Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 6 страница




Ол «Таза зердеге сын» еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.

Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Немістің классикалық философиясының дамуында маңызды рөлді Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) атқарды. Фихтенің субективтік идеализм атты философиясы Д. Беркли философиясына ұқсас. Субъектінің басты рөлі ретінде субъект және объект бірлігі, онда алғашқы болып табылады. Бүкіл әлем субъективтік қызметтің нәтижесінде қаралады. Я.И. Гете И.Г. Фихтенің субъективті идеалистік философиясын мысқыл түрінде былай деп жазды. "Өмірдің жазғаны осы: әлем меннен бұрын болған жоқ, оны мен құрдым".

Фихте Канттың заттардың өзінен-өзі өмір сүретіні жөніндегі идеясын сынға алды, неміс философиясында алғашқылардың бірі болып, И. Канттағы сияқты тек гносеология өрісінде көрініс беретін ғана емес, субъект белсенділігі идеясы онтология, болмыс, дүние өрісінде де көрініс беретінін айтқан. Фихте екі түрлі шындықты айтқан: біреу өзін-өзі құрайды, ал кейбіреулер сананың шығармашылық іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады. Субъект мынадай шындықпен қарым-қатынаста болу керек және ол объект өмірі бар жеке өмірдің оқиғасы болады. Бұл объект субъект арасындағы байланысты адам қарым-қатынас жасайтын барлық шындыққа таратады және енді барлық дүние субъект шындық сана өрісі ретінде көрінеді. Тек осы өріспен ғана оның ғылыми ісі ілімі бар. Фихте өз философиясын осылай жазған.

Вильгельм Фридрих Йозеф Шеллинг (1775 – 1854) Фихте мен Гегельдің арасында аралық болып есептеледі. Табиғи және рухани тепе-теңдік оның философиясында маңызды орын алады. Бірақ, ол абсолютті түрде тепе-тең мәңгілік болса, ал табиғат бөлек, уақыт бойынша дамиды. Табиғаттың әртүрлі жағдайларында объект немесе субъект басым. Табиғатта даму орынды.

Ф. Шелингтің Абсолюті тепе-теңдігімен, жалғыз құдай туралы оймен сәйкес келеді. Бірақ, одан кейінгі философияға ерекше маңыз бен ықпалын тигізген Шелингтің натурфилософиясы болды.

Табиғат әлемдік рухы бар ғарыштық ағза болып табылады, ол рухани бастаудың болмыс баспалдағының қалыптасуы болып табылады. Соңғысы сияқты материя рухсыз болмайды. Қазіргі қоғамдық даму кезеңімен әлем мен адамның бір екендігінің маңыздылығы көрсетілген. Табиғат инерттілік емес, ол тірі қарым-қатынас бірлік принципі бойынша дамуды Шеллинг негізгі шығармаларында трансендентальдық идеализм жүйесінде дамудың мәнін ашып көрсетті.

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.

Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.

Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.

Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді.

Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.

Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.

Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.

Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.

Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.

Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.

Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.

Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.

9-тақырып. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіресе гегельдік философияны сынау.

XIXғ. қазіргі заман философиясының үш бағытта дами бастайды:

1) позитивизм, оңды ғылыми білімдердің құндылығына және тұрақтылығына ерекше көңіл аударған философиялық бағыт (О. Конт);2) марксизм (К. Маркс); 3) иррационализм «ерік метафизикасы» және «өмір философиясы» ретінде, (А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше). Модернизацияланған қалыпты қабылдай отырып, рационализм мен классикалық бағыт сақталды (неокантшылдық, неогегельшілдер, неотомизм).

Позитивизм (лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт.Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.

1.Классикалық позитивизм;

2.Махизм;

3.Неопозитивизм;

4.Постпозитивизм.

Позитивизм негізін француз философы Огюст Конт (1798 -1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді. О.Конттың негізгі шығармалары: «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

О.Конттың пікірінше идеализм мен материализм арасындағы философиялық айтыстың негізі жоқ, әрі мағынасыз. Философия материализмнен де, идеализмнен де бас тартып позитвтік білімге көңіл бөлу керек. Ол дегеніміз-философиялық білім абсолютті дәлелденген, әрі анық болуы керек және оған жету үшін философия танымда ғылыми әдісті қолданып, өзге ғылымдардың жетістіктеріне сүйенуі қажет.

Позитивизм ілімін Конттан кейін жалғастырған Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер(1820-1903). Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғылымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокртицизм, үшінші кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа дәуірі туды. Ол кезеңде оны «эмпириокритицизм» деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы деп айтқан. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімнен тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

Эмпириокритицизм (тәжірбие сыны). Бұл бағытты құрушылар Австрия философтары мен ғалымдары Р. Авенариус (1843-1896 жж.) пен Э. Мах (1873-1925 жж.). Ресейде бұл философиямен айналысушылар А. Богданов, В. Базаров және тағы басқалар. Бұл да позитивизм секілді ғылымды басты назарға алады. Бұл кезде физиология мен психология ғылымдары біраз дамыған болатын. Ол материализм мен идеализмнің бір жақтылығынан ажыратуға тырысты. Барлық нәрсенің жеке материалдық және рухани, физикалық және психологиялық құбылысы болады. Оның тәжірбие сыны осы материализм мен идеализмнің біржақтылығына қарсы тұруында Р.Авенариус субъект пен объект қатынасы мәселесін олардың бірлігі жоспарымен шешті. Оны Вундт, Гуссерль және Ленин сынады.

Дегенмен эмпириокритицизмнің әрі қарай дамуы ғылым мен техниканың өркендеуіне жол ашты. Ғылым өзінің шарықтаған шегіне жетіп, оның логикасы, өзіндік дамуы сана-сезіммен сабақтасып, жаңа проблемелар туыдырды. Ендігі жерде ғылымның логикасын зерттеу, оның мәнін ашу, ішкі жүүйесі мен сыртқы байланысын айқындау, сөйтіп даму жолына терең ой жүгірту тек философтардың ғана емес, жаратылыстану мен қоғамтану мәселерімен айналысатын ғалымдардың назарын аударды. Бұл Вена қаласындағы математиктер, логиктер және философтардың бас қосып, үйірме ашып, онда ғылымның ішкі логикасын, оның қазіргісі мен болашағын бағдарлайтын мәселелерді талдайтын мектептің іргетасын қалауға әкеліп соқты.

Э. Мах өз жұмысы "Физикалықтың психикалыққа қатысы және талдау сезімінде": "Әлем құпия әрекеттерден тұрмайды. Дыбыс, түр, кеңістік, уақыт бәрі бір-бірімен байланыста". Физикалықсыз психика жоқ, немесе керісінше деп айтуға болады. Э. Мах бұны белгілер дейді.

Э. Мах пен Р. Авенариус биологиялық ғылымның қызметтеріне бет бұрады. Ғылыми білімге бұл жағы ғылыми танымның пәнін ашып көрсете алмайды. Бұған ХХ ғасыр 20-жылдардың позитивизмнің үшінші этапы неопозитивизм. Ол вен ортасы (Австрия, Вен университеті), философия, математика, логика, физика оқытушыларынан туындайды. Позитивизм ғылым тіліне назар аударды, оның маңызды рөлі, осы ағымда ол стркутурализм мен герменевтика сияқты ағымдарды тапты ма? Тілде философия пәні секілді ХХ ғасырдың ІІ жартысында маңызды социомәдени феномен, яғни объективті шындықты алмастырушы болып табылады.

Ғасыр басында неопозитивизмді құрушылар Р. Карнап (1891-1970 жж.), М. Шлик (1882-1930 жж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 жж.), ағылшын философы және логик Б. Рассел (1872-1970 жж.) және басқалар.

Неопозитивизм 3 бағытқа бөлінеді:

- логикалық позитивизм (Р. Капран)

- лингвистикалық позитивизм (Л. Витгенштейн)

- жалпы семантика (А. Кожиибский, С. Чейз, С. Хайакова).

Жалпы барлық үш бағыт та метафизикаға қатынаста болады (болмыс мәселесі, дүниетаным, әлем және адам мәселесі). Басты назарда ғылым мәселесіне аударады. Олардың көне метафизикаға сыни қатынасы толық түрде ақиқатталған. ҒТР-ң талаптарына сай ғылымның өндірістік күшке айналуы философияның алдына көне метафизикадан бас тартуға тапсырма қойды. Неопозитивистер "шаршаған философияны" лақтыру қажет деп санайды. Бұл жағынан олармен келісуге болады. Бірақ қандай тәсілмен жетуге болады?

Логикалық позитивизм философияның ұсыныстарын тексеру жағдайын ашты. Философия пәнінің негізгі ғылымға логикалық талдау жасау. Бұл әдістен верификация әдісі шығады (латынша веритас - ақиқат) (Р.Карнап). Егер тәжірибелі эмпирикалық тексеріс жүргізілсе, ғылым мен философия ұсынысы ақиқат болады. Бірақ барлығы эмпирикалық жолмен жүрмейді. Л. Витгенштейн: "Көптеген философиялық ұсыныстар мен сұрақтар жалған емес, дәлелсіз".

Верификация әдісінің күшті және әлсіз жағын айтуға болады. Күшті жағы, философия тілін жетілдірді, философиядағы сыни және талдау моментін күшейтті. Әлсіз жағы - бұл позитивизмнің эмпирикалық тығырығы. Оның мәнісі барлық ғылым мен филсофияда тәжірибелік жолмен тексерілмейді. ХХ ғасырда теориялық білімнің мәні мен рөлі өсе түседі.

Неопозитивизм тілдің социомәдени феномен түрінде шығып, өзінің терең тамыры позитивизмнің 4 этапы - постпозитивизмге алып келді (К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун, П. Фейерабенд).

Карл Раймунд Поппер – постпозитивизмнің негізгі өкілі, «Мен неопозитивизмді жерледім» деген қағида айтқан. Оның ғылыми білім тұжырымдамасының негізгі түсініктері келесілері болып табылады:

- демаркация мәселелері;

- фальсификация принципі;

- фаллибилизм принципі;

- «үш әлем» теориясы.

Карл Поппердің дәлелдеуінше, теорияның нақты, соңғы ақиқаттылығын тексеру мүмкін емес, бірақ оны терістеуге, фальсификациялауға болады. Ол қорғаған фальсификация принципі осылайша құралған. Поппер бойынша, біз қайсыбір теорияны дұрыс, дәл деп айта алмаймыз. Өйткені, тарих куәләндырғандай, ақиқат деп танылған теориялар соңында өзінің жеткіліксіздігін танытып жатты. Үш жүз жыл бойы Ньютон механикасын барлық жағынан ақиқат деп санады, ал кейіннен оның орнына басқа да теориялар келіп жатты. Әрбір теориямен мәселе осылай болады, ол туады, шыңырау шегіне жетеді де соңара терістеледі.

Поппер теория әлемінде «өмір сүру үшін күрес» болып жатыр деп санады.

Осыдан Поппердің басты тұжырымдамалары келіп шығады:

1) теория негізінде гипотезалар тұр (яғни пікірлер); ғылыми ги потезалар гипотеза болып қалады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей олардың ақиқаттығын дәлелдеуге болмайды;

2) гипотезалардан дедукция заңы бойынша пікірлер туындайды, ал оларды дәйектермен теңестіруге болады;

3) дәйектермен теңеу екі нәтиже береді: пікірлер дәйектерге қарсы келмейді, бұл жағдайда теория өмір сүреді, оның жұмысқа қабілеттілігі рас деп танылады да ол ақиқат болады, немесе теория пікірлері терістеледі, дәйектермен фальсификацияланады, бұл жағдайда теория жалған болып танылады, ол терістеледі де жаңа теорияларды іздеуге әкеледі.

Осылайша, Поппер бойынша теория гипотезалық-дедуктивті құрылымға ие. Гипотеза мәселелерді шешуге бағытталса, дедукция гипотеза мазмұнын эксперименталды дәйектермен дәлелдей алады. Дәйектер теорияның мықтылығына емтихан жүргізеді (жарамды-жарамсыз).

Демаркация мәселесі – ғылыми білімді ғылыми емес білімнен ажыратуда тұратын философияның басты мақсатының бірі. Демаркация тәсілі, Поппер бойынша, фальсификация принципі болып табылады.

Фальсификация принципі – ғылымға қатысты әрбір тұжырымды терістейді. Фальсификация принципін енгізу ғылымдарды ғылыми сынға ашық болуына бағдарлады. Поппер ақиқатты және ғылымды процесс ретінде қарастырады. Ғылыми теориялар, оның ойынша, ғылыми білімнің жалпы дамуына бағытталғанымен, өзінің дамуында бір біріне тәуелсіз.

Фаллибилизм принципі бойынша әрбір ғылыми білім тек гипотезалық сипаттамаға сәйкес келеді. Ғылыми білімнің дамуы, Поппер пікірінше, батыл гипотезаларды қалыптастырып, оларды теріске шығаруда.

Атақты постпозитивизм өкілі Имре Лакатос (1922-1974 жж.).Ол Поппердің көрнекті ізбасарының бірі болды. Лакатосты «рационалдылық сарбазы» деп атады, өйткені ол сыни рационализм принциптерін қорғап, ғылымдағы көптеген үрдістер рационалды түсіндірмені болжайды деп айтты. Лакатос мағынасы кең, бірақ шағын жұмыстар жазды. Оның көзқарастарымен орыс тілінде шыққан «Дәлелдеме және терістеу» (1967 ж.) және «Фальсификация және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының әдістемесі» (1995 ж.) атты кітаптары арқылы танысуға болады.

Ол Кунның парадигмалар ауысу концепциясының терең және дәйекті сыншылдарының бірі болды және Кун айтқан ғылыми парадигманың теологиялық мағынасына қарсы шығады. Лакатос сонымен қатар, ғылым философиясының үздік үлгісі – ғылыми-зерттеу бағдарламасының әдістемесін жасады.

Лакатос бойынша ғылым дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасы бәсекелестігін көрсетеді, бұл жерде бір зерттеу бағдарламасы екіншісін ығыстырады.

Ғылыми революцияның мәні бұл жерде эмпириямен бір оқшау теорияны салыстырмай, өзара бірегей негізгі принциптермен байланысқан ауыспалы теориялар серияларымен салыстыруда. Осындай теориялар жүйелілігін ол ғылыми-зерттеу бағдарламасы деп атады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1470; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.053 сек.