Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сынып – радиоактивті материалдар 2 страница




Резина-техникалық бұйымдарға автокөлік доңғалақтарының тыстары, жетек және желдеткіш белдіктер, тығыздауыш бөлшектер, резина-мата арынды жеңдер, оқшаулау материалдары т.с.с. жатады. Резина-техникалық бұйымдар орамдалмаған күйінде, сондай-ақ, қаптарға, жәшіктерге салып, бумаларға, рулондарға т.с.с. орап тасымалданады. Резина-техникалық бұйымдарды тікелей күн сәулесінен, жоғары және төмен температуралардан, ылғалдан және әртүрлі мұнай өнімдерінен қорғау қажет.

Қышқылдар,сілтілер, тұздар. Қарастырылып отырған химиялық жүктердің жалпы көлемінің 45%-ына жуығын әртүрлі қышқылдар құрайды. Қышқылдар химиялық белсенді заттар болып табылады, олардың қауіпті қасиеттері бар, атап айтқанда, олар: химиялық күйік, өрт, жарылыс туындатуы ықтимал. Қышқылдар көптеген металдарды ерітеді.

Тасымалдаулардың ең үлкен көлемін (қышқылдардың барлығының 40%-на жуығын) күкірт қышқылы құрайды. Арналымына қарай күкірт қышқылының келесі түрлері болады: моногидрат, аккумуляторлық, мұнаралық немесе гловерлік, купоро майы, олеум.

Күкірт қышқылы – тығыздығы 1,84т/м3 құрайтын түссіз мөлдір майлы сұйықтық күкірт қышқылының органикалық заттарға тиюі оларды күйдіреді, ал қантпен, бертолет тұзымен, скипидармен және кейбір басқа да жүктермен өзара әрекеттестігі оның тұтануын немесе жарылысын туғызады. Күкірт қышқылы аса ылғал тартқыш, сумен қосылған кезде көп жылу шығарады. Моногидрат пен олеум (түтінді күкірт қышқылы) тұтқыр әрі қататын жүктерге жатады.

Күкірт қышқылы мына аталған салаларда қолданылады:

– тоқыма өнеркәсібінде, тыңайтқыштарөндірісінде (моногидрат);

– тұз және тағы басқа минералды қышқылдарды, азот қышқылын өндіруде, минералды майларды тазартуда (мұнаралық немесе гловерлік);

– керосинді, жағармайларды, органикалық бояуларды тазарту үшін (купорос майы);

– мұнай өнімдерін тазартуда (олеум).

Күкірт қышқылын ыдысқа құйылған және арнайы күйінде цистерналарға құйып тасымалдауға ұсынады. Күкірт қышқылын құюға арналған цистерналардың металл күбілері мен қазандары қышқылға төзімді болаттан жасалады. Күкірт қышқылын шөлмектерге құйып тасымалдау кезінде оларды шөлмектің мойнына дейін жететін тоқыма себеттерге немесе ағаш торларға салады. Амортизациялағыш материалдар ретінде сабан немесе ағаш жоңқа қолданылады. Тығынның сыртына гипстен жасалған жақпа жағады. Себеттің не тордың брутто салмағы 75кг-нан аспауы тиіс. Олеумды жылыланған термос цистерналармен тасымалдауға болады.

Тұз қышқылы химиялық таза түрінде – түссіз сұйықтық. Ол көптеген металдарды ерітеді. Азот қышқылымен қоылған кезде алтын мен платинаны ерітеді. Тұз қышқылының мұздану температурасы 40°С-тан төмен. Тұз қышқылын өндірудің негізгі шикізаты күкірт қышқылы мен ас тұзы болып табылады. Тұз қышқылы органикалық бояуларды, сірке суын, желім т.с.с. өндіруде қолданылады.

Тұз қышқылын әйнек шөлмектерге құйып, брутто салмағы 50кг-нан аспайтын себеттерге немесе торларға салады. Құйып тасымалдау үшін қазандарының ішіне гуммоз жағылған арнайы цистерналар қолднылады.

Таза азот қышқылы – тығыздығы 1,52т/м3 құрайтын түссіз сұйықтық, ол белсенді қышқылдандырғыш болып табылады, ауада түтіндей бастайды. Дәрі-дәрмектер, органикалық бояулар, аммиак селитрасы т.б. өндірісінде қолданылады. Ол арнайы алюминий немесе басқа да қышқылға төзімді цистерналарға құйып тасымалданады.

Кальций карбидінің құрылымы кристалды. Химиялық таза күйінде ол түссіз, ал техникалық түрінің түсі бурылдан қараға дейін өзгереді. Кальций карбидінің өзіндік жағымсыз иісі бар, ол аса ылғал тартқыш. Суға қосылғанда, ацетилен, күкіртті сутегі, метан т.б. шығарады.

Химия өндірісінде, металдарды дәнекерлеуде, синтетикалық каучук өндірісінде қолданылады.

Кальций карбиді массой брутто салмағы 50, 100 және 130 кг құрайтын металл барабандарға құйып тасымалданады.

Кальций карбидімен жұмыс істеу кезінде ашық отты пайдалануға болмайды, себебі ауамен қосылғанда, ацетилен жарылғыш қоспаға айналады.

Хлорлы әк хлордың иісі қатты шығатын ақ түсті құрғақ ұнтақ болып табылады. Ауадан ылғал мен көмірқышқыл газды сорып, хлорлы әк хлор және оттегі шығарып ыдырайды. Жарық пен жылудың әсерімен ыдырау процесі жылдамдайды.

Хлорлы әк тоқыма және қағаз өндірісінд ағартқыш ретінде, ауыз суды, керосинді, ацетиленді, тазартуда, ауылшаруашылық зиянкестермен күресуде, газдан тазарту құралы ретінде қолданылады.

Хлорлы әк су өткізбейтін қағаз желімденген ағаш күбілер мен темір барабандарға салынып орамдалады. Оны азық-түлік және нан-тоқаш өнімдерімен, сутегімен, оттегімен және темір бұйымдармен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Күкіртті натрий – сілтілік қасиеті аса жоғары күңгірт қызыл түсті қатты тығыз зат. Ауамен қосылған кезде ылғал мен кқмірқышқыл газды оңай сіңіріп алады да, қоймалжың тұтқыр затқа айналады.

Күкіртті натрий былғары, тоқыма, лак-бояу өнімдері өнеркәсібінде т.б. қолданылады.

Қатты күйінде каустикалық сода көлемдік салмағы 2,13т/м3 құрайтын қатты мөлдір емес тұтқыр ақ зат болып табылады. Каустикалық сода аса ылғал тартқыш зат, ал ылғал өнімнің сұйылуына апарып соғады. Каустикалық сода қатты және сұйық түрінде тасымалдауға беріледі.

Каустикалық сода вискозалық жібек, целлюлоза, алюминий тотығын, индиго т.б. өндірісінде қолданылады.

 

Дәріс 12

 

МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Металлургиялық және машина жасау өнеркәсіп өнімдері

2.Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі

Қара металлургия өнімдері. Тасымалдау, қайта тиеу және сақтау жағдайы бойынша металдар мен металл бұйымдар келесі негізгі топтарға жіктеледі: шойын және ферроспалар, болат және болат прокаты, метиздер. Қайталама қара металдар – металл сынықтары ерекше топты құрайды. Кең номенклатурасына, бұйымдар пішіндерінің, өлшемдерінің алуан түрлілігіне, өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, қара металдардың негізгі топтарының бірқатар қасиеттері бірдей болып келеді, осыны көліктік сипаттамасын жасауда ескеру қажет: тотығуға төзімділік, электр өтгізгіштік, магниттелу қабілеті, беріктік және серпімділік.

Шойын мен ферроқоспалар домналық процестің соңғы өнімдері болып табылады, бұл орайда шойын шығару көлемі 98%-ды құрайды.

Шойын – құрамындағы көміртек мөлшері 2%-дан асатын темір қоспасы, ол екі түрлі етіп шығарылады – қайта балқытылған және құйылған. Қайта балқытылған шойын болат өндіруге арналған. Құрамында кремниі көп және беріктігі мен созымдылығы күштірек болып келетін құйылған шойын құйма шойын жасау үшін қолданылады

Шойын салмағы 45кг, ұзындығы 60см-ден асатын құймалар түрінде шығарылады. Тұтынушымен келісе отырып, құймалардың салмағын мен өлшемі өзгертілеуі мүмкін. Құйма шойынды тасымалдау ақтара тиеп ашық жылжымалы құраммен жүзеге асырылады. Бұл орайда оның көлемдік салмағы 2,8-3,2т/м3, табиғи еңіс бұрышы 48° болады. Құйма шойын айтарлықтай сынғыш жүк болып табылады, сондықтан тиеу кезінде сынудан келген шығынды барынша кеміту үшін және вагон еденінің қорғалуын қамтамасыз ету үшін құймаларды 0,5м-ден аспайтын биіктіктен лақтыру қажет.

Шойынды жартылай вагоннан люк арқылы гравитациялық тәсілмен түсіру кезінде жеке құймалар сынады (жалпы шығын көлемі 1,5%-ға дейінді құрайды), олардан ұшқан сынықтар жүк түсіру аймағындағы жұмысшыларға қауіп туғызады. Шойын құймалары пакеттеуге келетін өнімдер болып табылады, оларды астау пайдаланусыз пакеттеуге болады. Пакет тұрақтылығы және жүк операцияларын мехникаландырылған тәсілмен орындау мүмкіндігі құйманың арнайы пішінімен және сыммен не баумен байлау арқылы қамтамасыз етіледі. Шойын құймаларды жоспарланған ашық алаңдарда немесе шатыр астында сақтайды.

Ферроқоспалар көміртектің аз мөлшерімен, силиций, хром, ванадий, марганец сияқты бөлшектердің болуымен сипатталады. Қажетті сапалы болатты өндіруде қолданылады. Отындық өнеркәсіпте 20 түрлі ферроқоспалар шығарылады. Фракциялық құрамы бойынша ферроқоспалар іртүрлі өлшемді кесектер немеме түйіршіктер болып табылады.

Ферроқоспаларды салатын көлік ыдысы ретінде сыйымдылығы 80-250кг болатын, тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде шығынды болдырмайтын қалың әрі берік ағаш жәшіктер қолданылады. Жәшіктердің құрылысы болат жолақтармен нығайтылады, ал механикалық тиеу мен түсіруді және сақтау алаңының табанынан оқшаулауды қамтамасыз ету үшін түбінің астына екі көлденең діңгекше жасау көзделеді. Сонымен қатар ферроқоспаларды сыйымдылығы 250-500кг құрайтын металл күбілерге және арнайы контейнерлерге құйып тасымалдауға болады. Склад для ферроқоспаларға арналған қойма жабық болуы тиіс немесе ылғалдың тікелей түсуін болдырмау үшін үстіне шатыр жасалған алаң болуы керек.

Ферроқоспалардың жекелеген түрлері, мысалы, 45 және 75-ші маркалы ферросилиций қауіпті жүктер санатына жататындықтан, оны тиісті қауіптілік белгілері басылған саңылаумсыз ыдысқа құйып тасымалдайды. Ферросилиций, әсіресе 45-маркалысы, тасымалдау мен сақтау кезінде улы және жанғыш әрі жарылыс қауіпті газдар – фосфоритті және күшәлалы сутегі заттарын шығарады. Осы аталған газдардың жұмыс аймағындағы шекті рауалы мөлшері тиісінше 0,5 және 0,3мг/м3 құрайды.

Болат және болат прокатын тасымалдауға кесектер және олардан металлургия зауыттарының прокаттық станоктарда жасалған бұйымдар ретінде ұсынады. Прокаттың келесі түрлері болады: сұрыптық, табақтық, арнайы және құбырлар. Сұрыптық прокат қарапайым және фасондық деп бөлінеді, оларға 20-ға жуық негізгі кіші топтар кіреді. Жай прокатқа дөңгелек, шаршы, жолақты болат және дайын прокат өнімінің қарапайым түрлерінің басқалары. Дөңгелек және шаршы болат ең үлкен көлемі 200мм-ге дейін және ұзындығы прутка 3-10м дейін келетін таяқшалар түрінде шығарылады.

Фасондық прокат – рельстер, қос таврлы және швеллерлік діңгектер, сонымен қатар прокат станоктарынан шыққан басқа да жеткілікті дәрежеде күрделі өнім түрлері. әдетте аталған прокат түрлері ұзын 12-19м, ал рельстері – 25м дейін болады, бұл оларды тиеу мен бекіту ерекшеліктерін шарттайды.

Тақталы прокат екі топқа жіктеледі: табағының қалыңдығы 4-60мм құрайтын жұқа табақты және табағының қалыңдығы 0,2-4мм құрайтын қалың табақты. Сортаментіне қарай олардың табақтарының ені мен ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін.

Жұқа табақты болатқа шатырға арналған темір, табақты бүдір болат, цинктелген табақтар, ақ және қара қаңылтыр жатады.

Прокаттың арнайы түрлеріне күрделі профильді бұйымдар – вагондардың дискті доңғалақтары, құрсаулар, тегершіктер т.с.с. жатады.

Метиздер – бұрандамалар, бұрандалар, бұрама шегелер, шплинттар, шегелер, штифтер т.с.с. металл бұйымдардың үлкен тобының жалпылама атауы. Метиздердің арналымы өте кең, бірақ ең алдымен олар әртүрлі бөлшектер мен тораптарды бекітуге арналған. Метиздер әртүрлі маркалы болаттардан жасалады, қажетті сапасына қарай олар температуралық өңдеуден өткізіледі және тотығуға қарсы жабын жасалады. Метиздер түрлері, сұрыптары және өлшемдері бойынша жеке-жеке орамдалған күйінде сақталып, тасымалданады.

Металл сынықтары, немесе қайталама қара металдар құрамындағы көміртек мөлшері бойынша екі санатқа жіктеледі, олар: болат сынықтары мен қалдықтары және шойын сынықтары мен қалдықтары. Қосынды заттардың болуына байланысты металл сынықтары көміртекті және қосындыланған деп бөлінеді. Металл сынықтарын маркалары, топтары және түрлері бойынша сұрыптап, от қауіпті, жарылыс қауіпті және радиоактивті материалдардан арылған, сондай-ақ, химиялық заттардан тазартылған күйінде тасымалдауға ұсынуға болады. Олардың металға жатпайтын заттармен ластануы 3%-дан аспауы тиіс. Тасымалданатын металл сынықтарының әрбір партиясында жарылыс қауіпсіздігін куәландыратын құжат ілесіп келуі тиіс. Металл сынықтарын тасымалдауға ірі және ұсақ кесектермен, ұсақ және брикеттер түрінде ұсынылуы тиіс, және де бұл орада брикеттің салмағы 2-50кг болуы тиіс. Қосындыларының мөлшері жоғары болып табылатын болаттың сынықтары мен қалдықтары орамдалған күйінде тасымалданады.

Прокатты тасымалдауға дайындау оның өлшеміне, түріне, сапасына, өңделуіне және тұтынушының географиялық орналасуына байланысты қойылатын арнайы талаптарға байланысты болып келеді. Прокатты орамсыз жеке оындармен, бумалармен, орамдармен, бухталармен, пакеттермен және ақтара тиеп тасымалдауға болады. Прокатты тасымалдауға немесе ұзақ уақыт сақтауға дайындау кезінде бұйымдардың сыртқы әсерлерге сезімталдығын ескеру қажет, өндіріс процесі жоғарғы сатыға көтерілген сайын, бұйымдардың бұл қасиеті артады. Мысалы, болат өндірісінің жартылай фабрикаттарының сезімталдығы шамалы, оларды орамсыз және басқа да қорғау шараларынсыз тасымалдауға болады, ал жоғары сапалы қосындыланған болаттың жекелеген түрлері айтарлықтай күрделі орамдауды қажет етеді. Атап айтқанда, тегістелген болатқа (күміс болат) алдымен нейтралды май жағылады, майланған қағазға оралады, содан соң қалың ағаш жәшіктерге салынады. Прокаттың нақты түрлерін орамдаудың толық шарттары тиісті стандарттарда келтірілген.

Болат прокатын қоймаға жинау шарттары мен технологиясы жүктің өлшеміне, зауыттық орамдау тәсіліне, партиясына және ерекше қасиеттеріне байланысты болып келеді.

Өлшемдері мен профилі ірі діңгектер, қарапайым маркалы қалың болат табақтар, рельстер, рельс бекіткіштері, үлкен диаметрлі болат құбырлар, шойын құбырлар, олардың фасондық бөлшектері ашық алаңдарда сақталады. Штабельдің биіктігі жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәсіліне байланысты болып табылады және 3-4м-ге дейін жетуі мүмкін. Прокатты топырақпен жанасу кезінде тотығуды болдырмау үшін және жүк тиеу-түсіру жұмыстарын жеңілдету үшін, көлденең немесе тік стеллаждарға, сонымен қатар бетон не ағаш табандарға штабель етіп тізіп қояды. Қатарлардың арасына қалыңдығы 40мм-ден кем болмайтын аралық төсемдер қойылады.

Конструкциялық, ыстықтай жасалған онкструкциялық, қалыңдығы 4мм және одан астам болып келетін табақты болатты, қалыңдығы 1,9-3,9мм құрайтын қарапайым маркалы жұқа табақты болатты, болат құбырларды, тростарды, үлкен өлшемді сымдарды шатырдың астында сақтайды. Сақтауға жақсы жағдай туғызып, атмосфералық жауын-шашындардан қорғау үшін, ол шатырларға тақтайдан жасалған екі-үш қабырға жасауға болады. Сақтау үшін штабельдеп тізу тәртібі ашық алаңдар үшін қабылданған тәртіппен бірдей болып келеді.

Жылытылмайтын жабық қоймалар сұрыптық болатты, болат табақтарды, тотықпайтын болатты, жылдам кесетін аспаптық блатты, қосындылар мөлшері жоғары сапалы болатты, 1,8мм дейінгі жұқа табақты, сонымен қатар шатырға арналған болатты, қара қаңылтырды, диаметрлері шағын құбырларды, жұқа қабырғалы құбырларды, метиздерді, сымдарды, ферроқоспаларды сақтауға арналған. Қоймалар арнайы пирамаидалармен және стеллаждармен жабдықталады. Металды еденге қойып сақтауға тыйым салынады.

Жылытылатын жабық қоймалар үнемі жоғары ауа температурасын, ылғалдан, шаңнан толық қорғалуды қажет ететін қара металдарды орналастыру үшін қолданылады. Ондай бұйымдарға диаметрі 1мм-ден кем болат сым, нихром сым, аспаптық сым және қосындыланған болаттың тағы басқа түрлері, тегістелген болат – күміс болат, ақ қаңылтыр т.с.с. жатады. Ол қоймалардағы температура 5-40°С аралығында, ал салыстырмалы ылғалдығы 80 %. жуық болуы тиіс. Жайлар жақсы желдетілуі тиіс. Ұзақ уақыт сақтау кезінде бұйымдардың тотыққан-тотықпағанын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру қажет.

Түсті металдар мен қоспалар. Түсті металдар мен қоспаларға негізгі бөлшегі ретінде темірден басқа кез келген элементтер кіруі мүмкін. Түсті металдар ұнтақ, түйіршік, сом құйма, прокат түрлерінде тасымалдауға ұсынылады. Пішініне қарай сом құймалар жалпақ немесе фасонды құймаларға (ұзындығы 0,9м-ден аспайды), вайербарстар немесе қарындаштар ұзындығы 1,0 м-ден астам және көлденең қимасының ауданы шағын) және пішіні, өлшемі мен салмағы жүк қабылдаушымен келісе отырып белгіленетін блоктар түрінде болады.

Түсті металл сом құймалары ақтара тиеп және пакеттерге салынған күйінде тасымалданады. Бұл орайда біріктіруші құрал ретінде атауы бірдей металдан жасалған сым немесе болат таспа қолданылады. Құймаларды пакеттерге салу жағдайын жақсарту және механикаландырылған жүк өңдеуді қамтамасыз ету үшін, құймалардың пішінін өзгертуге болады. Түсті металдардың пакеттерін жабық вагондармен, ал металдардың жекелеген түрлерін ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға болады.

Түсті металдарды тасымалдау және сақтау шарттарының өзіндік ерекшеліктері нақты материалдың қасиеттеріне және оны қоршаған орта әсерлерінен қорғау қажеттілігімен анықталады.

Мыс құймалар, вайербарстар түрінде (сым мен таяқшаларды жасауға арналған), катодты табақтар түрінде шығарылады. Катодты мыс мысты электролитпен тазарту нәтижесінде алынған беті бүдірлі табақтар болып табылады. Құрғақ ауада әдеттегі температурада мыс қышқылданбайды. Ауада ылғал мен көмір ангидриді болған жағдайда мыста жасыл түсті жабын пайда болады, ол – металды әрі қарай өзгеру мен бұзылудан сақтайтын көмір-мысты негізгі тұз

Мыс құймалар жабық вагондармен тасымалданады. Вайербарстарды ашық жылжымалы құраммен арнайы кассета контейнерлерге салып тасымалдауға рұқсат беріледі. M1 және М2 маркалы катод табақтары орамсыз контейнерлерге салып, жабық вагондармен тасымалдауға, ал тараптар өзара келіскен жағдайда – пакеттерге салынған күйінде ұсынылады. Тазалығы жоғары М0 катод табақтары қалың ағаш жәшіктерге немесе ішіне орамдау қағазы төселуі керек болатын металл контейнерлерге салынып тасымалданады.

Катод табақтарды құрғақ әрі таза жайларда, ал мыс құймасын және вайербарстарын ерекше жағдайларда және аз ғана уақытқа шатырдың астында сақтауға болады.

Қалайыны блоктар, құймалар және таяқшалар түрінде жабық вагондармен және қосымша орамасыз контейнерлерге салып тасымалдауға болады. Мысалы, ОВЧ-000 маркалы жоғары сапалы қалайы тасымалдау мен сақтауға мұқият дайындықты қажет етеді, яғни қалайы сомдарын полиэтилен қаптарға салып, содан соң картон қораптарға, содан кейін қалың ағаш жәшіктерге салу керек.

Қалайыны жылытылатын жабық қоймаларда кемінде 12°С температурасында сақтау қажет. Одан төмен температурада ақ қалайы екінші модификациясы – сұр қалайыға айналады, және ішкі кернеулер нәтижесінде оның көлемі едәуір ұлғаяды. Ақ қалайы ыдырап, сұр ұнтақ пайда болады. Бұл құбылыс «қалайы обасы» деп аталады. «Обамен» зақымданған ақ қалайы тасымалдауға қабылданбайды, оны қайта балқытады, ал ол зат сақталған қойма тазартылады.

Қорғасын – сұр түсті жұмсақ металл, ылғалды ауада оны әрі қарай қышқылданудан қорғайтын жұқа қышқыл қабат басады. Ол құймалар түрінде шығарылады, жабық вагондармен орамсыз және ашық жылжымалы құрамға тиеп тасымалданады. Экспортқа орамдалып жеткізіледі. Шатырдың астында сақталады.

Цинк әдеттегі температурада сынғыш келеді, ылғалды ауада оны әрі қарай өзгеруден қорғайтын қышқыл қабаты басады. Химиялық құрамына қарай маркаларға жіктеледі. состава. Құймалар және блоктар түрінде шығарылады. Цинк жабық вагондармен тасымалданады. Ашық жылжымалы құраммен тасымалдау кезінде ақ түсті тотық пайда болады. Цинк жабық қоймаларда немесе шатыр астында сақталады.

Алюминий құйма және блок түрінде шығарылады, жәшіктерге салынатын тазалығы жоғары сұрыпын қоспағанда, оның барлық маркалары орамсыз тасымалданады. Алюминий жабық вагондармен тасымалданып, жабық қоймаларда сақталады. Ашық күйінде сақталса, алюминий атмосфералық жауын-шашындар әсерімен оны алюминий тотығы гидраты басады, ол әрі қарай қайта өңдеу (балқыту) кезінде алюминий тотығы мен суға бөлінеді. 660°С температурасында құйған кезде су буы алюминий құймасының ішінде бос қуыстардың пайда болуына апарып соғады, ал температура 1000°С дейін көтерілген жағдайда су оттегі мен сутегіге ыдырап, бұл да құйма бұйымдардың ішінде бос қуыстарды туғызады, және өнімнің ақауының көрсеткіші болып табылады.

Магнийдің тотығуға төзімділігі шамалы, сондықтан магний құймаларын тотығуға қарсы өңдеуден өткізеді. Магний құймалары ағаш ыдысқа салып немесе орамсыз жабық вагондармен тасымалдайды. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде магнийді атмосфералық жауын-шашындардан қорғау қажет. Магний жылытылатын жабық қоймаларда сақталады. Магнийдің ұнтағы мен жоңқасы оңай тұтанады, жоағры жану темретарурасын береді, сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 758; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.