Ауру өршіген кезеңде тері қабаттары мен шырышты қабықшалардың сарғаюы, гепатомегалия пайда болады;

4) типтік сарғаю циклдық – аурудың 3 кезеңінің нақты ара жігін ажырату арқылы сарғаюдың цитолиттік синдромдармен үйлесуі;

5) холестатика компоненті бар типтік сарғаю – сарғаю барынша қарқынды, жоғары билирубинемия, елеусіз трансаминаземия, сілтілік фосфатаза (бұдан әрі – СФ) көрсеткішінің жоғарылау үрдісі бар. Аурудың сарғаю кезеңі айтарлықтай ұзақ болады;

6) типтік емес сарғаю (холестатикалық) – сирек, орта жастан асқан науқастарда байқалады. Сарғаю терінің қатты қышынуымен қарқынды болады. Гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, СФ мен гаммаглютаминтранспептидаза жоғарылайды. Сарғаю кезеңінде эритроциттер мен субфебрилитеттің шөгу жылдамдығының арту үрдісі бар;

7) типтік емес сарғаю белгісі жоқ – аурудың әлсіз білінетін жалпы көріністерінде бауырдың ұлғаюы арқылы және оның функцияларының бұзылуының субъективті белгілері кезінде сарғаюдың толығымен болмауымен сипатталады. Вирустық гепатиттердің өзіндік маркерлері АЛТ деңгейінің жоғарылауымен үйлеседі. Көбіне олар А вирустық гепатиті кезінде байқалады;

8) жіті циклдық – 1-1,5 ай ішінде вирустың репликациясы (көбеюі) тоқтайды, ол организмнен шығарылады да толық санация басталады. А және Е гепатиттері үшін бұл аурудың типтік ағымы. В, С және Д гепатиттері кезінде – ықтимал варианттардың бірі болады;

9) ЖВГ-нің жіті прогредиенттік ағымы – вирустың белсенді репликациясы фазасы 1,5-3 ай сақталады. Инфекциялық процестің аяқталуы күрделі: не сауығумен аяқтала отырып не организмнің санациясы, не созылмалы ағымға айналуына әкеледі. В, С және Д гепатиттері кезінде негізінде прогредиенттік ағым болады. А және Е гепатиттері кезінде ауыр преморбидтік фонында созылмалы түрі байқалады, алайда науқас толығымен аурудан айығады.

3. ЖВГ-нің ағымы жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде болуы мүмкін:

1) жеңіл дәреже – уыттану болмайды немесе ол аз ғана білінеді. Сарғаю жеңіл. Протромбиндік индекстің (бұдан әрі - ПИ) шамасы қалыпты нормада. Ішіндегі жалпы билирубин 80-85 микромоль/литрден аспайды.

2) орташа дәреже – бірқалыпты білінетін уыттану симптомдарымен сипатталады. Сарғаю орташа білінеді. ПИ 60%-ға дейін төмендейді. Ішіндегі жалпы билирубин 100 - 180 микромоль /литр шегінде.

3) ауыр дәреже – орталық жүйке жүйесінің айқын уыттануы, ұйқының бұзылуы, желігу немесе ұйқышылдық, селқостық, анорексия, қайталап құсу, геморрагиялық синдром, қарқынды сарғаю, тахикардия, диурездің тәуліктік азаюы, ПИ 55%-дан төмен болады. Жалпы билирубин 180 микромоль/литрден артады, жалпы билирубиннің 1/8-ін еркін фракция құрайды. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндер артады. Көбіне ауыр ағым В және Д гепатиттері кезінде байқалады. А, С және Е гепатиттері кезінде ауыр түрлердің үлесі (жүкті әйелдерден басқа) айтарлықтай аз.

4. Қатерлі ағым бар – фульминанттық гепатит. Массивті және субмассивті бауыр некрозы бар фульминанттық (қатерлі) гепатит.

Аса жіті нұсқа бауыр комасының дамуымен және аурудың 1-8 күндерінде өліммен аяқталумен ЖВГ-ның шынайы фульминанттық ағымына сәйкес келеді.

Жіті нұсқасы – ұзақтығы аурудың басталуынан бастап 28 күнге дейін.

Жітілеу (субмассивтік) нұсқа, мұнда бауыр некрозының алдында энцефалопатияға дейінгі 15 күн – 12 апта мерзімінде ЖВГ-ның қалыпты ағымы болады.

5. Асқынған ЖВГ – жіті бауыр энцефалопатияның және жаппай геморрагиялық синдромның дамуы бар жіті бауыр қызметінің жеткіліксіздігі:

1) ісік және бас миының ісінуі;

2) жаппай асқазан-ішектен қан кету;

3) жіті бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жіті тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі;

4) жайылған қайталама инфекция.

Вирустық гепатиттердің нақты этиологиялық диагнозы тек науқастың қан сарысуында өзіндік маркерлерді анықтау жолымен ғана белгіленеді.

 

 

Созылмалы вирустық гепатиттерді сыныптау

 

6. Созылмалы вирустық гепатиттердің түрлері:

1) дельта агенті бар В созылмалы вирустық гепатиті;

2) дельта агенті жоқ В созылмалы вирустық гепатиті;

3) С созылмалы вирустық гепатиті.

7. Вирустық гепатит фазалары: асқыну және ремиссия.

А вирустық гепатиті

 

8. Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнді құрайды (диапазоны 7-50 күн).

9. АВГ-нің берілу жолдары:

1) тұрмыстық-қарым-қатынас (отбасыларда және ұйымдастырылған ұжымдарда);

2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);

3) парентералдық – сирек.

Е вирустық гепатиті

10. Е вирустық гепатитінің (бұдан әрі – ЕВГ) инкубациялық кезеңі орташа 40 күнді құрайды (диапа­зоны 20-60 күн).

11. ЕВГ-ның вирусының берілу жолы – су арқылы.

12. ЕВГ кезінде эпидемиялық процесс:

1) судан пайда болған эпидемиялық өршулер 7-8 жыл аралықтармен;

2) аурудың шұғыл сипатымен;

3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;

4) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен сипатталады.

13. Аурудың өрши бастауы жаз айларына тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі болып табылатын жерасты суының барынша ластануына байланысты.

 

 

В вирустық гепатиті

 

14. В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін).

15. Сарғаю түрлері 5 жасқа дейінгі балалардың 10 %-да, 5 жастан асқан балалар мен ересектерде 30-50%-да тіркеледі.

16. ВВГ вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.

17. Жұқтыру жолдары - парентеральдық (қан құю, сілемейлі қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде беріледі.

 

 

Д вирустық гепатиті

 

18. Д гепатитінің вирусы – ақауы бар, оның көбеюі үшін В гепатиті вирусының болуы қажет, сондықтан ДВГ мынадай түрде өтеді:

1) коинфекция (ВВГ мен ДВГ бір мезгілде жұғуы);

2) суперинфекция (ДВГ-нің ағымдағы ВВГ инфекциясына, әдетте созылмалы болған кезде қабаттасуы). ДВГ жіті және созылмалы болады

19. Асқынулар мен нәтижелері: көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және үдемелі бауыр циррозы жиі дамиды.

 

С вирустық гепатиті

 

20. СВГ инкубациялық кезеңі орташа 180-210 күнді құрайды (14-тен 780 күн аралығында ауытқумен).

21. Инфекция көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлері бар науқастар.

22. Жұқтыру жолдары ВВГ-ге ұқсас.

23. Сарғаю түрлері жағдайдың 10-20%-да орын алады. Жағдайлардың 90%-да СВГ трансфузиядан кейінгі гепатиттер себеп болып табылады.

 

 

ЖВГ ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу

 

24. Энтеральдық гепатиттермен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша (орташа-ауыр және ауыр түрлері, ілесіп жүретін патологиясы болған жағдайда жеңіл түрлері) парентеральдық гепатиттері бар науқастардан бөлек жүргізіледі. Науқастарды ауруханаға жатқызу (оқшаулау) үшін эпидемиологиялық айғақтар жоқ, себебі көбіне жағдайлар аурудың өршуі кезінде анықталады. Осы кезеңде науқастар қоршаған ортаға вирус бөлуді тоқтатады және эпидемиологиялық қауіп тудырмайды.

25. ЖВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер клиникалық айғақтары бойынша инфекциялық аурулар стационарларына, 30 аптадан бастап жүкті әйелдер және босанған әйелдер перзентханалар мен бөлімшелердің оқшауланған палаталарына (бокстарына) жатқызылады.

26. ЖВГ-мен ауырып жазылған науқастарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауығудан кейін, клиникалық-зертханалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

 

 

Диспансерлеу

 

27. ЖВГ-мен ауырған науқастарды диспансерлеу клиникалық көрсеткіштер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе емдеген дәрігер науқастың қолына берген жазбаша ұсыныммен аумақтық денсаулық сақтау ұйымының инфекциялық аурулар кабинеттерінде жүзеге асырылады.

АВГ-нің орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырғандарды диспансерлік бақылау үш ай, ВВГ-мен – алты ай, жіті СВГ-мен – созылмалылықтың жоғары ықтималдығын ескере отырып, тұрақты жүргізіледі (оның ішінде биологиялық-химиялық сынамалардың қалыпты көрсеткіштері кезінде және қанда вирус репликациясы болмаған кезде).

Созылмалы вирустық гепатит – ЖВГ нәтижелерінің бірі, алты ай бойы және одан көп айға рұқсат бермейтін бауырдағы диффузиялық қабыну процесі.

ЖВГ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеу (әсіресе НВsАg болғанда) Д инфекцияның ықтимал суперинфекциялануына байланысты көрсетілген.

Диспансерлік бақылау ұзақтығы жалғасатын гепатит пен ферментемия клиникасының болуымен анықталады.

Вирустық гепатиттер реконвалесценттері сақталатын ферментемиялармен ауруханадан шыққаннан кейін бір айдан соң қаралған кезде диспансерлік есепке қойылады.

Есептен шығару клиникалық белгілер болмаған кезде жүргізіледі.

ЖВГ-мен ауырған адамдарға стационардан шыққаннан кейін алты ай бойы антирабиялық вакцина мен сіреспеге қарсы анатоксиннен басқа профилактикалық егуге болмайды (айғақтар бар болса).

28. Қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері алынғанда, хирургиялық операцияларға және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмысқа жіберілмейді.

 

________________________

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 700; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.