Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Периодонтит 2 страница




Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу. Толық немесе жартылай шықпай қалған-ретенциялы тістерді, сынып қалған түбірлердің ұштарын жұлуға қысқыштар жарамайды, тіпті элеваторлармен де жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипиялық оталар жасау керек: кесу мен қашау.

Шықпай қалған-ретенирленген тістер үшін бұл оталар қалыпты жағдай. Оларды белгіленген ота күнінде жасайды. Оған дәрігер мен мейірбике мұқият дайындалады. Ота жергілікті немесе жалпы жансыздандыру (наркоз) арқылы жасалады.

Кесу мен қашау отасы. Тіс ұясының босаған тұсынан шықпай қалған-ретенирленген тістердің сауытына жақын тұстан сүйек қабаты арнайы құрал-сайман арқылы тесіледі (трапеция) немесе ойық тәрізді етіп тінді, сүйек қабығын сүйекке дейін кеседі. Кесілген кілегей мен сүйек қабығының құрағы көрші тістердің тұсына дейін қамтитын үлкен болғаны дұрыс. Себебі сүйекті тесіп, қашап, оятын алаңқай жаңағы құрақтың ортасында орналасады. Құрақтың табаны көшпелі қатпарға бағытталады, сонда одан келген қан тамырлары арқылы қоректенуі сақталады.

Оташының көмекшісі ілгекпен құрақты ығыстырып ұстап тұрады. Домалақ бормен түбірдің немесе шықпай қалған-ретенирленген тістің тұсынан бірнеше тесік жасалады, Фиссур бор арқылы ол тесіктер арасы біріктіріледі. Сонан соң сүйекті элеватормен алып тастайды. Аршылған тіс пен түбірді элеватормен босатып орнынан шығарады. Түбірдің ұшын тегістегіш, тіс тастарын алатын ілгекпен немесе жіңішке қашаумен алуға болады. Шықпай қалған-ретенирленген тістің сауытын бормен аршыған соң оған байонет қысқыш салып белгілі қимылдар арқылы жұлуға да болады.

Тіс пен түбір ұяларынан өткір қыру-кюретаж қасықшасымен жазыла бастаған дәнекер тіндерді-грануляциялар, аналық бездің көпіршік жасушасының-фолликул қабығы қырып алынады. Сүйек ұнтақтарын залалсыздандыратын-антисептик ерітіндісімен жуып шығарады.

Кейбір мамандар сүйек жарақатына антибиотик, сульфаниламид дәрілер мен сүйек ұнтағымен толтыруды ұсынады. Әрине, жарақат үлкен болса олай етуге да болады, бірақ көбінесе сүйектің өткір қырларын тегістеп, құрақты орнына келтіріп кетгутпен тігіп қойса, жарақатқа қан ұйысып, жара жазылып кетеді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, қашау мен балғаны қолданып сүйекті ойып алуға болады. Оларды қолданудың науқасқа қалай әсер етері белгілі. Оның үстіне балғамен соққылап, қашаумен ойып жарақатты ұлғайтып алуға болады. Сондықтан, оларды бормашина жоқ кезде ғана, онда да асқан ептілікпен қолдану керек. Науқасқа жағдайды түсіндіріп, қашауды өткірлеп, балғаны байқап соғып, сүйекті кішкене бөлшектеп алу қажет.

 

Төменгі үлкен азу-моляр тістердің түбірін жұлғанда жақ өзегінің, ал жоғарғы тістерді жұлғанда гаймор, мұрын қуысының жақын екендігін есте сақтаған абзал.

 

7.3. Тіс жұлғаннан соң жараны өңдеу, күтім

Тіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Отадан соң жиналған заттарды зерттеп, егер бітеле бастаған жара ісігі-гранулема қалып қойса оны қырыу-кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады.

Тісті ырғағанда орнынан сырғыған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді. Дөңгелек сіңір де қалыпты жайына жақындайды. Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орнына кетгут жіптер салынады. Кілегей қырлары бір-біріне жақындаса да жеткілікті, олар сүйекке жабысып, ұядағы ұйысқан қанды ұстап қалады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң залалсыздандырылған-стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10-15 минуттай ұстау керек.

Қан тамырларының тарылып, тромбпен бітеліп қалуынан кейде ұя бос қалады. Бұл дұрыс емес, себебі бос ұяға сілекей, тамақ қалдығы кіріп оның қабынуына себеп болады. Бұл кезде хирургиялық қасықшасымен ұя қырларын, түбін қырып, майда тромбтарды алып, науқастың басын төмен салбыратып ұяға қан толтыру жолын қарастырады.

Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тамақ ішуге, ауыр жұмыс істеуге

ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Бұлар ұядағы ұйысқан қанды шайып, қан тамырларын кеңейтіп ұядан тоқтамай қан ағуына себеп болады. Тамақ жылы, жұмсақ болғаны жөн.

Ертеңінде тамақтан соң ғана жайлап ауыз шаюға болады. Тіс жұлдырған соң бірнеше сағат кейде 1-2 күн бойы ұя орнында ауырсынған сезім бірте-бірте азайып барып жоғалады. Осы мерзім ішінде шыққан қан аралас түкірік бастапқы түсіне қайта оралады.

Периодонт пен жақ сүйектегі жедел ағымды қабыну кезеңі болса, жараны тігу мен ұяны қыруға-кюретаж жасауға болмайды. Кескен жерден, тіс ұясынан ірің шықса ауызды залалсыздандырылған-антисептик ерітінділерімен шаю керек. Тіс ұясынан қан тыйылмаса, 1-2 күн ішінде тіс орнының ауырғаны қоймаса, тіпті күшейіп кетсе, кейінге қалдырмай дәрігерге қаралу қажет.

7.4. Тіс ұясының жазылуы

Тіс ұясы ұйысқан қанмен бітеледі. А.Е.Верлоцкийдің итке жасаған тәжірибесі бойынша, ұя түбі мен бүйірлерінен ұядағы тромбқа қарай грануляция тіні өсіп 7-8 күн ішінде кілегей қабықтан өскен эпителий тромбты түгел жабады. Ол 12-14 күннен соң бекиді, үш аптадан соң барып қалыпты жағдайға келеді. 7-8 күннен бастап ұя түбіндегі бітеле бастаған дәнекер тін-грануляция остеоид тіндермен алмаса бастайды. Жараланған өткір сүйек қырлары да ыдырайды. 4 аптадан соң ұяда сүйек нұсқасы пайда болды. 2-3 ай өткен соң ұядағы остеоид тін мен оның айналасында айырмашылық негізінен жоғалады, альвеола қыры 1/3 биіктігіне отырады, айналасы жұмырланады. Ал 6-ай өткен соң ұядағы сүйек жақ сүйегімен бірдей болып қалыптасады.

Адамда бұл аталған жайлар біршама баяу болады. Ұяда қалған түбір сүйекке де сіңбейді, ығыстырылып та шығарылмайды, Созылмалы қабыну кезеңі тоқтамай жалғаса береді. Ұя жазылып бітелгенімен қызыл иекте жыланкөз пайда болып, қабыну оқтын-оқтын асқынып тұрады.

 

 

7.5. ТІС ПЕН ТІС ТҮБІРЛЕРІН ЖҰЛУ КЕЗІНДЕ ЖӘНЕ ЖҰЛЫНҒАННАН КЕЙІН БОЛАТЫН АСҚЫНУЛАР

Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды жалпы және жергілікті асқынулар деп бөледі. Жалпы асқыну жағдайлары: естен тану, коллапс, шок, жұлынған тістің тампонның, ұйыған қанның, тыныс жолына өтіп кетіп кептеліп қалу нәтижесінде болатын тұншығу жатады. Олардың пайда болуына - ота алдында қорқу, құрал жабдықтардың, түкіргіштегі қанның көрінісі, дәрігердің науқасқа селқос қарауы әсер етеді.

Сонымен бірге организмнің қажуы, аштық, жүрек қан тамырларының зорығуы, жұқпалы аурулар себепші болуы мүмкін. Жансыздандырудың толық әсер етпеуі, науқастың ауруды сезінуі тыныс және жүрек қан тамыр орталықтарының жұмысына әсер етіп оларды әлсіретеді.

 

7.5.1. Жалпы асқынулар

Естен тану. Орталық жүйке жүйесінде мидың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан болатын жағдай болып саналады және қанның келмеуі нәтижесінде ауру адам есінен танады. Мұндай кезде әлсіздік, құлағы шуылдап, көзі қарауытып, басы айналуы, аяқ-қолы мұздауы мүмкін. Естен тану кезінде денеден суық тер шығып, көз қарашықтары кеңейеді. Ауру адамның денесі босап, қолдары төмен салбырап түсіп кетеді. Тамыр соғысы жиілеп әлсірейді. Мұндай жағдайда науқас бірнеше минуттан соң қалпына келеді.

Алғашқы әрекеттер мидың қан айналымын жақсартуға бағытталуы тиіс. Ота жедел түрде тоқтатылып, аурудың басын тізесінен төмен қарай еңкейту немесе орындық-креслоның сүйенішін төмен түсіріп оның денесін көлденең күйге келтіру қажет.

Терезелерді ашып, түймелерін, белбеуін ағытып, тыныс алуды қиындататын кедергілерді жояды. Тыныс алу орталығын қоздыру үшін мұрынға мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта иіскетеді. Бұл іс-әрекеттер жеткілікті нәтиже бермеген жағдайда тері астына 1 мл 10% кофеин ерітіндісі, кордиамин, коразол егіледі, оттегімен тыныс алдырады. Лобелиннің немесе 1% цититонның 1 мл егіледі. Аурудың аяқтары бас деңгейінен жоғары көтеріледі.

Есі танған аурудың жағдайы жақсарған соң, отаны жалғастыруға болады. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, алдын ала сақтық шараларын қолдану қажет.

Коллапс. Жүрек-қан-тамырының қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Тіс жұлу кезіндегі ауру жағдайының қиындауының ауыр түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл жағдай жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі нәтижесінде шығады.

Коллапстың негізгі себептері-үлкен жарақат және аурудың қансырауы. Науқастың бет-аузы бозарып, аяқ-қолы мұздап, қан қысымы төмендейді, басы айналып көру қабілеті нашарлайды. Тыныс алуы әлсіреп жиілейді. Емдеудің негізгі мақсаты қансырауды тоқтатуға, қан қысымын қалпына келтіруге бағытталады, отаны тоқтатып, жарақатты тампонмен жуып, ауруды көлденең жатқызып 40-60мл 40% глюкоза ерітіндісін, физиологиялық ерітіндіні көк тамырға-венаға жібереді. Сондай-ақ қан немесе плазма құйылады. Тері астына жүрекке әсер ететін дәрілер салынады. Аяққа ыстық су құйылған резеңке қыздырғыш қояды.

Шок. Организмдегі барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі. Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі.

Тіс жұлу кезінде ауруда шок дамуы өте сирек кездеседі. Кей жағдайларда отадан соң болуы мүмкін. Шоққа алып келетін жағдайлар - естен тану, коллапстағыдай.

Негізгі себептері: ұзақ уақытқа созылған ота, көп мөлшерде қан жоғалту, жансыдандырудың жеткілікті дәрежеде болмауы.

Бұл жағдай өмірлік маңызы зор дене мүшелері қызметінің нашарлауына әкеліп соғады және орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс әлсіреуінің нәтижесінде болады. Алғашында қозу, оның артынан іле сала тежелу кезеңі жүреді. Ауру адам айналасына қатыссыз қарайды, ақыл есі жайында, тері қабаты көгеріп-бозарған, көз қарашығы кеңейіп, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы әлсірейді. Тыныс алуы-беткейлі, көз алмасы үңірейіп қозғалыссыз болады. Дене қызуы төмендейді. Шок жағдайында емдеу-физиологиялық ерітінді, глюкоза, морфин егу, қан құю, ысытқыштармен ысыту оттегі мен көмір қышқылының 3-5% қоспасымен тыныс алдыру.

Қанды шокқа қарсы бағытталған сұйықтармен (Ц.И.П.К.Ц.О.Л.И.П.К.- 5, Петров ерітіндісі) кезектестіріп құю қажет. Полиглюкин немесе поливинил, пирамидон қабылдаған да пайдалы.

Алдын алу шаралары қансыратпау, жеткілікті дәрежеде жансыздандыру, отаның алдында алдын ала дәрі демеу-премедикация жасау.

Тыныс алудың бұзылуы. Тыныс жолдарына - жұлынған тістің, тампонның немесе ұйыған қанның түсуінің нәтижесінде, науқас тұншығуы мүмкін. Мұндай жағдайда жедел трахеостомия жасау қажет.

Егер де тыныс жолдарына жұлынған тістің жарықшақтары түссе бұл тыныс алуды шұғыл өзгертпейді. Алайда, кейін өкпенің іріңді қабынуына әкеліп соғады. Сондықтан ауруды рентгендік зерттеуден өткізу және пульмонологтың кеңесі қажет.

7.5.2. Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар

Тіс жұлу кезінде, тіс сауытының немесе түбірдің сынуы салыстырмалы жиі кездесетін құбылыс. Бұған себеп көбінесе тіс сауытының қатты бұзылуы, түбірлердің қисық болуы немесе гиперцементоз, көп емделген тіс. Тіс жұлу әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгермеу де, көп жағдайда оның сынуына алып келеді. Мысалы, қысқыштың ұрттарын терең енгізбеу, жақсы қысып ұстамау, дөрекі қозғалыстармен босаңсыту (қозғалту) немесе бұрау. Мұндай асқынуларда отаны элеваторды қолданумен немесе түбірлерді бормен кесіп алумен аяқтайды. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, тіс жұлу әдісін дұрыс таңдап алу және оны дұрыс өткізу керек.

Төменгі жақ денесінің сынуы. Аз кездесетін жағдай. Ол сүйекте болатын қандайда бір патологиялық кезеңдер нәтижесінде (ісік, сүйек кемігінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашаумен балғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін.

Емдеуі — шеңдеуіш салу.

Алдын алу — тісті жұлардан бұрын науқасты жан-жақты тексеру.

Тіс ұясы, сүйек өсіндісінің сынуы. Қысқыштың жақтарын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлынуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді.

Емдеу — дөңестің бос жатқан сынықтарын жұлып алып тастап, қан тоқтату және тігу. Керек жағдайда — шеңдеуіш салу қажет.

Төменгі жақ буынының шығып кетуі. Өте сирек кездеседі.

Бұл асқыну түрі самай-төменгі жақ сүйегі буынында патологиялық кезең болғанда немесе сау буынға мөлшерден тыс күш салғанда, қысқышты төмен зорлықпен итергенде, егде-ұлғайған адамдардың тісін жұлу ұзақ уақытқа созылған жағдайларда болуы мүмкін.

Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу, 3-4 күндей диета сақтау.

Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тәртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, тіл, ерін, ұрт және ауыз түбі тіндерінің жарақаттануы.

Емдеуі — ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Алдын алу шаралары. Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын үзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату, отаны тәртіп бойынша дұрыс жүргізу. Көршілес тістердің сынуы және босап қалуы элеватормен, қашаумен, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.

Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама-қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс-әрекеттердің нәтижесінен туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан ажырауы, ұрылу нәтижесінде периодонттың жарақаты пайда болуы мүмкін.

Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару, қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты кеңістігіне, ауыз кіреберісі жанындағы шырышты қабыққа өткізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтижесінде болады.

Емі. Тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта (проекция) рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқап жұмыс істеу, сол қолдың саусақтарымен тісті немесе түбірді тежеп ұстап тұру.

Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азу тістерінің анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе қандайда бір қабыну кезеңдері, ісіктер болса тік элеваторды абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрын қуысынан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (герметизация) жоқ.

Мұндай жағдайды анықтау үшін саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды сұрайды, ауа көпіршіктері аралас қан сырылдап тесік арқылы шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысының шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну кезеңі болмаса, тіс ұясында ұйыған қанның жиналуын қадағалап, оны жарақатанудан және жуылып кетуден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясының үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тампонды айналадағы шырышты қабыққа тігу де мүмкін. Тіс қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. Шырышты қабық шеттерінің тіс ұясы үстінде бір-бірімен жанасуы үшін қосымша қиықтар кесіледі. Ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тіліп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жылжытады. Ал кейде оны таңдай жағынан жасайды, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып, содан кейін тігіс салады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну кезеңі дамымаған жағдайлар да кездеседі (54-сурет).

Тіс немесе түбірде қабыну кезеңі болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, гаймор қуысының созылмалы қабынуы дамиды.

Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу керек. Мұндай жедел ота, әдетте аурухана жағдайында, тіс жұлынған соң 1-2 күн аралығында жасалады. Ота Колуэлл-Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұлынған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Сурет-54. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:

а) ұрттан алынған трапсциялы қиындымен;

б) қатты таңдайдан алынған тіл тәрізді қиындымен

Кей жағдайда тіс жұлынғаннан кейін, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл қуыста қабыну кезеңінің жүріп жатқандығының айғағы.

Мұндай жағдайда қуысты, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуып, тіс ұясын ашық күйінде қалдырады.

Жоғарыда аталған немесе келтірілген мәліметтерге және өзіміздің көп жылдық тәжірибемізге сүйене отырып Гаймор қуысының тесілуі көпшілік жағдайда оның анатомиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты екендігін естен шығармау керек. Себебі алғашқы көмек көрсетілетін кезде осындай кедергілер өте маңызды және шешуші тіректердің бірі болып саналады. Тағыда ескерілетін жағдай, ол науқастың көңіл-күйі мен дәрігерге деген көзқарасына байланысты. Егер қуыстың тесілуі бір тістің айналасында болса, оны жергілікті тіндерді ығыстыру арқылы тігіс салып қорғаныш табақшасымен жабады. Бұл іс-қимыл әрекеттер науқасты толық тексеруден өткеннен кейін жасалатын көмек түрлеріне жатады. Жоғарғы жақ қуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша ота жасалады (гаймор қуысына ығысып өскен ісіктерге ота жасау әдістері оқулықтың арнайы бөлімінде қаралады).

7.5.3. Тіс жұлынғаннан кейін кездесетін асқынулар

Қан кетуі. Тіс жұлынуы басқа оталар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4-5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кету немесе отадан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Қан кету мерзімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, көк тамыр-вена, қан тамырлары (таңдай, тіл, иек-менталь т.б.) жарақаттануы мүмкін.

Сүйек тінінің зақымдануы (тіс ұясы қабырғасының жарықшағы, тіс ұясы өсіндісінің өткелдері) көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңірейіп тұрады.

Өте сирек жағдайларда тіс жұлынғаннан кейін-ақ қан кетеді, бұл түбір гемангиомаға жақын жайласқанда болады. Мұндай жағдайда сыртқы ұйқы артериясын байламай немесе ісікті толығымен алып тастамай қан тоқтауы мүмкін емес.

Тіс ұясын тампондап, төменгі жақты жоғарғы жаққа қысып бинтпен таңып байлап ауруды ауруханаға жібереді.

Тіс ұясынан қан кетуіне алып келетін жалпы жағдайлар қанның ұю қасиетінің нашарлауы, қан тамырларының өткізгіштік қасиетінің ұлғаюы. Олардың қатарына: гемофилия, Верльгоф ауруы, цинга, лейкоз жатады. Жұқпалы аурулар (безгек, скарлатина, эндокардит).

Сондай-ақ қан қысымы жоғары немесе антикоагуланттар қабылдап жүрген адамдарда қан кетуі байқалуы мүмкін.

Қан кетуді болдырмаудың алдын алу үшін дәрігер науқастан бұған дейін тіс жұлдырғанда қан кетудің болған-болмағанын анықтап алуы керек. Анықтау барысында науқасты арнайы дайындау керек болса, операцияны ауруханада өткізген тиімді болады.

Жергілікті себептермен болатын қан кетулерді болдырмау үшін пародонт тіндерін көп жарақаттамай, тіс жұлу отасының барлық ережелерін мұқият сақтау қажет.

Жедел ағымды қабыну кезеңінде тіс ұясынан қан кетуі, қан тамырларының кеңеюі мүмкін. Ал кешеуілдетіп қан кетуі, тромбтың бұзылуынан (тіс ұясының қабынуы) болады. Жергілікті жансыздандыруда-анестезияда ерітіндіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарылып ота кезінде оның тыйылуына ықпал жасайды, ал 1-2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығарады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін.

Б.Л. Павлов, В.В. Шашкин (1987) тіс түбірінің ұяшығынан қан кету кезеңін үш сатыға бөледі:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2260; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.