Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 11 страница




Химиялық сақтау тәсілінде қабығы аршылмаған ағаш материалдарының улы заттармен өңдеу көзделеді. Тамыз айында және күзде дайындалған ағаш материалдары химиялық өңдеуге жатпайды. Жылы кезеңде дөңгелек ағаш материалдарының шеттеріне жағатын қорғағыш май ретінде битумдар, пек-шайыр қоспалары, битумды эмульсиялар т.с.с. қолданылады.

Ағаш тозы мен ағаш шикізатын қоспағанда, дөңгелек ағаш материалдарының көпшілігі тығыз ағаш көлемімен есепке алынады.

Тері илегіш сірінділер жасауға арналған ағаш тозы 16%-дық салыстырмалы ылғалдығы жағдайындағы салмағы бойынша есепке алынады. Ағаштың ылғалдығы басқа болса, ағаш тозының салмағына ылғалдықтың кем немесе артық жағына есептелген айырмасының әрбір пайызына шаққанда 1,25% мөлшерінде түзету есептеледі. Тал және шырша қабығы салмағы 80кг-нан аспайтын теңдерге нығыздап жиналады. Сағызқарағайдың қабығы нығыздалмаған күйі жеткізіледі.

Әрбір теңге ағаш тозының атауы, салмағы, жеткізушінің атауы және тоздың сұрпы көрсетілген жарлық белгі ілінеді. Ағаш тозы атмосфералық жауын-шашындардан қорғалуын қамтамасыз ететін вагондарға тиеліп тасымалданады.

Тері илеуге арналған сірінділерді өндіруге арналған ағаш шикізатын емен мен талшыннан шөрке, томар, түбір, ағаш дайындау, ағаш кесу және ағаш өңдеу қалдықтары түрінде дайындайды. Шикізаттар құрғақ (салыстырмалы ылғалдығы 30%) және ылғалды (30%-дан жоғары) деп жіктеледі. Жоңқалар мен ағаш үгіндісін байланыстырғыш заттарсыз жасалған брикеттер түрінде жеткізуге болады.

Тері илеуге арналған сірінділерді жасауға арналған ағаш шикізаты салмағы бойынша есепке алынады.

 

Ағаштың тығыз көлемі келесі формуламен анықталады:

 

Vп = 1,27 Q30 м3 (71)

 

мұндағы Q30 – ағаштың 30%-дық салыстырмалы ылғалдығы жағдайындағы салмағы, т; 1,27 – қайта есептеу коэффициенті.

 

Шикізаттың шеттерін қорғағыш маймен майлауға немесе әктеуге болмайды. Тасымалдау барысында шикізатты топырақпен, сары топырақпен, құммен немесе шайырмен ластанудан қорғайды.

Кесілген ағаш материалдары. Кесілген ағаш материалдарына тақтайлар, діңгектер, қырлы бөренелер, шпалдар және әртүрлі дайындамалар жатады – барлығы 30 стандартқа жуық. Тақтайлардың ені олардың қос қалыңдығынан артық, діңгектердің ені қос қалыңдығынан аспайды, ал қырлы бөренелердің ені мен қалыңдығы әрқайсысы 100мм-ден асады.

Қалыңдығы қоса алғанда 32мм-ге дейін жететін жіңішке кесілген ағаштар және қалыңдығы 40мм және одан астам болатын жуан кесілген ағаштар болады.

Өңдеу сипаты бойынша кесілген ағаштар кесілген (төрт жағы да аралап кесілген) және кесілмеген (жалпақ жақтары ғана аралап кесілген) болып бөлінеді.

Кесілген ағаш материалдарының ұзындығы 0,25м-лік айырмамен 1-6,5м дейін белгіленген. Ыдысқа салынатын материалдардың ұзындығының төменгі шегі 0,1м-лік айырмамен 0,5м болады. Ұзындығы 6,5м-ден асатын кесілген ағаштар тек арнайы тапсырыс бойынша ғана дайындалады.Дайындамалардың ұзындығы олардың арналымына байланысты болып келеді, ол тиісті стандарттарда белгіленеді.

Кесілген ағаш материалдарының ұзындығы шеттерінің арасындағы ең кіші қашықтық бойынша, ал ені мен қалыңдығы кез келген жерінде, бірақ шетінен 150мм-ден кем алынбай өлшенеді.

Кесілген ағаш материалдарының ені 80-250мм болады. Одан үлкен енді материалдар да арнайы тапсырыс бойынша ғана дайындалады. Бүйірлері кесілмеген кесілген ағаш материалдарының енін ұзындығының ортасы бойынша өлшенген екі жалпақ жағы енінің қосындысының жартысы ретінде анықтайды да, нәтижесін 10мм-ге дейін дөңгелектейді.

Стандарттарда кесілген ағаш материалдарының келесі қалыңдықтары белгіленген: 13-45мм – тақтай; 50-100мм – діңгектер; 130-250мм – қырлы бөренелер.

Кесілген ағаш материалдарының қалыңдығы мен ені бойынша өлшемдері абсолютті ылғалдығы 15% болатын ағаштар үшін белгіленген.

Кесілген ағаш материалдарының бес сұрыпы бар: таңдаулы, 1, 2, 3 және 4-ші сұрыптар. Таңдаулы, 1, 2 және 3-ші сұрыпты ағаштардың абсолютті ылғалдығы (22±3)%-дан аспауы тиіс. 4-сұрыпты кесілген ағаш материалдарының ылғалдығы нормаланбайды.

Кесілген ағаш материалдары ұзындықтары мен сұрыптары бойынша сұрыпталады: ұзындығы 1,0м-ге дейінгілері – барлық сұрыптар; ұзындығы 1,0-6,5м – таңдаулы, 1-ші және 2-ші сұрыптар, 3-ші, 4-ші.

Кесілген ағаш материалдарының сұрыптығын бағалау барысында ағаштың кінәратының бар-жоғы және оны өңдеу ақаулары ескеріледі. Бұл орайда ағаштың кінәратына бұтанақтар, шірік, көгеруі, шытынауы, талқыштарының еңкеюі т.б. жатады; ал кесілген ағаш материалдарының үстіңгі қабатын өңдеу ақауларына – обзол (кесілген ағаш материалында бөрене бөлшегінің қалуы), оның қисықтығы, майысуы, жалпақ жақтарының параллель болмауы т.б. жатады.

Дайындамаларға дөңгелектерді, шаңғы, ескек, ложа, еден т.с.с. жасауға арналған жартылай фабрикаттар жатады.

Кесілген ағаш материалдары мен дайындамалардың негізгі бөлігі ашық алаңдарда штабельдеп сақталады. Штабельді оның қабырғасының шетінен кемінде 250мм асып тұратын тақтайлардан жасалған шатырмен жабады.

Шіріген кесілген ағаш материалдарын сұрыптап, қойманың арнайы бөлінген жеріне апарып қояды. Кесілген ағаш материалдарын бумаларға орап, тұһүрлері, өлшемдері, сұрыптары мен арналымы бойынша сұырпталған күйінде ашық жылжымалы құраммен тасымалдайды.

Авиациялық материалдар мен дайындамалардың кейбір түрлері жабық қоймаларда сақталып, ылғал мен ластанудан қорғау үшін жабық жылжымалы құраммен тасымалдайды.

Кесілген ағаш материалдары мен дайындамалар даналап санап немесе ағаштың тығыз көлемі бойынша есепке алынады.

Кең және тар жолды темір жолдарға арналған шпалдар 1-ші және 2-ші сұрыпты етіп жасалады. Қалыңдығы мен еніне қарай I, II және III типті шпалдар болады.

Кең жолды темір жолдардағы жүк тасымалы аса көп учаскелер үшін шпалдардың ұзындығы 2750мм деп, жүк тасымалы көп учаскелер 2800мм деп, бірлескен жолдарды салу үшін 3000мм деп белгіленген. Тар жолды темір жолдар үшін жолдың еніне қарай шпалдардың ұзындығы 1200, 1500 және 1700мм деп белгілеген.

Шпалдар данамен есептеледі. Әрбір шпалға сұрыпын және маркасын көрсететін таңба салынады.

Арнайы материалдарға айырғыш қырлы бөренелерді жатқызуға болады. Қалыңдығы мен еніне қарай айырғыш қырлы бөренелердің бес типін ажыратады: 0, I, II, III, IV.

Тар жолды темір жолдар үшін айырғыш қырлы бөренелердің ұзындығы 1300-3500мм, ал кең жолды темір жолдар үшін 2750-5500мм болады.

Айырғыш қырлы бөренелер даналармен немесе жиынтықтармен есепке алынады.

 

Дәріс 9

 

ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ЖҮКТЕРДІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Тез бұзылатын жүктердің көліктік сипаттамасы

2. Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі

Тез бұзылатын жүк - өсімдік немесе жануар текті заттар, олардан өңделген өнімдер, тірі өсімдіктер, балық өсіру материалы және басқа да сақталуда және тасымалдауда ерекше жағдайларды талап ететін (қолайлы температура, ылғалдылық т.б.) жүктер.

Мұздатқыш көлік – изотермиялық жылжымалы құрам және тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған құрылғы.

Тез бұзылатын жүктер ( ТБЖ) – тасымалдау және сақтау кезінде ішкі және сыртқы темпаратуралардың әсерінен қорғауды талап ететін жүктер

Тез бұзылатын жүктерге жатады:

Ет, балық, құс, сүт, май, ірімшік, жемістер, көкөністер, жидектер

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау

Багаждың, жүктің бұзылуы - тасымалдау кезінде багаждың, жүктің немесе багаждың, жүктің бөлігінің өзінің бастапқы мәнінде толық пайдалануға болмайтындай етіп, жарамсыз жағдайға келуі (өз құнын жоғалтады).

 

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде оларға сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасынан қорғалуы керек.
Мұздатқыш вагондарда мұздатылған жүктерді тасымалдау уақыты шектелмейді.

Тез бұзылатын жүктер тасымалдауға тек қана тасымалдау жағдайы сапасына сәйкес болса, орамда орнатылған стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес болса тасымалдауға жіберіледі. Орамы бүтін, мықты, таза, болуы керек.

Жүк жөнелтуші жол құжатымен бірге, тез бұзылатын жүктерге ветеринариялық куәлік және жүктерге сапа куәлігін көрсетеді.

Жылдың жаз және ауа райының аумалы уақытында қатырылған және мұздатылған жүктер, қораптары жылы изоляцияланған автомұздатқышта немесе автокөлікте тасымалданады. Қыс уақытында тасымал кезінде суықтан қорқатын жүктерге қатпауы үшін керекті құралдармен қамтылуы керек. Жүк жөнелтуші сапа куәлігінде немесе сертификатта міндетті түрде автокөлік түрін, жүк тасымалдауының ара қашықтығы, сыртқы ауаның температурасын көрсетуі қажет.

Егер, тез бұзылатын жүктерді тасымалдау уақыты сертификатта немесе сапа куәлігінде көрсетілген жүк жеткізу уақытынан аз болса "Жүкті жеткізу уақыты және жүктерді жеткізу уақыты есебі" Ережесіне сәйкес, онда бұл жүктер тасымалдануға қабылданбайды.

Бір вагонға тез бұзылатын әр түрлі жүктерді тасымалдануға тек қана оларды қарау бірдей болған кезде және белгіленген тез бұзылатын жүктердің сақталу уақытымен жіберіледі.

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға берілген вагондар темір жолдың нормативтік құжаттарына сәйкес болуы керек. Жылжымалы құрамда балық және басқа жүктердің, бояудың аз-маз иісі болса, онда тез бұзылатын жүктерді артуға болмайды, жылжымалы құрамды ыстық сумен жуылғаннан және желдеткеннен соң, рұқсат етіледі.

Ет және ет өнімдерін тасымалдау

Ет және ет өнімдері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторының зерттеуінен кейін жылжымалы құрамға артуға рұқсат етіледі.

Ет және ет өнімдері тасымалдауға ветеринариялық куәлікте көрсетілгендей тек қана жүк қабылдаушының мекен-жайына дейін жіберіледі.

Жүк жөнелтуші қатырылған еттерді тасымалдауға әкелгенде, олар міндетті түрде келесі талаптарға сай болуы керек:

1) ірі қара мал және басқа да ірі малдардың ұшалары ұзын бойымен екіге немесе төрт бөлікке бөлінуі тиіс;
шошқаның ұшалары ортасынан екіге немесе бассыз бүтіндей;
қой еті немесе басқа да ұсақ малдардың еті тасымалдауға бассыз ұшалай көрсетіледі;
2) ұшаларда, жартылай бөлінген, төртке бөлінген еттерде, ішкі құрылыстың қалдықтары, қан, жалбыраған кір ет, қар және мұз болмауы керек. Бөлінбеген, екіге бөлінген, төртке бөлінген еттердің үсті таза, қанталаған жерлер және т.б. болмауы керек;
3) артылар кезінде еттің іш қабатында температурасы минус 8 о С. жоғары болмау тиіс.


Қатырылған еттер орамсыз тасымалданатын болса, алдын-ала еденге және қабырғаға торлар салып үйілініп артылады да, орталарын қағаз салып тормен вагонның қабырғасының арасынан суық ауа жүретін тесік қалдырады. Қатырылған ет бөліктері температурасы минус 8 о С-тан төмен болып, пергамент, пергамин, целлофан немесе басқа да жұмсақ пленкалармен оралып картондық контейнерге немесе картон қорапқа салынуы керек. Экспортқа артылған еттер, шекаралық стансада қайта артылатын болса қатырылған ет және оның бөліктерін жүк жіберуші міндетті түрде, орамда еттің температурасы 10 о С-тан градустан аспайтын болып, тасымалдауға әкелінеді.

Салқындатылған ет артылар алдында еттің ішкі қабатында температурасы 0 ден минус 4 о С-тан аспай, еттің үсті құрғақ және кепкен қатпары болып, көгермеген, жібімеген, сілекейсіз және қатқан етке тән бөлінген болуы керек.

Салқындатылған түрінде шошқаның кесілімдері тасымалдауға жіберілмейді.

Салқындатылған түрде мұздатқышы жоқ, сойылғаннан соң сақталуы екі күннен аспаса тек қана мал, қой, жылқы етін ғана тасымалдауға болады. Салқындатылған ет тасымалдауға еттің үсті кепкен қатпары болып, еттің ішкі қабатында температурасы минус 4 о С-тан 12 о С-қа дейін болуы керек.

Мұздатылған және салқындатылған еттерді вагонға асып артылады, асып артылғанда ұшалар, жартылай бөлінген, төртке бөлінген еттер, бір-бірімен және вагонның едені мен қабырғасымен жанаспау керек.
Жартылай бөлінген қара мал етін ілгенде оң бөлігі вагонның бір жағына, сол бөлігі бір жағына, іш жақтарымен вагонның басына немесе аяғына қарай қаратылып ілінеді.

Төртке бөлінген қара мал еті және қой еті екі қабаттап ілінеді, екінші қабаты бірінші қабатқа жіппен байланады. Қара мал етінің жартылай бөлінген және төртке бөлінгенін еттері шахмат тәсілінде ілінеді. Шошқаның жартылай бөлінген етін және басқа да ұсақ малдар етін орнының көлеміне байланысты қой мен сиыр етіне сәйкестеп ілінеді.

Өнеркәсіптік өңдеуге жіберілген еттер, тасымалдауға тек қана қатырылған түрінде жіберіледі. Жүк жіберуші жол құжатындағы "Жүктердің аталуы" графасына және сапа құжатына қосымша еттер не үшін жіберіліп жатқаны туралы көрсетеді.

Қатырылған еттер және кит бауыры оралған түрінде олардың температурасы минус 10 о С-тан жоғары болмаса тасымалдауға жіберіледі.

Сойылған құстар тасымалдауға қораппен жіберілуі керек:
қатырылған түрінде - тазаланған және жартылай тазаланған ет қабатында температурасы минус 18 о С-тан жоғары болмау керек;
мұздатылған түрінде - тазаланған еттің ішкі қабатындағы температурасы минус 0 о -тан 4 о С-қа дейін;
бүкіл жабайы құстар тазаланбай қатырылған түрінде, орамда тасымалданады. Сойылған құстарда көгергені, сілекейлі, ашыған иісі және еттің беті жібіген болса тасымалдауға жіберілмейді.

Қоянның еттерін жәшікте тек қатырылған түрінде, ет қабатында температурасы минус 18 о С-тан жоғары болмаса тасымалдауға жіберіледі. Қоян еті терісіз, бассыз, іш құрылысынсыз, көгерген жері, сілекейлі, еті жібіген болмауы керек.

Ішкі шикізаттар (бас, тіл, ми, ерін, аяқ, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, құлақ, құйрық, қарын) тасымалдауға тек олардың ішкі қабатындағы температурасы минус 18 о С-тан жоғары болмаса тасымалдауға жіберіледі. Ішкі шикізаттар таза, бұзылмаған болуы керек. Бас, аяқ және құлақтар ұйытылған түрінде, жүнсіз тасымалданады. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының рұқсатымен, малға азық болатын ішкі шикізаттарды қатырылған брикет түрінде, қорапсыз, еден мен қабырғаға қағаз төселініп тасымалданады. Бұл жағдайда жүк жіберуші міндетті түрде жол құжатының "Жүк жіберушінің өтініші мен белгілері" графасына, малдың ішкі шикізаттары малға немесе аңға азық екенін көрсетеді.

Эндокриндік шикізаттар (қарындық, щитовидтік, паращитовидтік және басқа бездер) қатырылған түрінде, мұздатқыш вагондарда тасымалданады.

Ысталған еттердің температурасы минус 4 о С-тан жоғары болмай және ысталғанның жақсы иісі болып, құрғақ, таза, ысталғанның сырты етпен, маймен жұлмаланбаған, жалбыраған етсіз, шашсыз, көгермеген болса тасымалдауға жіберіледі. Ысталған еттер тесіктері бар жәшіктерде тасымалданады. Ысталған еттерді бөшкеде үстіне тамақтық ерітілген маймен құйып тасымалдауға рұқсат етіледі.

Шикі ысталған және жартылай ысталған шұжықтар сырты таза болып, сыртқы қабығы бұзылмаған болуы керек. Шикі ысталған шұжықтың тығыздығы қатты, толық болу керек; жартылай ысталған шұжықтар - жұмсақ, толық болуы керек.

Шұжықтың дымқылдығын сапа куәлігінде немесе сертификатта көрсетіледі, оның дымқылдылығы орнатылған стандарттан жоғары болмауы керек. Жартылай ысталған шұжықтар артылу кезінде олардың температурасы 4 о С-тан жоғары болмау керек.

Тасымалдауға жататын шошқа майының түр түсі келесідей болуы керек:
түсі - сарғаймаған, қараймаған және бөтен иісі мен дәмі жоқ ақ және ақ қызғылт;
тығыздығы - толық, жабысқақ емес;

иісі және дәмі - тұздалған немесе тұзды ысталған, басқа нәрселердің иісі және дәмі болмау керек.

Шошқа майы, беконы, шұжықтары орамда тасымалданады.

Жануарлардан алынған астық ерітілген майы (қара малдың, қойдың, шошқаның, сүйектің) ағаш бөшкелерде, қаңылтыр және шыны ыдыстарда, май шығармайтын қағазға оралып және жәшікке салынып тасымалданады. Жануарлардан алынған тамақтық ерітілген майы, артылу кезінде температурасы 4 о С-тан жоғары болмауы керек.

Қара малдың және қойдың тұздалған еттері, тұздалған тіл, тұздық құйылған бөшкелерде тасымалданады, егер оның тұздалуы 10 күннен асып кетсе тасымалдауға жіберілмейді. Тұздалған уақыты сапа куәлігінде көрсетіледі.

Консервіленген қан темір немесе ағаш бөшкелерде 4/5 бөлік көлемінде құйылып тасымалданады.

Сүт және сүт өнімдері изотермитті вагондарда, ал сүт болса цистернада да тасымалданады.

Тамақтық тауық жұмыртқаларын (суытылмаған) орталарына ағаш үгіндісін немесе картон қағаз салынып жәшікке салынады.
Жұмыртқа өнімдері (меланж, жұмыртқаның ағы және сарысы) саңылаусыз ақ қаңылтырдан жасалған ыдыста, қатты жәшікке салынып тасымалданады. Жұмыртқа өнімдері артылар алдында, олардың температурасы 6 о С-тан жоғары болмау керек.

Бал араларын омартада немесе фанерлік қорапта жүк жіберушінің жолсерігімен тек жаз және өтпелі уақытта ғана тасымалданады. Тасымалдау кезінде омарта және фанерлік қораптарды вагонға артылғанда ауа кіретін тесігі жабылып қалмай, қатарлардың ортасында жолсерік жүретін жол болуы керек. Мықты тұру үшін омарталарды бір-біріне тақтаймен шегелейді.

Жүк жіберушілер міндетті түрде ет және малдың ішкі шикізаттары тасымалдау мұздатқыш вагондарға және олардың уақтылы түсірілуін қамтамасыз етулері керек.

 

Дәріс 10

ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Қауіпті жүктердің көліктік сипаттамасы

2. Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі

Қауіпті жүк дегеніміз – әуе кемелерімен тасымалдау кезінде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, жолаушылардың қауіпсіздігіне, олардың муліктеріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұйымдар мен заттар.

Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде әсер ететін факторлар:

1.Қысым

2.Діріл

3.Температура режимінің өзгеруі

4. шамадан тыс жүктер

Қауіпті жүктер 9 сыныпқа бөлінеді:

1-сынып – жарылғыш материалдар

2-сынып қысылған, сұйытылған және

қысыммен ерітілген газдар;

3-сынып – тезтұтанғыш сұйықтықтар

4-сынып – тезтұтанғыш қатты заттар

5-сынып – тотықтырғыш заттар және

органикалық переоксидтер

6-сынып – улы заттар және

инфекционды заттар

7-сынып – радиоактивті материалдар

8-сынып – жебір және коррозионды заттар

9-сынып – басқа да қауіпті жүктер.

1-сынып – жарылғыш материалдар

Өз құрамымен жарылуы мүмкін, жарылғыш әсерімен өрт туындататын жарылғыш материалдар,сонымен қатар жарылғыш заттар және пиротехникалық өндіріске арналған жару құралдары жатады.

1.1 кіші сынып– массасының жарылу қауіпі бар, жарылыс барлық жүкті қамтитын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдар

1.2 кіші сынып – массасы жарылмайтын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдар;

1- қол гранаталары, 2-зымырандар, 3- ұрыс оқ-дәрі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 1093; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.