Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Периодонтит 4 страница




Г) жақтары түйісетін, құстұмсық, тік

Д) құстұмсық, S-тәрізді, сапты бойлай иілген,

17. Төменгі үшінші азу-моляр (ақыл) тістерді, соңғы тістерді

жұлуға......... элеваторы қолданылады.

А) Леклюз элеваторы

Б) Бобров элеваторы

В) Смирнов элеваторы

Г) Давыдов элеваторы

Д) Шораев элеваторы

18. Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды..... деп бөледі.

А) жалпы, жергілікті асқынулар

Б) жергілікті, созылмалы, кеуде асқынулар

В) жалпы,жедел,бас асқынулар

Г) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

Д) жалпы,өршу, жедел асқынулар

19.Естен тану дегеніміз........

А) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның

келмеуі

Б) сапты бойлай иілген, құстұмсық, байонет

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) жақтары түйісетін, құстұмсық, тік

Д) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

20.Коллапс дегеніміз..........

А) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Б) жалпы,өршу, жедел асқынулар

В) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның

келмеуі

Г) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

Д) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

21.Шок дегеніміз.......

А) өмірлік маңызы бар дене мүшелері қызметінің нашарлауына

әкеліп

соғуы және орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс әлсіреуін

Б) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның

келмеуі

Д) жалпы,өршу, жедел асқынулар

22.Науқастың тұншығуы дегеніміз............

А) жұлынған тістің, тампонның немесе ұйыған қанның тыныс

жолдарына түсуін

Б) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның

келмеуі

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) жалпы,өршу, жедел асқынулар

Д) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

23.Гаймор қуысының тесілуі.. анатомиялық орналасуына

байланысты.

А) жоғарғы жақ кіші және үлкен азу тістерінің

Б) жоғарғы жақ кіші азу тістерінің

В) жоғарғы жақ үлкен азу тістерінің

Г) төменгі жақ кіші және үлкен азу тістерінің

Д) төменгі жақ үлкен азу тістерінің

24. Б.Л. Павлов, В.В. Шашкин (1987) тіс түбірінің ұяшығынан қан

кету кезеңін........ бөледі:

А) үш сатыға

Б) бір сатыға

В) екі сатыға

Г) бес сатыға

Д) төрт сатыға

25. Біріншілік қан кету деп......... атайды.

А) Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса

Б) төменгі жақ кіші және үлкен азу тістерінің

В) жоғарғы жақ үлкен азу тістерінің

Г) екі сатыға

Д) төрт сатыға

26. Екіншілік қан кету деп........ атайды.

А) отадан кейін бірнеше сағат немесе тәуліктен пайда болса

Б) Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса

В) бес сатыға

Г) екі сатыға

Д) төрт сатыға

27. С.И. Лысенко (1991) тіс жұлынғаннан кейін қан кетуді

..... бөледі:

А) үш дәрежеге

Б) төрт дәрежеге

В) бес дәрежеге

Г) жеті дәрежеге

Д) тоғыз дәрежеге

28. Бельдюкевич М.А., Cheraskin Е ауыз қуысынан қан кетуді..... деп

екі топқа бөледі

А) идиопатиялық, ятрогенді

Б) идиосинкразия, ятрогенді

В) ятрогенді, синергизм

Г) идиосинкразия, бес сатыға

Д) синергизм, тоғыз сатыға

29. Ауыз қуысынан идиопатиялық кету дегеніміз..........

А) бірден, кездейсоқ,

Б) бірден, отадан кейін

В) отадан кейін, кездейсоқ,

Г) кездейсоқ, төрт дәрежеге

Д) отадан кейін, жеті дәрежеге

30. Ауыз қуысынан ятрогенді кету дегеніміз..........

А) хирургиялық отадан кейін пайда болады.

Б) бірден, кездейсоқ,

В) отадан кейін, кездейсоқ,

Г) отадан кейін, жеті дәрежеге

Д) синергизм, тоғыз сатыға

 
VIІІ ТАРАУ

БЕТ- ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

Бет-жақ аймағының қабыну кезеңдері хирургиялық емдеуді қажет ететін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медицинаның жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр. Біздің зерттеулеріміздің қортындысы жәнеде Қазақ Ұлттық Медицина Университеті хирургиялық стоматолгия кафедрасының мәліметтері бойынша осы аурулар 30-40%-дан 60-65%-ға дейін (Оразалин Ж.Б., Мырзабеков О.М., Сабданалиев А.М., 2003), ММСИ клиникасында 6-8%-ке (Васильев В.А. Анастасов К, 1964), Киев клиникасында 15-25% (Бернадский Ю.И. 1970) т. б. кездеседі.

Көптеген ғалымдар мұның себебін жиі қолданылып жүрген антибиотиктерге қабыну қоздырғыштары төзімділігінің жоғарылауымен түсіндіреді. Жиі қоздыратын ауыз қуысындағы микроорганизмдер ішінде іріңді кокктар, сирек-анаэробтар, саңырауқұлақтар, туберкулез микобактериясы, бозғылт трепонема т.б. болып табылады. Қоздырғыштар түріне қарай арнайы емес (іріңді) және арнайы (актинамикоз, туберкулез, сифилис, сібір жарасы) болып бөлінеді.

Инфекция көзі мен таралу жолына қарай одонтогенді, одонтогенді емес деп бөлінеді. Одонтогенді емес қабыну кезеңдері тонзилогенді, риногенді, отогенді, травмалық (зақымдау), гематогенді, лимфогенді, контактылы (жанама) болып бөлінеді.

Фурункул, карбункул, тілме бөлек бір топ құрайды. Қабыну кезеңдерінің келіп шығу себептері-этиологиялық факторы көп жағдайда (96-98%) одонтогенді инфекция, яғни микроб агенті инфекциялы тіс қуысынан алдымен түбір ұшы периодонтына, содан соң көптеген майда тесіктер арқылы тіс ұяшығы қабырғаларынан тіс ұяшығы-альвеолды өсінді мен жақ сүйегі кемігіне тарайды. Сонымен қатар сүйек тіндеріне инфекция түсу көзі болып тіс маңы іріңді кисталары, альвеолит, маргиналдық периодонтиттер т.б. табылады. Тек 2-4% жағдайда одонтогенді емес инфекция болады, яғни гематогенді, лимфогенді, контактылы т. б. (М. А. Груздев, 1979).

Жедел ағымды одонтогенді инфекцияны жиі ақ не алтын түсті стафилококк өз бетімен немесе басқа кокктармен қосыла отырып қоздырады. Одонтогенді қабыну кезеңі көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты, жекелеген түрде күрделі дамиды.

Соңғы кездегі зерттеулер бойынша остеомиелит дамуында жүйке- нерв жүйесінің, организм сенсибилизациясының, эндокринді жүйе мен циркуляторлық бұзылыстардың маңызы бар. Тағы да организмнің арнайы реактивтілік деңгейі маңызды жағдай-фактор болып табылады.

Одонтогенді остеомиелиттің келіп шығуы-патогенезі арнайы бөлімде талданған.

Одонтогенді қабыну кезеңдерінің келіп шығуы-патогенезімен қоса жіктелуі туралы сұрақ та қаралған. Жедел ағымды қабыну кезеңдерін жіктеу жөнінде 3 негізгі көзқарас бар.

Бірнеше зерттеушілер (С. Н. Вайсблат, А.Е. Верлоцкий, В.И. Лукьяненко, П. П. Львов, А. А. Лимберг, В. М. Уваров т. б.) периодонтит, периостит, остеомиелит, жұмсак, тіндер флегмонасы жақ сүйектері остеомиелитінің, яғни бір ғана аурудың кезеңі деп санайды. Бұл ғалымдардың пікірі бойынша периодонт, сүйек қабығы, сүйек кемігін қоршаған тіндер бір-бірімен физиологиялық және анатомиялық тығыз байланысты болғандықтан одонтогенді жедел ағымды периодонтит, периостит, флегмона деп бөлуге негіз жоқ. Олар жедел периодонтитті жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелитінің бастапқы сатысы деп қарайды.

Екінші бір топтағы ғалымдар (Б.Б.Брандебург, И.Г.Лукомский т.б.) периодонтит пен остеомиелитті жедел ағымды одонтогенді қабыну кезеңі қатарынан бөледі. Периостит пен қоршаған тіндер флегмонасын остеомиелиттік кезеңінің құрама компоненті деп қарайды. И. Г. Лукомский периоститті төменгі ақыл тістердің қиналып шығуынан немесе периосттың жарақат-травма алуынан дамиды деп анықтайды.

Үшінші топтағы ғалымдар (В.Ф. Войно-Ясенецкий., А.В. Евдокимов., Г.А. Васильев., И.М. Старобинский т.б.) қазіргі клиникалық, морфологиялық, анықтауларға орай және емдеу әдісін анықтау мақсатында нақты барлық жедел ағымды одонтогенді инфекциялардың салыстырмалы-нақтамасын-дифференциялдық диагностикасын жүргізуді ұсынады.

А.И. Евдокимов, Г.А. Васильев (1964) жеке жедел ағымды одонтогенді іріңді периодонтит, жедел ағымды іріңді периостит, жақ сүйектер остеомиелиті, остеофлегмона деген сияқты нозологиялық формаларды қарайды. Олар жедел ағымды іріңді қабыну кезеңінің пайда болуы инфекциялық локустың периодонттан басқа тінге көшуіне байланысты деп санайды, мысалы: сүйек қабығына, сүйекке, жақ сүйектері маңындағы басқа тіндерге ауысады. Сонда одонтогенді кезеңдердің барлығы бір-бірімен тікелей байланысты, яғни сандық өзгерістермен қоса сапалық өзгерістер де туындайды. Осының бәрі ауру көрінісі мен табылған патологиялық өзгерістерден өз бейнесін табады.

 

Бұл тіс ұяшығы мен тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде (периодонт, түбір қабығы, тіс байламы) жүретін қабыну ауруы.

Периодонтит инфекциялық және инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық емес түріне жедел ағымды немесе созалмалы жарақаттан - жарақаттық, тіс емдегенде қойылған дәрі-дәрмектен болған медикаментоздық периодонтиттер жатады.

Инфекцияның ену жолы мен патологиялық ошақтың орнына байланысты түбір ұшының және маргиналдық периодонтиттер болады.

Инфекция периодонтқа әртүрлі жолмен енеді. Жиі инфекция көзі өлген ұлпа тіндері болады. Яғни тамақты шайнағанда немесе асқынған тісжегіні емдеу кезінде түбір инесімен іріңді әрі қарай периодонтқа итеріп жіберуден микрофлора периодонтқа өтеді де периодонтит дамиды.

Сирек жағдайда инфекция қызыл иек жиегінен, яғни қызыл иек қалтасының түбінен еніп маргиналды периодонтит тудырады. Кейбір ғалымдар бұл кезеңді парадонт ауруларына жатқызады.

Сонымен қатар инфекция гематогенді және лимфогенді жолмен (грипп, ангина, тиф т.б.) енеді.

Төртінші жағдайда гайморит, остеомиелит, гингивостоматит, перикоронариттің жалғасы болып дамиды.

И.Г.Лукомский клиникалық көрінісі, таралу дәрежесі және патологиялық сипатына қарай 3 түрін ажыратады.

I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:

а) серозды (шектелген және жайылған);

б) іріңді (шектелген және жайылған);

ІІ. Созылмалы (пролиферативті) периодонтиттер:

а) фиброзды;

б) гранулденген; в) гранулематозды;

ІІІ. Созылмалы периодонтиттің өршуі.

А.И.Евдокимов (1958) созылмалы периодонтиттің гиперце-ментозбен қосылған түрін ажыратады.

 

8.1.1. Жедел ағымды серозды периодонтит

Жедел ағымды периодонтиттің біріншілік кезеңі болып табылады. Науқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады.

Нысаналы зерттегенде-объективті: жақасты немесе иекасты лимфа түйіндері өзгермеген, кейде сәл үлкейіп ауыру сезімі болуы мүмкін. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте жиі тісжегі қуысы, кейде бітеме-пломба болады. Ұрып тексергенде-перкуссия тіке ауыру сезімін туғызады, ал бүйірден қағып тексергенде ауырмайды.

Патологиялық анатомиясы: түбір ұшы, периодонт қызарып қалыңдаған. Микроскопта гиперемия, ісіну және сәл лейкоцитарлық инфильтрация көрінеді.

Емі — отасыз емдеу-консервативті.

 

8.1.2. Жедел ағымды іріңді периодонтит

Жедел ағымды іріңді периодонтит серозды периодонтит немесе іріңді пульпитен кейін дамиды. Науқастар жедел, ұдайы, солқылдап тұратын ауру сезіміне шағымданады, ол үшкіл жүйке-нерв бойымен таралады (құлақ, самай, көзге). Ауыру сезімі суық әсерінен азайып, жылыда және жатқанда күшейе түседі. Периодонтта жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өсіп кеткен тіс әсерін тудырады. Ауру тіске антогонист тіс тиіп немесе тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас аузын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан ауру ұйықтамайды, сондықтан жалпы әлсіздікке, басының ауырғанына шағымданады. Дене қызуы әдетте көтерілмейді, кейде субфебрилді болады.

Клиникалық көрінісі. Сырт бейнесін қарағанда өзгерістер жоқ, кейде жақ аймағы жұмсақ тіндері бүйір тармақтар-коллатеральды ісінуі мүмкін. Аймақтық- регионарлық лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде ауырады. Ауыздың ашылуы еркін. Жарақаттанған тіс түбірі проекциясында өтпелі қатпардың шырышты қабығы қызарған, қызыл иек ісінген, ұяшықтық-альвеолярлық төмпешіктер тегістелген. Осы аймақтағы ұяшықтық-альвеолды өсіндіні сипап тексергенде ауырады. Тісте тісжегі қуысы немесе бітеме-пломба бар, сирек сау тіс. Тісті ұрып-қағып тексергенде көлденең және тік бағытта да күшті ауыру сезімі анықталады, тіс қозғалмалы болады (себебі кезең-процесс тез арада таралған-диффузды сипат алады). Қанда аз мөлшерде лейкоцитоз, сегментті ядролық және таяқша ядролық нейтрофилдер саны көбейеді, ЭТЖ 20-30 мм/сағ көтерілуі мүмкін.

Рентген көрінісінде біріншілік жедел ағымды периодонтитте еш өзгеріс болмайды. Кейде 3-5 күндері альвеола қабырғасы аймағындағы көрінісі айқын болмауы мүмкін.

Патологиялық анатомиясында лейкоцитарлық инфильтрация, периодонт тіндерінің аутолитикалық еруі, ірің ошақтары. Ұяшықтың сүйек тіндерінде реактивтік қабыну және дистрофиялық өзгерістер дамиды. Сүйек тіндерінде сорылу басым болғандықтан, қайта құрылу кезеңі-процесі жүреді. Қабыну процесі меншікті сүйек тіндерімен шектелмейді, әрі қарай сүйек кемігіне таралады да оның ісінуі және нейтрофилді лейкоциттермен айқын инфильтрациясы анықталады, бірақ ешуақытта сүйек тінінің өлеттілігі-некрозы байқалмайды.

Емдеу негізі іріңді экссудатты қабыну ошағынан шығару болып табылады. Ол үшін ұлпалық-пульпалық камераны ашып, өлеттенген-некрозға ұшыраған заттардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудаттың шығуына мүмкіншілік тудырады. Қабыну кезеңдері-процестері бәсеңдеген соң тісті пломбылайды. Егер тіс қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.

Жедел ағымды іріңді немесе өршіген созылмалы периодонтит кезіндегі инфекцияның таралу жолдары және аяқталуы. Белгілі бір уақыттан кейін тіс түбірін қоршаған іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өзіне бір қолайлы (ықғайлы) жол тауып периодонт сыртына шығады, осыдан кейін қабыну кезеңі-процесі кейін қайтады. Іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат түбір өзегінен шығуы да мүмкін (өздігінен немесе дәрігер әрекетінің нәтижесінде).

Периодонттың біртіндеп өршуі нәтижесінде ірің тіс түбірі ұшынан, мойнына таралып, осы жерден сыртқа шығуы мүмкін.

Кей жағдайларда іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат, сүйектің ыдырауы және альвеола қабырғасының сол бөлігінде сіңуі-резорбция болса, кеңейген фолькман және гаверс өзектері арқылы сүйек қабына өтеді. Осының нәтижесінде ұяшықты-альвеолды өсіндінің бетінде немесе жақ сүйегінің денесінде жедел іріңді периостит дамиды.

Сирегірек ірің ұяшықты-альвеолды өсінді мен жақ сүйегі кемігінің аралығымен жүреді, бұл кезде сүйек тіні өледі, яғни жедел ағымды остеомиелит дамиды.

Көп жағдайда қабыну кезеңі-процесі созылмалы ағымға өтіп созылмалы периодонтит дамиды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1109; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.