Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тістік имплантация 2 страница




ғалымдардың аттарын атаңыз

А) Оразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т.

Б) Темірбаев М.А., Мәмеков А.Д.

В) Рузудинов С.Р., Еслямгалиев Ғ.Т.

Г) Құрақбаев Қ.Қ., Есенбаева С.С.

Д) Русанов В.П., Ибрагимова Р.С.

9. « Имплантат»-дегеніміз белгілі................. атқаратын затты

атаймыз.

А) бір пішінге ие болған, биологиялық емес заттан жасалған, адам

организміне енгізген кезде, адам организмінде ұзақ уақыт сақталып,

қызмет

Б) бір пішінге ие болған, биологиялық емес заттан жасалған, сүйек

тіні

В) адам организміне енгізген кезде, бұлшық еттерге әсер ететін

Г) адам организмінде ұзақ уақыт сақталып,

Д) адам организмінде белгілі қызмет, дәнекер тіндердің бұзылуы

10. Әрбір имплантат............ бөлімінен тұрады.

А) басы, денесі және оларды қосып тұратын мойын

Б) металл заттар мөлшерінің көбеюі

В) басы, кеуде, мұрын

Г) оларды қосып тұратын мойын, қол-аяқ, табан

Д) денесі, бойы, қол-аяқ, табан

11. Тістік имплантаттарды атқаратын қызметіне байланысты және

айналасындағы тіндермен қарым-қатынасына.......... бөлінеді:

А) қарай 5 топқа

Б) қарай 7 топқа

В) қарай 9 топқа

Г) қарай 12 топқа

Д) қарай 15 топқа

12. Эндодонто-эндооссалді имплантация,............ арқылы енгізіледі.

А) имплантат тіс өзегіне енгізген таяқша тәрізді болады, сүйек тініне

тамырдың арығы

Б) тіс сауытына

В) жақтардың бұрыш бөлігіне

Г) мұрынның шырышты қабатына

Д) ауыз қуысының кіреберісіне

13. Эндооссалді имплантация,............ арқылы енгізіледі.

А) имплантаттар сүйек тініне

Б) ақаудың бұлшықеттеріне

В) көз шарасына

Г) көз алмасына

Д) құлақ маңына

14. Субпериосталді имплантация,............ арқылы енгізіледі.

А) имплантаттар сүйек асты тініне

Б) бұлшықеттерге

В) дәнекер тіндерге

Г) сүйекке

Д) мойын бөлігіне

15. Инсерт- имплантация немесе шырышты қабат ішілік,.... енгізіледі.

А) металлдан жасалған түймелі имплантатты шырышты қабат астына

Б) мойын бөлігіне

В) дәнекер тіндерге

Г) бұлшықеттерге

Д) ми талшықтарына

16. Субмукозды имплантация,.............. енгізу.

А) шырышты қабаттың өтпелі қатпарына қақпақты немесе алып-

салынатын тіс протездерінің ұстап қалатын-кідіру аймағына тұрақты

магнитті

Б) бұранда

В) жіп

Г) ине

Д) қорап

17. Тістік имплантация жасауғаболатын тікелей көрсеткіштер қатарына

жатады

А) екіншілік адентия-тістің болмауы немесе түсіп кетуі,

Б) зат алмасу

В) ас қорыту

Г) тірек

Д) қорғаныш

18. тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Тігілген жара қырлары тігісінің ажырап кетуі, имплантаттың

ашылып қалмауы

Б) пародонтоз

В) кариес

Г) пульпит

Д) периодонтит

19. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Тігілген жара қырлары тігісінің ажырап кетуі, имплантаттың

ашылып қалуы

Б) миозит

В) бурсит

Г) плеврит

Д) флебит

20. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында қабыну ұйыспасының пайда болуы

Б) кариес

В) плеврит

Г) пародонтоз

Д) бурсит

21. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында, имплантаттың қозғалысының І-ІІ дәрежесі

болып сүйек тінінің сорылуы болмаған жағдайда

Б) Валле нүктесі

В) ауру сезімінің ауыз қуысынан тыс пайда болуы

Г) көздің көрінің нашарлауы

Д) сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі

22. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында, имплантаттың қозғалысының ІІ-ІІІ дәрежесі

болып сүйек тінінің сорылуы болған жағдайда

Б) сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі

В) бурсит

Г) пародонтоз

Д) көздің көрінің нашарлауы

23. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында, имплантаттың қозғалысының ІІІ-IV дәрежесі

болып сүйек тінінің сорылуы болған жағдайда

Б) ауру сезімінің ауыз қуысынан тыс пайда болуы

В) Валле нүктесі

Г) плеврит

Д) кариес

24. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында ауру сезімі және сезімталдықтың бұзылуы

Б) ауыз қуысы шырышты қабатының домбығуы

В) ауыз қуысының кіреберісінің қызаруы

Г) стоматит

Д) глоссит

25. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантат аймағында ұяшық өсіндісінің остеомиелиті,

Б) ауру сезімінің ауыз қуысынан тыс пайда болуы

В) құлақ қаңқасының кішіреюі

Г) мұрын қуысынан су ағуы

Д) мұрын сүйегінің қисаюы

26. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантаттың мойын бөлігінің сынуы,

Б) имплантаттың сүйектен шығуы

В) ферменттің жетіспеуі

Г) зат алмасуының бұзылуы

Д) ұйқы безінің қызметінің нашарлауы

27. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Имплантаттың көрініп қалуы, имплантаттың сүйек тініне

жабыспай- бітіспей ажырап кетуі.

Б) ферменттің жетіспеуі

В) ұйқы безінің қызметінің нашарлауы

Г) мұрын қуысынан су ағуы

Д) құлақ қаңқасының кішіреюі

28. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Гаймор қуысының тесілуі, жақ сүйегінің кортикалды қабатының

сынуы,

Б) стоматит

В) ауыз қуысы шырышты қабатының домбығуы

Г) зат алмасуының бұзылуы

Д) еңкейгенде бас ауруы

29. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Тістердің бір-бірімен жарақатты (травматический окклюзия)

тістесуі,

Б) ауыз қуысы шырышты қабатының домбығуы

В) ауыз қуысының ашылмауы

Г) еңкейгенде бас ауруы

Д) бұлшықеттердің тарылуы

30. Тістік имплантация отасынан кейін болатын мыналар:.................

А) Салынған көпір тәрізді протездің сынуы, имплантат аймағында

периоститтің пайда болуы

Б) ауыз қуысының ашылмауы

В) бұлшықеттердің тарылуы

Г) дәнекр тіннің қабынуы

Д) басқа зақым келуі

 

 
XІX ТАРАУ

АУЫЗ ҚУЫСЫН ТІС САЛУҒА ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕРІ

Ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау ол бір ғана хирург стоматологтың қызметіне жатпайды. Дәрігер-ортопед-стоматолог науқасты көріп, оны мұқият зерттегеннен кейін, тіс салуға тиімді, ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістерді қалпына келтіру, жасалған протездердің сапалы да қолайлы болу үшін, осындай мақсаттармен дәрігер-хирург-стоматологқа жолдама береді. Бұл кезде науқастың психологиялық жағдайы аса маңызды рөл ойнайды, себебі науқас түсіну керек, не үшін ота жасалады және ол осы отадан кейін қандай нәтижелер күтеді. Науқастың көңіл-күйін жасалатын протезге аудару қажет.

Хирург-стоматолог науқастың барлық жағдайын ескеру керек. Сол үшін клиникалық және қосымша зерттеулерді өте мұқиттықпен өткізу шарт.Бұл кешенді шара болып саналады. Сондықтан, ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау кезінде тістерді жұлу отасы жасалғанда, санитарлық және тіс жұлу отасының барлық ережелерін мүлтіксіз орындау керек екендігін естен шығару керек емес.

 

Жақтардың сүйек тіндеріне жасалатын оталар:

Жақтардың сүйек, жұмсақ (шырышты қабатта,сүйек асты қабатында, бұлшықеттер орамында) тіндерінде, үшкіл жүйкенің шеткі тармақтарында болған патологиялық бұзылыстарды қалпына келтіру болып табылады. Тіс жұлу отасын жасағанда ұяшық доғасының көлеміне көңіл бөлу, сүйек және жұмсақ тіндерді жарақаттамау керек.

Тіс салу үшін сүйек-пластикалық отасын жасаған кезде мынандай ережелерге бағуыну шарт: жұмсақ тіндер жараны жабуға жеткілікті мөлшерде болуы; сүйекті пластика жасауға дайындау- оның кортикалды қабатын түпкілікті алу және оны толық қанға батырып сіңдіру шарт. Отаны жасаған кезде биологиялық заттарды мөлшерлеп пайдалаған жөн;

Бет-әлпетінің тербелісіне және тіс қатарының әдемілігіне баса назар аудару керек.

Жұлынған тіс ұяшығына пластика жасау. Жұлынған тіс ұяшығының сүйек тіні мүлдем жоқ болып кету қаупі туған жағдайда, отаның тиімді түрлерінің бірі –жұлынған тіс ұяшығына пластика жасау әдісі болып саналады. Тіс жұлынғаннан кейін, оның орнын мұқият тазалайды, жұмсақ тіндерді тіс орнын жабу үшін дайындайды.Тіс ұяшығына биозаттар салынады. Биологиялық заттар: гидроксиапол, колапол, коллапан, остим-100, биоим-плант, мидің қатты қабатының остеобласты жасушалары және т.б.

Тіс ұяшығына пластика жасау кезінде ұяшықты ғана толтырып қоймай, ұяшық қырын да биозаттармен толтырып тегістеген жөн. Сүйек тінініңқайта пайда болуы 2-3 ай аралығында және 6 айға дейін созылуы мүмкін. 6 аптада пайда болған остеоидты сүйек тініне имплантат отырғызуға болады. Осы кезді ұтымды пайдаланып, уақытша тіс салуға мүмкіншілік туады. Ал ортопедиялық емді тұрақты түрде 2,5-4 айда соңына жеткізуге тиіс.

Ұяшыққа пластика жасаудың қарапайым түрі. Бір немесе бірнеше тістерді жұлған уақытта жәнеде ұяшықта кездесетін ақауларды жою мақсатында тістердің ұяшығына қарапайым пластика жасалады. Бұл жағдайда шырышты-сүйек асты қиынды ашып, зақымдалған сүйек тінін белгілейді. Борлардың, сүйек тістеуіктің, сүйек егеуінің көмегімен сүйек ақауларын ұяшық доғасының ішкі, сыртқы жақтарымен бірге қалпына келтіру шарт. Бормашинамен жұмыс істеген кезде ота орнын әртүрлі ерітіндімен жуып салқындатып тұру керек. Одан кейін ұяшыққа биозаттарды салып, егерде артық қалған жұмсақ тіндер болса, оны қиып алынады да үстін шырышты-сүйек асты қиынды жақсылап жауып тігіс салынады.

Ұяшықты пластика жасаудың ішкі ұяшықты перделі түрі. Бір немесе бірнеше тістерді жұлған кезде сүйек тіндері ұяшық доғасынан шығып тұрса, келешекте тіс салуға кедергі жасайтын болса, онда ол сүйек тіндерін алып тастап, ақауларын қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл жағдайда бірінші кезекте жұлынған тістердің орнын сүйек тіндерін саусақтармен басып, қызыл иек тіндерін орнына келтірген жөн. Оны саусақтар арқылы орнына келтіре алмаса, онда қосымша құрал-жабдықтарға - борлардың, сүйек тістеуіктің, сүйек егеуінің көмегіне жүгіну шарт.

Ұяшықты пластика жасаудың ішкі ұяшықты перделі түрі

 

Жоғарғы жақ ұяшық өсіндісіндегі және төменгі жақ ұяшық бөліміндегі түзу болмаған, қисық ұяшық доғасынан шығып тұрған сүйек тіндерінің көлемін қысқарту және қалпына келтіру. Жоғарғы жақ ұяшық өсіндісін-дегі және төменгі жақ ұяшық бөліміндегі төмпешікті ойдым-ойдым болған сүйек тіндері мен ақаулары тіс салуға кедергі жасайды. Сондықтан бұл кедергілерді орнына келтіру үшін ұяшықты пластика жасаудың ішкі ұяшық-ты перделі түрін қалпына келтіру әдісін қолдану керек.

Жоғарғы және төменгі жақтарда кездесетін сүйек тіндерінің ұяшық доғасынан шығып тұруы және оны кесіп қалпына келтіру әдістері.

Жоғарғы және төменгі жақтарда өткізілген тіс жұлу отасынан кейін ұя-

шық өсіндіде төмпешіктер, сүйек тіндері қалып-экзостоз, тіс салуға кедергі болуы мүмкін. Қалып қойған сүйек тіндерін сүйек қырыққыштарымен, балғашаның және бордың т.б. көмегімен қалпына келтіру әдісін қолдану керек. Қалпына келтіру кезінде тегіс емес жерлеріне биологиялық заттар салып, одан үнемді пайдаланып тігіс салынады.

Қатты таңдайдағы шығып қалған сүйек тіндерін кесіп қалпына келтіру әдістері.

Қатты таңдайда көлемі әр түрлі болған сүйек тіндері қалыпты жағдайдан ауытқуы болып, анда-санда көп болмаса да ұшырап тұрады. Бұл өз кезегінде жоғарғы жаққа тіс салуға кедергі жасайды. Суретте көрсетілгендей етіп, тілік салып, сүйек тіндерін сүйек қырыққыштарымен, балғашаның және бордың т.б. көмегімен қалпына келтіру әдісін қолдану керек.

Жақ-тіласты сызығын қысқарту және оны кесіп алып тастау. Жақ-тіласты сызығы аймағын протездерді салу кезінде көптеген қиындықтар ұшырап тұрады. Біріншіден жақ-тіласты сызығы өткір болуы мүмкін, ол өз кезегінде ауру сезімі пайда болуына себепші болады-жарақаттайды, екіншіден бұл жерге бұлшық еттердің талшықтары бекиді.

Иек төмпешігін және иек дөңесін қысқарту. Төменгі жақ сүйегінің семуі тіс протездерін тағуға болмайтын жағдайлар кездеседі. Себебі оған иек төмпешігі немесе иек дөңесі кедергі болуы мүмкін. Қалпына келтіру үшіниек төмпешігін және иек дөңесін қысқарту отасын қолданамыз.

Төменгі жақ білігін (торус) жұлу. Төменгі жақта білік (торус) көбінесе төменгі жақ денесінің ішкі жағында кіші азу тістер маңында жайласады. Оны жұлып алу немесе кесіп алу үшін жергілікті жансыздандыру жасалады. Білік орналасқан жерді тіліп және оны өте ұқыптылықпен жұлып немесе кесіп алынады.

Тісті жұлғаннан кейін ұяшық өсіндісін сақтап қалу. Бір немесе бірнеше тістерді жұлу кезінде жоғарғы және төменгі жақтарда ұяшық өсіндісінің сему болады. Жұлынған тістердің аймағында тіс ұяшығының сүйек тіндері жарақаттанып, жоғалуы мүмкін және ұяшық қырлары бірнеше бақытта (көлденең,тік және көлбеу) семиді. Оны ұқыптылық пен тегістеп, биологиялық заттармен орнын толтырып қалпына келтіріп тігіс салады.

Тіс ұяшығында тіс түбірі қалдырған жағдайда хирургиялық өңдеу.

Жақтарда сүйек тіндерінің семуінің алдын алу үшін және тіс салуға қолайлы жағдай жасау мақсатында көптеген ғалымдардың пікірінше, тіс ұяшығында тіс түбірін қалдырғанжөн,- деп санайды.

 

Науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық тіс ұяшығында қалдырылатын тіс түбірінің бітімемен бітелу сапасы және ондағы қалталардың қалай жағдайда екендігін анықтау керек. Тіліп қиынды дайындап, осы қиындымен қалдырылған тіс түбірі жабылып, ұқыптылық пен тегістеп, биологиялық заттармен орнын толтырып қалпына келтіріп тігіс салады.

Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің және төменгі жақ ұяшығының бір бөлігін кесіп алу. Кесіп алуға көрсеткіштер- тіндердің шамадан тыс көбейіп кетуі, сонда тіс салу кезінде протезде тістерге орын болмай қалуы немесе қарама-қарсы жақта кедергі болатын жағдайлар болуы мүмкін.Науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуде мұрын және Гаймор қуысына өте көп көңіл бөлу керек, себебі ота кезінде болатын және отадан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін шараларды өткізуге дәрігер сақадай сай, толық мәліметке ие болуы керек. Сызықты тілік жасаладыда қиынды дайындап алады.Одан кейінжоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің және төменгі жақ ұяшығының бір бөлігін кесіп алып оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Ұяшық бөлігіне пластика жасау. Тіс қатарында бір және бірнеше тістер жұлынған болса, сол жерде сүйек тінінің жетіспеу жағдайлары кездесіп тұрады. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Остеотомия отасын жасап сүйек тінінің керекті бөлігін сүйек тінінің жетіспеген жеріне қойып толықтырады да оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Кең және биік ұяшық доғасын қайта құру. Тіс салу кезінде дәрігер қиын жағдайға тап болу мүмкін, Тістердің түсіп кетуінен ұяшық доғасы және онымен бірге негізгі сүйек тіндері семіп кетеді. Бұл жағдайда хирургиялық-ота жолымен семіп кеткен жерді-сүйек тіндерін сүйек тіндері арқылы өсіріп оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады және биологиялық заттармен толтырады. Ең қарапайым аутогенді, аллогенді, ксеногенді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттарынан қолдану әдістері болып саналады.

Төменгі жаққа пластика жасау. Төменгі жақтың көлемін сүйек асты қабатына биологиялық заттарды енгізу арқылы оның көлемін үлкейту. Көлемін үлкейту үшін аутогенді, аллогенді, ксеногенді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттардан қолданып қалпына келтіреді.

Жоғарғы жақты пластика жасау арқылы өсіру. Жоғарғы жақ сүйегінің және ұяшық доғасының шектен тыс семуі арқысында тіс салуға кедергі болатын болса, бұл жағдайда жоғарғы жақты пластика жасау арқылы өсіру керек екендігін естен шығармайтын кез болып есептелінеді. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Көлемін үлкейту үшін аутогенді, аллогенді, ксеногенді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттардан қолданып қалпына келтіреді.

Иек жүйкесін қозғалуы-орын алмастыруы. Төменгі жақ сүйегінің

ұяшық бөлігінің шектен тыс сему жағдайлары тәжірибеде көптеп кездесуі, бұл заман заңдылығы. Соның нәтижесінде төменгі жақтағы қан-тамыр-жүйке жүйесі ұяшық доғада жатуы мүмкін. Әртүрлі протездерді тағу осы жүйені зақымдайды да соның арқасында ауру сезімі пайда болады. Егерде осы зақымды отасыз орнына келтіру нәтиже бермесе, көптеген ғалымдардың пікірінше, осыиек жүйкесін ота жасау арқылы орын ауыстыру қажет деп санайды.Бұл жағдайда хирургиялық-ота жолымен семіп кеткен жерді-сүйек тіндерін сүйек тіндері арқылы өсіріп оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады және биологиялық заттармен толтырады.

Ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерге ота жасау. Тістер жұлынғаннан кейін ауыз қуысында кейбір жағдайларда жұмсақ тіндері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайлар туа және жүре пайда болуы табиғат заңдылықтарына байланысты. Осы аталған бұзылыстар мен өзгерістер тіс салуға айтарлықтай кедергі жасайды. Сондықтан оны қалпына келтіру үшін ота әдісіне жүгіну қажет. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Хирург-стоматолог және ортопед-стоматолог келісімді түрде емдеу жоспарын кешенді түрде жоспарлайды.

Төмпешік көлемін кешірейту отасы. Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісі мен төменгі жақтың ұяшық бөлігін жауып тұратын шырышты және сүйек асты қабаттарында кейбір жағдайларда белгісіз себептермен төмпешік пайда болады. Ол өз кезегінде тіс салуға кедергі жасайды. Оны ота әдісімен бұзыл ған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Ретромоляр аймағындағы тіндердің көлемін кешірейту отасы. Ретромоляр аймағында көпшілік жағдайларда тіндердің шектен тыс жиналуынан, көлемінің үлкеюінен пайда болады. Көлемі үлкейген тіндерді ота әдісімен бұзылған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Таңдайдың артқы бөлігіндегі шектен тыс жиналған тіндерді алып тастау отасы. Кейбір жағдайларда таңдайдың артқы бөлігінде шектен тыс жиналған тіндерді кездестіруге болады. Ол өз кезегінде тіс салуға қиындық туғызып, кедергі жасайды. Сондықтан таңдайдың артқы бөлігінде шектен тыс жиналған тіндерді, ота әдісімен бұзылған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Ұяшық доғасындағы шектен тыс жиналған тіндерді алып тастау отасы. Көпшілік жағдайда сапасыз протездерді қолданған кезде және сүйек тінінің шамадан тыс семуінің нәтижесінде ұяшық доғасында шектен тыс жиналған тіндер пайда болады. Ол өз кезегінде тіс салуға қиындық туғызып, кедергі жасайды. Сондықтан ұяшық доғасында шектен тыс жиналған тін-дерді, ота әдісімен екі параллель соңы түйісетін тіліктермен сүйек асты қабатқа дейін тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Қабынып-бұзылып жиналған тіндерді алып тастау отасы.

Сапасыз протездерді қолданған кезде ұяшық доғасының шырышты қабатында фиброзды өсімтелер пайда болады. Тіс протездерін салу кезінде бұл өсімтелерді қалпына келтірген жөн. Алайда дер кезінде қалпына келтіріл-месе, оны ота жолымен қалпына келтіруге тура келеді. Бір ғалымдар оны электр тогымен коагуляция істесе, екінші біреулері лазермен кесіп алып тастайды, ал жараның бітуі екіншілік дәрежемен бітеді.Сондықтан түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.

Тіл үзбесін ұзарту отасы. Сапалы тіс протездерін салу үшін ауыз қуысын мұқият көріктен өткізіп, тіл үзбесінің жағдайын білу қажеттілікті талап етеді. Егерде тіл үзбесі тіс салу кезінде кедергі жасайтын болса, онда оны ота жолымен-ұзарту керек. Көбінше көлбеу тілік жасалынып, қалпына келтіріп тігіс салады.

Ауыз қуысының кіреберісінде бұлшықеттік,тіліктен кейін пайда болған тартпаларды еріннің үзбесін кесу арқылы қалпына келтіру. Жоғарғы және төменгі ерін үзбесі қысқа болған жағдайда, сапалы тіс протездерін салу кезінде кедергі жасайтын болса, онда оны хирургиялық ота жолымен-ұзарту керек. Жағдайға байланысты әртүрлі тіліктерді қолдануға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1253; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.