Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Постреквизиттер




Пререквизиттер

Кіріспе

Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек?

Біріншіден, философия студентті абстрактілі ойлауға үйретеді және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, философия орасан зор теоретикалық базаны иеленеді, ондағы көтерілген философиялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ішкі рухани жан дүниесін байыта отырып, өмірде өзіндік позициясы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыра алады.

Философияны оқи отырып, адамзат тарихы жолында қордаланып жинақталған барлық білімді негізге алып қарастыратын философия тарихын қозғамау мүмкін емес. Сондықтан философия тарихы бірсызықты, кумулятивті процесс емес, ол «…адамның өзін өзі тануының, өз мүмкіндіктерінің, өз қабілеттерінің, қоршаған ортадағы орнының, өз өмірі мәнінің мәңгі әрекет бейнесі».

Оқу-әдістемелік кешенде біз философиялық мәселелерді нақты өмірден іздеу қажеттігіне баса назар аудардық. Философиялық мәселелелерді методологиялық тұрғыдан шешу барысында студенттер қоғам тудырып отырған көптеген мәселелерді дұрыс түсініп шеше алады деген үміттеміз.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешенде дәрістер кешені, семинар сабақтарының тақырыптары, студенттің өзіндік жұмысына дайындалуына арналған материалдар, сонымен қатар аталмыш ПОӘК-де «Философия» курсы бойынша студенттің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар берілген.

Силлабус құрылымы

1. Оқытушы туралы мәлімет

Лектор:

Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

 

2.Пән туралы мәлімет

Пән: философия 3-кредит

дәріс-30 сағ., машықтану -15сағ., СОӨЖ -15 сағ., СӨЖ-75 сағ.

 

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апта лары                               Барлығы
  Дәріс тер                                
  Практика                                
СОӨЖ                                
  СӨЖ                                
  Барлы ғы                                

 

Пәнді оқып-үйрену үшін студент тарих, мәдениеттану, қазақтың рухани мұрасы пәндерінен білімі болуы керек.

Философия пәні бойынша алған білім студентке саясаттану, әлеуметтану, психология пәндерін меңгеруге көмектеседі, дүниеге көзқарасын қалыптастыруға, сыни ойлау жүйесін негіздеуге септігін тигізеді.

5. Курстың қысқаша мазмұны

Философия пәнін қазіргі кезеңдегі оқыту студенттің әлемдік көзқарастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның рухани жетілуіне үлкен әсер етеді. Құндылықтар бағытының өзгеруі, рухани құндылықтың құлдырауы кезеңінде адамгершілік пен имандылықтың көзі ретінде философия пәнін алуға болады. Пән құрылымы мен мазмұны филсофиялық тарихи кезеңдерге, таным, болмыс, құндылықтар жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, теориялық - философиялық артықшылығын көрсетеді. Пәнді оқып – үйрену мыңдаған ғасыр жалғасып келе жатқан саналы ойлау, мәселені саралай білу, рухани дүниенің кемелденуіне әсер етеді.

Пәннің міндеті - студенттің ұлттық философиялық құндылықтардың жетістіктері және әлемдік философиядағы орнын көрсете отырып, отансүйгіштік, өзіндік шығармашылық ой жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барасында студент философия пәнінің тарихи кезеңдері дүниегекөзқарастық, адамгершілік қасиеттеріне көңіл аудара отырып, ғылыми және көркемдік әдебиетпен жұмыс істей білу, ғылыми теориялық баяндамалар жасау, мәселені талдау және талқылай білу, өзіндік жеке көзқарасын дәлелдеу қасиеттерін меңгере білуі керек.

Құрметті студенттер, философияны оқу барысында сіздер философиялық ой тарихымен, ұлттық философияның жетістіктерімен танысасыздар. Философиялық мәселелер тақырыбында философиялық ұғымдарды, категорияларды қолдана отырып, семинар сабақтарында әртүрлі пікірталастар, өз пікірлеріңізді, көзқарастарыңызды дәлелдеуге мүмкіндіктеріңіз бар және де түрлі тақырыптарда баяндама жазу арқылы дүниетанымдық көзқарастарыңызды кеңейтесіздер.

 

6. Курстың мазмұны

6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырыптар атауы Көлемі, сағ. Әдебиет тер Ағымды бақылау, балл
1.Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі. Философия мәнін түсіндірмелеудің көптүрлілігі және философиялық ой кешудің басты тақырыптары. Философия түсінігі дүниетанымның түрі ретінде. Мәдениет дүниесіндегі философияның мәні мен мағынасы. Философияның негізгі қызметтері және оның қазіргі әлемдегі рөлі. Философия әдістемелік білім ретінде. Философиялық әдістер.   Н.Ә.1,2,3,4,5,6,7,11,12 Қ.Ә.1,2,3,13,14,15 0,2
2.Көне Үнді философиясы. Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философияда қалыптасуы мен мен дамуына әсер етуі. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептердің негізгі ерешеліктері мен бірлігі. Буддизмнің іргелі идеялары.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,13,14,15 0,2
3.Көне Қытай философиясы.Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері және оның көрнекті өкілдері. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамындағы маңызды рөлі. Даостық философия және дүние-әлемінің суреті. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде. Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.   Н.Ә.1,2,3,4,5, 10,11 Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
4.антикалық философия. антикалық философияның қалыптасуы мен дамуы. Философияның онтологиялық және эпистемалогиялық негіздері (милет және элей мектептері). Саяси-этикалық және антропологиялық сұрақтардың қойылуы (софистер және сократ). Платонның объективті идеализмі. аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Антикалық философия адамның дүниеге рационалдық қатынасының қалыптасуына әсері.   Н.Ә.1,2,3,4,5, 9,11 Қ.Ә.1,2,3 0,2
5.Ортағасырдағы батысевропалық және арабтық-мұсылмандық философия.Философия және дін: теоцентризм философиялық ой кешудің түрі ретінде. Христианшылдық және антикалық философия: неоплатоншылдық. схоластика және патристика философиясының даму кезеңі ретінде. Универсалий мәселесі:номинализм және реализм.Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексі. «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі. Құрандағы білім тұғырнамасы. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі. Түркі тілдес философияның қалыптасуы.     Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
6.Ренесанс философиясы. Ренесанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Жаңа космология мен философиялық пантеизмнің қалыптасуы. ренесанстық гуманизмнің мәні. Ренесанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Реформация философиясы. Протестанттық этика. философия және әлеуметтік утопия. Н.Макиавеллидің саяси философиясы.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
7.Жаңа дәуір және ағартушылық философия. ХУІ-ХУІІ ғ.ғ. философия мен ғылыми революция. ғылым философиялық рефлекциялар пәні ретінде. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрдің пайда болуы. Таным әдістері мәселесі. метафизикалық онтология: субстанция мәселесі.ХУІІІ ғ. еуропадағы ағартушылық философия.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
8.Неміс классикалық философиясы. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс». Канттық трансценденталдық философиясы таным теориясы ретінде. Категориялық императив. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлекция. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Дилектикалық дамудың заңдары. Гегельдің «Логика ғылымы». Фихтенің өзіндіксана туралы ілімі. Шеллингтің трансценденталды идеализмі. Фейербахтың антропологиялық ілімі.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
9.ХІХ ғ. батысеуропалық философия. ХІХ ғ. жаңа философиялық жүйедегі рационализм дәстүрлері мен инновациясының әлеуметтік және ғылыми алғышарттары. Неокантшылдықтың негізгі мектептері. Тарихты материалистік түсінудегі маркс ілімі. Позитивизмнің туындауы. Позитивизмнің даму кезеңдері: махизм, неопозитивизм, посттпозитивизм. ХІХ ғ. иррационализм концепциялары. А.Шопенгауэрдің «өмірге ерік» мәселесі. Ф.Ницщенің «өмір философиясы». С.Кьеркегордың экзистенциалдық идеялары.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
10. Орыс философиясы. Орыс философиясының қалыптасуы мен даму ерекшелігі. ХІХ ғ. орыс философиясы:славянофильдік және батысшылдық. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы рационализм мен иррационализм. Г.Плеханов орыс марксизмінің өкілі ретінде. Н.Бердяевтің персонализмі. В.Соловьевтің «жалпытұтастық» ілімі. П.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс космизмі. Қазіргі орыс философиясының дамуындағы негізгі бағыттар.     Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
11.Қазақ философиясы. Қазақ философиясының қалыптасу жолдары мен қайнар көздері және әлеуметтік-мәдени алғышарттары. Дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық аспектілер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық аспектілер. Қазақ философиясындағы экзистенциалдық сарындар. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық көзқарасттарындағы антропоцентризм және гуманизм мәселелері. А.Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мен құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. Қазіргі отандық философияның дамуындағы негізгі бағыттар мен ерекшеліктер.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
12.ХХ ғ.-ХХІ ғ. мәдениеті контексіндегі батыстық философия. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы. Экзистенциализм адам өмір сүруі мен болмысы туралы (М.Хайдеггер, К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр). Аналитикалық философия: Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері. Психоанализдегі сана мен санасыздық коллизиясы. Структуралистер мен постструктуралистер арасындағы философиялық идеялар. Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
13.Болмыс пен таным философиясы.Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі. «Адам-дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс және болмыс емес мәселесі. Монистік, дуалистік, плюралистік философиядағы субстанция, субстрат, татерия категориялары.Гносеологияның іргелі ұғымдары: білім, таным, ақиқат, адасу, түсіндіру және түсіну. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Сезімдік және рационалдық таным. Таным және шығармашылық.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
14.Адам мен қоғам философиясы.Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. Философиялық антропология ХХ ғ. бағыты ретінде. Адам өмірінің бірегейлігі. Адамның әлеуметтік бірдейлігі. Еркіндік құндылық ретінде. Еркіндік адамгершіліктік императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Әлеуметтік философия түсінігі және негізгі принциптері. Антропосоциогенез ұғымы. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт. Қоғамның әлеуметтік құрлымы. ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалды және постиндустриалды қоғам. Ақпаратты қоғам феномені. Қазақстандық қоғамның дамуының жолдары мен перспективалары.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2
15.Философиялық білімнің қазіргі мәселелері. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер. Глобальды мәселелер философиясы. Глобальдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобальдық сана қалыптасуы мәселесі.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,2

 

 

6.2. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі

Тақырып атауы Көлемі, сағ. Әдебиет тер Ағымды бақылау, балл
1.Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі. Философияның мәні, пәні, алғышарттары. Дүниетаным формалары және типтері. Философияның негізгі функциялары. Философия және ғылым.   Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3,4  
2.Көне Үнді философиясы. Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері. Ведалар-үнді мәдениетінің көне ескерткіші және үнді философиясының бастауы ретінде. Көне үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері.   Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3,4  
3.Көне Қытай философиясы. Еретедегі Қытай мифологиясының ерекешеліктері, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері. Конфуцийдің әлеуметтік –адамгершілік ілімі. Дао ілімі. Легизм мектебі.   Н.Ә:1,2,3,7,8 Қ.Ә:1,2,3,15  
4.Антикалық философия. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуы. Көне грек өркениетінің және мифологиясының өзіндік сипаты. Софистер іліміндегі адам проблемасы. Сократтың әдіс қимыл диалектикасы: ирониядан майевтикаға дейін. Платон және антикалық Академия, жан туралы ілімі. Аристотельдің метафизикасы және саяси- әлеуметтік концепциясы. Эллинистік философияның бағыттары.   Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3,13, 14,15  
5.Ортағасырдағы батысевропалық және арабтық-мұсылмандық философия. Орта ғасыр философиясының ерекшелігі, оның дамуының негізгі кезеңдері. А. Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі. Араб тілді философияның басталуы және діни дамуы. Әл-Кинди және Әл- Газали. Ибн-Синаның ғылыми-философиялық шығармашылығы және Ибн-Рушдтың діни көзқарастары.   Н.Ә:5,8,9,10 Қ.Ә:1,2,3,15  
6.Ренесанс философиясы. Ренесанстық дүниетанымның антропоцентризмі.Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Ренесанстық гуманизм. Реформация философиясы. Протестанттық этика. Философия және әлеуметтік утопия. Н.Макиавеллидің саяси философиясы.   Н.Ә:1,2,3,4,5, 9,10 Қ.Ә:1,2,3  
7.Жаңа дәуір және ағартушылық философия. Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттары. Спинозаның этикасы және Лейбниц монодологиясы. Д. Берклий және Д. Юмнің субьективті идеализмі. Д. Локк пен Т. Гоббстың саяси-қоғамдық ілімі.   Н.Ә:1,2,3,9, 10,11,12 Қ.Ә:1,2,3,4  
8.Неміс классикалық философиясы. Неміс классикалық философиясының қалыптасуы мен дамуы. Метафизика және натурфилософия. Құқық, тарих, адам ерекіндігі мен шығармашылығының философиялықталдануы. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Гегельдің құқық және саясат философиясы. Фейербахтың антропологиялық ілімі.     Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3  
9.ХІХ ғ. батысеуропалық философия. ХІХ ғ. 2-ші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. К.Маркстің ілімі. З.Фрейдтің санасыздық теориясы. Позитивизм. А.Шопенгауэрдің философиясы. «өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы.   Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3,4  
10. Орыс философиясы. XVIIIғ.орыс философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі. Славянофилдік және батысшылдық. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс философтарының (Н.О.Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни-философиялық ізденістері.     Н.Ә:1,2,8,9, 10,11,12 Қ.Ә:1,2,3,13  
11.Қазақ философиясы. Қазақ дүние танымының қалыптасу жолдары және қайнар көздері. Ақын жыраулар поэзиясындағы философиялық негіз. Ағартушылық философия. (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев). Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ.аяғы мен XX ғ.басындағы қазақ ұлттық зиялы қауымның еңбектеріндегі философиялық сарын.   Н.Ә:1,2,3,4,5. Қ.Ә:1,2,3,13  
12.ХХғ.-ХХІ ғ. мәдениеті контексіндегі батыстық философия. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени жолдарын философиялық іздестіру. Бүгінгі таңдағы философиялық бағыттар: Персонализм, прагматизм. Э.Гуссерль философиясы. М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді таңдау. А.Камюдің абсурд мәселесі. Ж.П.Сартр философиясы.   Н.Ә:5,6,7,8,9, 10,11 ҚӘ:1,2,3,4,13, 14,15  
13.Болмыс пен таным философиясы. Болмыс ұғымы, оның мәні. Болмыстың философиялық және физикалық түсініктері, болмыс және мән, негізгі онтологиялық ұғымдар. Болмыстың түрлері. Болмыс емес феномені.Адам болмысының экзистенциалдары. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Сезімдік және рационалдық таным. Таным және шығармашылық. Ақиқат және адасу. Танымның негізгі әдістері.   Н.Ә:3,4,5,7,8, 10,11 Қ.Ә:1,2,3,4  
14.Адам мен қоғам философиясы. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. Тәнилік пен руханилықтың гармониясы. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы. Адамның әлеуметтік бірдейлігі. Еркіндік құндылық хақында. Қоғам феномені. Қоғамның пайда болуы. Антропосоциогенез. Қоғамдық келісім идеясы. Әлеуметтік модернизм.   Н.Ә:1,2,3,4,5, 10,11,12 Қ.Ә:1,2,3,4  
15.Философиялық білімнің қазіргі мәселелері. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары:мәдени философиялық аспектілер. Глобальды мәселелер философиясы. Глобальдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Глобальдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобальдық сана қалыптасуы мәселесі.   Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,13  

7.Пән бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі

Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары, мақсаты мен мазмұны Ұсынылған әдебиеттер Бақылау түрі Тапсыру мерзімі Бағалау балдары
             
  Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі 1.Пәннің мақсаты мен тапсырмасын ұғыну. 2.Философияның пайда болуы туралы берілген анықтамаларды талдау. 3.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін талдау.     Н.Ә:1,2,3,4,5,8,9 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 4.Тапсырманың орындалуын тексеру. 5.Негізгі түсініктермен жұмыс.   1-апта  
  Көне Үнді философиясы 1.Үнді философиясының пайда болуы және кезендері. Ведалар философиялық ойлардың бастауы ретінде. 2.Үнді философиясының мектептері және бағыттары. Н.Ә:5,6,7,10,11,12 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Сөздік бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Кестені толтыру. 4.Тақырыптың қысқаша мазмұны. 5.Баяндаманы сараптау. 2-апта  
  Көне Қытай философиясы 1.Көне Қытай философиясының негізгі ерекшеліктерін айқындау. 2.Ежелгі Қытай философиясындағы мектептердің жүйелік қарым-қатынасын ашу. Н.Ә:1,3,4,8,9,10 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15   3-апта  
  Антикалық философия 1.Ежелгі грек философиясының ерекшелігі мен негізгі бағыттарын анықтау. 2.Антика философиясындағы негізгі дамудың жолдарын көрсету. 3.Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік белсенділігінің қалыптасуындағы әсерін анықтау. Н.Ә:5,6,7,10,11,12 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағы бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Глоссарий бойынша жаттығу 4.Тақырып бойынша баяндаманы қорғау. 5.Пікір талас жүргізу. 4-апта  
  Ортағасырдағы батысевропалық және арабтық-мұсылмандық философия 1.Жеке баяндама бойынша дайындалу 2.Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер бойынша пікір талас жүргізу. 3.Глоссарий бойынша жұмыс. Н.Ә:5,6,7,8,9,10 Қ.Ә:1,2,3,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Тест бойынша жұмыс жасау. 5.Жеке тапсырма. 6.Баяндама жасау. 5-апта  
  Ренесанс философиясы 1.Жеке тапсырма бойынша дайындалу. 2. Қайта өрлеу кезенінің негізгі мәселелері бойынша пікір талас дайындау. 3.Қайта өрлеу дәуірінің негізгі кезеңдері бойынша кесте толтыру. Н.Ә:1,2,6,7,8,910 Қ.Ә:1,2,3 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап. 6-апта  
  Жаңа дәуір және Ағартушылық философия 1.Жаңа дәуір философиясы бойынша негізгі мәселені қарастыру. 2.Жана дәуір философиясы бойынша берілген кестені толтыру. 3.Глоссарий бойынша жұмыс. Н.Ә:1,3,5,6,8,10 Қ.Ә:1,2,3,13,14 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын бағалау. СОӨЖ: 3. Пікір талас жүргізу. 4.Тест бойынша жұмыс жасау. 5.Жеке тапсырма. 7-апта  
  Неміс классикалық философиясы 1. Неміс классикалық философиясы бойынша баяндама жасау. 2.Гегельдің диалектикалық әдісі. 3. Негізгі сұрақтарды қарастыру. 4.Неміс ойшылдарының көзқарастары бойынша кестені толтыру. Н.Ә:1,2,3,5,6,7,10 Қ.Ә:1,2,3,13,14 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағын ауызша тексеру. СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап. 8-апта  
  ХІХ ғ. батысеуропалық философия 1.Реферат дайындау. 2. Негізгі мәселелер бойынша пікір-талас жүргізу. 3. Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:9,10,11,12 Қ.Ә:1,2,3 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын ауызша сұрау. СОӨЖ: 3. Пікір талас жүргізу. 4.Тест бойынша жұмыс жасау. 5.Реферат қорғау. 9-апта  
  Орыс философиясы 1.Орыс философиясы бойынша негізгі мәселені қарастыру. 2.Реферат дайындау. 3.Негізгі мәселелер бойынша пікір-талас жүргізу. 4.Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:3,4,5,6,7,11,12 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын ауызша сұрау. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Тест бойынша жұмыс жасау. 5.Реферат қорғау. 10-апта  
  Қазақ философиясы 1.Жеке тапсырма бойынша дайындық. 2.Қазақ философиясының негізгі мәселелерін талдау. 3.Қазақ философиясының даму генезисі туралы кестені толтыру. Н.Ә:1,2,5,7,10 Қ.Ә:4,5,6,7,8,9,10,111,12,16 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағы бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап және баяндама жасау. 11-апта  
  ХХғ.-ХХІғ. мәдениеті контексіндегі Батыстық философия 1.ХХғ. аяғы мен ХХІғ. басындағы негізгі ағымдар бойынша реферат дайындау. 2.Негізгі мәселелер бойынша пікір талас жүргізу. 3.Қазіргі кезеңдегі бағыттар бойынша кестені толтыру. 4.Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:2,3,4,5,6,10,11 Қ.Ә:1,2,3,13,14 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағы бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап және баяндама жасау. 12-апта  
  Болмыс пен таным философиясы 1.Онтология мәселелерін талдау. 2.Болмыстың түрлері бойынша кесте толтыру. 3.Негізгі түсініктермен жұмыс істеу. 4. Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:1,2,3,4,11,12 Қ.Ә:1,2,3,13,14,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Тест бойынша жұмыс жасау. 5.Реферат қорғау. 13-апта  
  Адам мен қоғам философиясы.   1. Жеке тапсырма бойынша дайындық. 2. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. 3. Қоғам және адам. 4.Мәдениет және өркениет. 5.Негізгі мәселелер бойынша пікір талас жүргізу. 6.Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:2,3,4,7,12,11 Қ.Ә:1,2,3,4,15,13 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағын бағалау. СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап және баяндама жасау. 14-апта  
  Философиялық білімнің қазіргі мәселелері.   1.Глобальдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. 2.Жеке тапсырма бойынша дайындық. 5.Негізгі мәселелер бойынша пікір талас жүргізу. 6.Глоссарий бойынша жаттығу. Н.Ә:1,2,4,5,6 Қ.Ә:1,2,3 1.Дәріс жазбасын тексеру. 2.Машықтану сабағы бойынша жұмыс СОӨЖ: 3.Негізгі түсініктермен жұмыс 4.Кестені толтыру. 5.Сұраққа жауап және баяндама жасау. 15-апта  

8.Әдебиеттер тізімі:

8.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:

1.Мырзалы С. Философия. А;2009ж.

2.Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми философия А;2009ж.

3.Әбішев Қ.А. Философия А;2002ж.

4.Абдина А.К. Философия А;2008ж.

5.Кішібеков Ф.Қ. Философия А;2002ж.

6.Тұрғынбаев Философия тарихы А;2002ж.

7.Алтай Ж, Қасабек А, Мұхаметәлі К. Философия тарихы А;1999ж.

8.Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы А;1992ж.

9.Батыс философиясының антологиясы. А;2002ж.

10.Ғарифолла Е. Фәлсәфа тарихы. А;2004ж.

11.Алтаев Ж. Философия А;2008ж.

12.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы А;2006ж.

 

8.2.Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Әбжанов Т. Ы. Адамға қарай бет бұрсақ. А;1999 ж.

2.Философиялық сөздік А;1999 ж.

3.Әлеуметтік философия. Хрестоматия А;1999 ж.

4.Ғ. Есім «Хәкім Абай» А;1999 ж.

5.Ы. Алтынсарин. Шығармалар жинағы. 3-том. А;1985 ж.

6.Ш. Уәлиханов. Шығармалар жинағы. 5-том. А;1999 ж.

7.Ш. Уәлиханов Қазақтардағы шамандықтың қалдығы А;1996ж.

8.А. Құнанбаев Қара сөздер жинағы А;1982 ж.

9.Ш. Құдайбердиев Үш анық А;1991 ж.

10.Қазақ даласының ойшылдары.(ХIІІ-XVғ.ғ) А;2001 ж.

11.Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы А;1996 ж.

12.Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. Астана;2002ж.

13.Қасабек А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы А;1996 ж.

14.Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері А;1994 ж.

15.Садықова Т.М. Философия Оқу құралы А;2007ж.

16.Садықова Т.М. Қазақ философиясы Оқу-әдістемелік кешен А;2009ж.

 

 

9.Курстың саясаты

1. Сабаққа кешікпеу.

2. Ұялы телефонды сөндіру және өзге жұмыстармен айналыспау.

3. Сабақтан қалмау керек, қалған жағдайда себебін көрсететін құжат алып келуге тиіс.

4. Оқу жағдайында белсенді болу керек.

10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

Бақылаудың мазмұны:

1.Ағымды бақылау:

- Дәріс сабағына қатысу (6)

- Машықтану сабағына жақсы дайындықпен қатысу (15)

- Студенттің өзіндік жұмысын орындауы (танымдық жаттығуларды шешу және рефераттар қорғау) (15)

2. Аралық бақылау:

- ІІ бөлім арасындағы аралықты қарастыру;

- Ауызша және жазбаша түрде жүретін бақылау(20)

3. Қорытынды бақылау (40)

- Емтихан қабылдаумен өткізіледі.

11. Бағалау саясаты

Пән бойынша білімін бағалау сызбасы

  Студенттің орындайтын жұмыс түрлері балл саны min/ max
I Ағымды бақылау: Дәріс: ПЗС: СӨЖ: Реферат 20 / 40 3/ 6 0,2х30 = 6 7,5/15 1х15 = 15   7,5/ 15 1х15 = 15  
II Аралық бақылау: 1 аралық бақылау 2 аралық бақылау   10 / 20 10х2=20 Семестрде 2 рет аралық бақылау болады.
  Барлығы: 10 / 20
III Қорытынды бақылау: Емтихан 20 / 40
  Барлығы 50 / 100

Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы

 

 

  Емтихан бағасы балл бойынша бағасы (%)
1. Ағымдық бақылау Аралық бақылау 30 - 60
2. Қорытынды бақылау 20 - 40
3. Барлығы: 50 - 100

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті Балдардың пайыздық өлшемі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

 

 

1-тақырып. Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі

«Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминді б.д.д. VIIғ.грек ойшылы Пифагор енгізді. Бірақ Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.

Философия - қоғамдық сананың бір түріне, дүниеге көзқарас типтерінің қатарына жатады. Дүниеге көзқарас адам мен дүние әлемінің арақатынасындағы мәселелерді қарастырады.

Ерте замандардан бастап дүниені тануға, оның әртүрлі құбылыстарын толығымен қамтуға, дүниені бір тұтас ретінде түсінуге тырысуды байқаймыз. Мәселен, "Табиғат туралы" шығармасының бір тұсында Гераклит: "Дүниеде барлық нәрсе біртұтас, бірақ оны ешбір құдай, еш адам жаратқан жоқ. Өздігінен бар болады, белгілі заңдылықпен лапылдап жанып-сөніп, мәңгі жалғаса береді", - деп жазады.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Тарихи үрдістер барысында әртүрлі жүйелерде философиялық білімнің нақты бөлімдері қалыптасты.

Философия тарихы - ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі философиялық типтерді зерттейді. Онтология - болмыс туралы ілім, гносеология - таным туралы ілім, логика - ойлаудың формалары мен заңдары туралы ілім, әлеуметтік философия - қоғам дамуының заңдылығын зерттейтін ғылым және мынадай мәселелерді қарастырады: қоғам болмысы, қоғамның рухани өмірі, тұлға және қоғам, мәдениет және өркениет және басқа мәселелер. Аксиология - құндылық туралы ілім, философиялық антропология - адам мәселесін және оның мәні мен өмір сүру қалпын зерттейтін философиялық бағыт.

 

Философияның негізгі бағыттары

 

       
   





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1059; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.103 сек.