Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 7 страница




Сондықтан, ғылым дамуы үрдісінің іргелі бірегей бағасы теория емес, зерттеу бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама келесі құрылымға ие. Ол өзіне бағдарлама жақтастары үшін дәлелді қажет етпейтін іргелі жағдайлар (жасанды емес гипотезалар) «қатты өзекті» кіргізеді. Яғни, бұл оның барлық теорияларына жалпы қасиет. Бұл бағдарлама метафизикасы: бағдарламаға кіретін теориялар сипаттайтын ақиқат жайында жалпы көріністер: осы ақиқаттың ара-қатынасының негізгі заңдары; осы бағдарламамен байланысты басты әдістемелік принциптер.

Осылайша, ядро арқасында барлық бағдарламаның сипаттамасы жайында айтуға болады.

Бағдарламаға негативті эвристика кіреді, оны көмекші гипотезалар жиынтығы құрайды, олар оның ядросын фальсификациядан, теріске шығаратын дәйектерден қорғайды. Барлық ашылған жаңалықтар оның артикуляциясына және гипотезаларды қолдайтын ядроның құрастырылуына бағытталған («қорғайтын белдеу» деп аталады). Осы бағдарламаның «қорғаушы белдеуі» сыни аргументтер жарығын өзіне кіргізеді. Көмекші гипотезалар шығыры бақылаудағы сынама шабуылын тоқтатады, ядроны қорғайды және нығайтады. Яғни, бұл кей кезде қай жолдан алшақ жүру керектігін меңзейтін әдістемелік ережелер.

Позитивті эвристика ғалымдар шешетін алғашқы тараптағы мәселелер мен міндеттерді таңдау стратегиясы болып табылады. Позитивті эвристиканың бар болуы аномалиялармен сынды нақты уақытта ескермеуге және конструктивті зерттеумен айналысуға мүмкіндік береді. Осындай стратегияға ие болу арқылы ғалымдар түсініксіз және әлеуетті түрде жоққа шығаратын дәйектер бағдарламасына бас тарту себебі емес дейді.

Фальсификацияға, яғни теоретикалық сынға және эмпирикалық теріске шығаруға тек «қорғаушы белдеу» гипотезасы ұшырайды. Жалпы келісім бойынша қатты өзекті фальсификациялауға болмайды. Лакатостың зерттеу бағдарламасының әдістемесіндегі ауырлық орталығы көптеген бәсекелестік жағдайындағы гипотезалар фальсификацияға ауысады, сонымен қатар, бәсекелестік бағдарламалардың растауын тексеруге ауысады. Сонымен қатар, қорғаушы белдеудің бөлек гипотезалары бағдарламаның қатты өзегін бүтіндей және аман қалдырады.

Пол Карл Фейерабенд (1924-1994) «эпистемолгиялық анархизм» концепциясын тұжырымдады. Оған сәйкес білімді танып білуде теориялар, жорамалдар плюрализмі және білімнің басқа да формалары қажет, ол үшін альтернативалы, соның ішінде дәлелдемеген және тексерілмеген заңдар мен жорамалдар ұсыну керек.

Фейерабенд көптеген тең дәрежелі білімдер типі болады және осы жағдай білімнің өсуі мен тұлғаның дамуына септігін тигізеді дейді. Білім өсуі теория пролиферациясы (көбеюі) нәтижесінде өтеді және ол өлшеусіз болады.

П. Фейерабенд теориялық және методологиялық плюрализм көзқарасын жақтады.

П. Фейерабенд танымның бірде-бір әмбебаптық нормасы ретінде «бәрі де жарай береді» деген принципті ұсынады. Бұл принцип артықшылық берілген нормалар жоқ екенін және басқа жағдайларда қабылданбайтын нормалар, стандарттар және тұжырымдамалар «жарай» беретін фактілер мен жағдайлар қашан да болса табылатынын мойындайды.

Бұл дегеніміз ғалымдар өзіне ыңғайлы кез келген методтар мен тәсілді, теория мен әдісті қолдана беруіне құқы бар. Бұдан екі салдар шығады:

- әрдайым жаңа методтарды ойлап таба беруі керек;

- уақыт өте бере оның біреуіне тұрақтап, оны қабылдау – бұл пролиферация мен табандылық принциптері.

Фейерабенд верификация және фальсификация методтарын қайта қарастырады, таным прогресін қамтамасыз ететін әдіс ретінде ғылымға психологиялық сенім мен саяси араласудың маңызын көрсетеді.

К. Маркс (1818-1883 жж.) Трир қаласында (Рейн облысы) адвокат отбасында дүниеге келген. Ол философиялық білімін Берлин университетінен алады. 1841 жылы "Демокриттің натурфилософиясы пен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылықтар" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Гегель философиясынан айырмасы ол теория мен тәжірибені біріктіреді. "Рейн" газетінде, "Неміс - француз жылнамасында", "Жаңа Рейн" газетінде жұмыс істейді. Бұл тәжірибелік іс-әрекеті К. Маркстің әлеуметтік философиясын құруына, әлеуметтік көзқарастар қалыптастыруына көмегін тигізді. К. Маркстың басты еңбектері: "Экономикалық - философиялық жазбалар", "Қасиетті отбасылық", "Фейербах туралы тезистер", "Неміс идеологиясы", "Саяси экономикаға сын", "Капитал" және тағы басқа.

Ф. Энгельс (1820-1895 жж.) Бармен қаласында (Рейн облысы) текстильді фабрикашы отбасында дүниеге келген. Энгельс өзінің шығармашылық іс-әрекетін К. Маркстің отбасына үлкен материалдық демеушілігімен 1844 жылы достықтары басталды. Көптеген шығармалары К. Маркс пен Ф. Энгельстің бірігіп жазуымен шығарылды. Ф. Энегльстің басты философиялық шығармалары: "Анти-Дюринг", "Табиғат диалектикасы", "Отбасының, мемлекеттің және меншіктің шығуы" және т.б. К. Маркс пен Ф. Энгельс ХІХ ғасырда Германияда тұрды. Германия әлеуметтік -экономикалық және саяси қатынастарда не көрсетті?

Капиталистік даму жолына басқа елдерге қарағанда Германия кештеу кірді. Қоғамдағы еңбекші топтар мен буржуазияда ХІХ ғасырдың 30-жылдарына есептелгенмен кеш кірісті. Антагонистік келіспеушіліктермен олардың арасында қарсылық белең алды, философия ХVIIIғ. жүз жылдықтағы сияқты барлық үшінші сатылар атынан шыға алмады. Бұл таптарға қызығушылықтары тез басылды. Тәжірибе жүзінде буржуазиядан бөлінген жаңа пролетарлық көзқарас құру мәселесі тұрды. Бұл тапсырманы К. Маркс пен Ф. Энгельс орындады. Осындай жолмен таптық, партиялық жағдайға көзқарас қалыптасты.

Иррационализм – табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады. Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр.

Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырақ, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

С.Кьеркегор (1813-1855) - философ, жазушы. К. шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалыптастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам, Кьеркегор ұғымы бойынша, нағыз тұлға. Кьеркегор танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз бақыттымын деп, бақытты - бақытсызбын деп, ақиқат - өтірік, өтірік - ақиқат, т.б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. Адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. Кьеркегордің ғылыми-философиялық көзқарастары «Немесе-немесе» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844) т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Кьеркегор өзінің «Үрей және қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру» т.б. шығармаларында адамның тіршілігіне байланысты, бірақ ақылға сиымсыз көптеген категорияларды анықтап, талдау жасайды. Оның философиясында «үрей», «жазықсыздық пен жазықтылық», «абсурд», «қажу», «күдер үзу» т.б. ұғымдар кеңінен қолданылған. Бірақ философ осыларға анықтама беруден бас тартады. Олардың ойлау процесіне, ендеше ғылымға ешқандай қатысы жоқ. Мұның өзі Кьеркегордың иррационалистік философиясының негізгі бір ерекшелігі. Оның айтуынша, үрей белгілі бір құбылыс ретінде тек адамға ғана тән. Өйткені адамда рух бар. Ал рухы жоқ жануарларда үрейдің болуы мүмкін емес. Адам белгісіз бір нәрседен, тосын оқиғадан үрейленеді. Алайда, бұл жазықсыз не жазықты деген проблеманың бастамасы ғана. Философ осы жерде жазықты мен жазықсыздың арасындағы диалектикалық байланысқа тереңінен тоқталып өтеді.

Кьеркегор «Адам – жан мен тәннің синтезі» дей келіп, бұл екеуін біріктіретін үшінші бір нәрсе бар, егер олар оған жүгінбесе ешбір мәні болмас еді дейді. Ол үшінші - рух. Рухтың пайда болуы үрейдің тууына әкеледі.

Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.

Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Психоанализ деп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.

Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты:

■ бейсаналық- ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы;

■ ығыстырып шығару реакциясы - психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың теңдігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы.

Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.

З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері: А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм.

Карл Густав Юнг (1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер- әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін және қоршаған шындықты тану.

Неокантшылдық XIXғ. екінші жартысы мен XXғ. бас кезіндегі философиялық ағым. Германияда «Кантқа қарай, кейін» ұранымен пайда болғанағым(О.Либман, Ф.Ланге). Кант философиясының диалектикалық элеметтерін жоққа шығарып, оның метафизикалық элементтерін қайта жаңғыртып, дамытады. «Заттың өзіндігі» лақтырылып тасталады немесе «шегіне жеткен түсінік», иә болмаса таным, мақсаткерлік талпыныс ретінде жалаң-идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі.Неокантшылдық немістің екі – Марбург (Коген, П.Наторн, Касирер) және Фрейбург немесе баден (Виндельбанд, Риккерт) мектептерінде толық маңызға ие болды. Оның алғашқысы ғылыми пайымдаулар мен философиялық категорияларды логикалық конструкция ретінде түсіндіре отырып, оның идеалистік тұжырымдалуына ерекше көңіл бөлді. Екіншісінің мүддесі – канттық практикалық және теориялық сана туралы ілім негізінде жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың қарама-қарсы қойылуын дәлелдеу, сондай-ақ аксиологиялық-нормативті және телелогиялық ғылыми тұрғыдан танудың мүмкін еместігін дәлелдеуге талпынды.

Неогегельшілдік – идеалистік философиялық бағыт, ол XIXғ. екінші жартысында Англия мен АҚШ-та жаратылыстық-тарихи материализм мен позитивизмге қарсы, дін мен спекулятивті философияны қорғау үшін пайда болды.НеогегельшілдікXIXғ. басы мен XXғ. аяғында марксизмге қарсы бағыт алып, Италияда, Россияда, Нидерландыда да тарады. Неогегельшілдікке диалектикадан бас тарту немесе оны тек сана саласында қолдану, Гегельді өмір философиясы рухында иррационалдық пайымдау тән. Қарама-қайшылық проблемасын неогегельшілдіктер қарама-қайшылықтарды жақындастырудан нәтиже мүмкіндіктерін мүлде жоққа шығаруға дейін әрқалай шешеді. Социологияда неогегельшілдіктердің кейбір өкілдері Гегельдің рух философиясының қате жақтарын отаршылдық мемлекеттік саясатын, сонан соң қоғамдағы таптарды татуластыру құралы ретінде жалған корпоративті мемлекетті негіздеу үшін пайдаланды. 1930ж. неогегельшілдік – «Халықаралық гегельдік одақ» орталығы құрылды.

Неотомизм – батыс-европалық философияның бағыттарының бірі. Фома Аквинскийдің жаңа ілімі. Ол XIX ғ. 70 ж. томизм аталып, Фома Аквинский әулиелер қатарына қосылғанда пайда болды. XX ғасырда да бұл философиялық бағыт кең тарады. Оны құрушылар мен басты өкілдері болып Жак Маритен және Этьен Жильсон.

Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік. Бірақ Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай – ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.

10- тақырып. Орыс философиясы

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.

Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIXғасыры мен XXғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.

Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIIIғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.

Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIXғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.

Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді.

Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.

Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.

Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше миссиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.

Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.

Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.

Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.

Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1054; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.031 сек.