Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ПЕРИОДОНТИТ 3 страница




Читайте также:
  1. A Введение 1 страница
  2. A Введение 2 страница
  3. A) катаральді ангина 1 страница
  4. A) катаральді ангина 2 страница
  5. A) катаральді ангина 3 страница
  6. A) катаральді ангина 4 страница
  7. A) катаральді ангина 5 страница
  8. A) Объем 1 страница
  9. A) Объем 2 страница
  10. A) элементтері болса 1 страница
  11. A) элементтері болса 10 страница
  12. A) элементтері болса 11 страница

• Бірінші сатысы – қанның кету 20 минутқа созылады, қан сілекей түріне ұқсайды және ол қойылған тампонға сіңеді.

• Екінші сатысы- қанның кету 40 минутқа созылады, сілекей көп мөлшерде қан мен араласады.

• Үшінші сатысы - қанның кету бір сағат немесе оданда көп уақытқа созылады, ауыз қуысы қан мен толады.

Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса, онда оны біріншілік-деп атайды. Егерде қан кетуі отадан кейін (бірнеше сағат немесе тәуліктен) пайда болса, онда оны екіншілік-деп атайды.

Ересек адамда қанның мөлшері 4,5-6 литрге, немесе 6-8% және дене салмағының 1/16 бөлігіне тең.

С.И. Лысенко (1991) тіс жұлынғаннан кейін қан кетуді үш дәрежеге бөледі:
• I дәрежесі – қан кету аз мөлшерде, қанды жоғалту қарқыны-15 мл/сағ дейін;
• II дәрежесі – қан кету орташа мөлшерде, қанды жоғалту қарқыны-15-тен 30 мл/сағ дейін;

• III дәрежесі – қан кетуі үдемелі, қанды жоғалту қарқыны-30 мл/сағ.

Ғалымдар Бельдюкевич М.А., 1978; Cheraskin Е., 1979, ауыз қуысынан қан кетуді идиопатиялық және и ятрогенді-деп екі топқа бөледі.

Идиопатиялық қан кету – бірден, кездейсоқ, Мысалы: ісік, қан ауруларында және пародонтоз ауруларының кейбір түрлерінде.

Ятрогенді – хирургиялық отадан кейін пайда болады.

Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.Әдебиеттерде қан тоқтатудың физикалық, биологиялық және химиялық әдістері баяндалған. Олар әдетте бірлесіп қолданылады.

Көрінуге келген науқастан алдымен қан кетудің себептерін анықтау қажет. Тіс ұясы ұйыған қаннан тазартылып, ауыз қуысы шайылып, қан кетіп жатқан орын анықталады. Қан жұмсақ тіндерден кетіп жатса, оның қан тамырлары байланады немесе тігіледі, жарақаттанған шырышты қабатына тігіс салынады.

Қан тамырын байлауға мүмкіншілік болмаған жағдайда, жарақатты құрғатып, тамырды гальванокаутермен немесе қыздырылған құралмен күйдіру арқылы немесе калий перманганатының ұнтақтары- кристалдары себілген тампон қою арқылы тоқтатады. Қан сүйектен кеткен кезде қысқыштармен оның қан ағып жатқан бөлігін қысып жұмсақ тіндермен жауып, шырышты қабатының шеттерін тігеді. Тіс ұясын кетгут түйінімен немесе қан тоқтатқыш губкамен толтыру арқылы қанды тоқтатуға болады. Осы айтылған әдістердің барлығы нәтиже бермеген жағдайда тіс ұясын 4-5 күнге тампондауға болады. Тампонды тіс ұясына орналастыруды оның түбінен бастайды, йодоформ қоспасына малынған ұзынша дәкені, қатпарлап нығыздап үстін 1-2 тігіспен тігеді. Тігістерді 4-5 күннен соң алады, сол кезде тампонды тіс ұясынан бітісе бітетін дәнекер-грануляциялық тін ығыстырып шығарады. Қан тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. 5-10 мл 10% хлорлы кальцийдің ерітіндісін, көк тамырға-венаға аскорбин қышқылы, күніне 2 мезгіл, 0,015-0,02 викасол немесе 1-1,5 мл 1% викасол ерітіндісін бұлшықетке жібереді.



Кейбір қан аурулары бар науқастарды тез уақытта ауруханаға жатқызып гематологпен немесе терапевтпен кеңесу қажет болады. Алдын ала қан кетіп жатқан тіс ұясын тампондап, қанның талдауын-анализін зерттеп және коагулограмманы анықтау қерек. Көп кешіктірмей қажеттілігіне қарай қанды тромбоциттерді, антигемофилді плазманы, изогенді сарысуды құю керек. Қан беретін адамнан-донордан қансыраған науқасқа-реципиентке тікелей қан құю өте тиімді болады. Қан құю екі мақсатты көздейді: біріншіден — қанды тоқтату, екіншіден қанды толықтау үшін.

Жергілікті жасалатын шаралар — ұяшықты гемостатикалық губкамен, биологиялық антисептикалық, тромбинді тампондармен, аминокапрон қышқылымен, гемофобинмен тығындау қанды тоқтату мақсатына бағытталады.

Қан тоқтату үшін қолданатын дәрі-дәрмектерге қысқаша мінездеме беру біздің пікірімізше артықшылық етпейді деген ниеттеміз.
Гемофобин – мөлдір-тұнық және бұлдырлау сұйықтық, қоңыр немесе сары-қоңыр түсті өзіндік айрықша иіске ие.

Құрамы: Пектиндер (3%) және оған кальций хлорид (1%) пен хош иісті заттар қосылған Шиша ыдыстарда шығарылады. Қолдануы жергілікті және ішу үшін 2-3 шәйн қасық күніне 1-3 рет.

Аминокапрон қышқылы- фибриндердің ыдырауна қарсы-фибринолиз қолданатын және кининдерді тежегіш зат ретінде пайдаланады. Адам ағзасынан 4 сағаттан кейін кіші дәрет арқылы шығады. Қолдануы жергілікті, көк тамыр арқылы және ішу үшін. Фибриндердің ыдырау қарқыны көбейсе, онда 2-3 гр-нан күніне 3-5 рет (тәулік мөлшері - 10-15 грамм) 6-8 күн бойы. Ал көк тамырға 5%-ды ерітіндісі 100 мл-дейін. Егерде дәріні қайталап енгізу керек болған жағдайда - 4 сағаттан кейін пайдаланса болады.

Амбен (Памба) - фибриндердің ыдырауна қарсы-фибринолиз қолданатын зат. Өзінің химиялық құрамы және әсер етуі жағынан аминокапрон қышқылына ұқсас, айрықша белсенді. Қолдануы жергілікті, көк тамыр арқылы және ішу үшін. Дәрі көк тамыр арқылы ағым түрінде1% ерітіндісі 5-10 мл (50-100 мг) 4 сағат арылығында енгізіледі.

Амбен қосылған гемостатикалық губка – құрамы-қан беретін адам қанының плазмасы мен амбен және кальций хлоридтен тұрады. Кеуекті сорғыш зат ақ сары түстес.

Тромбин – дәрінің белсенділігі белсенділік бірлігі мен белгіленген. Тромбин ерітіндісін қолдану түрі тек жергілікті. Тромбин ерітіндісі залалсыздандырылған дәкелі тампонға немесе гемостатикалық губкаға сіңген күйінде қан кеткен тіс ұяшығына қойылады. Тромбин сіңген гемостатикалық губканы, тіс ұяшығына қалдырылады, ол кейіннен өз-өзінен сорылып кетеді.

Коллагенді гемостатикалық губка - коллагенді массадан дайындалған және оған фурацилин мен борды қышқыл қосылған. Құрғақ кеуекті масса сары түсті, тығыздығы жұмсақ, сұйықтық жақсы сіңіріледі. Тіс ұяшығында қалдырылғанколлагенді гемостатикалық губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Желатинді губка - құрғақ кеуекті масса ақ түсті, құрамында фурациллин бар. Тіс ұяшығында қалдырылғанжелатинді губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Фибриноген –қанның табиғи құрамы болып саналады. Қолдануы жергілікті және сонымен қатар көк тамыр арқылы. Дәріні суда ex tempore ерітіп ине арқылы +25°С-тен +35°С-ға дейін жылытып енгізеді. Ерітіндіні дайын болғаннан кейін 1сағат аралығында қолдану керек. Көк тамыр арқылы енгізген кезде мөлшері 0,8г-нан 8,0 г және оданда көп. Тәулік мөлшері - 2-4 грамм.

Изогенді фибрин жұқа қабығы – адам қанының плазмасынан алынған фибриноген және оған сіңген глицериннің сулы ерітіндісі. Тіс ұяшығында қалдырылғанизогенді фибрин жұқа қабығы өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Изогенді фибрин губкасы - кеуекті фибрин, адам қанының плазмасынан алынған. Құрғақ кеуекті масса ақ немесе қоңырлау түсті.Тіс ұяшығында қалдырылғанизогенді фибрин губкасы өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Канамицин қосындысы бар антисептикалық губка – құрамында желатин, канамицин сульфат қосындысы, фурацилин, кальций хлорид бар. Егерде тіс ұяшығында қабыну кезеңі болса, губканы күнделікті ауыстырып тұру керек. Тіс ұяшығында қалдырылған канамицин қосындысы бар антисептикалық губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Желпластан – құрамы-мүйізді малдардың құрғатылғанқан плазмасы, канамицин моносульфат және ас желатинасынан тұрады. Ұнтақ түрінде шығарылып, оны дәке орамаға жағады.

Өсімдік түрлерінен келіп шыққан гемостатикалық заттар

Олар: қалақай жапырағы- листья крапивы,, шәңкіш миы- кора калины, мыңжапырақ шөбі- трава тысячелистника, және т.б.

Атақты ғалым С.И. Лысенконың (1991) мәліметі бойынша, қан кетуді тоқтату үшін жараға капроферді енгізгенде науқастың 68,6%-ның қан кетуін толық тоқтатқан, ал егерде қан кетуі белсенді түрде болатын болса, науқастың 73,3% -на тіс ұяшығының шырышты қабатына тігіс салуды қажеттілігі туындаған.

Тіс жұлғаннан кейінгі асқынулардың салдарынан пайда болатын ұяшықтың әртүрлі аурулары. Оларға мыналар жатады: альвеолит, неврит, ұяшық остеомиелиті жатады.

Альвеолиттің келіп шығу себептері:тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну кезеңдерінің өршуі, ота жасау кезінде ұяшықтың жарақаттануы.

Ауру сезімі тісті жұлғаннан соң 3-4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқтамай сыздап, науқас жатқан кезде, дене қызуы-температура көтеріліп, механикалық тітіркендігіштерден үдейтін ауыру сезімі осы ауруға тән белгі. Ауыру сезімі аурусыздандыратын дәріні-аналгетиктирді ішіп, ыстық басқанға да тоқтамайды. Аздап дене қызуы көтеріліп (37-37,5), ұрт тіндерінің ісінгені байқалады. Тексеру барысында ауыз қуысынан жағымсыз иіс, ұяшық бос немесе сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауыру сезімі жоғары.

Емі: жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, риванолдың (1:1000), фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің

(2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады. Содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған сықпа-пастамен толтырып, 1/2 сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған сықпаға-пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новокаин-пенициллин блокадасын жасауға болады.

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады.

Үйде аурусыздандыратын дәріні-аналгетиктерді ішу мен ауыз қуысын шайқау үшін жылы ас содасынан дайындалған-жасалған ерітінділер пайдаланады.

Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1-3 күннің аралығында басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2-3 күнге еңбектен босатылады.

Ұяшық остеомиелиті альвеолитке қарағанда кешірек дамиды.

Ағымы созылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, жазыла бастаған дәнекер тін-грануляцияның өсуімен ерекшеленеді.

Тексеру барысында ұяшық бос немесе онда аздаған жазыла бастаған дәнекер тін-грануляцияның, іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды, 12-15 күннен кейінгі рентген суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек майда секвестрлердің барлығы анықталады.

Емі.Кешенді десенсибилизациялық қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа қырыу-кюретаж жасау.

Ұяшық жүйкесінің қабынуы-невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3-4 күннен кейін ұяшықта невралгиялық ауыру сезімі пайда болып, тамақ жегенде, ұяшықты механикалық тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауыру сезімі шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұрғандықтан пайда болады. Ұйыған қан сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мүмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну кезеңі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1-2 айдан соң сорылып кетеді. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұстамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Аурудың келіп шығу себептері.Жүйке талшықтарының тіс жұлу кезіңде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының жүйкені тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер де болуы мүмкін. Мысалы: ұяшықтың өткір қырларының және түбіраралық сүйек пердесінің қалып қоюы. Бұл жағдайда ауыру сезімі осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған кезде олар сүйекті тесіп шығады.

Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиын емес. Шырышты қабықтың сүйекке тиген жерінің ауыру сезімі жоғары, қабыну кезеңінің белгілері байқалмайды. Ауыру сезімі біртіндеп азайып, кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен толғанда өткір қыр мұқалып сорылып кеткен соң мүлдем қойып кетеді.

Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэктомия отасы жасалады. Сүйекті тесу-трапеция тәрізді тіліктер жасап, шырышты қабықты жалаңаштайды. Сүйектің өткір қырларын түбірлік қысқыштармен алады немесе фрезбен, бұрғымен тегістейді. Тілікті қайта орнына тігеді. Ұяшықтың өткір қырлары науқастың ауыз қуысына протез салу кезінде де тегістеледі.

Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауыру сезім пайда болса физиоем мен ауыз ішіне жылы бұлау-ванночкалар тағайындайды. Кейде ауыру сезімі көрші тістер әсерінен болатынын есте сақтау керек.

Бет жүйкесінің шала салдануы-нервінің парезі.Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін жүйкенің оталық жарақатқа рефлекторлы тітіркеніп жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше сағаттан соң дамуы мүмкін. Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УЖЖ, соллюкс, ионогальванизация) тағайындалады.

Төменгі ерін мен иек аймағында шала салдануы-парезі төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайда болады. Бұл асқыну төменгі тіс ұяшық жүйкесінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде (немесе остеомиелиттің дамуынан) жарақаттануынан пайда болады. Төменгі тіс ұяшық жүйкесінің жүйке жүйесімен қамтамасыз ететін аймақтарда сезімталдықтың төмендеуі, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Ол 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді.

Қабыну кезеңдері - абсцесс, флегмона, остеомиелит түбір ұшы маңындағы созылмалы кезеңдердің қабынуы салдарынан дамиды. Абсцесс пен флегмона тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптарын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты периодонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады.

Алдын алу.Элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгеру.

Тұжырым

Келтірілген мәліметтер мен атақты ғалымдардың және өз тәжірибеміздің нәтижелерін қортындылай отырып, мынандай тұжырым жасағым келеді.

Қазіргі таңда тіс жұлу отасы – заманауи стоматологияда тісті және оның құрамдық бөлшектерін қайта орнына келтіруге болмайтын жағдайда, ол тіс айналасындағы жүйке жүйесін немесе ұрт, тіл аймақтарын зақымдайтын болса,жоғарғы және төменгі жақтар тістерінің қалыпты тістесуіне айтарлықтай кедергі, нұқсан келтіретін болса-ең соңғы және шешуші әдіс болып табылады. Сонымен қатар ауыздағы шырышты қабаттың ұзаққа созылған аурулары егде жастағы адамдардың тісін жұлу мәжбүрлейді. Бұл ауруларды емдеу әдістерімен қалпына келтіруге болмайды, себебі олар асқынып сүйекке өтіп, қабыну кезеңдерінің ауыр сатысына әкеп соқтыруы мүмкін. Кейбір кезде тіс алмалы-салмалы протездерді салып жүруге кедергі береді, сондықтан тісті жұлу отасына жүгінеді. Сол үшін тісті жұлу отасы өте маңызды да күрделі көкейкесті мәселелре қатарында болған және болып қалуда. Тіс жұлу отасы жалпы және жергілікті жансыздандыру көмегімен жүргізіледі. Ота жасау алдында, тісті жұлу отасы кезінде науқасты толық медициналық тексеруден өткізу ( рентген сурет және т.б) керек.

Тіс жұлу отасын жасау үшін көрсеткіштерге, қарама-қарсы көрсеткіштерге, науқастың жағдайына, науқасқа тіс жұлу отасы туралы түсіндіру шараларын, кездесетін асқынулар туралы түсініктеме беру, тіс жұлу отасын нәтижелі орындағаннан кейін күтімі және кейбір кезде болатын асқынудың алдын алу шараларын түсіндіру керек екендігін естен шығармау қажет. Жұлынған тістердің орнын толтыру керек. Егер орнын толтырмайтын жағдайда сыртқы келбеті (бет-жақ аймағы) өзгеріп, шайнау, сөйлеу құбылыстарының өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін. Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу отасы жақсы жетілген ота. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтің өзіне де қиынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну кезеңінің болуымен түсіндіріледі. Тіс жұлу отасы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесуі мүмкін. Сондықтан емханада хирургиялық оталар тәжірибелі хирургқа беріледі.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1.Тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып

қысқыштар

үлгісін ұсынған ғалымның аты мен жылы.

А) Гаррис Фай, 1826 ж.

Б) Эскулап, 1862 ж.

В) Пирогов Н.И, 1855 ж.

Г) Рудько, 1954 ж.

Д) Гунько, 1958 ж.

2.Тістің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып

қысқыштарды жасаған ғалымның аты мен жылы.

А) Джон Томс, 1841 ж.

Б) Анреп, 1832 ж.

В) Эйнгорн, 1865 ж.

Г) Уразалин, 1965 ж.

Д) Бернадский, 1943 ж.

3.Тісті жұлу отасын өткізу үшін көрсеткіштер мыналар:

А) Қажеттіліктер толық (абсолюттік) және жартылай

(салыстырмалы),

жалпы және жергілікті, жедел (срочное п.) және жоспарлы

(плановое п.).

Б) Қажеттіліктер толық (абсолюттік), жергілікті, жоспарлы

(плановое п.), мүлдем қажеттілік жоқ, ауыз қуысының тазалығы, бас

ауруы.

В) Жартылай (салыстырмалы), жалпы, ауыз қуысының тазалығы, бас

ауруы, жедел (срочное п.)

Г) мүлдем қажеттілік жоқ, жергілікті, жоспарлы (плановое п.),

Д) Жартылай (салыстырмалы), жедел (срочное п.), мүлдем

қажеттілік жоқ, жергілікті, жоспарлы (плановое п.),

4.Тіс жұлуға болмайтынкөрсеткіштер мыналар:

А) Қан аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, жұқпалы

аурулар; жүйке жүйесінің аурулары, екіқабат кезде, етеккір

келгенде.

Б) Верльгоф ауруы, гемофилия, артроз-артрит, дене жарақаты.

В) эпилепсия, психоз, құлақтың есітпеуі.

Г) миоркард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы, көздің

көрмеуі.

Д) гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия, аяқ ауруы.

5. Тіс жұлу ережесіне байланысты жоғарғы тістерді жұлғанда жұлатын

тіс дәрігердің ........ деңгейінде болу керек.

А) иық деңгейінде

Б) бас деңгейінде

В) шынтақ деңгейінде

Г) сирақ деңгейінде

Д) тобық деңгейінде

6. Тіс жұлу ережесіне байланысты төменгі жақтың тістерін

жұлғанда орындық ....... дейін төмендетеді.

А) шынтақ деңгейіне

Б) иық деңгейіне

В) бас деңгейіне

Г) тобық деңгейіне

Д) сирақ деңгейіне

7. Қысқаштардың құрамы .......бөліктен тұрады:

А) үш бөліктен (басы, сабы, құлыбы)

Б) екі бөліктен (басы, құлыбы)

В) төрт бөліктен (басы, сабы, мойны, ұшы)

Г) бес бөліктен (басы, мойны, ұшы, сабы, құлыбы)

Д) бір бөліктен (құлыбы)

8.Қысқыштарды ұстау әдістерінің түрлерін атаңыз.

А) екі түрі

Б) бес түрі

В) төрт түрі

Г) үш түрі

Д) жеті түрі

9. Жоғарғы үлкен азу тістерді, яғни 6-шы тісті жұлғанда оның

анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау .....

қарай жасалады.

А) ішке

Б) алдына

В)артқа

Г)сыртқа

Д) жанына

10. Жоғарғы үлкен азу тістерді, яғни 7-8-ші тістерді жұлғанда оның

анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау .....

қарай жасалады.

А) сыртқа

Б) жанына

В) артқа

Г) ішке

Д) алдына

11. Төменгі күрек тістерді жұлғанда оның анатомиялық

ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) сыртқа

Б) алдына

В) артқа

Г) ішке

Д) жанына

12. Төменгі азу тістерді, яғни 6-шы тісті жұлғанда оның

анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау .....

қарай жасалады.

А) сыртқа қарай

Б) ішке қарай

В) жанына қарай

Г) артқа қарай

Д) алдына қарай

13. Төменгі азу тістерді, 7-8-ші тістерді жұлғанда оның анатомиялық

ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) ішке қарай

Б) артқа қарай

В) ұртқа қарай

Г) алдына қарай

Д) артқа қарай

14. Төменгі үлкен азу-моляр тістерді жұлуға қысқыштардың ..... түрі

қолданылады.

А) екі түрі (құстұмсық- сауытты қылқаны бар және өз бойымен

иілген)

Б) үш түрі (байонет, тік)

В) төрт түрі (тік, құстұмсық, иілген)

Г) бір түрі (тік)

Д) бес түрі ((тік, құстұмсық, иілген, байонет)

15.Жоғарғы азу тістердің түбірлерін жұлу үшін ....... қысқыштар

қажет.

А) байонет, түйісетін

Б) тік, түйіспейтін

В) байонет, түйіспейтін

Г) түйіспейтін, иілген

Д) байонет, құстұмсық

16. Төменгі азу тістердің түбірлерін жұлуға ...... қысқыштар

жарайды.

А) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

Б) құстұмсық, байонет, S-тәрізді

В) сапты бойлай иілген, құстұмсық, байонет





Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 475; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Читайте также:



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования! Последнее добавление ip: 107.20.115.174
Генерация страницы за: 0.04 сек.