Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын 2 страница




4) декреттелген контингенттерден шыққан бактерия тасымалдаушылар аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органында тұрақты есепке алынады. Бірінші бақылау айында оларды эпидемиологиялық қауіп тудыруы мүмкін жұмыстан шеттетеді. Егер бір айдан соң қоздырғыштың бөлінуі жалғаса берсе, оларды тағы екі айға жұмыстан шеттетеді. Үш айдан кейін бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болса, онда олар негізгі жұмыс орнына жіберіледі. Бактериологиялық тексерудің нәтижесі оң болса, олар созылмалы тасымалдаушылар ретінде саналып, эпидемиологиялық қауіп тудыруы ықтималдығынан жұмыстан шеттетіледі.

47. Декреттелген контингенттің ішінде отбасы мүшелерінің біреуінен созылмалы бактерия тасымалдаушылық анықталған жағдайда, жұмыстан шеттетілмейді және арнайы бақылауға жатпайды.

 

 

10. Туберкулезбен ауыратын науқасты анықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

48. Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтауды барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері мынадай жағдайда жүзеге асырады:

1) амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдарда медициналық көмекке жүгіну;

2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

3) міндетті және профилактикалық медициналық тексеру жүргізу;

4) туберкулезге қарсы иммундау жүргізу.

49. Медициналық ұйымға туберкулез ауруы мүмкіндігін көрсететін белгілері бар пациенттер келіп қаралған кезде міндетті рентгенологиялық және бактериологиялық зерттей отырып (қақырық жағындысын және басқа да патологиялық материалды микроскопиямен қарау), толық клиникалық және құрал-саймандық тексеру жүргізеді.

50. Тексеру кезінде туберкулез ауруы мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған кезде пациентті үш күннің ішінде тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы диспансерге (бөлімше, кабинет) жібереді.

51. Науқасты уақтылы және толық тексеру жүргізуді бақылауды медициналық ұйымның жіберген маманы және туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) маманы жүзеге асырады.

52. Тұрғылықты жері анықталмаған адамдар туберкулез ауруына күдікті болған жағдайда, тексеруді аяқтау үшін және «туберкулез» диагнозы расталған кезде туберкулезге қарсы стационарға емдеу үшін жатқызылады.

53. ТҚҰ науқасты жіберген маманға жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.

54. Туберкулезбен ауыратын науқастарды жұмысқа және оқуға жіберуге рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ-ның орталық дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) береді.

55. Мынадай жағдайларда:

1) «айықтырылды» немесе «емдеу аяқталды» деген нәтижесі бар І, ІІ және ІІІ санаттағы режимдерде емдеу курсын ойдағыдай аяқтаған;

2) қарқынды кезеңді ойдағыдай аяқтағаннан кейін (емдеудің басында) (ОДКК шешімімен) бактерия бөлмейтін шектеулі үдерістері болатын туберкулезбен ауыратын науқастар оқуға және жұмысқа жіберіледі.

56. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас емделуден бас тартқан немесе жалтарған жағдайда денсаулық сақтау органдары (ұйымдары), сондай-ақ, ТҚҰ бөлімше дәрігері оған мамандандырылған ТҚҰ-да мәжбүрлеп емдеуді тағайындау мәселесін шешу үшін ОДКК-ге шағымдана алады.

57. Денсаулық сақтау органдары (ұйымдары) ОДКК-ның қорытындысы бойынша, оның ішінде ТҚҰ бас дәрігері сотқа мәжбүрлеп емдеуді белгілеу туралы ұсынымға қол қояды.

58. Ересек тұрғындарда туберкулезді ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеруге Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар жатады.

59. Халықты профилактикалық медициналық тексеру тұрғылықты жері, қызметі, оқуы немесе тергеу-изоляторларында және түзету мекемелерінде ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда көпшілік, топтық (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) және жеке тәртіппен жүргізіледі.

60.Тұрғындарды жеке есепке алу деректері бойынша профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жоспарлауды, ұйымдастыруды және есепке алуды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.

61. «Туберкулез» диагнозын ТҚҰ ОДКК растайды және емдеуге жатқызу, бақылау және емдеу қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды.

62. Балалардағы туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулинмен тері ішіне аллергиялық сынаманы (бұдан әрі – Манту сынамасы) қабылдайды. 12 айлықтан бастап 14 жасқа жеткен туберкулезге қарсы вакцинацияланған балаларға туберкулиндиагностика жүргізіледі. Манту сынамасын бұрынғы сынамалардың нәтижесіне қарамастан жылына 1 рет салады.

63. Перзентханада туберкулезге қарсы вакцинациялау жүргізілмеген балалар бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарында вакцинацияланады, бұл ретте екі айға дейін вакцинация алдын ала туберкулиндиагностикасыз жүргізіледі, ал екі айдан кейін Мантуға теріс сынама кезінде жүргізіледі.

64. Манту сынамасын қоюға егулер жүргізуге рұқсаты бар балалар, жасөспірімдер, амбулаториялық-емханалық және сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

65. Инфекциялық аурулар бойынша карантин кезінде балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді. Манту сынамасын қоюды кез келген профилактикалық егулерге дейін жүргізу орынды.

66. Профилактикалық егу мен Манту сынамасының арасындағы аралық кемінде бір айды құрайды. Туберкулин сынамаларын қойған күні балаларды медициналық тексеруден өткізеді. Манту сынамасын қою алдында екі айлық аралықты сақтау мақсатында анатоксин дифтериялық-сіреспе (бұдан әрі –АДС) және қызамық-қызылша-паротит (бұдан әрі – ҚҚП) вакцинацияларымен ревакцинациялау оқу жылы басталғанға дейін екі ай бұрын жүргізіледі.

67. Манту сынамасының нәтижесін миллиметрмен бөлінген сызғышпен инфильтрат (папула) көлемін өлшеу арқылы жетпіс екі сағаттан кейін миллиметрмен (бұдан әрі - мм) бағалайды және инфильтрат көлемі білек осіне қатысы бойынша көлденең есеппен тіркейді. Инфильтрат болмаған кезде гиперемия өлшенеді және тіркеледі.

68. Туберкулез ауруының жоқтығы туралы фтизиатрдың қорытындысын Манту сынамасын қойған сәттен бастап ата-аналары бір айдың ішінде көрсетпеген туберкулезге қарсы диспансерге консультацияға жіберілген балалардың мектепке дейінгі және бастауыш орта білім беру ұйымдарына баруына жол берілмейді.

69. Балаларды жеке есепке алу деректері бойынша (туберкулезді ерте анықтау мақсатында) жүргізілген Манту сынамасын жоспарлау, ұйымдастыру, уақтылы және толық есепке алу, сондай-ақ туберкулиндиагностика нәтижелері бойынша фтизиатрға толық тексеруге жіберілген балалардың уақтылы келу және тексерілу мәселесі бойынша медициналық туберкулезге қарсы ұйымдармен өзара іс-қимылды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.

70. Манту сынамасының реакциясы:

1) инфильтраттың (папулдар) немесе гиперемияның толық жоқтығы және шаншу реакциясы бар болған кезінде (0-1 мм) – теріс;

2) инфильтратта көлемі 2-4 мм немесе тек инфильтратсыз кез келген көлемдегі гиперемия кезінде – күдікті;

3) 5 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраты болған кезде – оң (нормергия);

4) 15 мм және одан да астам диаметрмен 0-14 жастағы балаларда, 17 мм және одан да астам диаметрмен 15-17 жастағы балаларда, 21 мм және одан да астам диаметрмен ересектерде инфильтраттың бар болу кезінде, сондай-ақ лимфангоитпен немесе онсыз инфильтраттың көлемінен сулы бөртпе-некроздық реакцияға тәуелсіз – гиперергиялық болып есептеледі.

71. Жоспарлы теріішілік Bacielle Calmette-Guerin (бұдан әрі – БЦЖ) вакцинациясы (ревакцинация) жағдайларында Манту туберкулин сынамасын инфекциялық та, вакцинациялаудан кейінгі де аллергияға анықтайды. Аллергияның сипаттамасын саралап диагностикалау кезінде мынадай кешенде ескеріледі:

1) оң туберкулин реакциясының қарқындылығы;

2) вакцинадан кейінгі жиектердің бар болуы және көлемі;

3) БЦЖ екпесінен өткеннен кейінгі мерзімі (вакцинациядан кейін 5 жылға дейін вакцинациядан кейінгі аллергия болмайды);

4) туберкулез ауруымен байланыста болу немесе болмау;

5) аурулардың клиникалық белгілерінің болуы.

72. Вакцинациядан кейінгі аллергияны күмәнді немесе оң реакцияның 5-11 мм папул көлемімен сипаттайды.

73. Гиперергиялық реакциялар вакцинациядан кейінгі аллергияға жатпайды.

74. Туберкулинге сезімталдық сипатын талдау қиындығы кезінде фтизиатр дәрігердің бақылауындағы созылмалы аурулар кезінде ауру бетінің қайту кезеңіне жеткенге дейін балалар қосымша тексерілуге және профилактикалық емделуге (гипосенсибилизация, жұқпа ошағының санациясы, дегельминтизация) жатқызылады. Туберкулинге сезімталдық этиологиясын дифференциалды диагностикадан өткізу кезінде бір-үш айдан кейін туберкулезге қарсы ұйымда Манту 2ТБ сынамасын қайта салады. Өзіне тән емес аллергияның жиі клиникалық анықтаумен балаларға десенсибилизациялайтын дәрілерді қабылдағаннан кейін жеті - он төрт күннің ішінде Манту сынамасын салады.

75. Манту сынамасы бойынша туберкулинге сезімталдық динамикасы туралы дұрыс деректердің болуы кезіндегі адамдар мына жағдайларда ТМБ жұқтырған деп есептеледі:

1) БЦЖ вакцинасымен иммунитеттеуге (туберкулинді сынаманың виражы) байланысты емес алғашқы рет оң реакциясы (5 мм және одан көп мөлшерлі папула);

2) 12 мм және одан да астам көлемді инфильтраты бар шыдамды түрде (4-5 жыл аралық бойы) сақтайтын реакция;

3) 1 жылдың ішінде (туберкулині оң балалардағы) туберкулинге сезімталдықтың кенет күшеюі (6 мм және одан да астам).

76. Манту сынамасын қойған сәттен бастап үш күннің ішінде баланы тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы диспансердегі фтизиатр дәрігерге кеңес алуға жібереді:

1) туберкулезге қарсы бұрынғы иммунитеттеуге байланысты емес алғашқы оң реакциямен (5 мм және одан да көп папула);

2) 12 мм және одан да көп инфильтраты бар тұрақты (4 жыл) сақталатын реакциямен;

3) туберкулині оң нәтижелі балаларда туберкулинге сезгіштікті дамытумен – инфильтратты 6 мм және одан да көп өсуі немесе 6 мм қарағанда артық өсуі, бірақ инфильтраттың 12 мм көлеммен пайда болуымен;

4) туберкулинге гиперреакциямен – инфильтраты 17 мм және одан көп немесе кішкентай көлемде, бірақ сулы бөртпелі-некроздық сипатта.

77. Балалардың фтизиатр-дәрігеріне толық тексерілуге туберкулинді реакцияның виражы және гиперергиясы бар балалар, кейбір жағдайларда аллергияның этиологиясы туралы мәселені шешу үшін (вакцинадан кейінгі немесе жұқпалы) бұрын жасалған туберкулин сынамасын, БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының нақты күнін көрсететін құжаттамасы бар балалар жіберіледі. Толық тексерілудің барлық кезеңі бір айдан асырылмайды.

78. Вираж және гиперергиясы бар балаларда белсенді туберкулин үдерісін жою кезінде диспансерлік есепке алу (бұдан әрі – ДЕ) III тобы бойынша есепке алады.

79. Туберкулинге қайталама гиперергиялық реакциясы бар адамдарды туберкулез үдерісін анықтау мақсатында кеңінен тексереді. Жергілікті туберкулез өзгерісі жоқ болған жағдайда мұндай балалар ДЕ алынбайды және қайта химиялық профилактикадан өтпейді.

80. Туберкулез ауруы бойынша «тәуекел» тобына мынадай:

1) әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан (аз қамтылған және көп балалы ата-аналар, жұмыссыз, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, АИТВ-жұқтырған, тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, мигранттар);

2) ұзақ жөтелу (2 аптадан астам) және үдемелі уыттану белгісімен (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеттің және дене массасының төмендеуі, тітіркенгіштік, салбырлық және әлсіздік) амбулаториялық және стационарлық емделуде жатқан;

3) әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда диспансерлік тіркеуде тұрған;

4) жабық оқу орындарының контингенті (мектеп-интернаттар, мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мектептер);

5) вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі дамымаған БЦЖ тыртықтарымен;

6) гормондық терапияны қабылдайтын балалар жатады.

81. Ұйымдастырылған ұжымдарда туберкулин диагностикасын медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген бару кестесіне сәйкес балалар ұйымдарына баратын арнайы оқытылған медицина персоналы жүргізеді.

82. Вираж және гиперергиялық реакцияны орналастырған жағдайда, басқа профилактикалық егулерді бақылаудағы химия профилактика курсын аяқтағаннан кейін, максималды үш ай өткен соң жүргізеді.

83. Манту сынамасын жүргізуге әдістемелік басшылықты туберкулезге қарсы ұйымның балалардың дәрігер-фтизиатры жүзеге асырады.

84. Манту сынамасының нәтижелері профилактикалық екпе картасында (№ 063/у нысаны), баланың медициналық картасында (№ 026/у нысаны), баланың даму тарихында (№ 112/у нысаны) белгіленеді. Бұл ретте баланың даму тарихында:

1) стандартты туберкулин шығаратын ұйым, сериясы, бақылау нөмірі және оның жарамдылық мерзімі;

2) туберкулинді сынаманы жүргізу күні;

3) Манту сынамасының нәтижесі инфильтрат болмаған кезде инфильтраттың миллиметрдегі көлемі түрінде теріс нәтижені, не болмаса гипермия көлемін көрсетеді.

85. Манту сынамасын қоюға қарсы айғақ:

1) асқыну кезіндегі тері аурулары, жіті және созылмалы жұқпалы, соматикалық аурулар (соның ішінде эпилепсия); Манту сынамасын барлық клиникалық белгілер кеткеннен соң екі айдан кейін жүргізуге жол беріледі;

2) аллергиялық жағдай, ауру ішіндегі жіті және өткір фазалардағы ревматизм, бронхылық демікпе, зақымдану кезінде терімен көрініп айқындалған идиосинкразия. Барлық клиникалық белгілердің жоғалуынан кейін 2 айдан соң Манту сынамасын жүргізуге жол беріледі.

86. Қарсы көрсетімді анықтау мақсатында дәрігер (мейірбике) Манту сынамасын салу алдында медициналық құжаттаманы қарап шығады, сондай-ақ сынамаға алынатын адамдардан сұрау алу және тексеру жүргізеді.

87. Балалар инфекциялары бойынша карантин бар балалар ұжымдарында Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді (карантин алынғаннан кейін жүргізіледі).

88. «Тәуекел» тобына туберкулин диагностикасын әртүрлі инфекцияларға қарсы алдын алу егулерін жүргізгенге дейін жоспарлайды.

Егер Манту сынамасын қандай да бір себептер бойынша әртүрлі алдын алу егулеріне дейін емес, кейін жүргізген жағдайда туберкулин диагностикасын егулер еккеннен 2 айдан кейін жүзеге асырады.

89. Үйде туберкулиндік Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді.

90. Туберкулез ошақтарындағы балаларға туберкулин диагностикасын туберкулезге қарсы ұйымдарда жүргізеді.

91. АИТВ-жұқтырған балалар мен жасөспірімдерге диагностикалық мақсатпен Манту сынамасы қойылмайды.

92. Жасөспірімдердегі туберкулезді ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық және флюорографиялық тексеру жүргізеді.

93. Жасөспірімдердің профилактикалық медициналық және флюорографиялық тексерілуін орналасқан оқу орны бойынша емханада немесе тұрғылықты жері бойынша БМСК ұйымында жүзеге асырады.

94. Профилактикалық медициналық (флюорографиялық) тексеруді 15 және 17 жастағы жасөспірімдерге жүргізеді. Көрсетілген жаста профилактикалық тексеру туралы деректер болмаған жағдайда, флюорографиялық тексеру кезектен тыс тәртіппен жүргізеді.

95. Кортикостероидті және цитостатикалық терапия емін қабылдайтын тыныс алу органдарының, асқазан-ішек жолдарының созылмалы өзіне тән емес ауруларымен, қант диабетімен ауыратын науқастарға, жасөспірімдерге туберкулезді анықтау мақсатында жылына бір рет профилактикалық медициналық тексеру (флюорографиялық тексеру) жүргізеді.

96. Наркологиялық және психиатрия мекемелерінде ДЕ тұрған, сондай-ақ АИТВ-жұқтырған жасөспірімдерге жылына бір рет флюорографиялық тексеру жүргізеді.

97. Туберкулезбен ауыру ықтималдығын көрсететін белгілері бар жасөспірімдер (ұзаққа созылған өкпе ауруы, экссудативті плеврит, жіті және созылмалы лимфаденит, түйінді эритема, зәр шығаратын жолдың созылмалы ауруы) фтизиатрдан консультация алуға жіберіледі.

98. БМСК ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне мыналар жүктеледі:

1) клиникалық белгілері бар адамдар арасында қақырық жағындысын микроскопия әдісімен және туберкулез ауруының жоғарғы қаупі бар тұрғындар арасында флюорография әдісімен туберкулезді ерте («тәуекел» тобы) анықтау;

2) бақыланатын химия терапияның жүзеге асуы;

3) туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдісі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

99. БМСК ұйымының медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақытында жеткізуді жүзеге асырады.

100. БМСК ұйымдарында қақырыққа микроскопиялық зерттеуді екі апта бойы жалғасқан жөтел (жөтел туберкулездің өкпе (жұқпалы) формасы бар ауруда басты белгі болып табылады) және бір немесе бірнеше төменде көрсетілген клиникалық белгілер болған жағдайда жүргізеді:

1) салмақ жоғалту;

2) тершеңдік;

3) кеуде жасушаларындағы ауырлық;

4) қан түкіру;

5) дене қызуының ұзақ уақыт жоғарылауы.

101. Жоғарыда көрсетілген белгілер науқаста болған жағдайда медицина қызметкері туберкулезге науқасты диагностикалық алгоритммен тексеруге сәйкес толық іс-шаралар кешенін жүргізеді.

102. Туберкулезге рентгенологиялық күдік болған, бірақ кеуде қуысына ауырсынуға шағымы және интоксикация белгілері жоқ болған кезде ТМБ-ға қақырық жағындысының микроскопиясы теріс болған жағдайларда, науқас диагностикалық тексеру алгоритмін жүргізбей-ақ диагнозын нақтылау үшін фтизиатрға жіберіледі.

103. Туберкулезге клиникалық-ренгенологиялық күдіктену болған жағдайда, туберкулез ауруымен ауыратын науқаспен байланыста болғанын анықтаған кезде пациент диагностикалық тексеру алгоритм жүргізбей-ақ диагнозын нақтылау үшін фтизиатрға жіберіледі.

104. Бацилла бөлетіні анықталған кезде науқас оған қосымша зертханалық зерттеу жүргізу және тиісті туберкулезге қарсы ем тағайындау үшін туберкулезге қарсы ұйымға жіберіледі.

105. ТМБ-ға қақырық микроскопиясының теріс нәтижелері болған және туберкулезге күдіктену белгілері артқан кезде науқасты міндетті түрде дәрігер-фтизиатрға консультацияға жібереді.

 

 

11. Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

106. Қақырық жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді. Егер осы ұйымда ТМБ-ны анықтауға бактериологиялық зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырықты базалық бактериологиялық зертханаға жеткізеді.

107. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (бірінші күні – бір сынама, екінші күні – екі сынама) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі –мл), диаметрі 35 мм ұзын мойынды, көлемін және жиналған материалдың сапасын бақылауға болатын тұнық әйнектей, герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет пайдаланылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химия терапияны бақылау мақсатында) екі үлгісін толтырады.

108. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі.

109. Қақырық салынған контейнерлер сенімді қапталуы тиіс. Бикстарды (жәшіктерді) тасымалдаған кезде күн сәулесі түсуінен қорғалған салқын жерде сақтайды.

110. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық көлікте жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жіберілген бланктар материалы бар контейнерден бөлек тұруы керек. Бикске пациент және сынама туралы мәлімет беретін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлер саны тізімдегі фамилия санына сәйкес келу керек. Сәйкестендіру нөмірі тізімнің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келуі тиіс.

111. Зертханаға қақырықтың үлгісін қабылдау кезінде:

1) жеткізілген бикстің ағу белгілерің бар-жоғын тексереді;

2) бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;

3) жарық немесе зақымдануы бар контейнерлерді абайлап ашады және тексереді;

4) бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.

112. Зақымданған контейнерлерде қақырықтың жеткіліксіз мөлшері болған жағдайда (3-5 мл) және тасымалдау қағидалары бұзылғанда үлгілер зерттеу үшін алынбайды.

 

 

12. Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы

иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

113. Балаларға профилактикалық егулерді ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізеді.

114. Егу жүргізуден бас тартуды медициналық құжаттамаға жазып ресімдейді және ата-анасының біреуі немесе басқа заңды өкілдері, сонымен қатар медицина қызметкері қол қояды.

115. Балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның басшылары профилактикалық егулерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді, қамту толықтығын, нақтылығын есепке ала отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар туралы есептерді тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Әдістемелік басшылықты ТҚҰ-ның мамандары жүзеге асырады.

116. Туберкулезге қарсы профилактикалық егудің жиынтық жоспары және медициналық ұйымдарға иммундық-биологиялық препараттардың қажеттілігі тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі.

117. Профилактикалық егудің жоспарын ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан тұрғылықты жері бойынша перзентхана (бөлімше) және медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының егу жұмысын жүргізуге жауапты медицина қызметкерлері құрайды.

118. Балаларды есепке алуды, егу картотекасын ұйымдастыру және жүргізуді, профилактикалық егу жоспарын қалыптастыруды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 590; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.076 сек.