Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-35. 2 страница




В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

22. Иектік жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

23. Мандибулярлы жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

24.Бет сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы жансыздандыру

(С.Н.Вайсблат ұсынған) әдісінде нысана белгісі ретінде.......

алынады.

А) құлақ-көз, трагоорбитал сызығы

Б) көз асты, жақасты маңы

В) мойынның ымдау бұлшықеттері, құлақ-көз

Г) трагоорбитал сызығы, жақасты маңы

Д) мойынның ымдау бұлшықеттері, көз асты

25.Үшкіл жүйкенің 2-ші тармағын жансыздандыру әдісінде нысана

белгісі ретінде....... алынады..

А) қанат-таңдай шұңқыры.

Б) көз асты, жақасты маңы

В) мойынның ымдау бұлшықеттері, құлақ-көз

Г) трагоорбитал сызығы, жақасты маңы

Д) мойынның ымдау бұлшықеттері, көз асты

 
VІІ ТАРАУ

ТІС ЖҰЛУ ОТАСЫ

Адамзат арасында тіс жұлу отасы ең көп жасалатын ота. Басқа оталармен салыстырғанда тіс жұлу отасының біраз ерекшеліктері бар. Ол кейде оңай және тез болғанымен, кейде өте күрделі болып ұзаққа созылуы да мүмкін. Онда дәрігерге көмекші, көптеген аспаптар қажет болады. Күрделі оталар аурухананың арнайы бөлімшелерінде көпке созылған жалпы жансыздандыру арқылы жасалады.

Жалпы тіс жұлу ауыр ота болып есептеледі, себебі, тіс өз ұясынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлынған кезде дөңгелек сіңір, периодонт, сүйек қабығы қан тамырлары мен жүйке талшықтары үзіледі, тіс ұясы да жараланады, оған ауыздағы заттар түседі. Ауыз қуысының адам организміндегі микробқа ең бай жері екендігін, онда залалсыздандыруды жүргізу өте қиын екендігі және мүлдем мүмкін еместігін еске алсақ, онда тіс ұясындағы жарақатқа инфекцияның енуі түрлі қабыну кезеңдеріне жол ашу қаупін арттыра түседі.

Тіс жұлу кезіндегі науқастың уайым-қайғысын (тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, қан қысымының көтерілуі, кейбір ағзалар қызметінің бұзылуы) жаңағы аталған жарақатқа қоса есептесе жергілікті немесе жалпы асқынуға себептің жеткілікті екендігін анық түсінуге болады.

Тіс жұлу отасы көне замандардан белгілі (Эскулаптан). Ол туралы алғашқы жазба мағлұматтар Гиппократқа тиесілі (Р. Бауме, 1899).

Алғашқы қорғасын қысқыштардың үлгісі Дельфит храмында сақтаулы. Темірден жасалған қысқыштар жайлы Аристотель жазып қалдырған.

Тістердің анатомиялық ерекшеліктері есепке алынбаған көне дәуірде тіс жұлу күрделі ота болып саналған. 1826 ж. Гаррис Фай тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштар үлгісін ұсынған, ол сол үшін күміс жүлденің иегері атанды. Кейінірек 1841 ж. Джон Томс анатомиялық қысқыштар жасады, олар көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылуда.

 

7.1. ТІС ЖҰЛУ ОТАСЫН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

Тіс жұлу отасы белгілі бір қажеттіліктермен шектелген. Емдік стоматологияның дамып емнің жаңа түрлерін қолдануы периодонттағы қалыпты жағдайлардан ауытқуын тоқтатуға жол ашты. Ертеректе тазарту-санация кезінде жұлып тастайтын түбірлер мен бұзылған тістер, алмалы-салмалы протездерді ұстату үшін пайдаланылатын болды. Гемисекция, реплантация, түбір ұшының резекциясы тістерді сақтап қалуға жағдай жасады. Тіс жұлынған соң тек сол тістің ғана емес, оған көрші, қарсы орналасқан тістердің (конвергенция, дивергенция, орнынан өсіп шығуы) айналасында да көп өзгерістер болады. Бұл шайнау жүйесіндегі өзгеріске әкеледі. Бірнеше тістің жұлынуы сөздің, бет-әлпетінің сырт пішіннің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сөйте тура тісті жұлмай қалдырған кезде одан пайда болатын өзгерістерді ескеріп (организмнің сенсибилизациясын, күшінің азаюын, жүйке талшықтарының тітіркенуін, кілегей қабықтың жаралануы мен инфекцияның тарауын), тісті жұлу алдында отаға тиісті қажеттіліктерді анықтап алған абзал.

7.1.1. Тіс жұлу отасын жасауға болатын жағдайлар

Қажеттіліктер толық (абсолюттік) және жартылай (салыстырмалы) Танфильев Д. Е, (1966) жалпы және жергілікті (Бернадский Ю.И.,1970), жедел (срочное п.) және жоспарлы (плановое п.), (Заусаев В,И., 1981) болып жіктеледі.

Жедел және толық қажеттілікке жедел ағымды одонтогендік инфекция (остеомиелит, абсцесс, флегмона, периостит) жатады. Қабыну кезеңі басталуынан көп кешікпей ауру тіс жұлынса, онда инфекцияның әрі қарай тарауы тоқтатылып, тезірек оң нәтижеге қол жетеді. Қабыну кезеңі ұлғайып кетсе, тіс жұлу отасы жеткіліксіз деп табылады. Қосымша көшпелі қатпар, басқа да жақ айналасындағы жұмсақ тіндерді тіліп, жалпы ем жүргізу қажет.

Емдік шаралар нәтижесіз болса, қабыну кезеңі асқынып кетсе, одонтогенді хрониосепсис кезінде ауру тіс шұғыл түрде жұлынады.

Жоспарлы қажеттіліктер мыналар:

1) Сауыты түгел бұзылып, түбірі протез салуға пайдалануға жарамай қалған тіс;

2) Түбірі қисық, өзегі бітеу болып, реплантация мен түбір ұшының резекциясын жасауға, емдеп жазуға болмайтын тіс;

3) Гаймор қуысындағы қабынуға себепкер тіс;

4) Ішкі ағзалардың ауруына себепкер тіс;

5) Пародонтоздың IIIдәрежесінде босап қалған тіс;

6) Ортодонтиялық ем кезінде басқа тіске орын босату үшін;

7) Қарама-қарсы-антагонист тістерін ерте жоғалтып, орнынан мейлінше шығып кеткен (Попов-Годон феномені), протезге пайдалануға жарамсыз күйге жеткен конвергенция, алынатын протездің орнықты тұруына кедергі жасайтын соңғы тіс;

8) Жақ сүйегі сынғанда сынық сызығында қалып инфекцияны әрі қарай тарататын, сынықтардың репозициясына кедергі жасайтын, сынған, мейлінше босаған тіс;

9) Сауытын тегістеп жонса да тіл, ерін қанат-жақ қатпарын жаралайтын тіс;

10) Ортодонтиялық емге келмейтін, тіс доғасынан тыс (жоғарғы сүйір тістер) тіс (косметикалық пайымдау негізінде жұлады);

11) Ретенцияға, дистопияға ұшыраған қиыншылықпен шығатын (ақыл тістер) тіс;

12) Тіс ұяшық-альвеола өсіндісіндегі киста мен ісікті радикалды ота жасап алып тастағанда жыланкөздің шығуына кінәлі тіс.

Сүт тістерді жұлу қажеттілігі балалар стоматологиясында айтылады.

Жоспарлы жағдайда жұлуды (жартылай қажеттілік) 1-2 күн кейінге қалдырғанмен науқастың денсаулығына пәлендей нұқсан келмейді.

Қорыта айтқанда, қажеттілік бар кезде тісті мүмкіндігінше ертерек жұлу дұрыс болып табылады.

7.1.2. Тіс жұлу отасын жасауға болмайтын жағдайлар (жартылай)

Тіс жұлуға толық қарсылық жоқ. Жартылай жұлуға болмайтын жағдайлар жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы жұлуға болмайтын жағдайлар:

1)Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия);

2) Жүрек-қан тамырлары аурулары (миоркард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы т.б.);

3) Жұқпалы аурулар;

4) Жүйке жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз т.б.);

5) Екіқабат кезде, етеккір келгенде (Верльгоф ауруы, гемофилия).

Қан ауруларымен ауырған науқастың тісін жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тиылмауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісін жұлуға болады.

Науқасты дайындау кезінде оған күнделікті көк тамырға-венаға 10%- 10 мл хлорлы кальций, тері астына 1,0 мл сарысу 50-75-100 мл көк тамырға-венаға бөлшектеп қан құяды. К витамині мен аскорбин қышқылын ішу қажет.

Күнделікті бақылау кезінде қанның ұюы 4-5 минутке жеткенде (қалыпты жағдайдың жоғарғы шегі) тісті жұлуға болады. Әйтседе антигеморрагиялық емді жарақат жазылғанша жүргізу керек.

Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара, өлеттенген-некроз болатындығын ескеріп, тіс жұлғанда, оның айналасындағы тіндерді қорғау керек. Етеккір келгенде әйелдердің қан ұюы нашарлайды. Сондықтан егер аса қажеттілік болмаса, тісті етеккір тоқтаған соң 2-3 күннен кейін жұлуға болады.

Жүрек-қан тамырлары бұзылыстарына байланысты болмайтын жағдайлар. Жалпы дәрігерлік дайындықтан соң тісті емханада немесе стационарда жұлуға болады.

Ауыр науқастардың тісін жұлуға болмайтын жағдайларды А. И. Рыбаков (1962) тым артық айтылған деп есептейді. Шұғыл қажеттілік кезінде (жедел ағымды одонтогенді инфекция) асқынудың алдын алып, абайлап, тісті жұлудың еш қиындығы жоқ. Тіс жұлудың алдында терапевтпен кеңескен дұрыс.

В. З. Скоробогатьконың (1966) мәліметі бойынша, тіс жұлған соң кейбір аурулардың асқынуы мүмкін (қан қысымы көтеріліп, жалпы әлсіздік, тамыр соғуы жиілеп, төс қыры, жүрек тұсы сыздап ауырады).

З.М.Миканба (1958) жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастарды жете зерттеп, олардың тісін жұлуға толық қарсылық жоқ деп табады. Ол өзінің әдістемелік хатында (1963) ауруларды 3 топқа бөледі.

I топ. Қарсылықтары жартылай, тістерін емханада жұла беруге болатын аурулар түрлері: 1) Жүректің органикалық ақауы; 2) Кардиосклероз; 3) Кризге ұшырамаған І-ІІ-ІІІдәрежелі гипертония; 4) Қан айналымының І-ІІдәрежелі созылмалы кемшілігі; 5) Ревматизмнің өршу фазасындағы жүректің органикалық ақауы; 6) Жүрек астамасы мен стенокардия ұстамалары жоқ жүрек инфарктына үш айдан астам уақыт өтсе.

II топ. Қарсылықтары толық аурулар түрлері: 1) Жедел ағымды миокард инфарктының алғашқы күндері; 2) Инфарктының асқынулары - жиі қайталайтын коллапс пен жүрек қарыншаларының жедел ағымды аневризмасы; 3) Гипертониялық криздер.

III топ. Жартылай қарсылықтары бар аурулар. Жиі стенокардия ұстамасы бар созылмалы жүрек кемшілігі бар аурулар. Жеделдеу септикалық эндокардит пен жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасы бар аурулар терапевтикалық стационарда емделіп болған соң терапевтің кеңесімен тіс жұлу мәселесі шешіледі.

Барлық жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырған ңауқастарды психика-эмоциональды, гормональды дайындықтан (алдын ала дайындау-премедикация, тиянақты анестезия) өткізеді. Жансыздандыру дәрілерге-анестетиктерге адреналин қосылмайды. Триоксазин, андоксин т.б. қорқу, қобалжуды болдырмайтын дәрілер беріледі. Жүрек-қан тамырларының қызметі дұрыс жүріп тұруы үшін жүрек гликозидтері, тіндегі зат алмасуын жақсартатын, антиаритмикалық дәрілер береді.

Қашау мен балғаны қолданбай тісті өте мұқият, абайлап жұлған жөн.

Жұқпалы ауруларкезінде науқас организмінің қорғаныс күштері әлсірейді, соны ескеріп, тиісті қажеттілік болмаса тіс жұлуға болмайды. Жартылай қарсылықтарға жүйке жүйесінің аурулары жатады (истерия, эпилепсия, психозда т.б.) Маман дәрігермен кеңесіп, кіші-гірім дайындықтан соң олардың тістерін жұлуға болады.

Жүйке жүйесі ауруына тістің жұлынуы дұрыс әсер етеді.

Екіқабат әйелдердің емдеуге болмайтын тістерін, ауыз қуысын тазалау-санация кезінде жұлу қажет. Әйтпесе, тісті жұлудан бұрын акушер-гинекологпен кеңесіп алу керек. Екіқабат әйел сырқат болса тіс жұлу кезінде бала тастап қою қаупі бар. Ауыз қуысын тазалау-санация жасауға ең қолайлы мезгіл үшінші айдан сегізінші айға дейінгі аралық. Себебі, 1-2 ай ішінде лоқсу, сілекей шұбыру, тағы сол сияқты ыңғайсыз жайлар мазаласа, 8-9 айларда әйелдің дәрілерге қатынап, тістерін емдетуі де біраз қиыншылық тудырады.

Жаралы-некроз стоматиті мен гингивит тіс жұлуға жергілікті жартылай қарсылық болып саналады. Жалпы алғанда ауыз қуысында жараның пайда болуы кілегей қабықтың иммунитетінің төмендеп микрофлораның күшеюінің дәлелі. Сондықтан, шұғыл қажеттілік болмаса тіс жұлуды жара беті қабыршақтанып жазыла бастаған кезге дейін қалдыра тұрған жөн. Төменгі жақтың аздап қозғалған соңғы тісін жұлуды кейінге қалдыра тұру, оны аз уақыт болса да алынбалы протездің қалыптасуына септігін тигізетін мүмкіндігіне байланысты.

Қатерлі ісік аймағандағы тісті жұлудың қажеті жоқ, ол ісікті ота жасап алған кезде бірге кетеді. Олай етпегенде, тіс жұлу, ісіктің тез өсуіне әкеліп соқтырады.

Қорыта айтқанда, атап өткен аурулар мен жедел ағымды сәуле ауруы, бүйректің жұқпалы ауруы т.б. тіс жұлуға жартылай қарсылық болып саналады. Толық қажеттілік (жедел ағымды қабыну процесі) болмаса, дәрігер-стоматолог тиісті мамандармен ақылдасып, науқасты дайындап болған соң барып тіс жұлады. Науқастың халі-жағдайы қиын болса, бұл жұмыстардың бәрі стационарда жасалады. Асқынып кетудің алдын алу үшін лейкоз, агранулацитоз, сәуле ауруы, септикалық эндокардит, ревматизм, нефрит ауруларына антибактериялды-терапия жүргізу қажет.

Науқас тарихына байланысты мәліметтер, тіс жұлу отасы қысқа да дәл түрде құжаттарда жазылып отырылуы шарт.

7.2. Тіс жұлу отасының әдістері

Тіс жұлу операциясы қызыл иек пен периодонт тіндердері мен тіс ұясынан тісті немесе түбірді зорлап шығарып алу қимылдарынан тұрады. Емханада өткізілетін оталардың 90%-ы тіс жұлу отасымен байланысты.

Тіс түбірлері алшақ орналасқан болса тіс ұясы күштеп кеңейтіледі. Тістерді арнайы қысқыштар мен элеваторлар арқылы жұлады.

Кейбір кездерде тіс жұлуға бормашина, қашау, балға қолданылады. Бұл аспаптармен тісті жұлуға кедергі жасайтын сүйек алынып тасталады. Әрине, бұл оталар науқастарға біршама қиындықтар туғызады.Тісті жұлудан бұрын анатомиялық ерекшеліктерді ескерген жөн. Мысалы: түбірдің саны, түрі, үлкендігі, қисаюы, түбірлер далдасы, ұя қабырғасының қалыңдығы, гаймор қуысының жақындығы, төменгі жақ өзегінің жақындығы, жүйке жүйесімен қамтамасыз етілуі т.б. Бұл керекті мәліметтер анатомиядан белгілі.

Тісті жұлудың қиындығы алдын ала белгілі болса (төменгі ақыл тістерді жұлу) рентген жасау қажет. Жұлынатын түбірден басқа тістерге қарап та бірталай мәлімет алуға болады. Мысалы: жалпақ және төмен тіс сауыты оның түбірлерінің алшақ орналасқанының дәлелі. Тіс жұларда науқастың жалпы жағдайын есепке алып, дәрілеп жансыздандыру-анестезия жасап психологиялық дайындықтан өткізу керек.

Науқасқа тіс жұлу кезіндегі кейбір жайлар туралы біршама түсінік берсе, ол тіс жұлған кездегі ыңғайсыз жағдайларға онша назар аудармайды.

Тіс жұлу кезіндегі науқас пен дәрігердің орналасуы. Жоғарғы тістерді жұлғанда науқас биік орындықта басын шалқайтып отырады. Жұлатын тіс дәрігердің иығы деңгейінде болу керек. Сол жақтың тістерін жұлғанда науқастың басы дәрігерге қарай, ал оң жақтың тістерін жұлғанда әрі қарай бұрылады.

Төменгі жақтың тістерін жұлғанда орындық шынтақ деңгейіне дейін төмендетеді. Науқастың басы тік орналасады. Төменгі күрек, сол жақ кіші, үлкен азу тістерін жұлғанда дәрігер науқастың қарсы алдында, оң жағында тұрады, ал оң жақтың сүйір, кіші және үлкен азу тістерін жұлғанда ол сол қолымен науқастың басын құша оң жағында немесе арт жағында тұрады тіс жұлу қиын болатын болса науқасты жатқызады.

Ота алаңын дайындау. Ауыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін емес. Әлсіз антисептиктер микрофлораны жоя алмайды, ал күштілері кілегей қабықты жаралайды. Сондықтан ауыз қуысын дайындауды тамақ қалдықтарынан тазалап, оның микрофлорасын азайту деп түсінуге болады. Ол үшін ауызды калийдің марганец қышқылы, хлорамин, фурацилин, ас содасы т.б. әлсіз ерітінділермен шаю керек. Жұлынған тістің ұясына түсіп кетпес үшін жақын тұрған тістерді тастардан калий перманганаты, сутегі тотығымен малынған тампонмен тазарту керек.

Ине шаншитын нүкте мен жұлынатын тіс аумағын йодтың 1- 2% спиртті ерітіндісімен өңдеу керек.

Тіс жұлу аспаптары. Негізгі тіс жұлу аспаптары анатомиялық қысқаштар, элеваторлар. Қысқаштар үш бөліктен тұрады:

1) Жақтары- тістердің анатомиялық құрылысын есепке алып ішін ойық етіп бедерлеп жасалған. Тіс сауытын, немесе түбірдің қалған бөлігін қыса ұстайды.

2) Саптары (сабы, браншы)-дәрігер ұстайтын бөлігі.

3) Құлыбы -қысқаштың екі бөлігін бір-бірімен бекітеді (36-37-38-39-40-сурет).

Тұрақты тістер мен сүт тістерді жұлатын қысқаштар тобы бөлек болады. Олардың басқа жоғарғы, төменгі жақ тістерін, сауыты сақталған тістер мен түбірлерді жұлатын қысқаштар да бір-бірінен өзгеше. Белгілі бір тістерді жұлатын арнайы қысқаштар да бар.

Қысқаштарды таңдағанда төменгідей белгілеріне назар аударады. Бұрыш белгісі – жоғарғы жақ тістерін жұлатын қысқаштардың жақтары мен саптары бір түзудің немесе параллель (параллельге жақын) түзудің бойында орналасады.

Төменгі жақ тістерін жұлатын қысқаштардың жақтары мен саптары бір-бірімен 90° (яғни соған жақын) бұрыш түзеді. Бұлардың барлығы дерлік сапты бойлай иілген (саптары бір-бірінің үстіне орналасады), содан соң кейбіреулері (негізінен ақыл тістерді жұлу үшін) саптың қырына қарай иілген (горизонталь) саптары қатар орналасады. Саптың иілу

белгісі: жоғарғы күрек, сүйір тістерді жұлу үшін тік қысқыштар, ал кіші, үлкен азу тістерге S-тәрізді иілген қысқыштар қолданылады, олардың сабы бері орналасқанмен жақтары тісті дәл ұстайды. Жоғарғы ақыл тіске арнайы - немесе байонет (штык тәрізді) қысқыштар қолданылады.

 


Сурет-36. Жоғарғы жақтағы тістерді жұлу үшін қолданылатын қысқыштар


Сурет-37. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар

Төменгі жақ тістері қысқыштарының жақтары мен саптары 90° бұрыш түзгендіктен, оларды құстұмсық деп те атайды.

Оң мен солдың белгісі; Жақтарының екеуі де бірдей қысқыштар оң, сол екендігіне қарамай қолданыла береді. Олар тік, тәрізді жақтары жұмыр, байонет, құстұмсықты қысқыштар. Жоғарғы 6-7-ші тістерді жұлатын қысқыштар жақтарындағы өсінділеріне байланысты оң, сол болып бөлінеді. Өсінді тістің ұрт (вестибуляр) жағына орналасып, ұрт түбірлерінің арасына қарай бойлайды. Сондықтан ол қысқыштың сол жағына орналасса оң, ал керісінше сол жақты болып саналады.

Жақтардың түйісуі мен еніне қарай белгілері. Сауыттары сақталған тістерге жақтары түйіспейтін, түбірлерді жұлуға жақтары түйісетін қыс-қыштар қолданылады. Ыңғайлырақ болуы үшін сауыт және түбір

қысқыштары десек те болады. Сауыт және түбір қысқыштары жақтарының еніне қарай жалпақ орта, жіңішке болады. Тіс сауыты немесе түбірінің жуан, жіңішкелігіне байланысты жалпақ, орта, жіңішке жақты қысқышты таңдап алуымызға болады.

 

 

Сурет-38. Төменгі жақтағы тістерді жұлу үшін қолданылатын қысқыштар

 


 

Сурет-39. Төменгі жақтағы күрек және кішіазутістерді жұлу үшін қолданылатын қысқыштар

.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2468; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.