Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 5 страница




Рене Декарт француздың атақты ғалымы, әрі философы. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау.

Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім».

Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.

Р. Декарт есімі рефлекс түсінігіне кіріспемен байланысты. Рухани түсінігі бойынша ол діни көзқарасты ұстанды. Оның Құдайы - әлемді жаратушы. Ол табиғаттан кеңістікті, ал Құдайдан - ойлау атрибутын мойындайды. Көріп отырғанымыздай Р. Декарт екі субстанцияны, әрқайсысы бір атрибуттан тұратынын мойындайды.

Декартың философиясы қайда толық көрсетілген? Құдайды білуде. Философия арнайы дуалистіқ сипатамада философияның негізі соған арналған. Бұл, әрине, күмән келтіреді, мұның астарында шындық жатыр. Р. Декарт көңіл аударғаны субъектінің санасы, адамның ішкі дүниесі. Р. Декарт Августиннен кейінгі екінші философ, оның көңіл аударғаны, сана бай жасырын дүние, оны тани білу керек. Осыдан кейін бір топ ойшылдар психиканы алды. Декарттың рөлін философия саласында М.В. Ломоносов: "картезийдің жаңа философтарының бірегейі - ғылым мен философияға еркіндік жолын ашты" деп жақсы айтқан. Картезиандық, декарттық философиялық ілімінде Р. Декарттың шәкірті Б. Спиноза да орын алады. Голландық философ Б. Спиноза (1632-1677 жж.) материалистік монизмнің бастамасын ашты. Оның басты шығармалары - "Этика", "Саяси-құдайлық трактат", "Декарт философиясының принциптері" т.б. Б. Спиноза Декарттың шәкірті болғанымен, өзінің ұстазына қарсы шықты. "Мен философ ретінде бастапқы көрініспен ғана кейбір тұжырымдар жасап, өз-өзіне ғана дәлелді дүниелерді шындық деп қабылдап, тар түсінікте ғана кесіп-пішіп айта алмаймын. Бұл негізінен схолостиктерге тән. Мен одан жан мен тәннің қосылысы жайлы сыңай бола ма, - деп сұраймын. Ойлау кезінде, белгісіз бір санмен тығыз байланыста болғандығы жайлы ашық түрде нақты қатысы қандай деп сұраймын. Маған қажеттісі, негізінен ол осы байланысты жақын тұрған себептермен түсіндіріп бергендігі еді. Алайда, Декарт жанды денеден тым алыс қойғандығы соншалық, бұл байланысқа қатысты да ешқандай бір себеп таба алмады және жанға қатысты да. Сондықтан да ол жаратылыс себептеріне оралып, құдайға қайтуына тура келді".

Б. Спиноза бір ғана субстанция, табиғат немесе Құдайды мойындайды. Ол Құдайды табиғатпен алмастырды. Бұл пантеисті қалып көзқараста. Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде жаңғырды. Табиғатқа немесе құдайға екі негізгі атрибут тән - өмір тарту және ойлау бар. Қазіргі таңда "субстанция жайлы түсінік әлемнің негізінде не жатыр деген сұраққа филососфияның жауап беруге тырысуының төңірегіндегі онтологияны жасаудағы алғышарт ретінде қарастырылады. Субстанция дегеніміз – құбылыстар мен заттардың әртүрлі түрдегі пайда болулары мен нақтылы әлемнің шынайы негізі ретінде түсіндіріледі".

Субстанция (табиғат немесе Құдай) - барлық тіршіліктің алғашқысы. Субстанция - шексіз табиғаттың синонимі, оның атрибуттарының саны шексіз, бірақ олар осы екі атрибутқа саяды. Бұл жерде философияда жаңалықтың ізі көрінеді. Б. Спиноза біріншіден, ойлау - материя атрибуты екендігін анық көрсетеді. Бірақ, ойлау Б. Спиноза бойынша барлық материядан биік. Мұндай ілім гилозоизм деп атайды. Гилозоизм - ойлауға барлық материядан биік деп санаушылар, түсінушілер. Ол адамды басқа модустар арасындағы модус деп санайды, ол "мемлекеттегі мемлекетті" құрамайды. Соған қарамастан, адам негізі модус, онда ойлау атрибуттарының біраз деңгейі кіреді.

Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.

Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты.

Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.

Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.

Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.

Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. «Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді.

Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.

XVIIIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия

XVIII ғасырда Батыс Еуропада ағартушылық философия деген атпен ерекше философиялық бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың отаны болып Англия, кейін Франциямен басқа да батыс еуропалық мемлекеттер болды.

Ең басты ерекшелігі сана болса, негізгі ұраны болып "Бәрі де сана төрелігі алдында өтуі тиіс" сөздері есептеледі. Сана бүкіл қоғамның рухани өмірін қамтиды. Сана негізінде XVIII ғасырда философия ғылымында қалыптасты. Бұдан басқа, ағартушы философияның бірнеше мәнді белгілерін атап өтуімізге болады:

1. Сана - әлемнің субстанциясы, адам мен қоғамның тұрмысының негізі. Адам - саналы жан. Сана әлемді билейді.

2. Адам космос азаматы, космополит болды (бұл термин алғаш рет XVIII ғасырда қалыптасады).

3. Меншіктік, жеке бастық ықылас қоғамдық ықыластан арта түседі. Меншіктік, жеке бастық ықыласты сыйлау қажет. Бұл тезис ағартушылықтың бүкіл дәуіріне өзінің айрықша ізін қалдырды. Бұрынғы Кеңес өкіметінде жеке бастық пен қоғамдықты біріктірді. Маркстік Кеңес философиясы құлдырауды бастан өткерді, себебі, ол адам бойындағы дара, жеке бастаманы сынға алды.

4. Философия кең ауқымды бұқара халықтың руханияты ретінде қалыптасады. Философиялық шығармалар ұлттық тілдерде басылып шықты. Бұл белгілер прогресшіл буржуазиялардың дүние тануын бейнелейді.

Ағартушылық философияның қалыптасуына Франциядан Вольтер, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Ж. Д'Аламбер, Д. Дидро, П. Гольбах, Ж. Ламетри, К. Гельвеций; Англиядан Дж. Толанд, А. Шефтсбери, Б. Мандевиль, Т. Рид, А. Смит; Германиядан X. Вольф, Г. Лессинг. т.б. атсалысты.

Франсуа Мари Аруэ Вольтер(1694–1778) – француз жазушысы, публицист әрі философ, француз Ағартушылығының көрнекті өкілі.

Философия бағытындағы - деизмнің өкілі, яғни Құдай әлемді жаратты, бірақ оның дамуына араласпайды.

Негізгі еңбектері: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Ньютон философиясының негіздері», «Тарих философиясы» т.с.с.

Вольтердің дүниетанымдық көзқарастарының негізінде сол кездегі кеңінен тараған деистік матерализм болды. Дүниедегі сан-алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз. «Мен тасты сипаған кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезінемін, олай болса бұл арада кеңістікте орын алып жатқан бір нәрсе барын түсінемін», дейді ойшыл.

Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда алғашқы із салдырғандардың қатарына жатады.

Вольтер қоғам дамуының, өзгеруінің қайнар көзін адамдардың ой-өрісінен, пікірлерінен көреді. «Адамдардың пікірлері дүниені басқарады», дейді ол. Бірақ ол пікірді халықтың көпшілігі қолдауы керек. Олай болса, мемлекетті басқарып отырған саясаткерлердің ойы мен іс-әрекеттері халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмірге әкеледі. Бүкіл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған бақытсыздық, зардап шегу, қылмыс, әпербақандықтың бәрі өкімет басындағылардың арсыз билігінде болды деген қорытындыға келді.

Шарль Луи Монтескье(1689–1755) – французжазушысы, тарихшы әрі философ;француз Ағартушылығының көрнекті өкілі, географиялық детерминизмнің негізін салушы.

Негізгі еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы жөнінде», «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауының себептері».

Монтескьенің «Заңдардың рухы жөнінде» деген еңбегіде ойшылдың әлеуметтік-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмір сүруі мен дамуын Монтескье заңдардың сапалылығымен байланыстырады. Егер белгілі бір қоғамның ерекшелігін түсінгіңіз келсе, онда сол елдегі қабылданған заңдарды зерттеңіз. Қоғам жөніндегі мұндай түсінікті жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атайды.

Монтескьенің саяси философиясындағы жасалған және бүгінгі таңға дейін өзекті жаңалығы – ол мемлекет билігін бөлу идеясы.

Шынайы саяси бостандық болу үшін республика, я болмаса монархия басқару жүйесінде заң беру, атқару және сот биліктері бір-бірінен бөлінуі қажет.

Ал енді «заңдардың рухына келер болсақ, олардың әрбір елдердегі ерекшеліктері көп жағдайлармен байланысты. Олар: жердің құнарлығы, ауа райы, таулы-жазықтағы, әдет-ғұрыптар, діни сезімдер, халықтың саны мен материалдық хал-ахуалы, заң берушілердің мақсаты, саяси биліктің, елдегі жалпы тәртіптің көріністерімен байланысты, - деп қорытады ойшыл.

Мұндай көзқарасты әдебиетте «географиялық детерминизм» деп атайды. Өйткені жоғарыда көрсетілген жағдайлардың ішіндегі негізгілері деп, ол жердің құнарлығын, ауа райын және таулы-жазықтығын атайды.

Ж.Ж. Руссо (1712-1778 жж.) француз жазушысы, ақын, әрі философ, француз ағартушылығының көрнекті өкілі. Негізгі еңбектері - "Ғылым мен өнерлердің жандануы мінездің жақсаруына септігін тигізді ме?", "Адамдар арасындағы теңсіздіктің негіздері мен шығу тегі жайлы пікір", "Юлия мен Жаңа Элоиза", "Қоғамдық келісім жайлы", "Эмиль немесе Тәрбие туралы" т.б

Ж.Ж. Руссо адамдардың бәрі табиғатынан тең дейді. Биологиялық тұрғыдан да. Бірақ, әлеуметтік тұрғыда олар тең емес. Мысалы, Қазақстан тұрғындары арасында бай, орташа, кедейлер бар. Кеңес өкіметінде ұлттық теңсіздік қоғамын қалыптастыруға тырысты. Содан не шықты? Оның нәтижесі бәрімізге мәлім. Теңсіздік қайдан пайда болды? Ол ескі өзекті мәселе. Ж.Ж. Руссо теңсіздік жеке меншіктен пайда болады дейді. "Белгілі бір жер бөлігін қоршап алып, "Бұл менікі" деп айтып, осы сөздерге сенетін ақ көңіл адамдарды тапқан ең бірінші адам - азаматтық қоғамның негізін қалаушы. Осы адамның қазған орны құммен жауып, өз жақындарына: "Бұл өтірікшіні тыңдамаңдар, сендер жемістердің бәрі сендерге, ал жердің өзі ешкімге тиесілі емес екенін ұмытсаңдар өлесіңдер" деп айтқан адам адамзатты қаншама қылмыстар, соғыс пен кісі өлтірушіліктен, қаншама апаттар мен бәлелерден құтылуына септігін тигізер еді"

Сонымен, теңсіздік әлдекімнің таяқ алып, оны жерге шаншып: "Бұл менің жерім" деуінен қалыптасты. Марксизм ойынша жеке меншікті, соның ішінде теңсіздікті жоюға болады деп есептеген. Бірақ, ол түбегейлі қателестік.

Егер ағартушылық философия Батыста XVIII ғасырда қалыптасса, Ресейде XVIII - ХІХ ғасырлар басында, ал Қазақстанда ХІХ ғасырда бастау алады. Ағартушылық философия - сана мен адамды шыңдатқан, философиялық ойдың тарихында өте маңызды кезең. Кейін, нақты айтсақ ХІХ-ХХ ғасырларда сананың осындай шыңдауы қарапайым рационализмнің ғылыми білім тану әдісі болып қалыптасады.

Дени Дидро (1713-1784жж.) алғашқы француз энциклопедиясының авторы. Бұл еңбек Еуразия континентінде аса елеулі орын алған. Адамның жан дүниесін, сол кездегі мәдениетін дамытуға көп еңбегін тигізген. Ол онтологиялық мәселелерді материалдық тұрғыда шешкен. Материяны ол бастама және барлық табиғат процессінің субстанциясы деп есептеген. Материя қозғалысты, уақытты, кеңістікті қамтиды. Қозғалыс арқылы материя әрқашанда қимыл - әрекет үстінде.

Дидро таным теориясы мен елес теориясына айтарлықтай үлес қосты. Ол адамды біртұтас, жеке, дара, тұлға ретінде қарастырады. "Адамда жан, сезім, түйсік сияқты қасиеттер шарт болуы тиіс дейді ". Дидроның гносеологиясы сенсуалист сипатта, білімнің қайнар көзі сезім деп есептейді. "Біз үш негізгі қажеттіліктерді қарастырамыз: табиғатты зерттейміз, ойланамыз және эксперимент жасаймыз", - дейді ол. Яғни, зерттеушілік түрлі фактілерді жинауға көмектеседі, ойлану оны бір шешімге келтіреді, ал эксперимент оны дәлелдейді. Оған, әрине, білімділік, төзімділік керек.

Дидро адамды табиғаттың бір бөлшегі деп қарастырады Және адам осы қоғам, қоршаған орта арқылы қалыптасады деген. Сондықтан, ол адам тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Адамды мәдениеттілікке баулуды көздеген. Өйткені, "мәдениет адамды жақсылыққа, сүйіспеншілікке, адамгершілікке үйретеді", - дейді Дидро.

8 - тақырып. Неміс классикалық философиясы

 

Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.

Неміс философиясы мынадай көрнекті философтарды жарыққа шығарды; Иммануил Кант, Иоганн Готлиб Фихте, Фридрих Вильгельм Шеллинг, Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Людвиг Фейербах. Бұл ойшылдар философияны одан әрі дамытты.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

И. Кант философиясы екі негізгі кезеңге бөлінеді: сынға дейін және сын. Бірінші кезеңде Кант нақты білім қайшылықтарымен айналысады. Ол "Жалпы тарих және аспан теориясы" атты кітапты жарыққа шығарды, бұл кітапта ол Күн жүйесінің пайда болуы туралы ғылыми гипотезалық ой білдіреді. ХІХ ғасырда бұл гипотезаны француз ғалымы Лаплас одан әрі жалғастырды. ХХ ғасырда жердің пайда болуының қиыншылықтары бойынша ғылыми гипотезалардың бірі болып саналады. Сірә, бүгінгі күнге дейін жердің пайда болуы туралы теориялар әлі жоқ, гипотезалар ғана бар.

И. Кант бұдан да нақтылы қиыншылықтарды шешті, олар Жер тарихымен байланысты, Жер тарихының құйысы мен ағысының рөлі туралы сұрақтар. Ол Жердің жылдамдығы құйыс пен ағыс нәтижесінде тәулік бойы айналымы айқын қысқарады. Сонымен қатар оның қозғалыс және тыныштық қатынасы туралы ілімдері, жануар әлемінің генеалогиялық классификациясы оқуларына көптеген үлес қосты. Антропологиялық ғылым бойынша адам нәсілдері тарихы және т.б. туралы ой қозғады. Осылардың бәрі ғылымда коперникандық төңкеріске ұшырады. Ол өте қарапайым адам болды, өзінің ғажайып жетістіктеріне қызықсыз назарда болды. И. Канттың ең ұлы жетістігі болып ең алғаш метафизиканы әр қырынан қарастырды, жердің және біздің бүкіл галактиканың нағыз пайда болуын дәлелдеді. Бірақта И. Кант өзінің нақты ғылым бойынша зерттеулеріне қанағаттанбады. Ол гносеологияның қиыншылықтары мен танып білу теориясымен шұғылданды. Мен не білемін? Мен нені білуім керек? Мен неге үміттене аламын? Адам деген не? сұрақтарда И.Кант нағыз қажетті көкейкесті мәселелерді алдыға шығарады, ол мәселелер танып білудегі шекарамен, ғылым мен философия негізімен, әлем танудағы қадам мен қажеттіліктермен байланысты. И. Канттың "Сын философиясының" басты ағымы 1770 жылы басталды, оның мағынасы "Таза зердеге сын" (1788 ж.) және "Дәлелдеуді қажет ететін сын" атты трактаттарында айқын көрініс алады. Бірінші ісінде И. Кант өзінің танып білудегі оқуын көрсетсе, екіншісінде - әдеп, үшінсінде - жантану және табиғат туралы оқуларын көрсетеді. И. Кант сын кезеңінде ескі гносеологияға күмән келтіреді (сынға), бірақ та ол оның алдында болған және адамның білуі мен танып білуін адамның өзімен ғана құрыла алады, яғни гносеологиялық субъектпен. Бұл ғылым мен философиядағы екінші коперникандық төңкеріс болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1291; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.