Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 2 страница




Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.

Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.

Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді.

Ежелгі Қытай мәдениеті тірі және өлі табиғатта, Жерде өмірдің пайда болуының философиялық-мифологиялық түсінігін береді. Ұлы Хаос, форма жағынан үлкен жұмыртқаны елестетеді. Жұмыртқа – Хаоста 18 000 жыл бойы тіршіліктің Алғытегі – алып Пань-Гудың пайда болуы. Алып Пань-Гудың жұмыртқадан шығуы, ол жұмыртқа тәріздес Хаостың өліміне әкеледі. Барлық жеңілдік пен құрғақтықтың жоғарыда (Аспанда) және ауырлық, ылғалдықтың төменде (Жерде) араласуының, шоғырлануының нәтижесінде Хаостан Аспан мен Жер құрылды.

Аспан мен Жердің арасында алып Пань-Гудың 18 000 жыл тұруы нәтижесінде Аспан мен Жер өзінің орнын сақтап қалды.

Пань-Гудың өлімі, оның денесінен барлық мәнділіктердің жасалуы: көзден – Күн мен Ай, дауыстан – найзағай, демінен – жел, қанынан - өзен т.б.

Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «И цзинде» (Өзгерістер кітабы), «Ши цзинде»(Өлеңдер кітабы), «Шу цзинде»(Тарих кітабы) және т.б. ертедегі мифтер материалы жиі кездеседі

Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:

I. Ежелгі философия(VII -III б.з.д.) Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы.

1) «дао-цзя» мектебі (даосизм);

2) «халыққа қызмет ету» мектебі (конфуцийшілдік);

3) «фа-цзя» мектебі (легизм инемесе заң мектебі);

4) «мо-цзя» мектебі (моизм);

5) «мин-цзя» мектебі (номиналистер);

6) «иньян-цзя» мектебі (натурфилософтар).

II. Ортағасырлық философия(III – XIX ғ.ғ. б.з.д.) Үндістаннан Қытайға буддизмнің енуі, чань-буддизмнің қалыптасуы.

III. Жаңа философия(XIX ғ.)

Ертедегі Қытай философиялық ойының тамырлары сонау Ся династиясы (б.з.б. XXI ғ.) кезеңінен бастау алады. Бұл дәуірде рухани және материалдық мәдениеттің жақсы дамығаны белгілі. Дамудың шырқау шегі - иероглиф жазуы - ғылымның және философиялық ойдың өрістеуіне әсер етті. Осы кезеңде көптеген философиялық ағымдар, мектептер қалыптасқан.

Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.

Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.

Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол тәртіпке үйлесе білу.

Лао-цзының «Дао дэ цзин» трактатында көрініс тапқан. Трактат екі бөліктен, 81 тараудан тұрады. Онда бірінші бөлімі - дао жолы мен екінші бөлімі - дэ ізгілік күші туралы баяндалады.

Демек, «дао» категориясы Универсумның жалпы қамтушы заңы, барлық заттардың субстанциясы ретінде ұғындырылды. «Адам жерге тәуелді, жер - аспанға, аспан - даоға, дао - өз-өзіне», яғни, дао барлығының түп тамыры, бір тұтас. Дао Шань-диден де (аспаннан да) көне, оның бастамасы жоқ, аяғы, шегі де жоқ. «Қалай, неден туғанын білмеймін, - делінген «Дао дэ цзинде". - Бірақ ол аспан иесімен сабақтасады» Немесе "Міне, хаостан пайда болған зат, аспан мен жерден жаралған. Ол дыбыссыз! Ол пішінсіз! Жалғыз және өзгермейді. Барлығына ықпал - әрекет етеді, кедергіні білмейді. Оны Аспан астының анасы десе болғандай. Мен оның атауын (есімін) білмеймін. Иероглиф пен белгілеп отырып мен оны дао деп атадым, Ұлы - ол шексіз қозғалыста».

«Дао дэ цзин» ілімінде біз кейбір диалектика элементтерімен де кездесіп жатамыз. Лао-цзы даоға анықтама беру үшін, оны алдымен қарама-қайшы жақтарына қарай бөліп алады. Өзгермеушілік пен үнемі қозғалыс, жалғыздық пен көпшілік, іссіздік пен іс қимыл деген сияқты т.б. біршама керағарлық заттарды атап өтеді. «Дао дэ цзинде» бір-біріне ауысатын қайшылықтар туралы айтылады, - жарты бүтінге, қисық-түзуге, бос-толыға, ескі-жаңаға айналады. Инь және ян ұстанымына сәйкес, ғаламда барлығы тұрақсыз және барлық заттар өзгерісте, қозғалыста. "Барлық мәнде инь мен ян бар, цимен толтырылған әрі үйлесімді». Күнделікті тіршілікте дао өз кезегінде дэ-ні қостайды. "Дао заттарды тудырады да, дэ болса ол заттарды әрі қарай тамақтандырып, өсіреді", кемелдендіреді.

Бәлкім, дэ - екіншілік ұстаным. Сол арқылы дао заттарда көрініс табады. Бұл - жекелеген заттардың дербес нақтылануы. Өкінішке орай, инь мен ян туралы ілім аксиомалық. Оларды зерттеу тұсында Лао-цзы көбінесе «Өзгерістер кітабына», сонымен қатар өте ежелгі ақпарат көздеріне сүйенген деген ойлар бар.

Барлық дүние табиғи жолмен жүруі тиіс. Данышпан даоға да, басқаларға да бөгет жасамауы керек. Сондықтан Лао-цзының әлеуметтік мұраты өткенге, білім табиғаттың барысына кедергі келтірмей, адам табиғатпен бірегей болған кезең. Адамның өмірдегі басты міндеті даомен қосылу. Әр адамның бойында даоның бөлшегі бар, тек осы рухани көзді аша білу керек, адамды тәннің қажеті емес рух қажетін өтеу үшін өмір сүруге үйреткен абзал. Ол үшін имандылықпен өзін-өзі жетілдірудің ұзақ жолынан өту қажет. «Дао дэ цзинде» Лао-цзы у-вэй ұстанымына негізделген осы жолды көрсетеді. Саясатқа қатысына келсек, этикаға бағындырылған және дао мен у-вэйді тірек ретінде алады.

Мемлекетте барлығы өзінің табиғи жолымен жүруі тиіс, басшылар халықтың қамын ойлауы, олардың шектен тыс тілек талаптарын ауыздықтай білуі, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнатуы, бірінші болып соғыс бастамауы керек.

Лао-цзының ілімін дамытушылар Чжуан-цзы мен Вэн-цзы болды. Даосизмнің даму барысында 3 ағым ерекше көзге түсті: философиялық (дао цзя), діни (дао цзяо), мәңгілік жасалатындар даосизмі (сянь) қытай мәдениетінің өркендеуіне едәуір үлес қосты.

Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп.

Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.

Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен салыстыру шеңберінде анықталынбайды. Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік - мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек көреді» — дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштіктің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде.

Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.

Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді.

4- тақырып. Антикалық философия

Антикалық деген термин латынның «antiquus»-«ежелгі» деген мағынаны білдіреді.

Антикалық философияның дамуы бес негізгі кезеңнен тұрады:

1). Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VI ғасырды қамтиды.

2). Классикалық. Бұл кезеңде объектінің мәні субъектіден гөрі арта түседі. Негізгі объект - ғарыш, табиғат, сыртқы әлем. Қала - полистердің рөлі артады. Б.з.б. V-IV ғғ. аралығын қамтыған.

3). Эллинизм. Мұндағы үлкен обьекті - субъект - адам, ол өзін-өзі таниды. Қоғам өмірінде маңызды рөл полисте емес, мемлекеттің қолында. Ескендір Зұлқарнайын (А. Македонский) мемлекеті тұсындағы философиялық мектептер: стоиктер мектебі, эпикур мектебі, скептиктер мектебі т.б. Хронологиялық кезеңі - б.з.б. IV-I ғғ.

4) Римдік кезең. Б.з. V-VI ғғ.

Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан(шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.

Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.

Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.

Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді.

Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.

Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.

Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр.

Әрбір сан белгілі бір мәнді - аспанды, жерді, махаббатты, әділдікті т.б. көрсетеді.

Мысалы, 1 (бірлік) - бастапқы мән, ол - Құдай. 2 (екі) - екі бірліктің қосындысы, қарама-қарсы бірліктер, бұл - материя.

Алғашқы 4, 7, 10 сандарын қасиетті деп есептейді. Өйткені, олар дүниедегі барлық заттардың негізінде жатыр. Пифагорлықтарда сандар бірінші орында болды, сандардың элементтері барлық заттардың элементтерін тұрады және барлық әлем ретінде мойындайды. Сонымен Пифагор мектебі табиғаттың жұмбақ сырларын, құбылыстардың мазмұны мен мәнін сандар мен математикалық қатынастардан іздестіреді. Бұл түсінік ежелгі грек мәдениетінде пропорция категорияларының, симметрияның, дәлдіктің орнығуына ықпал етті.

Үндестікті сандық сәйкестік ретінде қабылдады. Әлемнің үйлесімі сандық пропорциямен, өлшеммен анықталды.

Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.

Элей мектебінің негізін қалаған Парменид б.з.б. VII-VI ғғ.). Ксенофанның шәкірті. Еуропалық рационализмінің көш басында тұрған ойшыл. Немістің атақты ойшылы Гегель: «Философия толық мағынасында Парменидтен басталғанын мойындауға тиіспіз», - деп жазды.

Ол көптеген философиялық проблемаларды шешіп, соның ішінде тұтастық пен көптік (жалпы және жалқының), алғашқы болып болмыс категориясын ұсынды.

Болмыс дегенде пайымдаушы ақыл дүниесін, ойлауды белгілейді. Ол тұтас, тұрақты, қозғалмайды, ал көптік - табиғат, ол болмыс емес, өйткені өзгеріп отырады, қозғалыста болады. Сол себептен болмыс, субстанция ретінде бола алмайды.

Болмыс, ойлау, тұтастық ақылмен танылады.

Болмыс емес, табиғат көптік пікірмен ғана түсіндіріледі, сезіммен танылады деген.

Парменидтің негізгі қағидасы: не жөнінде айтылғанның, ойлағанның бәрі бар нәрсе, яғни, «ойлау» мен «болу» («бар») бір нәрсе. «Ойлау мен болмыс функциялары біреу және ойлануды білдіреді. Ал, болмыс еместікке айтылатынның барлығын жатқызуға болады. Бар немесе болады, яғни, дегендерді ойлаудан таба алмайсың,Яғни, болмыс еместен де тыс ештеңе ештеңе жоқ деген ойшыл. Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.

Парменидтің шәкірті Зенон (б.з.б. 490-430 жж.) философия тарихына қозғалысты теориялық тұрғыдан дәлелдеуші, Гераклиттің диалектикасының сыншысы ретінде енді.

Өзінің әйгілі апорияларында («Дихотомия», «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе») кеңістік пен уақыт үзілісті (дискреттік) сәттерден тұратындықтан қозғалыстың мүмкін еместігін дәлелдейді.

«Дихотомия» апориясында қозғалыстың мүмкіндік фактісі былай қарастырылады: «барлық жолды жүріп өту үшін оның жартысын, ширегін т.б. өту қажет. Бұдан шығатын ой қорытындысы мынадай: адам бір орнында қалады, қозғалыс мүмкін емес». «Ахиллес» апориясында Ахиллес тасбақаны қуып жете ала ма?», - деген сұрақ қойылады. Сөзсіз қуып жете алады деп жауап береді кез-келген адам.

Алайда, бұл кәдімгі эмприкалық білім. Зенон бұған теория тұрғысынан дәйекті және берілген сұраққа қарсы жауап береді. Бұл жерде Зенон тек дискреттік уақытты ұлғайту, дамудың үздіксіздігі мен уақыттың үздіксіздігін қолдамайтындығында ғана емес, сонымен қатар болашақ Парменид шәкірті табиғат туралы білім, оның қозғалысы туралы тек ой ғана, шындық емес екендігін айтады.

Зенон қозғалыс проблемасын шеше алмағанымен, оның тарихқа сіңірген еңбегі бұл проблеманы алға қоя отырып, шешілуіне ықпал жасады. Диалектиканың ғылым ретінде қалыптасуына жәрдемдесті.

Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.

Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.

Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.

Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.

Сократқа дейінгі философтар «Адамның мәні неде?», «Табиғат деген не?» деген сұраққа жауап іздеген болса, Сократ «Адам табиғатының мәні неде?», - деген сұрақтың жауабын табуға ден қояды. Адам - бұл жан, жан дегеніміз - парасат, ақыл, ойлау белсенділігі мен адамгершілік, қылық. Адамның материалдық денесін терістемейді, бірақ, ең бастысы – «психея» (жан), оны жетілдіріп ізгілендіру керек. Ізгілік барлық байлықтың бастауы, жекелеген адамдардың, мемлекеттің игілігіне жеткізеді деген байлам жасайды.

«Өмірде және іс-әрекетте ізгілікті болу үшін не істеу керек?», - деген сұраққа алдымен ізгілікті түсіну керек, содан соң, түсіністік негізінде жадыда әрекеттеу керек деген жауап қайтарады. Ол ізгіліктің үш түрін бөліп көрсетеді: өзін-өзі ұстай білу; батылдық; әділдік.

Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан.Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері:«Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол текөмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Танымдүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатынсол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әртүрлілік текзаттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон.Сөйтіп, ол идеяны алға тартады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 620; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.